Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Педагогикалық үдеріс жоғары оқу орнында оқытушының іс-әрекет объектісі ретінде



бет12/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Педагогикалық үдеріс жоғары оқу орнында оқытушының іс-әрекет объектісі ретінде.

Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбиелеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категория), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту-тәрбиелеу жұмысын, педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістеріне бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге біртұтас педагогикалық процеске да сипаттама беруге болады.
Оқытушы іс-әрекеттің объектісі ретінде студентті емес, педагогикалық процесті есептеуі керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:

  • біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас 
    педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін 
    емес (В.С. Ильин);

  • мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға 
    бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);

  • егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық 
    еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);

  • оқу орны әкімшілігі іс-әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас 
    педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И. 
    Кондаков);

  • тұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша, басқару 
    шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі 
    дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский).

Мұғалім іс-әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымында мән — бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Қазіргі кезендегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталды, өйткені педагогикалық құбылыстар компонентері, қасиеттері, зандылықтар туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес.
Қандай да болмасын қиыншылықтарды, кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін мұның маңыздылығы тұтас педагогикалық процестің жүйелі-құрылымдық сипаттау, алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға, нақтылы жағдайды ескере отырып, ұстаздар-оқушылар жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет