Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы тəрбиелеу



Pdf көрінісі
бет42/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71
Адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы тəрбиелеу
Бағыты
Міндеттері
Адамгершілік 
сезімдер мен 
этикалық 
сананы 
тəрбиелеу
Ұлттық құндылықтарды білу, насихаттау;
Жақсы мен жаманды айыра білу, салыстыру
Мектепте, үйде, көшеде, елді мекендерде, қоғамдық 
орындарда, табиғатта тəртіп ережелерін сақтау;
Ата-аналарға, құрдастарға, үлкен-кішілерге дұрыс қарым-
қатынас орнату;
Ұжымда достық қарым-қатынас орнату, көмек жəне өзара 
қолдау көрсету;
Әдептілік норма ережелерін, сөйлеу мəдениетін сақтау;
Жаман қылықтардан өзін аулақ ұстау, өз ісіне 
жауапкершілікпен қарауға үйрену.
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне бес күндік оқу 
аптасының енгізілуіне байланысты, алтыншы күннің (сенбі) сабақтан тыс бос 
уақыттағы тəрбие процесіне ерекше көңіл бөлінеді, ол білім беру жүйесінің 
барлық деңгейдегі тұтас педагогикалық процестің бөлігіне айналуы тиіс.
5 күндік оқу аптасына көшкен кезде білім алушының бос уақыты 
көбейеді. Мұнда аптаның алтыншы күнінде немесе мəдени мекемелермен 
келісім-шартта көрсетілген уақытта; өлкетану сабақтар, факультативтік 
сабақтар, үйірмелер, секциялар, мəдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар
сияқты негізгі жəне қосымша білім беру мүмкіндігін ұтымды пайдалану 
қажет. Жалпыұлттық қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды идеялары мен 
тұжырымдамалық тəсілдерін жүзеге асыру аясындағы экскурсия, туристік-
өлкетанулық экспедициялар тəрбие процесінде баланың таным көкжиегі мен 
мəдениетін кеңейтеді, патриот азаматты қалыптастырады, тұлғаны өзін-өзін 
танытуға ықпал ететін педагогикалық күш-қуат, əлеует болып табылады. 
Мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды сапалы жүргізуде оқушыларға, 
мұғалімдерге мектеп кітапханасының тигізер пайдасы мол [21]. 


72
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері де көздеген 
мақсаттарына қарай: үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтар, сондай-ақ өз 
бейіндері бойынша сабақтан тыс уақытта танымдық, байқау, ойын-сауық 
бағдарламалары, экскурсиялар болып бөлінеді. Жүргізілетін үйірме, клуб 
жəне т.б. балалар бірлестігінің жұмысының сапалы болуы, алдымен 
ұйымдастырушының шеберлік қабілетіне байланысты. Қазіргі таңда осы сала 
негізінде мамандар даярланады. Үйірмелердегі сабақтар баяндама, 
тəжірибелер, зертханалық, тəжірибелік жұмыстар жасау түрінде де 
ұйымдастыруға болады. Сабақтағы пəн тақырыптары үйірмелерде 
қайталанбау қажет. Осыған байланысты балаларға мектептегі сабақтан тыс 
уақытта балаларды өнерге баулу, танымдық қызығушылығын ояту, бос 
уақытын тиімді өткізу өзекті мəселенің біріне айналуда. Баланың бос уақыты 
əртүрлі қызығушылық түрін – ағарту, шығармашылық, зияткерлік, спорттық 
əрекетті қанағаттандыратындай жан-жақты болу қажет. Мақсаты – адам 
өзінің алдына қойған мақсаты мен қызығушылығын жүзеге асыру.
3.6 - сурет. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері
Сыныптан тыс жұмыстардың əдістемелік негіздері мен мақсаттары 
анықталғаннан кейін, оқушылар ұжымымен жүргізілетін жұмыстың түрлері 
іріктеледі (3.6 - сурет). Оны сынып ұсынысы, материалдың көлемі
оқушылардың қатысымдылығы сияқты негіздермен анықтайды. Сабақтан 
тыс бос уақыттағы жұмыстың қорытындысы директордың немесе 
директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін 
жиналыстарда апта сайын қарастырылады. Жүйелі, үнемі өткізілетін 
жағдайда сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі едəуір артады. Мектептерде 
оқылатын ғана емес, сыныптан тыс сабақтардың да кестесі болғаны дұрыс. 
Сабақ кестесінде күндері жəне сағат сандары көрсетіледі. Сыныптан тыс 
жұмыс мазмұнының, формалары мен əдістерінің оқушылардың даму 
деңгейіне сəйкес келуі – педагогикалық талаптардың бірі. Оқушылар үйірме
сабақтарына, клубтарға ықыласпен барулары үшін онда жаңашылдық 
болғаны жөн. Оқушы тұлғасын, оқушылардың игерген білім, біліктіліктерін, 
қабілеттерін өмірде қолдану дайындығын дамыту, практикалық міндеттерді 
шешу үшін пəндер бойынша үйірме жұмыстары ұйымдастырылады. 
Оқушылар үйірмелер мен секцияларға белсене қатыса отырып, 
жетекшінің жеке жұмысының арқасында өз құрдастарының ортасына 
бейімделіп, қарым-қатынасқа түсіп, материалды терең түсіну мүмкіндігіне ие 
жеке 
• мəнжазба
• тəжірибе
• бақылау
топтық
• үйірме
• шығармашылық
• ойын
көпшілік
• саяхат
• сайыстар
• олимпиада


73
болады. Сабақтар кезінде мұғалім балалардың рухани дамуында үлкен рөл 
атқаратын ұйымдастырушылық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін 
ашуға тырысады. 
Енді сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет