Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие процесінде оқушыларды педагогикалық қолдау

бет5/10
Дата05.04.2023
өлшемі173,19 Kb.
#79688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мысалы, мектеп бітіретін кезде оқушылардың өзі мамандығына, болашағына деген көзқарасы қалыптасады. Осыған сәйкес, пәндерге деген қызығушылығы, таңдауы өзгереді. Бұндай жағдайға кейбір мұғалімдер неқұрайлы қарайды. Өздеріне тиісті пәнді таңдатқысы келмейтіндері де болады. Түркістандағы мектеп те мынандай жағдайлар жиі кездеседі. Оқушы өлең жазады. Өлеңдерінің барлығы дерлік махаббатқа арналған. Бұндай жағдайда сынып жетекшісі мен ата-анасы оған былай деп ақыл айтады: “Сен әлі жассың! Махаббатқа саған ерте. Бұлай істеме енді, теріс жолға түсіп кетесін”. Немесе мынандай жағдайдың кездескеніне куә болдық. Жас жеткіншек қыз анасымен және өгей әкесімен бірге тұрады. Ол бұрын өз әкесі және өгей анасымен бірге тұрып, өз анасына келген. Анасы мектептегі педагог психологтан “Қызыма өгей әкесі мен жоқта ұрсады! Мен оның болашағына алаңдаймын. Мен не істесем болады?” деп көмек сұраған. Ал мектеп оны басқа мектепке ауыстыруға тырысады. Себебі, жауапкершіліктен қашады және осындай жағдайда балалармен қалай жұмыс істеу керек екенін білмейді. Ортақ тәжірибе де жоқ. Сондықтан не істеу керек деп ойлайсыз?

Мектепке, колледжге, ЖОО ұстаз болып барғанда бұндай жағдайлармен сіздерде кездесіздер. Не істеуге болады? Әрине, педагогикалық тұрғыдан қолдау керек. Бұл терминді ең алғаш рет ғылымға О.С.Газман енгізген. Ол алғаш ретін өзінің еңбектерінде осы терминді пайдалана отырып, Ресейдегі білім беруді реформалауды, қайта құру идеясын насихаттады. Оның бұл идеяларын шәкірттері Е.В.Бондаревкая, Юсуфин, Анохина т.б. жалғастырды.

О.С.Газменнің пікірінше, педагогикалық қолдау дегеніміз мұғалімнің балалардың физикалық және психикалық денсаулық, әлеуметтік және экономикалық жағдайымен, оқудағы, мектеп ережелерін қабылдаудағы табысты ілгерілеуімен байланысты жеке мәселелерін шешуі, тиімді кәсіби іскерлік және тұлғааралық қарым-қатынас орната отырып олардың өмірлік, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауына алдын-ала және жедел көмек көрсетуі. Бұны педагогикалық қолдау деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет