44. Эдвайзер, тьютор және офис регистратордың қызметтері. Студенттердің оқу пэндерін таңдау іс-эрекетін ұйымдастыруға эдвайзер тағайындалады. Эдвайзер — студенттердің білім алу бағытын таңцауға жэне өзгертуге, олардың жеке оқу жоспарын құрастыруға септігін тигізетін, академиялық тәлімгердің қызметін атқаратын маман дайындаушы кафедраның оқытушысы.
Кредиттік оқу жүйесін ұйымдастырудагы эдвайзерлердің қызметі мынадай:
— студенттерге білім кеңестігін айқьшдауға және оны іске асыруға ықпап етеді;
— эдвайзер алдыңғы қатарлы әдістерді пайдалану арқылыбір немесе екі бағыт (мамандық) бойынша ғана жұмыс жасайды және академиялық, кеңесшінің міндетін атқарады;
— эдвайзерлер қызметі факультет декандарының жанында құрылады жэне тікелей деканға бағынады;
— эдвайзерді факультет деканының келісімімен ректор тағайындайды.
Эдвайзер міндеттері мынаған саяды:
— қызметі бойынша факультеттің оқу-әдістемелік кеңесіне мүшелікке кіреді;
— оқу процесін ұйымдастыруға байланысты қажетті ақпараттық материапдарды дайындайды;
— студенттерге оку жэне жекелей жұмыс жоспарын құру үшін және оларға өзгертулер жасауга кеңестер береді;
— аралық және ағымдагы бақылауларды өткізуді қадагалайды, студенттің академиялық рейтингін багалауга қатысады;
— қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді қадағалайды.
Тьютор дегеніміз — оқу пәндерін жүргізетін жэне накты пәнді меңгеру бойынша студенттің академиялық, кеңесшісі ролінде танылатын кафедра оқытушысы. Тьюторлар қызметі мамандандырылган кафедраларды құрылады. Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі сипаттамасы мыналар:
— әр студенттің және оқытушының кредит бойынша еңбек шығынын есептеу;
— жұмыс оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оку жоспарын жасауда студенттің пэндерді еркін таңдауы;
— студенттің оқытушыны еркін таңдауы;
— студент жекелеи оқу жоспарын өзінщ тікелеи араласуымен, эдвайзердің басшылығымен жасауы.