Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер



Pdf көрінісі
бет7/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
 
 
 
5. Фермент активтілігіне әсер ететін факторлар: температураның, орта рН-ының, 
субстрат пен фермент концентрациясының әсері (график түрінде көрсету). Фермент 
активтілігіне эффекторлардың әсері.Мысалдар келтіру. 
 Фермент активтілігіне әсер ететін факторлар: температура, ортаның pН-ы
ферменттің және субстраттың концентрациялары, эффекторлар. 
Фермент активтілігіне температураның әсері: Барлық ферменттер температураға 
сезімтал . Температураны 10 градус сайын көтергенде реакцияның жылдамдығы екі есе 
артады. Бірақ температураны 60 градустан жоғары көтерсе реакция тежеледі, себебі табиғаты 
жағынан фермент белок болғандықтан қайтымсыз денатурацияға ұшырайды. Ферменттің ең 
жоғарғы белсенділігіне сәйкес температураны ферменттердің әсер етуінің оптималды 
температурасы деп атайды.(45 градус) Температура 37 градустан төмендегенде молекулаға 
активтену энергиясы жетіспегендіктен ферменттің белсенділігі төмендейді, бірақ бұл 
қайтымды үрдіс. 
Ферментативтік реакцияның жылдамдығына орта рН-ның әcepi. 
Ферменттер үшін ортаның оптималды рН= 4-7 аралығында. Бұл аралықта ферменттің 
субстратқа ынтықтығы жоғары, ал субстраттың өнім мен ферментке диссоцияциялануы
максималды болады. Ферменттер ИЭН-де максималды белсенділік көрсетеді. Ортаның рН-н 
өзгерте отырып реакцияның жылдамдығын өзгертуге болады. 
Ферментативтік 
катализді 
жылдамдығына 
субстрат 
пен 
ферменттің 
концентрацияларының әcepi. 
Субстраттың концентрациясының жоғарылауынан реакция жылдамдығы басында артады
ceбeбi ферменттің активті орталықтары субстратпен толтырылады, ал субстрат концентрация 
жоғарылағанда, ферменттің активтіорталығы толық қаныққандықтан, реакция жылдамдығы 
өзгермейді. Реакция жылдамдығының фермент концентрациясына тәуелдігі тура 
пропорционал артады. Ceбeбi ферменттің концентрациясы артқан сайын оның активті 
орталықтарыда көбейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет