Бағдарламасы алматы 2020 Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес «8D02304 Әдебиеттану»


 Қазіргі әдебиеттанудың әдіснамалық мәселелері



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата02.12.2023
өлшемі271,65 Kb.
#131423
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
8D02304 Литературоведение каз

2. Қазіргі әдебиеттанудың әдіснамалық мәселелері.
Әдебиеттану ғылымы әдістерінің тарихи дамуы – өмірбаяндық, 
мифологиялық, компаративизм. Гримм ағайындарының мифологиялық 
теориясы, Бенфейдің кірме теориясы, Г. Пауль мен В. Перетцтің 
филологиялық әдісі (мәтінтану), А. Потебняның психологиялық әдісі, 
З.Фрейд концепциясы, И. Тэнның мәдени-тарихи әдісі. ХХ ғасырдың 
басындағы формалистік және струтуралистік теориялары. Әлеуметтік-тарихи 
әдіс. Қазіргі әдебиеттану және әдебиетті зерттеу жаңа технологиялары мен 
әдістері (интертекстуалдық, деконструкция, постструктурализм, пәнаралық 
зерттеулер, семиотикалық талдау). 
3. Әдебиет тарихы және мәдениет.
Әдебиет және мәдениет. Тарихи-мәдени үдеріс және оның жазушы санасына 
әсерлігі. Көркем шығармашылыққа қойылатын негізгі талаптар және поэтика 
мәселелері. Әдеби шығармашылық және ғылым. Өнердің табиғаты. 
Шығармашылық психологиясындағы ирациональдық факторлар, оның 
шығармашылықтағы рөлі және оны бейнелеудің кілттері (код). Әдебиет және 
ұлттық дүниетаным. 
4. Қазіргі ғылыми тұрғысынан проза, поэзия, драматургия. 
Поэзия және проза. Ажырату принциптері. Қазіргі проза. Модернизм және 
постмодернизм 
прозасының 
ерекшеліктері. 
Неомифологизм 
және 


неомифологиялық сана. Поэзиядағы ритм мәселесі. Қазіргі поэзияның 
жанрлық формалары. Қазіргі поэзиядағы дәстүр және жаңашылдық мәселесі. 
Драмалық шығарманың құрылымы.
 
5. Жанр жүйесі. 
Әдеби жанрдың ұғымы. Әдеби тек және әдеби жанр. Жанр және стиль. Әдеби 
жаңашылдықтың мәні. Жанрлық мазмұн және жанрлық форма Жанр 
типологиясы мәселесі. Көркем шығарманың жанрлық табиғаты. Қазіргі қазақ 
және орыс әдебиетінің жанр жүйесі. 
 
6. Әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері. 
Салыстырмалы әдебиеттанудың мақсаты мен міндеттері. Типологиялық 
әдеби байланыстар. Әдеби компаративистиканың ұғымдық және әдіснамалық 
аппараты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет