Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Қазақ зиялыларының Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларының



бет4/21
Дата01.07.2023
өлшемі112,3 Kb.
#103916
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
қ тарих жауаптары

7. Қазақ зиялыларының Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думаларының
жұмысына қатысуы.
Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады. 1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. 1906 жылдың 27 сәуірінде ашылған Мемлекеттік думаның бірінші шақырылымына түркі-мұсылман халықтарынан 22 депутат қатысты. Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады. 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов тб. Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бірқатар халықтарының, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылық пен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты. Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.



  1. Қазақстан аумағындағы мемлекеттіліктің пайда болуы, эволюциясы және сабақтастығы (ежелгі дәуірден Қазақ хандығының құрылуына дейін).




  1. Қазақстан жерінде ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғасырдың басындағы жерді пайдалану жүйесі және аграрлық мәселенің шиеленісуі. Столыпин аграрлық реформаларының зардаптары.

Бұл реформа патшалық Ресейдің шаруалар үлесіндегі жерге иелік жасауға арналған реформа. Реформа 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлік Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин еді. Содан болар реформа да осы Столыпиннің есімімен аталады. Стольпиннің аграрлық реформасының нәтижесінде Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығы мәселесін шешіп, шалғайдағы отар аймақтарды игеру үшін орыс шаруаларын көшіру көзделді. Қоныс аудару басқармасы шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсететін болып шешілді. Қоныс аударушыларға шет аймақтардан жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906-1915 жылдары аралығында Қазақстанға көшіп келушілердің иелігіне қазақтардың 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, ал тұрғылықты халық қазақтар болса шөлейт, тастақты жерлерге қоныстана бастады. Жиырмасыншы ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен тарихта калды. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар көшіп келді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық, яғни ауылшаруашылығына қатысты салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатымен тығыз байланысты еді. Столыпин реформасының нәтижесінде қазақ даласы бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді. Олар: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесінен «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір казак, украин, орыс отбасына 15 сотық жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіліп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болып шешілді. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. «Қоныс аудару қорына» қазақтардан жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу жерлеріне казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасырдың басына қарай қазақтардың ең шұрайлы деген жеріне көшіп келген өзге ұлттардың саны, казактардың саны 1 миллион 11 мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге қоныстанып, иесі атанды. Патшалық Ресейде аграрлық саладағы езгерістерінің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1893-1905 жж. патша үкіметінің қазақтардан тартып алған жер көлемі: 4 млн. десятина жер. Кейін бұл сан 45 млн десятинаға дейін жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Торғай, Ақмола, Семей, Батыс Қазақстан облыстарында болды.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет