206
«Бұлбұлы қадiрленбеген елдiң қарғасы қарқылдайды».
Бұл қай данышпандiкi? Аристотель? Жоқ. Сократ? Ол емес.
Ендi кiм? Е, өзiм айтқан екем ғой.
Таразды тастап, Ақыртөбеден асқанда:
– Баяғы бабаларымыздың ныспысы қандай əдемi! – деп
таңырқады. – Мысалы, Əбу-Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн
Тархан əл-Фараби. Қысқаша – Əбунасыр əл-Фараби. Мен
ше? «Уважаемый Тунгишбай Кадирович Джаманкулов».
Масқара-ай, сол Фарабидi бүгiнгiдей бүкiр тiлмен «Абунасыр
Аль-Фарабиевич!» десе ше? Күлесiз, ə?
Бойымның сорайғаны болмаса əл-Фарабиден
қай жерiм
кем? Ол Отырарда, мен Таразда, екеумiз де Жiбек жолының
бойында туғанбыз. Мен де сол Əл-Фараби секiлдi жетi атама
жерiмдi, екi атама елiмдi қосып жазайын. Ол аз болса руым
мен рухымды мипалаудай араластырып жiберейiн. Бұған
театр мен кинода сомдаған
хандардың есiмiн қосақтап,
аты-жөнiмдi айғақтай түсейiн. Сонда бар ғой-ə, аты-жөнiм
алты Алаштың аузында жүрмесе ап кел қолыңды! Бiттi,
Бəтима! Кiрiсем! «Ығай, сығай, Мырқымбай,
сам ызнайыт
Сəрсенбай». Өз еркiм өзiмде, өзгертсем өзгертем ныспымды.
Бөрi жеген бөксем бар, иттен несiн аяйын?
Жамбыл қаласының бұрынғы аты – Əулие Ата. «Тұңғыш-
бай Əулие Ата» десем қайтедi? Онша келiңкiремейтiн сияқ-
ты. «Атымды ұрлады!» деп Сары əулие, Ақ əулие, ана əулие,
мына əулие тайлы-таяғымен көтерiлiп, шуламай ма? Əй, бi-
рақ несi бар, əртiстер де əулие!
Оһо-о, табылды. Тұңғышбай əл Тарази! Қатып тұр. Əй,
бiрақ Əкiм Тарази ағам «Менiң фамилияма жармасып,
аты-жөнiмдi алып қойды» деп қиғылық шығарса қайтем?
Кiмдiкiн кiм алмай жатыр қазiр? Қорасына түсiп
қойын
ұрлағам жоқ. Əкiм – «əл»сiз Тарази, мен – əл-Тарази!
Тараз – қала, недвижимость. Тараздың затын жекешелен-
дiрмесем де, атын жекешелендiруге құқым бар шығар?!
Он ойланып, тоқсан толғанып ныспысын тапты-ау ақыры.
Өзi құрастырған өзiнiң аты-жөнiне iштей риза болғаны
сонша, еңсесi түскен ескi үйдi бұзып, орнына он алты қабат
жаңа ғимарат салғандай қуанды.
207
– Бұл жаңалығымды Əзiрбайжан Мəмбетов пен Асанəлi
Əшiмов естiсе,
тапқырлығыма таң қалса, белiмнен қысып,
бетiмнен шөп-шөп сүйетiн шығар? – деп топшылады. –
Бiрақ, бұл пəтiгiмдi бұхара халық қабылдай ма? Мiне, гəп
қайда? Қалың ұйқыда жатқан халқымды оятып, сынап көре-
йiншi осы.
Тас қараңғы түнде шам жанып тұрған шағын үйдiң ал-
дына тоқтады да, тоқылдатып есiгiн қақты.
– Бұл кiм? – дедi үй иесi. Есiктiң қиюына екi езуiн тақаған
Тұңғышбай ешкiм естiмеген су жаңа есiмдерiн судыратты:
– Хас Сақ,
Дештi-Қыпшақ, ибн Жаныс Дулати,
Даңғыл
Жамбыл, Əз Əулие Ата, Абылайхан, Қайырхан, Əлiшер
Науаи,
Эдип патша, Голливуд ибн Номад «Көшпендiлер»,
ибн Қадыр Жаманқұл шал, Тұңғышбай сал, Шыңғыс ханның
бажасы Əл-Тарази!..
Ащы iшектей шұбатылған есiмдердi естiген үй иесiнiң
есi шығып:
– Ойбо-о-ой, көп екенсiздер ғой. Үйiмiз тар. Сонша адам-
ға орын жоқ! – деп есiгiн ашпай қойды.
Ұзын тектен ұтылған Тұңғышбай сол түннен бастап ай-
даһардың құйрығындай ұзы-ы-ы-ын «фамилиясының» құй-
рығын кесiрткедей қып кестi де «Тұңғышбай əл-Тарази» боп
кеттi.
Достарыңызбен бөлісу: