Кез келген ғылымның зерттеу саласын анықтайтын нысаны мен пәні болады. Педагогика ғылымының нысаны адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуы жүретін педагогикалық шынайылық болып табылады.
Педагогика ғылымының пәні ӛте күрделі құрылым, ӛйткені ол мақсаты мен мазмұны қоғам талаптарымен айқындалатын, адам тұлғасының қажеттіліктерін қанағаттандырып, оның әлеуетін дамытуға арналған тәрбие, педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен қағидалары, нақты тәжірибесі болып табылады. Педагогика тұтас педагогикалық үрдістің құрылымын, мазмұнын және даму диалектикасын зерттей отырып, оның заңдылықтарын, негізгі қағидаларын, оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық түрлері мен әдістерін анықтайды.
Педагогиканың пәні оның негізгі категорияларын ӛзіне қамтиды. Педагогика ғылымының негізгі категориялары тӛмендегілер: білім беру,
тәрбие, оқыту. Ал Н.Д.Хмель педагогиканың негізгі категорияларына педагогикалық үрдісті де қосады.
Педагогиканың категорияларының ішінде маңызды орын алатын және ӛте күрделі үрдіс болып табылатын тәрбие үрдісі. Тәрбие үрдісінің күрделілігі оның тарихи сипатқа ие болуымен және әлеуметтік негізделуімен айқындалады. Әрбір тарихи кезеңде оның мақсаты мен мазмұны, әдіс- тәсілдері ӛзгеріп отырады, осы арқылы тәрбие үрдісінің динамикалық сипаты ашылады. Тәрбие үрдісінің күрделілігі мен кӛпқырлылығына байланысты педагогика ғылымында оны кең және тар мағынасында қарастырады.
Тәрбие кең әлеуметтік мағынасында – адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру үрдісі ретінде қарастырылады. Бұл жерде тәрбие үрдісі мәдениет
пен білімді ұрпақтан ұрпаққа трансформациялау құралы ретінде анықталған. Әрбір ұрпақтың міндеті аға ұрпақ тәжірибесін меңгере отырып оны байыту, жетілдіру және келесі ұрпаққа алмастыру болып табылады.
Қоғамның әлеуметтік тәжірибесін меңгеру адамға сол қоғамға әлеуметтену, оның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік береді. Бірақ тәрбие үрдісі барысында адамның тек әлеуметтенуі ғана емес (қоғам талаптарына сай қалыптасуы), сонымен бірге персонализациясы да жүреді. Персонализация барысында адам ӛзін қоғам мүшесі ретінде әлеуметтік сапалармен қатар жеке даралығын дамытады, ӛзінің қайталанбастығын, ерекшелігін танытады.
Тәрбие тар мағынасында – тәрбиеленушілер бойында кӛзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің ӛзара әрекеттесу үрдісі. Тәрбие үрдісінің бұл анықтамасы осы үрдістің екі жақтылығы мен мақсаттылығын, нәтижеге бағыттылығын сипаттайды. Тәрбиенің мақсаты әрдайым қоғам және бала тұлғасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Тәрбие мақсаттарының табысты жүзеге асуы осы үрдістің субъектілері болып табылатын мұғалім-тәрбиешінің және оқушылар- тәрбиеленушілердің ынтымақтастыққа негізделген бірлескен, екі жақты әрекетіне тікелей тәуелд і. Тәрбиенің табыстылығы тек тәрбиеге ғана емес, бірінші кезекте, тәрбиеленушінің саналы түрді ӛзін-ӛзі тәрбиелеуіне тәуелді.
Оқыту – оқушылар бойында білім, іскерлік, дағдыны, ойлау тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың мақсатты түрде ӛзара әрекеттесуі. Оқыту ол таным үрдісі. Оның барысында психикалық үрдістер дамиды (қабылдау, түйсік, ес, ойлау және т.б.) және олардың кӛмегімен оқушылар білім, білік, дағды, шығармашылық әрекет тәжірибесін, эмоционалдық қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді, ерік-жігерін дамытады. Оқыту тәрбие үрдісімен тығыз байланысқан үрдіс болғандықтан ол да мақсатты, нәтижеге бағытталған екі жақты үрдіс болып табылады. Оның мақсаттарына келетін болсақ, педагогикалық ойлар дамуының тарихында түрлі идеялар айтылған.
Неміс педагогы А.Дистервег оқыту мақсатын келесідей кӛрсетеді:
«Оқытудың мәні сонда ол негізі ақиқаттарды меңгеру бойынша дербестікті тәрбиелеу қажет». Қасиетті Августин "Ұстаз туралы" трактатында «Ұстаз ісі ӛз басынан оқушы басына білімді жеткізуге емес, оның ақыл-ойын оятуға бағытталу тиіс».
Оқыту - тәрбие және дамыту үрдістерімен ӛзара тығыз байланысқан тұтас үрдіс болып табылады. Сондықтан, жоғарыдағы анықтамаларда кӛрсетілгендей ол оқушылардың тек таным қабілеттерін дамытып, ғылыми білім мен біліктер жүйесін меңгертіп қана қоймай, оның әлеуметтік болмысы мен даралығын дамытуы қажет. Оқушы оқыту үрдісі барысында мұғаліммен және сыныптастарымен бірлескен таным әрекеті арқылы әлеуметтік қарым- қатынасқа бейімделіп, ӛз даралығын жетілдіруге мүмкіндік алуы тиіс.
Білім беру ұғымы педагогика ғылымында бірнеше аспекті тұрғысынан қарастырылады. Білім беру - үрдіс, нәтиже, жүйе және құндылық болып табылады.
Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны, құндылықтар мен әрекет тәжірибесін игеру үрдісі мен оның нәтижесі.
Білім беру - бұл әлеуметтік құбылыс ретінде дербес жүйе, оның негізгі функциясы қоғам мүшелерін оқыту және тәрбиелеу, белгілі бір білімді, идеяларды, адамгершілік құндылықтарды, іскерлік, дағдылар, мінез-құлық нормаларын меңгеруге бағытталады, олардың мазмұны қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты және қоғамның материалдық техникалық даму деңгейін анықтайды (И.В.Сластенин).