17. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
Көтерілістің басталуына ІІ Николай патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы «Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды. Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия мен ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен жолдар салу, окоп қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтан 240 мыңға жуық) алу белгіленді. 1916 жылдың шілде айының бас кезінде пайда болды. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Өлкені талауға салу Бірінші дүниежүзік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіләп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді теміржол стансысына тасып жеткізуге мәжбүр болды. Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді. Стихиялы қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты. Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері (Т. Бокин, Ж. Ниязбеков, Ә. Жүнісов, Т. Рысқұлов, С. Меңдешев, Б. Алманов, Ә. Жангелдин және т.б.) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды. Қазақстан мен Орта Азиядағы он алтыншы жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болды.
18. ХХ ғ. басындағы саяси партиялар: большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш», «Үш жүз», «Шуро-и-ислам», «Шуро-и-улемия» және т.б.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. 1917 жылғы 21—26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шуро-и-Исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды.
«Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үш жүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ.
Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов. Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі “Шуро-и-Улема” ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркімұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара-жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады. Мұндай пікір “Шуро-и-Улема” ұйымының Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесінің шешімдеріне мойынұсынбауына және “Шуро-и-исламия” ұйымымен қатынасының шиеленісуіне байланысты туындады. Ташкент қаласының думасы сайлауы кезінде “Шуро-и-Улема” “Шуро-и-Исламия”
ұйымының басты бәсекелесіне айналып, жеңіп шықты.
Достарыңызбен бөлісу: |