Бағдарламасы Бекітемін Мектеп директоры М. Масимханов



бет19/19
Дата03.12.2022
өлшемі93,73 Kb.
#54633
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Жатқа айту:
Балам орныңнан тұр
 Қоянның түсі сұр
 Сөзге мойын бұр
 Қыстайтын құс-құр
 Уәдеңде тұр.
 * * *
 Аққайыңдар, емендер
 Қарағайлар, теректер
 Жерге көрік беретін
 Ағаштар бұл кемеңгер.
 * * *
 Тырналар
Тырау-тырау тырналар
 «Жем іздесең қырға бар»
 Сақтанып жүр, тікен бар
 Мойныңды тырналар.
 Тырау-тырау тырналар
 «Жем іздесең қырға бар»
 Қырда бірақ, түлкі бар
 Сақ болмасаң жұлмалар.
 * * *
 Дөңгелене тұрайық
 Киіз үйді құрайық
 Кереге боп керіліп
 Уықтар боп иіліп
 Киіз үйді құрайық.
Қарға мен бала
Менің атым Қаррр-ға
 Баррр-дым ұшып жаррр-ға
 Қаррр-ным ашты, қалқам,
 Іррр-імшігің баррр-ма?
 Жоқ болса тұррр жаррр-да
 Ол жаққа енді баррр-ма!
 Іррр-імшігім баррр, баррр,
 Бол қасымда қаррр-ға.
Буын ұйқас
Ра-ра-ра – Айжан шашыңды тара
 Ра-ра-ра – қозыға жақсы қара.
Ры-ры-ры – мінген атым торы
 Ры-ры-ры – жинап алдым тары.
Ар-ар-ар – далада қалың қар
 Ар-ар-ар – үйге жылдам бар.
Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым жыр
 Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр.
Сөзді қайтала: раушан, ракета, рахмет, риза, рұқсат, арпа, парта, тырна, торғай, айран, дорба, сорпа, тырма, орақ.
4. Суреттерді ата: қар, қыран, тырна, қарға, торғай, ара, картоп, жапырақ, арпа, арша, тарақ, парақ, айран, қырық, тырма, қияр, қарақат, ара, сырға, торсық.
5. Сөйлемді қайтала: 1. Марат базардан тор сатып алды. 2. Омар томар тасыды. 3. Қамбар арамен бөренені кесті. 4. Орманды Ораш суыр көрді. 5. Қырмызы қырдан гүл терді.
6. Сурет бойынша сөйлем құра: (сюжеттісуреттер) Құмар алмұрт жеді. Бауырсақ терезеден домалап түсті. Шорман шортан ұстады. Шынарды қаздар қуды. Марат қолшатырды көтерді. Жарас гитарада ойнады.
7. Оқу. Дәурен дорбаны көтерді. Ол базардан картоп, қияр, сарымсақ сатып алды. Дорба ауыр болды
«Салат» саусақ ойыны.
Сәбізді алып тазалаймыз, (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз, (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз, (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)
Дәруменге байыған. (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет