Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және жоғары мектеп мәселесі


Жоғары мектеп педагогикасының негізгі ұғымдары, салалары және басқа ғылымдармен байланыстары



бет7/49
Дата21.12.2023
өлшемі1,25 Mb.
#142442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
7. Жоғары мектеп педагогикасының негізгі ұғымдары, салалары және басқа ғылымдармен байланыстары.

Тәрбие – жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені оны қоғамдық өмірге және өндірістік еңбекке дайындау мақсатында меңгертуі үшін әлеуметтік, мақсаттық бағытта жағдайлар (материалдық, рухани, ұйымдастырушылық) жасау.
«Тәрбие» педагогикадағы, соның ішінде жалпы педагогиканың негізгі категориясының бірі. Ұғымның көлемін сипаттай отырып, тәрбиеге кең әлеуметтік мәнде қоғамның тұлғаға әсерін, ал тар мағынада тұлғалық сапа, көзқарастар мен сенім жүйесін қалыптастыруға мақсатты бағытталған іс-әрекетті енгізеді. Тәрбие қандай да бір нақты тәрбиелік міндетті шешу ретінде жиі қолданылады. Тәрбиенің маңызды функциясы жинақталған адамзат тәжірибесін жас ұрпаққа білім арқылы тасымалдаумен жүзеге асырылады. Білім беру тәрбиенің алдыңғы ұрпақтың жинақтаған ғылыми және мәдени құндылықтар жүйесін сипаттау жағын көрсетеді. Білім беру тәрбиенің өткен ұрпақ жинақтаған ғылыми және мәдени құндылықтар жүйесін енгізумен байланысты жағын ұсынады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысының екі түрі бар:
әдіснамалық және пәндік.
Әдіснамалық байланыс. - басқа ғылымдарда қалыптасқан негізгі идеяларды, жалпы тұжырымдамаларды педагогикада қолдану (мысалы, философиядан); - басқа ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін пайдалану (мысалы, әлеуметтанудан).
Пәндік байланыс. - басқа ғылымдардың нақты нәтижелерін пайдалану (мысалы, психологиядан, медицинадан, физиологиядан және т.б.); - кешенді зерттеулерге қатысу. Педагогика ғылымының нысанына адам және оның қалыптасып дамуы кіргендіктен, бұл ғылым адамды зерттеу нысаны ретінде қарастыратын барлық ғылымдармен байланыс жасайды. Бұл байланыстардың ішінде философия және психологиямен байланыстары ерекше.


8. Методология - білім мен іс-әрекеттер жүйесі. «Әдіснама» ұғымының мәні.

Әдіснама ұғымы философиялық түсініктерге жатады. Бұл табиғат, қоғам, ойдың жалпы заңдары туралы ғылым. Бұл басшылыққа алынатын қағидалардың, ғылыми зерттеу құралдарының және ғылыми талдау талаптарын жүзеге асырудың нақты құралдарының рөлін орындайтын теориялық білімдер жүйесі. Әдіснама – ғылым білім және оны игерудің тәсілдері туралы ілім. Әдіснама кез келген ғылыми зерттеудің негізіне алынады. Әдіснама ретінде философия қатысады. Қоғам, табиғат, ойдың қалай дамып жатқанын анықтайтын және түсіндіретін гносеология ережелерін, философия қағидаларын, диалектиканың заңдарын құнсыздандыруға болмайды.
Әдіснама танымның жаңа саласын зерттеу стратегиясын анықтау үшін қажет.
Философияның қағидалары:
- объективтілік;
- нақтылық;
- жан-жақтылық.
Диалектиканың заңдары:
-қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі;
-сандық өзгерістерден сапаға көшуі және керісінше;
- терістеуді -терістеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет