Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары мен кезеңдері. Қазақ хандығының құрылу заңдылықтары



бет5/21
Дата01.07.2023
өлшемі112,3 Kb.
#103916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
қ тарих жауаптары

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары мен кезеңдері. Қазақ хандығының құрылу заңдылықтары.

Қазақ хандығы XV-ғасырдың ортасында,яғни 1465 жылы құрылған болатын.


Қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәңібек.Олар 1457 жылға дейін Әбілқайыр хандығында(Көшпелі Өзбек Мемлекетінде)өмір сүрген.
Олардың құрамында 90-нан аса ру тайпалары болған.1456-1457 жылдары, Әбілқайыр хан Ойрат тайшысы Үз-Темірден Сығанақ түбінде, жеңіліп қалады.Осының салдарынан Әбілқайыр өзінің қалаларын тастап,Дешті Қыпшақ жеріне қайтуға мәжбүр болады.Ойраттардан жеңілді, өзінің хандығында көтерілістер көп орын алды,алым-салықтар көбейіп кетті,халықтың өмір сүру деңгейі нашарлап кетті.Осының салдарынан Керей мен Жәңібек және басқада ру тайпалары Әбілқайыр хандығынан бөлініп кетіп,Моғолстан мемлекетіне қоныс аударады.
Ол жылдары Моғолстан мемлекетінің ханы Есен-бұға,Керей мен Жәңібекті құшақ жая қарсы алады. Есен-бұға Керей мен Жәңібекке Жетісудың батысын, яғни Шу мен Талас өзен аңғарларынан жер береді.
Осының салдарынан Көптеген ру-тайпалары Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығады.
Керей мен Жәңібек Шайбани Ұрпақтарымен соғыса келе өздерінің дербес Тәуелсіз Мемлекетін құрайтын болады.Ал 1465 жылы Шу мен Талас өзенінің бойында,Қозыбасы деген жерде Керей мен Жәңібек Қазақ хандығын құрады.
Қазақ хандығының алғашқы хандары!
Қазақтың алғашқы ханы- Керей хан.
Керей ханның мемлекетті басқарған жылдары (1465-1474).
Керей хан тарихта қазақ хандығының негізін қалаушы тұлға ретінде қалыптасты.
Керей ханның қалай қайтыс болғаны жайлы нақты дерек болмады.
Әз-Жәңібек(1474-1480)
Жәңібек хан-Қазақ хандығының негізін қалаушыларының бірі.
Қазақ хандығында Бұрындықтан ханнан кейін Әз-Жәңібектің ұрпақтары таққа отыра бастайды.
Әз-Жәңібек ханның қайтыс болғаны туралы нақты дерек жоқ.
Қазақ хандығы - 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді. XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет