10. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері және олардың мәні Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми — зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптық мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және жоспарлы түрде жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т. б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, қиноға түсіру, магнитофонға жазу және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалнама мәліметтерімен толықтырылады. Оқушылардың мектеп қызметкерлерінің, ата – аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға қорытынды жасау үшін зор тірек.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырылады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жсаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата – аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап-бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де бас тартады. Сондықтан аңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барысы хатнамаға жазылады. Кейде зерттеушілерге елеусіз жағдайда әңгімені магнитафон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісі мен байланыстырылып жүргізілгенде ғана нәтиже береді.