Ғарыш әлемі – басқа ғалашарлар мен өзіндік жұмбағы бар әдемі де сиқырлы әлем. Дегенмен, оның ғажайыбы неде? Ғажайыбы мен қатар басқа да қырлары бар ма?
Ғарыш әлемі – басқа ғалашарлар мен өзіндік жұмбағы бар әдемі де сиқырлы әлем. Дегенмен, оның ғажайыбы неде? Ғажайыбы мен қатар басқа да қырлары бар ма? Ең алдыменен, ғарыш әлемін игеру адамзаттың үлкен жетістіктері болып саналады. Себебі, оны ашу кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Ғарышқа барып, оны зерттеп келгендер жет бетінің ең керемет адамы болып есептелген. Ғарыш тарихына үңілетін болсақ, ең алғаш болып Ю.Гагарин ғарышқа сапар шеккен. Оның әкелген жаңалықтар сол кезгі ғылым үшін айтарлықтай жетістік болды. Біздің елімізде де 30 жыл бұрын ғарыш әлемін Т.Әубәкіров бағындырды. Осылайша, еліміз әлемге танылып, ғарыш жетістігі бізге бұйырды. Ғарышты игеру экономиканың күшеюіне, қорғаныстың мықты болуына оң әсерін береді. Ғарыш құпиясын ашқан елдер ғылымнан озып жатыр. Ғарышқа деген қызығушылық 130- дан астам ғарышкерлердің ғаламды зерттеуге өз үлесін қосуына негіз болған. Ғарыш жетістігі жаңа технологиялардың да дамуына септігін тигізуде. Бізде ұлт мақтанышы ретінде ғарыш айлағы Байқоңыр бар. Бір өкініштісі, ол Ресейге жалға берілген.
Ғарыш ғажайып әлем саналғанымен, оның жер бетіне тигізер зардаптары да жоқ емес. Мысалға, біз жалға берген Байқоңыр жабық қала, ол жерде адамдардың денсаулығы да дұрыс емес екенін айтады. Ғарышқа ұшырылған кемелердің қалдықтары түскен жердің шөбін күйдіріп, төрт түлікке де кері әсерін беретінін оқып жүрміз. Тағы да азон қабатының ластануына, қышқылды жаңбырдың жаууына, бір сөзбен айтқанда адам денсаулығына теріс әсері бары зерттелген. Байқоңырдан немес ғарыш айлағынан тараған улы заттардың жойылуы үшін бір ғасыр уақыт керек екен. Осы фактілерге қарап отырсақ, ғарыш әлемінің ғажайыбының зияны бар екен. Менің пайымдауымша, ғарыш айлағының осындай зардабын болдырмайтын жаңа технологияны дүниежүзі болып ойластырған дұрыс.Сол кезде ғана біздер нағыз жетістіктерге жетеміз деп білемін.
Қорытындылай келе, әрине, адамзат ғарышты басқаруы керек, бірақ зиянсыз басқарудың жолын іздестіру керек деп ойлаймын. Сонда ғана жетістік толыққанды болады.
Екі мәтіндегі ақпарат пен Өз пікіріңізді пайдаланып «Қазіргі жаһандану мәселесі қалай жүзеге асуда?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.
Қазіргі кезде әлем елдерінде жаһандану қарқынды жүріп жатыр. Өйткені, ғылым мен техника өте тез дамып жатыр. Жаһандану – әлем елдерінің бір нарықты, ортақ идеяларды қолдануы.
Жаһандану мәселесі бірнеше мемлекеттер арасында өзара келіссөз, достық қарым-қатынас, нарықтық байланыс, түрлі елдің мәдениетінің үйлесу арқылы жүзеге асып жатыр.
Біріншіден, жаһандану әрбір ұлттың менталитетіне сай жүріп жатыр деп ойлаймын. Себебі, ұлттық ерекшеліктер ескерілуі тиіс. Ғалымдардың айтуы бойынша жаһандану Америка үлгісінде жүріп жатыр дейді. Дегенмен, көп елдер өздерінің жергілікті мәдени ерекшеліктерін ескеріп, жаһандану үдерісіне өзгеріс енгізіп жатыр. Жаһандану үрдісін ескере отырып, біз өзіміздің бағытымызды айқындадық. Яғни ұлттық менталитемізге сай қоғамды ілгерілетуге арнайы стратегиялар жасадық.
Екіншіден, жаһандануға өтуде цифрлық күн тәртібіне өттік. Өйткен қазір сандық технологияның заманы. Әлемдік аренаға шығу үшін осы үрдісті елімізде бастап кеттік. Оның нәтижесі жаман емес деп ойлаймын. Осының арқасында әлем елдеріне мәдениетіміз бен әдебиетімізді , тарихымызды, салт-дәстүрімізді паш еттік. Елімізде түрлі олимпиадалық ойындар, ЭКСПО өтіп, Еуразиялық Экономикалық Одақ Қазақстанда құрылды.Осылайша, еліміз жаһандық әлемге бет бұра отырып, өзін танытуда деп білемін. Алдағы уақытта жоспарланып отырған латын графикасына көшу де жаһанданудағы оң нәтиженің көрінісі болады деп сенемін.
Қорытындылай келе, жаһандану мәселесі оңтайлы шешімін тауып отыр деп айта аламын. Десе де, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпайық, достарым!