Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



бет7/21
Дата01.07.2023
өлшемі112,3 Kb.
#103916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
қ тарих жауаптары

Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (28 қазан 1893, қазіргі Қызылту ауданы, Көкшетау облысы – 21 мамыр 1920, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – ақын, ағартушы. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады.
Міржақып Дулатұлы (25 қараша 1885 жыл, Торғай облысы – 5 қазан 1935 жыл) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
13. Санжар Жаппарұлы Асфендияровтың тарихи еңбектері және оның маңызы.

Санжар Сейітжафарұлы Асфендиаров ( 1889, Ташкент –1938, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог. Ташкентте ол мұсылман жұмысшы депутаттарының алғашқы Кеңесінің ұйымына мүше болады. Каспий жағалауы майданындағы соғысқа қатысқан. 1917 жылы Бұхардағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол жылғы қараша айында Түркістан автономиясын жариялаған Мұсылман депутаттарының төтенше съезіне қатысты. Асфендиаров жұқпалы аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медицина көмек ісін ұйымдастырды. Орта дәрежелі оқу орындарында, қысқа мерзімді арнаулы курстарда әртүрлі буындағы медицина мамандарын көптеп даярлауға күш салды. 1928 жылдан 1931 жылға дейінгі аралықта ол — Қазақтың педагогикалық институтының алғашқы ректоры. 1931 — 1933 жылдары Денсаулық сақтау ісінің халық комиссары, Қаз КСР оқу ісі халкомының орынбасары болып қызмет жасайды және бүгінде оның есімімен аталынатын Алматы дәрігерлік институтын басқарады. Ол — Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген жұмыстың авторы, сондай-ақ қабілетті зерттеуші-филолог және жазушы. Шығыс халықтарының өмірі туралы "Әлем шатыры" деген повесть, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды. Санжар Асфендиаровтың 1935 жылы жарық көркем шығармасы – «Шатер мира» повесі. Бұл шығармада Түркістан өлкесі тарихының аса күрделі кезеңі 1907-1921 жылдар оқиғалары баяндалады. Онда С.Ж. Асфендияровтың бүркеншік есімі – С. Джафаров болып берілген. Тұрар Рысқұловтың жазғандары. «Казахстанская правда» газетінде 1936 жылы жарық көрген мақаласында Т. Рысқұлов «Шатер мира» повесін С. Джафаров деген емес, С.Ж. Асфендиаров жазды деп ашық көрсеткен. Алматыда Асфендиаровтың есімін мәңгілік есте қалдыру үшін көше мен мемлекеттік медицина университетіне аты берілген. Санжар Асфендиаров 1937 жылы 22 тамызда «халық жауы» ретінде тұтқындалды. Оған себеп, 1937 жылғы 29 қыркүйекте “Казахстанская правда” газеті “Жапон шпионы тарихшы рөлінде” деген тақырыппен Қазақ марксизм-ленинизм институты студенттерінің хатын жариялады. Онда Қазақстан тарихын жан-жақты қарастырып, ғылыми еңбектер жазып жүрген профессорды “жапон шпионы” деп айыптады. Арада 6 айт өткен соң 1938 жылы 11 пункттен тұратын айыптау қорытындысымен ату жазасына кесілді. Тағылған айыптар мазмұны негізінен Кеңес Одағына жау болды, 1929-30 жылдары Қазақстанда Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістерді ұйымдастырушылардың бірі болды, Алматы ЖОО студенттер мен оқытушыларды ұйымға тарту жұмыстарын жүргізді, 1920 жылдан бастап Англия, Жапония және Германия пайдасына тыңшылық жұмыстар жүргізді делінген. Әрине бұл айыптаулар қайраткерді жоюға жетілікті болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет