Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері



бет83/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   219
6.2. Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың заңнамалық негіздері
Қазіргі заңдар Республика Конституциясына негізделген. Олар мүлікке мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кепіл болады. Заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтыц кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27-де қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтың объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Оның 3 бөлімінің 2 бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біреуге берудің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.

Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет Президенті бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздерін құрайтын заң күші бар жарлықтар шығарды:



  1. 1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» №2155 жарлықта «Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруға құқылы және ол туралы жауапты» делінген.

  2. 1995 жылдың 17 сәуіріндегі «Лицензиялау туралы» №2200 жарлықта бағалы қағаз нарығындағы кәсіби кызметті және қор биржасының қызметін міндетті түрде лицензиялау керектігі көрсетілген.

  3. 1995 жылдың 21 сәуіріндегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» №2227 жарлықтың әрекеті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың эмиссиясын тіркеуге қойылатын талаптарға, оларды орналастыру ережесі мен мезгіліне, акционерлерді тіркеуді жүргізетін негізгі жағдайларға бағытталған. Атап өтетін басты жағдай, онда Ұлттық комиссияның статусы анықталған; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби істердің түрі, оны лицензиялаудың жағдайы және бағалы қағаздармен жүргізілген мәмілені тіркеу тәртібі бекітілген; сонымен бірге қор биржасын құру және оның қызметін ұйымдастыру туралы ереже орын алған, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың құқығы бекітілген.

  4. 1995 жылдың 24 сәуіріндегі «Салықтар және басқа бюджетке төленетін міндеттемелер туралы» №2235 жарлықтың біраз тармақтары

бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан салық төлеу сұрақтарына арналған.

  1. 1995 жылдың 2 мамырындағы «Шаруашылық серіктестіктері туралы» №2255 жарлықта шаруашылық субъектілерінің бизнес құрып, оның дамуы үшін акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып, ақша қаражатын тарту механизмінің құқықтық мүмкіншілігі бекітілген. Акцияларды тек акционерлік қоғамдар шығарса, облигацияларды акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер шығаруға құқылы.

  2. 1995 жылдың 31 тамызындағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік кьізметтер туралы» №2444 жарлығы екінші деңгейдегі банктерге акция эмиссиялауға құқық берген. Банктік қызметтерге: заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемесін есептеу, бағалы қағаздарды сақтау, акциядан басқа бағалы қағаздарды (облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер) эмиссиялау, лицензиясы болған жағдайда бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық операциялар жатады.

  3. 1995 жылдыц 23 желтоқсанындағы «Жекеменшіктендіру туралы» №2721 жарлығы мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акциялары жекеменшіктендіру объектісі екенін, акциялардың мемлекеттік бумаларын жекеменшіктендіру жағдайларын және тәртібін көрсеткен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет