Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер



Pdf көрінісі
бет5/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
алу белоктарына гемоглобин (НЬ) жэне миоглобин (Mb) жатады. Миоглобин - жай белоктан 
(полипептидтік тізбегінде 153 амин кышкылы бар) және простетикалық топ - 1 гемнен тұрады. 
Гемоглобин. Гемоглобин (НЬ) молекуласы жай белок глобиннен жэне простетикалық топ: төрт 
гемнен құралган. Глобин белогы 4 мономерден: екі α-тізбектен (әрбip тізбекті 141 амин 
қышқылының қалдығы бар) және eкi β-тізбектен (әрбір тізбекте 146амин қышқылының 
калдығы бар) кұралған. 
2)Гликопротеидтер.Простетикалық 
тобы әр түрлі көмірсулардан және олардың 
туындыларынан түзілген. Арасындағы химиялық байланыстың түрi ковалентті
көмірсупептидті.Олардың молекулалық массасы өте үлкені , қышқылдық қасиет көрсетеді, 
суда, сілтінің және нейтрал тұздардың әлсіз ерітінділерінде ериді, қышқылдармен 
әрекеттескенде тұнбаға түседі, жоғары тұткырлық қасиеті бар. Гликопротеидтер жоғары 
температураға, сырткы ортаның және химиялық әсерлерге төзімді, бұл қасиеттері 
гликопротеидтердің құрамына кіретін көмірсуларға байланысты. Оның бір ерекшелігі олар 
құрамындағы көмірсулар арқылы басқа молекулаларды тани алады. Гликопротеидтер дәнекер 
тініндегі жасушааралық заттардың құрамында қан плазмасында, сілекейде және цитозольда, 
мембраналардың құрамында көп мөлшерде кездеседі. 
Рөлдері: гидрофобты заттар мен металл иондарын тасымалдайды; мембрана рецепторларының 
құрамына кipe отырып, арнайы жанасуды қамтамасыз етеді, шырышты қабаттың құрамында 
болып қорғаныштық қызмет атқарады 
Құрамындағы көмірсулардың және белоктардың мөлшеріне және сапасына қарай нағыз 
гликопротеидтер және протеогликандар деп бөлінеді. 
3) 
Металлопротеидтер - курделі белок, құрамына жай белок және металл кіреді. 
Атқаратын pөлінe байланысты металлопротеидтердің арасындағы байланыстар беpiк және 
әлсіз болады. Құрамына кіретін металл топтарына байланысты: құрамында темipi бар 
металлопротеидтер, құрамында мыс атомы бар металлопротеидтер, мырыш атомдары бар 
металлопротеидтер және т.б. болып жіктеледі. Олар негізінен тасымалдаушы және қор 
жинаушы қызметтер атқарады. Өкілдеріне: трансферрин, ферритин, гемосидерин жатады. 
Трансферин тасымалдаушы қызмет атқарады. Ферритин организмде темірді бауырда және көк 
бауырда қор ретінде жинайды. Құрамындағы Си-фермент кератиндену процесіне қатысады. 
Құрамында мырыш атомы бар белоктар - карбангиораза-СО тасымалдайды. 
4) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет