Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Заң шығарудың келесі кезеңі



бет82/219
Дата17.04.2022
өлшемі1,63 Mb.
#31259
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   219
Байланысты:
Áà?àëû ?à?àçäàð íàðû?û æ?íå áèðæà ³ñ³ Î?ó ??ðàëû. Àëìàòû 2007

Заң шығарудың келесі кезеңі - экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі «Бағалы қағаздар туралы» Ережені бекітті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағы және Одақтас республикалар жаңа Азаматтыц заңдардың Негіздерін қабылдады. Оның толық бір тарауы бағалы қағаздар туралы ұғымға және оның түрлеріне, сол сияқты бағалы қағаздарды басқа біреуге беру ережесінің негіздерін бекітуге арналған. Бағалы қағаздар туралы дәл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақ КСР-ның Жоғары кеңесінің «Экономикалық реформа жүргізу кезінде азаматтық құқық қатынастарын реттеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.

Қазақстанда 1990-1994 жылдары бағалы қағаздар шығарып және оларды нарықта сатуға мүмкіндік беретін жоғарыда айтылған.

Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:


  • 1991 жылдың 21 маусымындағы «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақ КСР-ның акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;

  • 1991 жылдың 11 маусымындағы «Бағалы цагаздар айналымы және қор биржасы туралы» бағалы қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық кызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға және оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;

  • 1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен «Бағалы қағаздар туралы» Ереже шығарылатын бағалы қағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын мағлұматтарды белгіледі;

  • осы нормативті актілер негізінде шығарылған ережелер жиынтығы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеу және басқа да құжаттарды шығару тәртібін белгіледі;

  • мүлікті мемлекет меншігінен алу және жекеменшіктендіру арқылы кәсіпорынды акцияландыру, сол сияқты инвестициялық қорлардың жұмысын реттеу туралы бірсыпыра заңдар мен ережелер;

  • вексельдер, банктік (депозиттік) сертификаттарды шығаруды және оларды айналымға түсіруді, сондай-ақ банктік қызмет көрсетуді реттейтін Қазақ КСР-ы Мемлекеттік банкінің ережелері.

Сол жылдары кейбір акционерлік қоғамдар алғашқы акцияларын шығарып, оларды айналысқа түсірді. Сонымен бірге қор биржалары және тауарлы-қор биржалары құрылды. Бағалы қағаздар нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда бола бастады.

Шығарылған актілерді қолданудың нәтижесінде Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалып, бұл жүйеде аз да болса тәжірибе жинақтап және оның мәнін түсінуге мүмкіндік туындады.

Өз тәжірибеміз бағалы қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын рөлін көрсетті. Бір уақытта ол әрі бағалы қағаздардың эмитенті, әрі инвесторы, әрі бағалы қағаздар нарығын реттеуші және ондағы қатынастарды бақылаушы субъект ретінде өзінің әртүрлі органдары ретінде қатынасады. Айта кететін жәйт, мемлекеттік орган баска жақпен әрі «ойынға» қатысушы, әрі өзіне де ойынға басқа қатынасушыға да ойынның ережесін шығаруына құқығы жоқ. Сондықтан 1994 жылдың 20 наурызындағы Республика Президентінің Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы» жарлығы бағалы қағаздар нарығындағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның ережесін бекітті.

Бұл жарлық 1991 жылғы: «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» Заңды және «Бағалы қағаздар туралы» Ережені жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Бағалы қағаздар туралы уақытша ереже» бекітілді. Ол Қазақстан бағалы қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды. 1995 жылдың қаңтарында Республика Президенті Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасымен оның төрт мүшелерін бекітуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға кірісті.

Сөйтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия қор биржасы ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет