Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие процесінде оқушыларды педагогикалық қолдау



бет8/10
Дата05.04.2023
өлшемі173,19 Kb.
#79688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пед қолдау №8

Қазіргі феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік ұстанымда өрбиді. 

Ғалым И.С.Якиманская тұлғаға бағдарланған оқыту (тәрбие) негізін қалады. Оның тұжырымына тағы назар аударсақ; жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей:

Ғалым И.С.Якиманская тұлғаға бағдарланған оқыту (тәрбие) негізін қалады. Оның тұжырымына тағы назар аударсақ; жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың негізгі ережелерін төмендегідей:

Басты мақсаты оқушы тұлғасының жеке қабілеттері мен қасиеттерін дамыту; Білім беру жүйесі басынан-ақ оқушыдан бастап оқыту және тәрбиелеу мақсаттарына, мазмұны мен технологияларына қарай бағыттала құрылуы тиіс;

Оқушы дамуын диагностикалау мен ынталандыруды мұғалім 

олардың қызметін ұзақ уақыт бойына байқау әдістері негізінде іске асыруы тиіс.

И.С.Якиманскаяның пайымдауынша, жеке тұлғаға бағдарланған оқытуда оқушыларды жеке даралау тәсілі барлық білім беру процесінің негізгі қағидасы болып табылады, оның мақсаты-әрбір баланың мүмкіндіктерін танып, дамыту. "Жеке тұлғалық тәсіл жағдайында балалардың өзіндік жеке ерекшеліктерінің болуы қойылған мақсатқа жетудің-яғни, қайталанбас жеке тұлға ретінде әрбір оқушының дамуын қамтамасыз етудің қажетті шарты”.

Е.В.Бондоревская жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнында жеке жеке тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға қажетті мынадай 4 компонент міндетті түрде болуы қажет деп атап көрсеткен. Олар: аксеологиялық, когнитивті, шығармашылық-әрекеттік және жеке тұлғалық. Осы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың мазмұнының төрт компоненті де негізінен сөйлесу, шығармашылық іс-әрекет арқылы әрбір баланың жекелеген дамытуға жағдай жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға және шығармашылығына, оқу мен тәрбие әдістері мен мазмұнын таңдауға толық мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Осыған негізделген жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы мектеп тәжірибесінде бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет