ҚАЗҰУ Әлемдік qs рейтингінде 175-орында: білім ордасының ТӘжірибесі



бет4/6
Дата31.01.2023
өлшемі63,22 Kb.
#63943
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ҚАЗҰУ ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ 175-ОРЫНДА

Әлия Өмірбекқызы: Рейтинг жеке оқытушы үшін де өзіндік белгілі бір дамуға бастайтын жол, QS-тің кез келген номинациясының нәтижесін айтсақ оны үлкен ұжымның еңбегінің жемісі деп түсінеміз. Бұл жерде тек бір-екі адам ғана жұмыс істемейді, құры мәліметтерді енгізу арқылы жұмыс бітпейді. QS by subject білім беру бағдарламаларының талабы жоғары, университетте бір ғана тұлға, яғни оқытушы жан-жақты жұмыс істейді. Ол әрі дәріскер, әрі ғалым, әрі міндетті түрде тәрбиеші. Біздің оқытушылар университеттің дамуына, алға қарай ілгерілеуіне зор үлес қосып отыр. Мұны міндетті түрде атап өту орынды. Біздің ғалымдарымыз әлемдік деңгейде жеке тұлғалық келбетін қалыптастырып келеді. Хирша индексі дейміз, ол жоғары рейтингілі халықаралық базаларға енген журналдарға жарияланған ғалымдардың мақаласы қаншалықты практикалық қолданыста екенін көрсетеді. Қарапайым сипаттама осыны дәлелдейді. Мақаланың түп-тамыры ғылыми жоба болғандықтан, онда ғалымның өз саласына қатысты жаңалық болады. Демек, ғалымның еңбегіне сұраныс бар ма, жоқ па, соны анықтайды.
Гүлшарат Салауатқызы: Ғалымның жаңалығы, ғылыми мақаласы үнемі сұраныста болуға тиіс. Ғылыми мақала не үшін қажет? Ғылымды дамыту үшін керек, ғылым дамыса экономика жетіледі. Ғылыми мақала ондағы жаңалық, өнертабыс елімізді дамытуға ықпал етіп, тұрмысқа, әлеуетімізге серпін алып келуге тиіс. Шетелдік ғалымдар оқып, оған өз көзқарасын білдіріп, тіпті отандық жобаларға инвестиция салып жатса, нұр үстіне нұр емес пе?!
Рейтинг – негізгі мақсат емес, міндеті – университеттің дамуына сүбелі үлес қосу. Рейтинг не береді? Рейтингтегі дерек, ақпарат өте қысқа, оны көрген адам оқу ордасының әлеуетін, жағдайын жақсы түсінеді. Қандай да бір критерий бойынша берілген баға. Екіншіден, оқу ордасына қосымша мүмкіншілік береді. Әлемдік рейтингте 175-орында болу шетелдік ғалымдармен бірге жұмыс істеуге жол ашады, ғылыми орталықтардың көкжиегі кеңейіп, саны, танымалдылығы артады.
Ғылымда коллоборация деген болады, қазақы ұғымға салғанда серіктес дейміз. Мұны бір-бірімен байланыс орнату, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру деп түсінген абзал. Сондай серіктестік жылдан-жылға артып келеді. Студенттеріміз шет елде білімін, таным көкжиегін жетілдіріп, тағлымдамадан өтіп жатыр. Біздің университеттің рейтингісі жоғары болса, шет елдегі білім ошақтары білімгерлерді оқуға бірден қабылдайды. Осы жағынан алғанда рейтингтің басымдығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет