Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері



бет81/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

6.1. Бағалы қағаздар нарығы пайда болуының құқықтық негіздері
Кез-келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды шығару белгілі-бір экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Қазақстан халық шаруашылығын дамытудың «кеңестік» үлгісінен экономиканың еркін өркендеуінің нарықтық үлгісіне өту кезі құқықтық негіздерді түбегейлі реформалау арқылы нарықтық қатынастарды дамытуға жол ашатын заң шығаруды қажет етті. Әлбетте бұндай реформа жүргізудің мақсаты - осы тұрғыда тіпті жаңа заң шығару емес, революцияға дейінгі Ресей империясы мен Кеңес мемлекетінің жаңа экономикалық саясат кезінде орын алған құқықтық институттарды қалпына келтіру және нарықтық үлгімен дамыған өркениетті мемлекеттердің (мыс. АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, және т.б.) тәжірибесін үйреніп, оны мемлекетіміздің экономикасын реттеуге бейімдендіру.

Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың бағалы қағаздар айналысы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі-бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарықтық қатынастарға бет алған қоғамның объективті экономикалық талаптарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның кұқықтық актілері жатады. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналысы (яғни оларды сату және сатып алу) және белгілі-бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқару мен олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар деп аталады. Бірақ олардың кейбірі азаматтық-құқықтық қатынастармен расталғанымен бағалы қағаздар нарығына айналысқа түспейді. Мыс., Қазақстан заңдары бекіткен - ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауар нарығына айналысқа түседі. Ал бағалы қағаздар нарығы, алдыңғы тарауда айтып кеткеніміздей, қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығы капитал нарығы мен ақша нарығынан құрылатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.

Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті.

1917 жылы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында азаматтық және сауда қатынастары орыстың саудалық-құқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдықтарында аталған қатынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде бағалы қағаздардың айналысына толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтқанда, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Олармен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер және т.б. бағалы қағаздар қолданылды. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және қор биржалары мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби делдалдары (дилерлер мен брокерлер) туралы құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді.

1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясында да жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс-әрекеттері қаралмағандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және басқа шаруашылық кәсіпорындары мен шаруашылық серіктестіктерін құру туралы құқық болған жоқ. Алайда, мемлекеттің «өз ішінде» айналымға түсетін мемлекеттік облигациялар шығарылып, олар бағалы қағаздар деп аталды. Мемлекетке де облигация сатып, ақша тарту, халыққа да облигацияны сатып алып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімді болды. Бірақ ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни бағалы қағаздармен «ойын» ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың негізі - келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.

Дегенмен КСРО халықаралық сауда - есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер және сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет