Бағдарламасы Бекітемін Мектеп директоры М. Масимханов



бет18/19
Дата03.12.2022
өлшемі93,73 Kb.
#54633
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
3.Тағамдар жұмбақ
Алға жайып тұз - дәмiн,
 Келтiредi үй сәнiн.
 Ол халқымның ақ жаны,
 Жақсы дәстүр маржаны,
 Кеңпейiл де арайлы,
 Осы жерден тарайды. (Дастархан)

Шиге жайып кептірген, 
 Өзі қышқыл, түсі ақ, 
 Сорсаң дәмді, түсі ақ, 
 Жаңғақтай - ақ домалақ. (Құрт) 

 Сөйлеу дағдысын арттыру
 Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. 
4. Сергіту сәті.
Дидактикалық ойын: « Затты орнымен сал» ойынын 
 Енді, балалар қолдарымызды берілген ыдысқа құрт пен балқаймақ тағамдарын бөлек – бөлек салу керек, құртты бір бөлек, ал балқаймақты бір бөлек орналастырып салу керек олай болса жұмысқа кірісеміз.

5. Сурет арқылы сөйлеу тілін дамыту:

«Салем құм» дидактикалық ойын 


Қол саусақтарымен жаттығу қайталайды.
Жұмбақтар шеіледі


Мәтінмен жұмыс сөздік қорларын дамыту.


Іс-қимылмен көрсету
Сурет арқылы әңгіме құрайды

Рефлекстік-
жинақтаушы

Қорытынды
.Қыстағы ақ мамыққа,
Жалғау жалға,
Жалықпа!
Сонда құс болып шығады,
Кәне ,қай құ,с,
 Анықта?

Жұмбақтың шешуін табады.

Күтілетін нәтиже:

 Жаңғырту:  Р дыбысын, буында, сөз ортасында, сөйлемде, байланыстырып айтуға машықтандырылды
 Түсінуші: ас тағам туралы түсінік алды.
 Қолдануы: мәтін оқыды, тақпақ және жұмбақ шеше білді

 Тексерілді:

  1. Үйшік
     Егістікте үйшік тұр, (саусақтарының бастарын түйістіріп, үйшік жасайды)
     Оған барар жол жабық (қолдарын айқастырып, жолды жабады)
     Айқара ашып қақпаны (қақпаны ашады)
     Шақырамыз қонақты (қолдарын бұлғап шақырады). 
    2. Үй тұрғызу
     Балғаменен ұрып, ұрып (жұдырықты түйіп, үстелді ұрады)
     Мол ғып шеге қағамын (жұдырықтарын кезекпен бірінің үстіне бірін қояды)
     Әдемі ғып үй тұрғызып (қолмен үйшік жасайды)
     Бәрін бірге жиямын (саусақтарын барына ашып, қайтадан жұмады)
    3. Бір үйде біз нешеуміз?
     Бір үйде біз нешеуміз? 
     Кел санайық, екеуміз.
     Бас бармағым - папам,(аталған саусақтарын жазады)
     Балаңүйрек - анам.
     Ортантерек - ағам
     Шылдыршүмек - мен
     Титтейбөбек - сен.
     Бірүйдебізнешеуміз?
     Бірүйдебізбесеуміз.(саусақтарын ашып, жұмады)
    4. Саусақты демалту
     Саусағымыз шаршады, (қолдарын үстел үстіне қояды)
     Демалуды қалады.(ары бері қозғайды)
     Саусақтарды жазайық, (қолдарын көтеріп, саусақтарын жазады)
     Бір, екі, үш, демалтып бір алайық.( саусақтарын жазып, қайтадан жұмады)
    5. Бас бармағым қайдасың?
     Бас бармағым қайда болдың? (екі қолдың бас бармақтарын көрсетеді)
     Мына ағаммен тауға бардым, (саусақтарын кезекпен бас бармаққа қосады)
     Мына ағаммен отын жардым
     Мына ағаммен ән салып,
     Ал ініммен тойға бардым.
    6. Компот
     Жемістерді жинаймыз, (қолдарымен жемістерді жинайды)
     Алманы ірі тураймыз, (қолдарының қырымен турайды)
     Алмұртты алып ұсақтап,
     Шиені жуамыз. (жуғандай әрекет етеді)
     Лимонды алып сығамыз, (жұдырық түйіп, сығады)
     Қантын мол қып қосармыз.(саусақ ұштарымен қант себеді)
     Суын құйып қайнатып, 
     Қонақтарға тосамыз.(алақандарын жайып, ұсынады)
    7. Орамжапырақ
     Орамжапырақты аламыз (саусақтарын сәл бүгіп, беттестіреді)
     Пышақпенен тураймыз (қолдың қырымен турайды)
     Оны қатты қысып ап, (қолдарын сәл бүгіп, қысады)
     Дәміне қарай тұздаймыз.(тұз себеді)
     Суын әбден сығамыз (жұдырықта ашып, жұмады)
    8. Тасбақа
     Асықпайтын тасбақа (жұдырықты үстел үстімен жайлап жылжытады)
     Тас ішінде тұрады
     Басын жайлап шығарып, (сұқ саусағын шығарып, қайтадан жасырады)
     Қайтадан оны тығады. (бірнеше рет қайталайды)
    9. Гүл 
     Әдемі қызыл гүлімнің
     Жапырағы ашылды.(алақандарымен ашылған гүл жасайды)
     Жел кеп оны тербетіп, (қолдарын тербетеді)
     Жапырағын жабады. (жапырақтарын жабады)
     Ұйқыға кетер майжырап,
     Жапырағын шайқалтып.(гүлдің басын шайқайды)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет