Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Педагогикалық үдеріс және оның құрылымы



бет13/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49
Байланысты:
ЖМП 1-75 (1)

Педагогикалық үдеріс және оның құрылымы.

«Педагогикалық үдеріс» ұғымы бір жағынан, педагогика арқылы зерттелінетін
құбылыстың барлық кешенін белгілейді, екіншіден, осы құбылыстардың мәнін көрсетеді.
Педагогикалық үдерісті педагогика-лық жүйе жағдайында білім беру мен тәрбиелеудің
мақсатын тәрбиеші мен тәриеленушінің ұйымдасқан өзра әрекеттестігінде тұтас және өзара
байланыста жүзеге асырушы үрдіс. Әрекет – орындау, тындыру, меңгеру үстіндегі амалайла, іс-қимылды білдірсе, іс-әрекет - ғылыми білім категориясы, қоғамдық-тарихи
болмыстың ерекше түрі, дамудың тәсілі болып табылады. Іс-әрекет түрлері: қарым-қатынас;
ойын; оқу; еңбек.
Бағыты бойынша іс-әрекет түрлері: танымдық іс-әрекет; қоғамдық іс-әрекет;
спорттық іс-әрекет; көркемөнерпаздық іс-әрекет; техникалық іс-әрекет; қолөнерлік іс-әрекет;
гедоникалық іс-әрекет, ғылыми іс- әрекет, педагогикалық іс-әрекет.
В.И.Гинецинский, И.А.Зимняя педагогикалық іс-әрекет құрылымын ғалымдар әр түрлі
аспектіде қарастырған. В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Г.С.Костин, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская, А.А.Смирнов, Л.Б.Эльконин және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқутанымдық іс-әрекеттің мынандай компоненттерден тұратынын көрсетеді: іс-әрекет мақсаты;
іс-әрекет мазмұны; білім алушы мақсатқа жету үшін қолданылатын амал-тәсілдер; оқытушы
тарапынан бақылау және бағалау, сондай-ақ, білім алушының өзін-өзі бақылауы мен
бағалауы.



  1. Педагогикалық үдерістің заңдылықтары.

1. оқу мен тәрбие қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайына байланысты. Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу қоғамның тапсырмасы, қоғам өзіне лайықты ұрпақ дайындайды, өз жағдайымен байланыстырады.


2. тәрбиенің, оқытудың білім берудің жене дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқытусыз тәрбиені іске асыруға болмайды. өйткені, адам баласы белгілі заңдылықтарды білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі әсер етеді.
3. тәрбие мен өзі-өзі тәрбиелеудің бірлігі.
4. тәрбие мен оқыту - іс-әрекеттің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетке байланысты. Іс-әрекет, қарым-қатынас таным процесін дамытады.
5. педагогикалық үдерісте оқушылардың жас және дара ерекшелерін есепке алу.
6. педагогикалық үдерістің процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.

- педагогикалық процестiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiмен келiстiлiгi;


 педагогикалық процестiң нақтылы бiр мақсатқа бағыттылығы;
 ұстаздар мен оқушылар, тәрбиешiлер мен тәрбиенушiлердiң өзара әрекеттерiмен байланысты педагогикалық процесстiң екi жақтылық ерекшелiгi мiндеттi түрдегi екi жақтың да iс-әрекеттерi арқылы сипатталады;
 оқушылардың белсендiлiгi мұғалiмдердiң iс-әрекеттердi мұқият ойластыру мен ұйымдастыру нәтижесi;
 оқушылардың мұқият ұйымдастырылған өзара әрекеттерi педагогикалық процесстiң тиiмдiлiгiн арттырады;
 оның мазмұны мен ұйымдастырудың жас ерекшелiктерi коллективтiң және кейбiр жеке оқушылардың даму деңгейiне сәйкестiлiгi;
 оқушылардың педагогикалық процесстегi өзара әрекеттерiн ұйымдастыру қажеттiлiгi;
 педагогикалық процесстiң бөлiктерiнiң өзара әсер етушiлiгiмен қатар бағыныштылығы;
 педагогикалық процестiң уақыт бiрлiгiнiң ұзақтылығы;
 педагогикалық процестiң iшiндегi және арасындағы өзара жиылысқан қосымша жүйелерiнiң ықпалы әртүрлi реттегi жүйелер) көптеген факторларды тудырады, соның әсерiнен негiзгi нәтиже қалыптасады.
Педагогикалық процесс — бұл «мұғалiм-оқушылар» жүйесiнiң үздiксiз қызметi, ол осы жүйе жағдайының алмасуынан көрiнедi. Бұндай мүмкiншiлiк қарым-қатынастарды түсiну мен оны дұрыс шешетiн қажеттi жағдай жасауға бағытталған, ол осы нақтылы процесстiң қозғаушы күшi болады. Педагогикалық процестiң қозғаушы күштерiн бiлу мұғалiмге оның белгiлi бағытта дамуына қоғамның әлеуметтiк заңдылығына байланысты жеке түлғаға қажеттi қасиеттердi қалыптастыруға әсер етедi.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет