О.С.Газман бойынша, оқушыны дамытамын деп оны тәрбие процесінің мақсатына айналдырмаңыз. Керісінше, оның даму мүмкіндігіне сүйеніңіздер. Оның өзін-өзі дамытуына күш салыңыз. Оқу үлгерімінде, мамандық таңдауда т.б. кедергіні өздігінен шешуіне көмек беріңіз. Қиындық пен кедергіні бірге шешіп, оның болашағын бірге жобалаңыз.
Оқушыларды педагогикалық қолдауды О.С.Газман ғана қарастырған жоқ. Сондай ақ, Ш.А.Амонашвили - мұғалімнің гуманистік қатынасы, В.А.Кан-Калик - қарым қатынас негізінде, Е.В.Бондаревская мен И.С.Якиманская - тұлғаға бағдарланған білім беру (гуманистік білім беру) идеясы аясында қарастырған. Бұл мәселені Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.В.Сухомилинский, қазақ педагогтарынан М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, тіпті, Әл-Фараби мен Абай да жан-жақты сипаттаған.

«Педагогикалық қолдау» сөзі балаларға білім берумен байланысты проблемалар төңірегінде жиі қолданылып жүр: әлеуметтік-педагогикалық қолдау, психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау, медициналық-педагогикалық қолдау, медициналық-психологиялық қолдау және т. б.

Педагогикалық қолдау терминін О.С.Газман ғылыма енгізді. Педагогикалық қолдауды оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін өзі ұйымдастыруда позитивті нәтижеге қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңудегі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті ретінде сипаттады . О.С.Газманның бұл теориясын шәкірттері Анохина, Бандаревская, Михайлова т.б. Дамытты.