14.2. Аукционда баға белгілеу
Биржалық сауданы ұйымдастырудың тиімділігі аукционда баға белгілеу мүмкіндігімен анықталады. Биржалық сессия кезінде биржалық сауданы ұйымдастыру биржалық нарықтың тұрақты, әрі өтімді болуына әсер етеді. Биржалық сауданы ұйымдастыру формасы негізінен қор нарықының жағдайына, атап айтқанда, оның тереңдігіне, кең ауқымдылығына және төтепберушілігіне (төзімділігі) байланысты болады. Таратып айтсақ, багалы қағазадарға сүраныс пен усыныс көлемі улғайған сайын нарық та кеңи түседі, инвесторлар мәлімдемесінің көлемі үлкейген сайын және сұраныс пен ұсыныс шоғырланған сайын, екінші нарық та тереңдей түседі. Төтепберушілігі бағаның әртүрлілігіне байланысты нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға дайындығын білдіреді. Егер нарықтың қызмет ету жағдайы және сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық пайда болуының әсерінен баға өзгерсе, онда биржалық сауда аукцион формасында ұйымдастырылады.
Ол 14.1. Суретте өрнектелген. Аукцион деген көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауданың түрі.
Сұраныс немесе ұсыныс көлемі онша көп болмаса онда сауда жай аукцион формасында ұйымдастырылады. Ондай аукционды сатып алушының ұсынысы бойынша я сатушы ұйымдастырады, я көптеген сатушылардан тиімді ұсыныс іздеген сатып алушы ұйымдастырады. Сатушы ұйымдастырған аукционды сатушы аукционы, ал сатып алушы ұйымдастырған аукционды сатып алушы аукционы деп атайды.
Жай аукцион типін ағылшын аукционы деп атайды. Онда сатушылар қор құндылықтарын бастапқы баға бойынша сату үшін өздерінің мәлімдемелерін сауда басталғанға дейін беріп қояды. Олар баға белгілеу бюллетеньдерінде топтастырылып, биржалық саудаға қатысушыларға үлестіріледі. Аукцион барысында сатып алушылар бәсекесінің негізінде баға бірден бірге көтеріліп, соңында бағалы қағаздар ең жоғарғы бағамен сатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |