Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет15/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39

Әдебиеттер тізімі: 
1.Қылыш  қорғандар  тобына2012  жылы  жүргізілген  археологиялық  қазба  жұмысының    ғылыми  есебі. 
Атырау, 2013 ж.   
2. Граков Б.Н. Пережитки матриархата у сарматов.–ВДИ, №3,1947. С.109-110. 
3. Су Бэйхай. Сақтар мәдениеті.// Қазақ мәдениетінің тарихы. А.,1990. 25 бет. 
4. Мифы народов мира. Энциклопедия. ( В 2 томах). Гл. ред. С.А. Токарев. – 
5. Полиен. ҮІІІ. 56. 
 
 
1 сурет. Қылыш ІІ қорғанының кесіндісі. 

81 
 
 
2 сурет.  Қылыш ІІ қорғанындағы қабір 
 
3 сурет. Қола қазан. 
 

82 
 
 
4 сурет. Айдаһар мен  «свастика» салынған қола айна 
 
 
5 сурет. Ақық тасты жүзік.6 сурет. Аң тісті тұмар мен моншақтар 

83 
 
 
 
7 сурет. Белбеудің  алтын жалатқан  және күміс әшекейлері. 
 
 
ОӘЖ. 902.2 (547.12) 
 
ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ КЕНІШІ ЖЕРІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР 
 
Касенов М.С. 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Атырау облысы Жылыой ауданындағы «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты территорияда тарихи-
мәдени мұрао бъектілерін анықтау мақсатында  «Атырау облыстық тарих және археология орталығы» 
коммуналдық  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорны  мен  Атырау  облысы  тарихи-мәдени  мұраны  қорғау 
қалпына  келтіру  және  пайдалану  жөніндегі  мемлекеттік  инспекциясы  қызметкерлерінен  құрылған 
археологиялық  топ  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Барлау  жұмыстары  2013жылы  4-31  мамыр  айында 
жүргізілді[1]. 
«Теңізшевройл»  ЖШС-гі  мұнай  өндіру  жұмысымен  айналысады.  Оның  ауданында  әр  түрлі 
мақсаттағы  өндірістік  құрылыстар  бой  көтерген.  Игеріліп  жатқан  территорияда  осы  уақытқа  дейін 
тарихи-мәдени  мұра  нысаналарын  анықтау  мақсатында  толық  зерттеу  жұмыстары  жүргізілмеген. 
Территория жабық өндіріс аумақ  болғандықтан бөгде адамдарға кіруге тиым салынған.  
Зерттеу  жұмыстарын  бастамас  бұрын  компания  басшыларымен  жүргізілген  келсім  негізінде, 
барлау  жұмыстарының  жүргізілмегендігі  ескеріле  отырып,  барлық  тиым  салынған  территорияға 
кедергісіз кіруге рұқсат етілді.  
Осы  экспедициядан  бұрын  Атырау  облыстық  Мәдениет  басқармасының  тапсырмасы  бойынша 
жүргізілген  зерттеу  жұмыстары  кезінде  компания  территориясы  аумағындағы  сол  жердегі 
жұмысшыларға  белгілі  объектілер  тіркеуге  алынып,  қысқаша  ғылыми  есебі  жазылған  болатын. 
Археологиялық барлау жұмыстары барысында 8 археологиялық объекті анықталды (2). 
Каспий  теңізінің  солтүстік-шығыс  жағалауы,  екі  үлкен  теңіз  -  Арал  және  Каспий 
арасындағы  құрлық,  сонымен  қатар,  осы  аралықтағы  Жайық,  Жем  өзендерінің  жағасы  өмір 
сүруге  қолайлы  болған.  Сондықтан,  бұл  территорияны  халық  ежелден-ақ  қоныстанған,  осы 
екі  теңіз  аралығында  көшіп-қонып  жүрген,  әр  түрлі  халықтардың  мәдениеттерінің  тоғысқан, 
мәдениеттердің  бір-бірімен  араласқан  аймағы.  Каспий  теңізінің  елуден  астам  әр  тілдегі 
атауының болуы да әр түрлі халықтың болғандығына дәлел. 
Сөз  болып  отырған  аймақтан  тас  дәуірінен  бергі,  қола  дәуірінде,  көшпелі  мал 
шаруашылығының  мәдениеті  қалыптасқан  тайпалық  бірлестіктер  –  сарматтар,  савроматтар, 
массагеттер,  т.б.кезінде  (б.з.д.  ІІІ-І  м.ж.),  одан  кейінгі  орта  ғасырлық  оғыз-қыпшақтық 

84 
 
тайпалық  бірлестіктердің  дамыған кезеңінде,  Алтын  Орда империясы  кезеңіндегі мекендеген 
халықтың іздерін көреміз.  
 Тарихи  деректерге  сүйенер  болсақ  ежелгі  грек  ж азбаларын да  Каспийдың  алғашқы 
тайп аларын   «сармат-савромат»  деп  атағаны  белгілі.  Сарматтар  Каспий  ойпатын,  шығыс 
европа жазығы мен Орал таулары на дейінгі аймақта өмір сүргені белгілі.   
Грек ғалымдары Геродот  (б.з.б.  V  ғ.) пен Птолемей (б.з.б.  II  ғ.) өз еңбектерінде  Каспий 
теңізінің шығысындағы шексіз жазық жер, ондағы өмір сүрген халықтар, Жайық, Жем өзендері 
туралы мәліметтер қалдырған. 
Соңғы  жылдардағы  ғылыми  еңбектердің  нәтижелері  де  Каспий  теңізінің  солтүстік-
шығысы  мезолит,  неолит  дәуірлерінен  бастап  халыққа  мекен  болған  территория  екендігін 
көрсетіп отыр.  
Зерттелуге  алынған  аймақтың  табиғи-ландшафты  жағдайы  тарихи-мәдени  мұра 
ескерткіштерінің  орналасу  орындарын  алдын-ала  болжауға  мүмкіндік  береді.  Археологиялық 
ескерткіштер  әдетте биік жерлерде, төбелерде орналасады.  Өйткені, жазғы уақытта төбелер 
жақсы  желденіп  тұрады,  алысты  көруге  ыңғайлы,  құрылыстар  алыстан  көрініп  тұрады, 
сондай-ақ,  жер  асты  суларына  қол  жеткізу  оңай.  Сонымен  қатар,  қайтыс  болған  адамдарды 
да биік төбелерге жерлеген.  
Аймақтың  картографиялық  материалдарымен  танысқаннан  соң,  территориялар  бірнеше 
квадратты  бөліктерге  бөлініп  алынды.  Алғашқы  кезекте  Королев  кен  орны  зерттелінді.  Бұдан  соң, 
Тұрланды  учаскесіне,  Теңіз,  Шаңырақ  вахталық  поселкелерінің  маңдарына,  Теңіз  кен  орнына 
археологиялық барлау жүргізілді.  
Бұл  территорияларда  кездесетін  археологиялық  ескерткіштердің  негізгілері    неолиттік,  қола 
ғасырының  тұрақтары  мен  қоныстары,  құмтөбелі  қабірлері,  ерте  темір  дәуірлік  қорғандар,  сонымен 
қатар,  облыстың  ескерткіштері  қатарына  әлі  кіргізілмеген  сәулет  ескерткіштері  құлпытастар  да  бар. 
Қоныстар  мен  адам  жерленген  орындар  санының  көптігінен  халық  тығыз  қоныстанғанын 
байқаймыз. 
Жүргізілген  жұмыстар  барысында  аталған  объектілердің  GPS  координаталары  анықталып, 
картаға  түсірілді.  Анықталған  барлық  объектілерге  ескерткіштерді  қорғау  ережесіне  сәйкес  (Тарихи-
мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын 
табиғи  ландшафт  аймақтарын  айқындаудың  ережелері  және  пайдалану  режимі.  ҚР  Мәдениет  және 
Ақпарат  министрлігінің  2007  жылға  20  тамыздағы  №218  ережесі)  қорғау  аймағы  белгіленді. 
Ескерткіштердің  қорғау  аймағы  археологиялық  объектілер  үшін  ескерткіштің  шеткі  нүктесінен  50  м, 
қалақұрылыс  және  сәулет  ескерткіштері  үшін  шеткі  ескерткіштен  20  м.,  болып  есептеледі.  Қорғау 
аймағының белгісі ретінде барлық ескерткіштердің төрт бұрышына, ақ – қара жолақты сызықтары бар 
қазықтар қағылды. 
Территория  көлемінен  анықталған  археологиялық  ескерткіштердің  жағдайы  нашар  күйде. 
Карьерлік  топырақ  алу  жұмыстарының  көптеп  жүргізілуі  салдарынан  көптеген  ескерткіштер  зардап 
шеккен. 
Табылған  жәдігерлердің  ішінде  неолит  дәуірінің  кремнийден  жасалған  еңбек  құралдары  – 
кескіштер,  қырғыштар,  тескіштен,  жебе  ұштары;  қола,  темір  дәуірлерінің  қоладан  жасалған  жебе 
ұштары,  әшекей  бұйымдары  бар.  Сол  кезеңнің  еңбек  құралдары  және  ескерткіштерден  мал 
сүйектерінің  көптеп  кездесуі  бұл  аралықта  мал  шаруашылығы,  аңшылықтың  жақсы  дамығандығын 
көрсетеді.  
Кей жерлерде көптеп ортағасырлық керамика сынықтары мен мыс тиындар табылды. Бұл-орта 
ғасырларда осы жерде адамдар мекендегендігінің,  сауда айналымының болғандығының дәлелі.  
Теңіз  кенішін    ауданынан    42  ескерткіш  орны  анықталды.  Олар  неолит,  қола,  темір  дәуірі, 
ортағасыр және ХІХ ғасыр құлпытастары мен зиратары.  
Соның  ішінде:    11  тұрақ,  3  қоныс,  15    құмтөбелі  қабір,  4  қорған,  8  қорым,  1  қазіргі  заман 
қорымы   және  1 бұзылып жойылған ескерткіш орны анықталды.  1 таблица.  
Бұл  ескерткіштер    орналасқан  аймақ  құмды  шөлейті  аймақ  болғандықтан    қазіргі  кезде 
көптеген  ескерткіштер  бұзылып  жойылған.    Құрлыс  нысандары  мен  жәдігерлер  жер  бетіне  шығып, 
шашылып жатады. Ал, үстіңгі қабатында ешқандай ескеркіш нысана белгісі байқалмайды.  Жел құмды 
көшіргенде  немесе  кездейсоқ  жер  қазу  жұмысы  кезінде  ғана  бұл  археологиялық  ескерткіштер  орны 
анықталады. Сондықтан оларды анықтау жұмысы өте қиынға түседі.  
Бұл ескерткіш түрлері  толық түсінікті болу үшін олрдың кейбір түрлерінің  жалпы сипатамасын 
беремін. 
Нысана  №1.  Құмтөбелі  қабір.  Королев  кен  орны.  Шаңырақ  вахталық  қалашығынан 
оңтүстік-шығысқа қарай 12,5 км, Королев кен орнындағы К-10-шы скважинаның солтүстік-шығысында 
орналасқан.  

85 
 
Құмтөбе сым шарбақпен қоршалған. Топырақ алынған жерде биіктігі 4 м., шамасындағы төбе 
қалдырылған. Төбе басына орнатылған темір тақтайда № 278 нөмірлі белгі бар. 
GPS координатасы: UTM 39t                                  Pulkovo 1942(1) 
                                  N 46° 14,036                           N 51 23 287 
                                  Е  053° 32,929                         E 6 96 525 
Құм төбенің биіктігі 4 м, қоршалған шарбақтың көлемі солтүстіктен оңтүстікке 10 м, шығыстан 
батысқа  15  м.  Төбенің  бастапқы  көлемі  белгісіз,  себебі,  шамамен  4  м.,  жерге  дейін  төбені  айнала, 
шеңберлене топырақ алынған. 1-2 сурет. 
Бұл  жерде  каръерлік  жұмыстар  жүргізілген.  Топырақ  алу  жұмыстары  кезінде  төбеде  адам 
сүйектері, яғни қабірлер ашылып қалған. Адам сүйектері ауыр техникалар әсерінен сынып, уатылған. 
Адам сүйектерінің сынықтары құмтөбелі қабірдің барлық жерінде және қоршау сыртында да шашылып 
жатыр. Беткі топырағы желмен ашылып жатқан екі адам сүйегін бар. 3 сурет. 
Ескерткіштен  керамика  сынықтары  мен  қола  бұйымдар  табылды  Осы  жерде  жүргізілген 
каръерлік  жұмыстар  кезінде  қабір  басына  қойылған  керамикалық  ыдыстар  да  ауыр  техниканың 
астында қалып, сынған.  
Жиналған  қола  бұйымдардың  ішінде:  жебе  ұштары,  сырғаның  сынықтары,  түйреуіш. 
Керамикалық  ыдыстардың  ішінен  мойын  тұсы  көлденең  толқынды  етіп  жасалған  үлкен  көлемдегі 
күйдірілген ыдыс фрагменттері жиналды 
Адамдарды  жерлеу  рәсіміне  (қабір жанына өзі пайдаланған  заттарын:  керамикалық  ыдыстар, 
қару, әшекей бұйымдарымен қоса жерлеу) және жәдігерлерге жасалған сараптама нәтижесіне сүйене 
отырып, ескерткішті темір дәуіріне жатқызамыз. 
  Нысана №6. Тұрақ.Королев кен орны. Шаңырақ вахталық қалашығынан оңтүстік-шығыс 
бағытта    17  км,  ескі  аэропорттың  шығысында  1,2  км.,  жерде,  темір  тақтайға  №294  нөмірлі  белгісі 
жазылған төбенің солтүстігінде 500 м., жерде орналасқан. 5-6 сурет. 
           GPS координатасы: UTM 39t                                  Pulkovo 1942(1)  
                                   N 46° 09, 923                            N 51 15 581 
                                   Е  053° 30, 762                         E 6 93 985 
Ескерткіштің  көлемі  150x150  м.  Объектіде  топырақ  алу  жұмыстары  жүргізілген.    Ескерткіштің 
топырық  алынған  бөлігінен  көптеген  жәдігерлер  анықталды.  Жәдігерлердің  ішінде  ескерткіштің  қола 
дәуіріне  жататындығын  дәлелдейтін  кремний  бұйымдар,  қыш  ыдыс  сынықтары  кездеседі.  Осындай 
жәдігерлер тұрақтың бүкіл аумағында шашылып жатыр.  
Тас  бұйымдар  әр  түрлі  материалдардан  жасалған.  Садақ  ұшы  қоңыр  түсті  кремнийден 
жасалған,  ұшы  үшкірленіп,  бүйірлерінде  әлсіз  білінетін  тістері  бар,  аңшылық  мақсатта  қолданылған. 
Қара  түсті  кремнийден  жасалынған  жонғыштар  және  кремнийдің  қалдықтары  да  осы  тұрақтан 
табылды.  Керамикалық  ыдыстардың  түсі  ашық  қоңыр,  шырша,  тік  сызықты  геометриялық  өрнектер 
салынған. 7 сурет. 
         Нысана №7Королев кен орны. Құмтөбелі қабір және қоныс. Ескерткіш Шаңырақ 
вахташылар  қалашығынан  оңтүстік-шығыс  бағытта  17  км,  Теңіз  кенішіндегі  Т-52  сважинасынан 
солтүстікке  қарай  700  м.,      жерде  орналасқан.  Құмтөбенің  орта  бөлігі  сым  шарбақпен  қоршалған.  8 
сурет. 
GPS координатасы: UTM 39t                                  Pulkovo 1942(1)  
                                   N 46° 10, 250                            N 51 16 208 
                                   Е  053° 31, 342                         E 6 94 713 
Құмтөбелі  қабір  мен  қоныстың  жалпы  көлемі  –  шығыстан  батысқа  қарай  200  м,  оңтүстіктен 
солтүстікке қарай 150 м., жерді алып жатыр. 9 сурет. 
Бұл  жерде  каръерлік  жұмыстар  жүріп,  ескерткіш  бұзылған.  Құмтөбенің  қазіргі  биіктігі 
салыстырмалы  түрде  жазықтықтан  3-4  м.,  биік,  бірақ,  бұл  алғашқы  биіктігі  емес. Биік  шағыл  басына 
жерленген  адамдардың  сүйектері  қабірдің  үстіңгі  топырақ  қабаты  алынуынан  жер  бетіне  шығып 
қалған,  әрі  айналаға  шашылған.  Көп  уақыт  беті  ашық  жатқандықтан,  табиғи  факторлар  әсерінен 
сүйектер бұзылған. 10 сурет 
Құмтөбелі  қабірден  беткі  топырағы  ашылып  жатыр,  шашылмаған  адам  сүйегі  кездесті.  Басы 
оңтүстікке қаратып жерленген, бас сүйегі салыстырмалы түрде үлкен, денесінің ұзындығы екі метрге 
дейін жетеді.  
Сол  жақ  сан  сүйегі  тұсынан  бір-біріне  жабысып  қалған  36  жебе  ұшы  мен  сақинаның  сынығы 
табылды. Жәдігерлер қоладан жасалған. 11-13 сурет.  
Құмтөбедегі  шашылып  жатқан  сүйектер  арасында  қабір  басына  қойылған  қола  дәуірінің 
керамикалық ыдыс сынықтары да бар. Олар да каръерлік жұмыстар кезінде сынып, шашылған. 
Құмтөбелі  қабірдің  батыс  беті  адамдар  мекендеген  қоныспен  жалғасады.  Қоныс  құмтөбелі 
қабірден  -3  м.,  төмен  орналасқан.  Қоныстың  территориясы  шеңберленіп  келген,  диаметрі  40  м., 

86 
 
болады.  Мәдени  қабаты  әр  жерде  түрліше,  20-30  см.,  аралығында.  Мәдени  қабаты  топырақ  алу 
жұмыстары кезінде зақымданған. 
Қоныстың  ортаңғы  бөлігінен  дөңгелек  пішінді  ошақтың  орны  анықталды,  диаметрі  –  50  cм. 
Жалпы, қоныс территориясында от жағылған жерлер көп. 
Қоныс  орнында  мал  сүйектері  мен  қыш  ыдыс  сынықтары  көптеп  шашылып  жатыр.  Мал 
сүйектерінің ішінде ұсақ малдың (қой, ешкі) сүйектері көп, ірі малдың сүйектерін де кездестіре аламыз. 
Қола  дәуіріне  жататын  күйдіріліп  жасалған  керамика  сынықтары  жиналды.  Ыдыс  ернеулері  сыртына 
қайырылып  жасалған,  сыртқы  бетінде  ешқандай  өрнек  байқалмайды.  Құмтөбелі  қабірдің    үлкен 
территорияны алып жатуы, яғни, сол жерде өмір сүрген адамдар, сол төбеге жерленген болса керек. 
Ескерткіштің уақыты – темір дәуірі.  
       Нысана №13. Құмтөбелі қабір Құмтөбе Шаңырақ вахташылар қалашығынан оңтүстікке 
қарай 2,4 км., жерде, Сарықамыс тас жолының шығысында 1 км., жерде орналасқан. 14 сурет. 
GPS координатасы: UTM 39t                                  Pulkovo 1942(1)  
                                   N 46° 15, 843                            N 51 26 386 
                                   Е  053° 27, 164                         E 6 89 022 
Құмтөбенің  пішіні  трапеция  тәріздес,  көлемі    шығыстан  батысқа  қарай:  оңтүстік  беті  350  м., 
және  солтүстік  беті  450  м;  солтүстіктен  оңтүстікке  қарай:    батыс  беті  270  м,    шығыс  беті  400  м.  15 
сурет. 
Бұл территорияда топырақ алу жұмыстары жүргізілген. Құмтөбенің биіктігі, топырақ алынбаған 
жерде  3  м.,  шамасында  болғанын  көреміз.  Осы  жұмыстар  кезінде  ашылып  қалған  адам  сүйектерін 
аумақтың барлық жерінен кездестіруге болады 16 сурет. 
Құмтөбелі  қабірдің  орта  бөлігінен,  уатылып  қалған  адам  сүйегі  маңынан,  қоладан  жасалған 
айна  сынықтары  табылды.  Сол  маңнан  сланецтен  жасалған  қайрақтар,  қызыл,  ашық  қоңыр  түсті 
керамикалық  ыдыстардың  сынықтары  табылды.  Керамика  бөліктерінің  ішінен  көлденең  тік  сызықты 
параллельдің  ортасында  қисық  үзік  сызықты  өрнегі  бар  ыдыс  бөліктерін  атап  өтуге  болады. 
Құмтөбеден ашық түсті кремнийден жасалған жебе ұшы табылды. Жебе ұшының әлсіз білінетін тістері 
бар, көлемі кішкентай, ұсақ аң аулауға арналған. Жинақталған жәдігерлердің ішінде дөңгелек пішінді, 
ортасы тесілген тас бұйым бар. Бұл бұйымды қайрақ ретінде пайдаланса керек. 17 сурет.  
Осындай жәдігерлердің табылуына байланысты құмтөбелі қабірдің қола дәуіріне жататындығы 
анықталды.  
Нысана  №15.  Теңіз  кен  орны.  Құмтөбелі  қабір    Құмтөбе  Шаңырақ  вахташылар 
қалашығынан оңтүстік бағытта 27 км., жерде,  SGI-дан (шикі газ айдау зауыты) шығысқа қарай 7 км.,  
жерде, ГЗУ 14-тің (басты өлшеу қондырғысы) солтүстік-батысында орналасқан. 18 сурет. 
GPS координатасы:    UTM 39t                                  Pulkovo 1942(1)  
                                   N 46° 03, 848                            N 51 04 149 
                                   Е  053° 26, 074                         E 6 88 295 
Құмтөбенің көлемі оңтүстіктен солтүстікке 450 м, шығыстан батысқа 150 м. Құмтөбеде топырақ 
алу  жұмыстары  жүргізіліп,  -  4  м.,  шамасындағы  тереңдікте  топырақ  алынған.  Жұмыс  жасалынған 
карьердің ортасында биіктігі 5 метрге дейін жететін төбе қалдырылған. 19 сурет. 
2004  жылы  төбе  басынан  карьерлік  топырақ  алу  кезінде  өте  көп  адам  сүйектері  шыққан, 
сондықтан ол жердегі жұмыс тоқтатылған. Жұмыс кезінде осы жерден шыққан адам сүйектерін жинап 
құмтөбенің  шығысына  жерлеген.  Сүйектер  көмілген  жерді  темір  төртбұрышты  шарбақпен  қоршап 
қойған. Шарбақтың көлемі 2х2 м, биіктігі 0,5 м. 20 сурет. 
Карьердің ортасындағы төбенің басында шашылып жатырған адам сүйектері өте көп. Сүйектер 
көп уақыт беті ашық жатқандықтан табиғи факторлердің  әсерінен ұсақталып кеткен .  
Құмтөбенің астында әлі де адам сүйектері бар. Топырақ көшкен кезде сүйектердің беті ашылуы 
мүмкін. Адам сүйектерінің кейбірі қасындағы қола бұйымдардың әсерімен, жасыл түске боянған. 
Жерленген адам сүйектерінің қасынан қола ғасырлық керамика сынықтары, қола бұйымдардың 
кішкентай  бөлшектері  табылды.  Сонымен  қатар,  сақталуы нашар,  қылыштың  сынықтарына  ұқсайтын 
темір қалдықтары табылды. 21 сурет. 
Құмтөбенің  оңтүстігінен,  топырақ  алу  жұмыстары  жүргізілген  жердің  шетінен  көптеген 
жәдігерлер:  қола  жебенің ұшы,  өңделген мал  сүйегі,  керамикалық  ыдыс  сынықтары,  мыс  тиын  және 
мұсылмандар айшығына ұқсас мыс бұйым табылды. Мал сүйегінің екі шеті тесіліп, тегістеліп өңделген; 
керамикалық  ыдыстар  –  қызыл  қыштан  жасалған,  сырты  қызыл  түспен  боялған,  мыс  тиын  –  Алтын 
Орда мемлекетінің билеушісі Жәнібек ханның атынан аль-Жадидте соғылған, араб қарпімен номиналы 
жазылған, бетіне екі басты қыран белгісі соғылған, ал мұсылмандық айшық бұл жерде халықтың орта 
ғасырларда ислам дінін тұтынғанын көрсетеді. 22-24 сурет.  
         Нысана  №29.  Теңіз  кен  орны.  Құмтөбелі  қабір  және  қоныс.  Нысана  Шаңырақ 
вахташылар қалашығынан оңтүстік бағытта 32 км.,  жерде, Т-123 скважинасының оңтүстік-шығысында 
700 м.,  жерде орналасқан. 25 сурет.  

87 
 
GPS координатасы:     UTM 39t                                  Pulkovo 1942(1)  
                                   N 46° 01, 230                            N 50 99 237 
                                   Е  053° 24, 365                         E 6 68 195 
Бұл  жердегі  үлкен  төбеде  қабірлер  орналасқан,  ал  қабірлердің  шығысында  қоныстың  орны 
бар. Объектінің жалпы көлемі оңтүстіктен солтүстікке 200 м, шығыстан батысқа қарай 150 м.  26 сурет. 
Төбеде  топырақ  алу  жұмыстары  жүргізілген.  Төбенің  солтүстік-батыс  бөлігі  сым  шарбақпен 
қоршалған.  Осындай жұмыстардың  әсерінен төбе  басындағы  қабірлер  бұзылып,  сүйектер  жер  бетіне 
шығып қалған.   
Қоршалған  сым  шарбақ  ішіндегі  топырақ  алынбаған  төбенің  бөлігі  арқылы,  төбенің  әуелгі 
биіктігі 3 м., шамасында болғандығын байқауға болады.  
Қоршалған шарбақ ішінде беткі топырақтары ашылып қалған 3 адам сүйегі жатыр. Одан басқа 
да, ретсіз шашылып жатырған сүйектер көп. Осы жердегі басы оңтүстікке қаратылып жерленген адам 
сүйегінің  оң жақ  сан  сүйегі маңынан  орташа  көлемдегі  қанжар  табылды.  Қанжар темірден  соғылған, 
ұзындығы 25 см., шамасында. Қанжар тот басып бөлшектеніп сынып қалған.   
Шарбақтың  сыртынан,  беткі  топырақтары  желмен  үрленіп  ашылып,  жер  бетінде  шашылмай 
жатырған 13 адам сүйегі саналды. 
Осы  жердегі  ашық  жатырған  мәйіттерден  сол  дәуірдегі  адамның  жерлену  рәсімін  анық 
байқауға болады. Адамдардың бастары оңтүстікке қаратылып, шалқасынан жатқызылып жерленген.  
Адам  сүйектері  қатар-қатарымен  орналастырылған,  бір  қатарда  жерленген  4  адам  сүйегі 
жатса, осылардан төменде тағы 2 адам сүйегі жер бетінде ашылып қалған. 
Төменде жерленген екі адам сүйегінің бірі - жас қыз баланың сүйегі. Осы сүйектің оң жағынан, 
мойын тұсынан бүтінімен сақталып қалған қола айна табылды. Айнаның пішіні дөңгелек, диаметрі – 12 
см,  беті  тегіс  келген.  Сонымен  қатар,  осы  сүйек  маңынан  әр  түрлі  пішіндегі  ұлутастан,  хрустальдан 
жасалған моншақтар табылды. 27-29 сурет. 
Сүйектен  төмен  үлкен  көлемдегі  қыш  құмыра  көмілген.  Құмыраның  үстінгі  бөлігі  сынып, 
сақталмаған,  ал,  астыңғы  бөлігі  топырақ  астында  көміліп  жатыр.  Осы  құмыраны  аршу  жұмыстары 
жүргізілді. Құмыраның бүйірінен түбіне дейінгі сақталып қалған бөлігінің биіктігі  20 см. Диаметрі  30 
см, қабырғаларының қалыңдығы 2 см., шамасында. Қыш ыдыс жабыстыру әдісімен жасалынған.  
Қоршау  сыртындағы  беткі  топырағы  ашық  жатырған  тағы  бір  адам  сүйегінің  сол  жақ  саны 
тұсында темір қылыш бөліктері сақталған. 
Шашылып жатқан адам сүйектерінің арасынан ұсақталған мал сүйектері де кездесті.  
Құмтөбелі қабірдің шығыс бөлігін адамдар мекендеген қоныстың орны алып жатыр. Бұл жерде 
диаметрі  –  60  см.,  шамасында  болатын  ошақтың  орны  сақталып  қалған.  Сондай-ақ,  қыш  ыдыс 
сынақтары  табылды.  Қыш  ыдыстардың  арасында  қызыл  қыштан,  сұр  қыштан  жабыстыру  әдісімен 
жасалған ыдыстар бар.  
Құмтөбелі  қабірдің  көлемі  жағынан  үлкендігі  және  бұл  жерде  қоныстың  болуы  –  осы  жерді 
адамдар тұрғылықты мекендегеніне дәлел бола алады.  
         Нысана №32. Теңіз кен орны. Қорғандар тобы. Шаңырақ вахташылар қалашығынан 
оңтүстік-шығысқа қарай 30 км., жерде орналасқан. Бұл жерде үш қорған бар. 30-31 сурет. 
Қорған  1  Т-100  скважинасының  солтүстікке  150  м,  ГЗУ-33-тен  (басты  өлшеу  қондырғысы) 
оңтүстік-батысқа 350 м., жерде орналасқан. Қорғандар тегіс жазық жерде орналасқан. 
Екі қорғанның GPS координатасы:  
                                   UTM 39t                                  Pulkovo 1942(1)  
                                   N 46° 03, 583                            N 51 03 354 
                                   Е  053° 18, 340                         E 6 78 353 
Бірінші  қорғанның  диаметрі –  30  м,  биіктігі  3 м., шамасында, топырақтан үйілген. Қорғанның 
үстінде триангуляциялық белгінің бетон сынықтары мен құйылған цемент қалдықтары бар. Қорғанның 
батыс жағында әлсіз байқалатын ор бар.     
Бірінші қорғанның оңтүстік-шығысында 30 м., жерде екінші қорған орналасқан.  
2 қорған биіктігі 3 м, диаметрі 30 м., болатын топырақ үйіндісінен тұрады. Қорғанның оңтүстік 
жағынан топырақ алынған. Бұл қорғанның да батыс бетінде әлсіз байқалатын ор бар. 
Қорғандардан оңтүстікке 350 м., жерде үшінші қорған орналасқан.   
3  қорған  Т-100  скважинасынан  оңтүстік-шығысқа  100  м,  Батыс  Қарасор-12    скважинасынан 
солтүстікке 50 м., жерде орналасқан.     
GPS координатасы:    UTM 39t                                  Pulkovo 1942(1)  
                                   N 46° 03, 353                            N 51 02 929 
                                   Е  053° 18, 100                         E 6 78 049 
Қорғанның диаметрі 60 м, биіктігі 2 м, топырақтан үйілген. Қорғанның оңтүстік және солтүстік 
жағынан топырақ алынып, зақымданған. Қорғандар тобының уақыты ерте темір дәуірі. 

88 
 
 
Алдыңғы  екі  қорғанның  қорғау  аймағы  50  м  жерден  бірге  белгіленді,  ал  соңғы 
қорғанның қорғау аймағы бөлек алынды.   
Каспий  теңізінің  солтүстік-шығыс  жағалауының  қолайлы  табиғи-климаттық  жағдайы 
(шабындық пен су көздерінің молдығы)  халықтың ерте заманнан бастап орта ғасырда, жаңа заманда 
да осы территорияны қоныстанып, игеруіне  негіз болған.  
Халықтың  бұл  ауданды  тығыз  орналасқандығын  анықталып  отырған  тұрақтар  мен 
қоныстардың,  қорғандар  мен  құмтөбелі  қабірлердің,  жаңа  заманғы  рулық  қорымдардың  көптігі  мен 
жақын орналасуынан да көреміз. 
Өкінішке  орай,  тексеру  жұмыстары  жүргізілген  аймақтағы  мұнай-газ  өндіру  мақсатындағы 
көптеген  құбырлардың  жүргізілуі,  әр  түрлі  бағыттағы  автокөлік  жолдары,  карьерлік  жұмыстардың 
жүргізілуі  сияқты  шаруашылық-өндірістік  жұмыстар  археологиялық  ескерткіштердің  сақталуына  кері 
әсерін тигізген. 
Археологиялық  объектілер  орналасқан  төбелерде  негізінен  карьерлік  топырақ  алу 
жұмыстары  жүргізілген.  Осы  жұмыстар  нәтижесінде  көне  дәуірлерде  құмтөбелерде  жерленген  адам 
қабірлері  қопарылып  ашылып,  сүйектері  жер  бетіне  шығып  қалған,  ашық  аспан  астында  шашылып 
жатыр,  ауыр  техниканың  астында  уатылып  қалған,  көбі  топырақпен  бірге  алынып  та  кеткен.  Адам 
сүйектерімен  бірге  көмілген  жеке  заттары  осындай  карьерлерде  шашылып  жатыр.  ХІХ  ғасырға 
жататын Құрайыш ата қорымынан да осындай көрініс анықталды. Кейбір нысаналардың сүйек шыққан 
бөліктері темір сым шарбақпен қоршалған. 
Карьерлік  жұмыстар  негізінде  қоныстар  мен  тұрақтардың  мәдени  қабаттары  бұзылып, 
жәдігерлер топырақпен бірге алынып кеткен. 
Территорияны  тексеру  барысында  толығымен  жойылып  кеткен  ескерткіштер  де  анықталды. 
Мысалы  Тұрланды  учаскесіндегі  рекультивация  жасалған  көлемі  үлкен  карьерден  қола  дәуіріне 
жататын  керамикалық  ыдыс  бөліктері  анықталды.  Яғни,  бұл  жерде  қола  дәуірінің  ескерткіші  болған, 
жер игеру кезінде ескерткіш толығымен жойылған. Осындай тағы бір объект – Шаңырақ вахташылар 
қалашығына  ншығысқа  қарай  2  км.,  жерде  рекультивация  жасалған  карьерден  анықталды.  Бұл 
жерден  көп  мөлшерде  керамикалық  ыдыстың  фрагменттері  анықталды.  Беткі  топырақтары  қайта 
жабылған кезде топырақ арасындағы жәдігерлер топырақпен бірге жерге жайылған. 
Ендігі  кезекте,  аймақтағы  бұзылған  ескерткіштерге  шұғыл  құтқару  жұмыстарын  жүргізіп, 
ашылып  қалған  құмтөбелердегі  сүйектерді  қайта  жерлеу  қажет.  Өйткені,  бұл  территориядағы 
ескерткіштердің жойылуына жол беру – қазақ тарихының бір бетінің жойылуына жол беру деген сөз. 
Құмтөбелі қабірлердегі, қорымдардағы адам сүйектерінің жер бетінде шашылып жатуы – материалдық 
қажеттілік үшін ешқандай моральсыз өмір сүріп жатқанымыздың дәлелі болмақ.   
Территорияда  жер  игеру  жұмыстары  кезінде  жер  бетінде  ешқандай  белгілері  байқалмаған 
ескерткіштер әлі де анықталуы мүмкін екендігі ескерілуі қажет.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет