Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Жәдидтіктің ағартушылық ойларының Қазақ Даласына ықпалы



бет3/21
Дата01.07.2023
өлшемі112,3 Kb.
#103916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
қ тарих жауаптары

Жәдидтіктің ағартушылық ойларының Қазақ Даласына ықпалы.

Алаш зиялыларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ұстанған бағыты ғылым мен білімнің көзі исламға бет бұру және оны жаңаша серпілту (жәдитшілдік) жолы еді. Исмаил Гаспринскийдің жәдидтік идеясын ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы қолдап, оны өзінің жаңа қазақ жазуын жазуда пайдаланады. Біз оны Ахметтің 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы» атты кітабынан көре аламыз.ХХ ғасырдың бастарында Еділ - Орал аймақтарындағы жәдитші медреселерде білім алған Қазақ жастары жәдитшілдікті қолдап жұмыстар атқара бастайды. Ғалия медресесінде білім алған қазақ жастары 1916 жылы Қазақстанда усул-жәдидті дамыту мақсатында “Садақ”атты қолжазба әдеби журнал шығарады. Журналдың мақсаты - жастарды әдебиетке тарту, өмірдің және елшілдіктің маңызын түсіндіру, жауапкершілікті арттыру еді. Жәдит медреселерінде білім алған Қазақ жастарының жұмыстары Ресей тыңшыларының назарынан тыс қалмады. Осы жастар жайында былай деп “Жәдитші жастар Қазақ-Орыс мектептерінің Қазақстанда керек емес екендігін, Орыс тілін Татар медреселерінде де үйренуге болатындығын, Қазақтардың қазіргі жағдайын қозғай отырып “Оян Қазақ”, “Тұр Қазақ”,“Маса” атты кітаптарды Уфадан шығарып халыққа таратып жатқандығын” баяндаған. Жәдит медреселерін бітіріп шыққан жастар Қазақстанға келіп ағарту саласында қызмет атқара бастады.





  1. Ресей империяның түрік-мұсылман халықтарының бірігуіндегі «Иттифак-эль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі.

Ресей мұсылмандары одағы, 1905 жылы 6 тамызда жадидтер құрған алғашқы бүкіл ресейлік Ислам партиясы. “Иттифақ-ул-муслиаши” — бірінші орыс революциясы тұсында Ресей империясындағы мұсылман халықтардың мүддесін қорғау мақсатында құрылған саяси партия. Бұл партияны құру идеясы бүкілресейлік мұсылмандардың бірінші съезінде көтеріліп, оның бағдарламасы мен жарғысын әзірлеу Ә.Топчибашев мен пен Ә.Ибрагимовке жүктелді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезінде партияның 23 тармақтан тұратын жарғысы қабылданды. Жарғы бойынша партияның 16 қалада, соның ішінде Орынборда, Астраханда, Оралда, Омбыда, Ақмешітте, Семейде, Верныйда, Ташкентте, Ашхабадта, Уфада, Қазанда, Мәскеуде, Бакуде бөлімшелері құрылатын болды. Партияның бағдарламасы бүкілресейлік мұсылмандардың үшінші съезінде бекітілді. Іабылданған бағдарлама бойынша партия Ресей империясы азаматтарының дініне, нәсіліне, ұлтына, жынысына қарамай заң алдында тең құқықты болуын талап етті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет