Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.
Табиғат пен адамзатты бір-бірінен бөліп алуға болмайды.Өйткен, табиғат әлемі жер бетіндегі адамзат әлемінің қажетіне жарайды. Сондықтан да адам өміріндегі басты құндылық табиғат деп ойлаймын.
Біздің еліміздің табиғаты өте бай, әр алуан. Жерінің үсті де, асты да байлыққа толы. Бірақ, осы байлықты дұрыс қолданбасақ, табиғат сарқылады. Табиғатты таза ұстап, оның болашағын көркейту үшін не істеуіміз керек?
Адамзаттың тағдыры табиғатқа байланған. Бұл дегеніміз – табиғаттың бір бөлшегіміз..Адам мен табиғат біртұтас әлем деп те айтуға болады «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, Оны айтарға табиғаттың тілі жоқ» дегендей, табиғат тілсіз... Осы тілсіз табиғатқа қастандық жасап, оның сарқылуына себепші болған – адамдар. Ең алдыменен, табиғатты таза ұстап, қорғау үшін адамда сана болуы керек деп ойлаймын. Саналы адам тілсіз табиғатқа ешқашан да зиянын тигізбейді. Сонымен қатар, табиғат байлығының сарқылуына адамдардың тойымсыздығы мен қара басының қамын күйттеуі бір себеп деп айта аламын. Жеріміздің байлығын сатып жатқандар қаншама? Есепсіз сатылған жер байлығы оның сарқылуына әкеп соқтырады. Мысалға, ағашты кесіп пайдаға жаратқаннан кейін, орнына халық айтқандай, «Бір тал кессең, он тал ек» дегендей, ағаш егілуі тиіс. Орнына келмеген табиғи қор азайып, экологиялық апатқа соқтырады.
Табиғаты таза болашақты жасау үшін көптеген ұйымдар мен орталықтар құрылды. Олардың басты мақсаты табиғатты қорғап, арнайы заңдық шектеулер енгізу болды. Атап айтқанда, «Экологиялық одақ» құрылды. Ол өз жоспарына сай жұмыс жасап жатыр. Бұл одақ адамдардың серуендеуіне қолайлы саябақтар, демалыс орындарын ашты. Сонымен бірге, азайып бара жатқан өсімдіктер мен жан-жануарларды қорғауға алды. Арнайы заң қабылданды. Осының барлығы табиғаты таза болашақ үшін жасалып жатыр. Дегенмен, табиғатты қорғауды тек қана осындай одақ пен ұйымдарға тапсырып қана отыруға болмайды деп түсінемін. Әр адам табиғаттың бөлшегі болғандықтан, жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Елімізде мұндай шаралар бар, оларға еріктілердің әрекетін, «Жасыл ел» акциясы сияқты түрлі жобаларды атауға болады. Егер де осы аталғандар жүйелі түрде іске кіріссе, табиғаты таза болашақ болады деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, табиғаттың болашағы таза болса, адамзаттың болашағы да жарқын болады.
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Қазақ жеріне туристерді тартудың жолдары қандай?» деген тақырыпта эссе жазыңыз.Эсседегі сөз көлемі 200- 250 сөз болуы қажет.
Туризм – елді танытатын, экономикасын көтеретін, әдемі жерлерімізді насихаттайтын сала болып табылады. Туризммен ғана өзінің экономикасын, халқының жағдайын жақсартып отырған елдер бар. Біздің елімізде де соңғы жылдардарды туризм дамып келеді. Дегенмен, елімізде осы сала қаншалықты деңгейде дамып отыр?
Ең алдыменен, жерімізге туристерді тартудың қандай тиімді жолдары бар, соны қарастыруымыз керек деп ойлаймын. Себебі, туристерді тарту арқылы туризмнің бірнеше түрлерін дамытамыз.
Біріншіден, елімізде туризмнің инфрақұрылымы өз дәрежесінде жасалмаған деп ойлаймын. Ақпараттарда айтылғандай, бізде жалпы туризмнің үш пайызын ғана құрайды екен. Ал, басқа елдерде елу пайызға дейін жетеді екен. Егер де туризмнің инфрақұрылымы жоғары деңгейде болса, біз де елу пайызға жетер ме едік? Барлық ақпарат көздерінде сөз болғандай, біздегі сын көтермейтін – қызмет көрсету сапасы мен жол мәселесі.Келген туристер тұрақтайтын жоғары сапалы қонақ үйлер аз, оларға көрсетілетін қызмет түрлері төмен деп айтуға болады. Туристерге керегі жоғары медициналық көмек, көңіл көтеретін демалыс шаралары, дүкендер көптігі, тауарлардың әралуандығы деп ойлаймын. Жол мәселесі де туристердің келуіне әсер етеді. Неге десек, шеткері демалыс орындарына бару үшін жеңіл көлік жүретін жол жақсы болуы тиіс.
Екіншіден, осы кемшіліктерді жүйелі түрде қолға алсақ, 2030 жылға жасалған болжамдағыдай 1,8 млрд адам ағымы біздің елімізге келер еді. Ол үшін, ең алдымен, қызмет сапасын жақсартуымыз керек. Оның ішінде жоғары класты қонақ үйлерді, гид қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, жолды жөндеу, туризм медицинасын дамыту, дүкендер желісін көбейту сияқты мәселелерді алдыңғы орынға қоюмыз керек. Тағы да шет тілін білетін қызметкерлер санын арттыру қажет. Өйткен шетелден келетін туристер ағылшын тілінде сөйлейді. Туристік мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары шетелдік тәжірибеге сүйенуі керек деп түсінемін. Әсіресе, біздегі дамып келе жатқан экотуризм қызметкерлерінің сапасын, жарнаманы, туристік агенттік қызмет жұмысын арттырған жөн деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |