Бағдарламасы бойынша жарық көрді Салықов К. Шығармалары / К. Салықов. Астана: Фолиант, 2014



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,85 Mb.
#4507
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
«Қош бол, егер біржола болса, біржола!»
Байрон
I
Сол кезде лицей бақшасын,
Жүргенде жайлап құлпырып,
Апулейді
1
 оқып тап бастым,
Цицеронға көрмей ұмтылып.
Сай­сала жатса жарқылдап,
Айдында аққу саңқылдап,
Саяда баурап әдемі үн,
Бастады муза әлегін.
Студенттік менің тар бөлмем
Жайнады шабыт сырласып,
Жайлады бойды жыр тасып,
Балалық үні сән берген,
Бабалар даңқы тозбаған
Тәтті түс жүрек қозғаған.
ІІ
Қуана қауым қарсы алды;
Жас қанат таптым өзім де.
Қарт Державин жар салды
Батамен өлер кезінде.
......................................
.......................................
1
 Апулей – Рим жазушысы.

168
..........................................
..........................................
..........................................
..........................................
..........................................
..........................................
..........................................
..........................................
 
ІІІ
Заңдылық сол деп келісіп,
Құштарлық қысты ызаны.
Тобырмен сезім бөлісіп,
Әкелдім асау музаны
Шуына думан дауының,
Сақшыға сезген жау үнін;
Тақылдап есер тойларда
Қандырды ол қызық ойларға,
Вакханка
1
 қыздай жайнады
Дем берді дәмдес мейманға,
Жастар да әуес сайранға
Шұбырып соңынан қалмады,
Мақтаныш құрдым осы мен,
Шабытшыл өлең досыммен.
IV
Мен қалдым ортақ одақтан
Алысқа кеттім... Ол ерді. 
Аялап муза мұң артқан
Жолдарда мылқау дем берді:
Сиқырлы құпия сезіммен!
Қап тауын аптап көз ілген.
1
 Вакханка – шарап пен молшылық құдайының сүйіктісі.

169
Леонора
1
 болды туса Ай,
Құйғытты мінген атқа сай.
Таврида жақта дүбірім,
Қараңғы түнде тіл қатты
Теңізден алып тыңдатты,
Нереиданың
2
 тынбас сыбырын
Толқындар ноян жеткізді,
Тәңірді марапат еткізді. 
 
V
Астана қалды төрінде,
Думанды, шулы жарқылдар;
Молдавия мұңлы жерінде
Қарсы алды момын шатырлар.
Қаңғырған көрді тайпалар,
Тағылық кешіп жай табар
Құдайдың сөзін
3
 ұмытты,
Тілдерді оғаш жуытты,
Ән үшін бәрі өзгерді...
Әкелді жаңа бастама,
Муза іздеп келді бақшама
Бойжеткен қызды көз көрді,
Жанары мұңлы, ой соңында,
Французша кітап қолында.
VI
Ерткенім осы музаны
Раутқа
4
 – қауым ішіне;
Далалық ғажап қыз жаны
Қызғаныш етем ісіне.
1
 Леонара – неміс балладасының кейіпкері.
2
 Нереида – грек мифологиясындағы теңіз құдайы, Нерейдің қызы.
3
 Құдайдың сөзі – поэзия.
4
 Раут – бисіз сауық, кешкі жиын.

170
Қатары қалың аристократтар,
Әскери сіберлер, дипломаттар
Қасынан өтті қозғалып;
Отырды үнсіз көз салып,
Қыспаққа шулы қызыпты
Қонақтар байқап келуін,
Естіді жел сөз желуін,
Ер, әйел сырын білмек те
Көргендей бірге суретте.
 
VII
Ұнайды оған қисынды,
Олигархтардың кеңесі;
Тәкаппар салтқа сүйсінді,
Шендер мен жылдар белесі.
Анау кім топтың ішінде?
Тұман бар үнсіз түсінде,
Көрінді бөтен баршаға
Өтсе де адам қаншама,
Мазасыз ұқсап елеске.
Даңқой ма әлде дүмбілез,
Кім дерсің тұнған мың мінез?
Кмі болды? Евгений емес пе?
Сол деймін салмай бұлтаққа.
Ол қашан келген бұл жаққа?
VIII
Сол қалпы, әлде көндікті?
Салар ма ескі қылжаққа?
Көрсетер нендей өрлікті?
Не бетпен қарар біз жаққа?
Мельмотпа байқап болсаңшы
Шет елшіл әлде отаншыл,
Гарольд, діндар не даңқой.
Бүркеніш атты құр сәнқой,

171
Қайырымшыл әлде адам ба?
Түсінбес мені демесін,
Әйтеуір берер кеңесім:
Баспайық надұрыс қадамға,
Осыдан келер пәле көп
Таныс па сізге? Әлде жоқ...
 
IX
Неліктен игі ниетсіз
Ол жайлы шешім бұлдайсыз?
Тынымсыз болсақ тым епсіз,
Біз бе едік көпке ыңғайсыз?
Шапшаң жан қате басқаны,
Намысқор абырой шашқаны,
Күлдірер әлде қорлайды,
Әлде ақыл қоштар сондайды;
Бос сөзден тауып жанды леп
Біткен іс көріп қаламыз,
Ақымақтан ызақор табамыз,
Мәнді адам дауы мәнді деп;
Орташалар жалғыз қалар ма,
Жетер күш бар ма соларға?
X
Жас болу бақыт жасыңда,
Мезгілден қалмай жетілген.
Өмірдің сызын басуға
Сонан соң ақырын бекінген;
Түлкі түс көрсе сенбеген,
Тобырдан шошып көрмеген,
Жиырмада қайсар күйге енген,
Отызға жетпей үйленген;
Елуде барлық қарызын
Есептеп түгел берді де,
Алды атақ, ақша, шенді де
Ешкімге жазбай арызын,

172
Бір ғасыр айтты тәмам көп:
N.N. ді ғажап адам деп.
 
XI
Қиянат – ойлау жастық шақ
Берілді деп те құр бекер;
Айнымпаз өтті жас құшақ
Алдампаз деуден шыр кетер;
Ең тамаша тілектер,
Армандар тосқан, жүректер
Таппады деу дауа бірінен
Жапырақтай күзде шіріген.
Алдыңғы көрер жоқ үлгің
Дастарханнан басқа жайылған,
Өмірді салт деп табынған
Соңынан пысық тобырдың
Еру де іс пе құптарлық
Үйлеспей ой не құштарлық.
XII
Нысана болу талқыға,
Шошынар қылық білгенге;
Көрініп есті жалпыға
Дарақы қу боп жүрген де,
Не қасіретті ессіз жан
Не қу шайтан бұзылған
Әлде перісі біздейдің.
Онегинді оңдап іздеймін,
Өлтіріп досын атыста,
Мақсатсыз жалқау қалпында
Жирма алты қалды артында;
Бой берген мәнсіз жатысқа
Жұбайсыз, іссіз тек жүріс,
Қолынан келмей ешбір іс.

173
 XIII
Сезікті дене түршікті,
Басқа жер іздеп кетуге
(Бұл да бір мінез меншікті,
Крешті мансұқ етуге).
Тұрағы қалды артында,
Сыра мен орман қалпында;
Көлеңке қанды көрінді,
Көкірегі күнде сөгілді,
Адыра қалды арман да;
Сезімге сеніп ерткені
Саяхат жәрдем етпеді,
Жалықтырды бәрі жалғанда;
Чацкийше күйі оңалды,
Кемеден балға оралды.
XIV
Көпшілік толқып қызды кеш,
Зал бойлап сыбыр тапты амал...
Хозяйкаға барды бір бикеш
Соңында сойқан генерал.
Сасатын емес әйел де
Салқын бой, тұйық мәнер де,
Сылқымсып көпке қарамай
Көзақы жеңіс қаламай,
Қылымсу болмай байқарлық
Әсерге бөтен салынбай...
Әдеппен өтті табынбай,
Сурет қой деп айтарлық
Du comme il faut …
1
 
(Шишков, кеш мені:
Аударуға өнер жетпеді).
1
 Мейірбан (франц).

174
 XV
Ханымдар оған жақындап,
Кемпірлер езу тартуда;
Еркектер иіліп, жалпылдап,
Жанарда қарар жарқылға;
Бойжеткендер өтсе тып­тыныш
Алдында жасап бұлқыныс
Көтеріп мұрнын, шуда жал
Бірге енді әлгі генерал.
Тамсанбас ешкім мәңгіріп,
Бикешке жіті қараса
Табылмас одан тамаша;
Өз бетімен пішкен сәнділік
Лондондық қауымда байқалған,
Vulgar
1
 дегенді айта алман. 
XVI
Бұл сөзді аса сүйемін,
Әттең, аудара алмаймын;
Жаңа сөз тапқан тілегін,
Мадаққа бірақ салмаймын.
Эпиграмма құндар салмағын,
Бикешке бірақ арнадым.
Сұлулық бейқам құбылтқан,
Отырды ол өзін ұмытқан,
Нина Воронскаямен қатарлас,
Неваның Клеопатрасы
2
 атанған;
Шындықты айтса адал жан
Мәрмәр өң Нина аса алмас;
Көршінің туын құлатпас,
Өзі де жанды шыдатпас.
1
 Тұрпайы.
2
 Клеопатра – көне Египеттің құштарлық патшасы, сұлуы.

175
 XVII
«Япыр­ау, сол ма дегенмен,
Евгений тура... жоқ деді...
Түпкірде қалған селеннен», – 
Деп көзілдірігін бүктеді.
Әр минут сайын қадалды,
Еске алды ұмыт адамды
Алыста қалған гүл өңін.
«Анау кім қызғылт беретте
Испандық елшімен барады?»
Князь Онегинге қарады:
Қауымды етпей керек те
Көп жүрдің. Берсін сәлемін,
«Бұл кім?» 
«Бұл »менің әйелім».
XVIII
«Үйленіп пе едің?» – Әрине!
Екі жыл бірге еншіміз! 
«Жарың кім?» – Татьяна «Ларина!»
Таныс па еді? – «Көршіміз».
Ендеше кеттік, деп дайын
Таныстырып өтті жұбайын.
Княгиня оған қарайды....
Іштегі ойды қамайды,
Сезімге артық ермеді;
Толқыса да ол қанша,
Ғажаптанса да таң қалса,
Өзгеріс барын көрмеді:
Татьяна берік салтында,
Ізет те сол бір қалпында.
 
XIX
Қалтырау түспес басына
Қызарып қайтсін сұрланып...

176
Қалт еткен жоқ қасы да;
Бүкпеді ернін қуланып.
Үңілсе Евгений ынтамен,
Ескі із жоқ өлшер қылтамен
Басқаша қылық қармады.
Көп сөзге Татьяна бармады,
Жібермей істі шебіне
Сұрады қайдан келдің деп,
Ел­жұртты қашан көрдің деп,
Сонан соң қарап еріне
Шаршады­ау, кетті тез шығып,
Онегин қалды мелшиіп.
XX
Осы ма Татьяна расында,
Оңаша оқшау қалатын,
Романның осынау басында,
Қияда қаққан қанатын,
Ақылшы биік өреде
Алатын құнды өнеге,
Қалтасында оның аты бар,
Жүрекпен жазған хаты бар,
Ақтарған еш сыр жасырмай
Сол ма екен әлде көрген түс?
Дәл сол ғой, бәрі осы қыз,
Жаратпай кетсе бас ұрмай,
Қалайша өскен тік өрлеп
Немқұрайлы қарап тым өргек?
 
XXI
Қызулы кешті тастады ол,
Оралды үйге ойлана;
Мұңлы ма, сәт пе басқа жол,
Түс көріп тұрды толғана.

177
Оянса хабар бұл жеткен
Князь   күтпек құрметпен
Кешкілікке. «Барам ол үйге,
Жетем, деп, қызық, мол үйге», – 
Үдетті жауап сарынын.
Ақылға сыймас түсінде
Не жатты терең ішінде
Самарқау, салқын жанының?
Өкініш? Әуре? Болды тап
Әлде сол ескі махаббат?
XXII
Онегин уақыт санайды
Тағы да кетті күн ұзап.
Кешкі он, көрген талайды
Тез жетті жүрмей сылбырап.
Тебіреніп жетті жол аша
Татьяна отыр оңаша.
Бірнеше минут өзгермей,
Отырды олар. Сөз келмей
Онегинге тұйық түнерген,
Ыңғайсыз жауап береді
Қаңғырған басы ереді
Қырсыққа іштен тірелген.
Ол қыңыр, аузын ашпайды,
Татьяна маңғаз саспайды.
 
XXIII
Күйеуі келді. Сөзді үзді,
Тоқтады ретсіз tete­a­tete
1
;
Онегинмен бапты сөз түзді,
Әзілді басты тым төте.
1
 Tete­a­tete – жекпе­жек сөйлесу.
12­256

178
Күлді олар. Келді қонақтар,
Тұзды сөз қызды сораптар.
Жетті жел жеңіл қауымнан
Хозяйка жаққа сабылған
Мысқылсыз жеңіл жайылды;
Кейде оны бөліп әкетті
Ақылды байлам әдепті,
Ойды жұрт жеңіл айырды,
Шошытпай көптің құлағын,
Ашқандай сөздің бұлағын.
XXIV
Москваның болды қаймағы,
Зиялы, сәнді саңлақтар;
Осында керек қайдағы,
Қажеті бар ақымақтар;
Ханымдар болды еңкейген
Тақиялы, гүлді ерпейген;
Бойжеткендер жатыр іздері
Күлкісіз қалды жүздері,
Мәмілегер болды сайраған
Мемлекет жайын көп айтқан;
Ретті сөзді молайтқан
Ақ бас шал әзіл қайраған:
Үзімтал кейде түрпілі,
Бұл күнге сәл­пәл күлкілі.
 
XXV
Эпиграмма сүйгіш болды орғаш,
Ашушаң мырза әмбеге:
Тәтті шай оған жөн болмас,
Шапшыды айтқан әр неге;
Жақпады роман сыны да,
Екі қыз ашқан сыры да,

179
Журналда соғыс мәнері,
Жауған қар өзінің әйелі.
..................................
..................................
..................................
..................................
...................................
...................................
XXVI
Проласов болды бұл жерде,
Жақсылыққа туған жаны қас,
Альбомдарға жазып үлгерген,
St.­Priest
1
,сіздің қарындаш;
Есікте тұр балдың өктемі,
Журналда сурет көркемі
Қызыл тал, қызғылт періште
Ісі жоқ у­ду керісте;
Тағы бар тапқан сыйлығын
Крахмал сіңген дарақы
2
,  
Жолаушы күлкі таратты
Дәріптеп дене қимылын,
Іш тартып, жұрт көз қағысқан
Ұнатпай оны қарысқан.
 
XXVII
Онегинім бүкіл кеш бойы
Татьянамен жалғыз тілдесті;
Болғанда балғын гүлде ойы
Зарығып күткен үндесті.
1
 St.­Priest – граф Эмманиул Сен­При (1860­1828) – гусар, әрі карикатурашы.
2
 Крахмал сіңген дарақы – ағылшын саяхатшысы Томас Рейнс деген сөз бар.

180
Ал, княгиня бүлк етпес,
Әйел құдайдай тіл жетпес
Отыр ғой Неваны сәнді еткен.
Ұқсастық жолын мәңгі еткен
Хауа – Ана бізді қолдайды:
Бергенді сүймей алдарсың
Жыланның уын қармарсың
Қашан да тыныш қоймайды,
Тыйым салған жеміс табынтпай,
Жұмақ та онсыз тамұқтай.
XXVIII
Татьяна жетпек төр­төбе,
Таптырды жылдам өз жөнін.
Қыспаққа салар мәртебе,
Дәстүрге сезді көнгенін.
Баяғы қыз жоқ тым нәзік....
Айбыны тұрған шын тасып
Залдардың заңын өзгерткен!
Таня емес жанын меңгерткен,
Ол жайлы түнгі түнекте
Морфей
1
 тез ұшып кеткенше,
Қамықты шолып жеткенше
Айды да жалғап жүрекке,
Болжады қолы жетуді,
Өмірде бірге өтуді.
 
XXIX
Ғашықтың құлы кәрі­жас;
Балғын шақ, бірақ, қыз қалпы
Қызуы келер ағындас,
Көктемгі желмен бір салты:
Құштарлық берген жаңбырдан
Жетіліп олар жаңғырған,
1
 Морфей – грек мифологиясындағы ұйқының құдайы.

181
Өмірде қуат беріскен
Түрлі түс, тәтті жеміспен.
Бірақ та бедеу қарт қалпың
Келгенде, өткен жылдардың
Өлі ізін өткен құндар кім:
Күзгі жел солай сап­салқын
Шалғынды суда қалдырар,
Жалаңаш орман қалтырар.
XXX
Евгений ешбір қалтқысыз
Татьянаға ғашық баладай;
Аңсауы адам айтқысыз,
Күн менен түнге қарамай.
Ар­ұждан шегіп азабын
Көтерер өмір мазағын,
Есікті теліп жетілді
Көлеңкесі болған секілді;
Оңаша қалса шаттанар
Иығына Боа
1
 жабуға,
Қолына тиіп қалуға,
Кейде бір жаны ақталар
Көп жалшы ісі өтеліп
Орамалын берсе көтеріп.
 
XXXI
Жібуге Татьяна баспады,
Бас жарып, өліп кетсе де.
Үйінде сырын ашпады,
Қонақта тілге жетсе де.
Кейде сәл тәжім етеді,
Қарамай кейде кетеді.
1
 Боа – аң терісі не қауырсыннан жасалған әйелдің бөкебайы.

182
Қылымсып жүрген сұлу жоқ,
Онегинді сүймес жиын топ.
Евгений жүдей бастады:
Татьяна аяныш етер ме;
Солса да ұрынып кеселге 
Көкіректе дейді астары;
Емдел деп достар қинар да,
Дәрігерлер сілтер суларға.
XXXII
Ол бармайды; бірақ сөз таба
Бабаларына даяр жазуға, 
Кездесу жайлы; ал, Таня,
Баспайды жақындасуға.
Онегин келмес қалғысы,
Соқпа дерт қаулап жанды іші;
Сырқат жан саудан жолы кең
Княгиняға әлсіз қолымен
Құштарлы жолдау жазыпты.
Евгений іштей айласыз
Хаттарды көрер пайдасыз;
Бірақ та жүрекке азықты
Таппасқа болмас жан сөзі
Туыпты, міне, дәл өзі.
 
Онегиннің Татьянаға хаты
Түсінем: сізді көп қинар,
Мұңы мол құпия әңгімем.
Болса да қатал дерт сыйлар,
Жүзіңіз айтар алдымен!
Не керек маған? Не мақсат?
Сыр ашып медет табармын,
Ызалы жанға сөз тастап,
Күлкіге мүмкін қалармын.

183
Есімде алғаш көргенім,
Бір нәзік ұшқын тергенім,
Бірақ та сенім жеңбеді:
Ғадетке ескі баспадым,
Басым бос дәуір аспанын
Жоғалту қолдан келмеді.
Тағы бір себеп айырған...
Ленский оқыс майырылды...
Жер­көкте қымбат барымнан,
Жүрегім сонда айырылды;
Қауымда бөтен қалғанмын,
Тыныштық және еркіндік
Бақытқа пар деп жөн білдік,
О, құдай! Қатты алдандым.
Әрдайым сізді көру мен
Адаспай аңсап еруде,
Қос көзге көзді телумен
Ерніңнен күлкі көруде,
Ынтығып, байқап сізде бар
Ғажаптан алар жан тағат,
Тіл қатпай құл боп ем табар
Сонда екен! Сонда ... бар рахат!
Осыны сізге бұйыртпай,
Сәт іздеп қаңғып сандалдым;
Қасыңызда жүрек суытпай,
Жүруден қатар құр қалдым.
Өлшеулі тағдыр мерзімі,
Онсыз да болды­ау, көп зілі
Ғасырым тұр ғой көлеңдеп;
Мен үшін тірлік заң етер;
Өзіңмен болып таңертең
Түсте де сені көрем деп...
Қорқамын: момын арызды
Байқар деп суық жүзіңіз
Жан сырым қулық тәрізді – 
Көрініп үдер сыныңыз.

184
Жөн болар сонда білсеңіз
Ғашықтық ынтық қамауын,
Баса алмас тасқын мың теңіз
Өртенген жүрек алауын.
Құшақтап екі тізеңді,
Бас исем жылап аяққа,
Халімді айтып жүдеулі,
Көнер ем шексіз азапқа.
Сыр бермей салқын үніммен
Желісін сөздің дәл біле,
Жүргізіп шусыз әңгіме,
Табар ем шаттық түріңнен!
Айтарым хаттың соңында:
Қарсылық етпей бағындым;
Шешім сол: тұтқын қолыңда,
Тағдырға үнсіз табындым.
 
ХXXIII
Жауап жоқ. Қайта жазыпты:
Екінші, үшінші хаттарға
Жауап жоқ. Жиынға асықты,
Бір себеп сенім ақтар ма?
Жарқ етті алдан. Каһарлы
Қарамай бұзды қатарды;
Маңайы ызғар не түрлі
Крещен аязы секілді! 
Қаруын қатал тоқтатпас
Онегин аузын жабады,
Қадала қатты қарады:
Қам көңіл қайда ортақтас?
Көз жасын Татьяна байлады,
Жүзінде ыза қайнады.

185
XXXIV
Қорқыныш сол ма құпиялы,
Байы мен қауым сезбестей,
Осалдық ойран жияды...
Онегин жүрді кездеспей...
Сөнді үміт, енді кетеді,
Бүлігі өзіне жетеді;
Ортаймас мехнат көліндей,
Қауымға кетті көрінбей.
Кабинетте үнсіз қалғанда
Жын қаққандай болды тап,
Сары уайым – сандырақ
Қуалап қолға алғанда
Жағадан сілке бастады,
Бұрышқа жыға тастады.
 
XXXV
Көп кітап білмей мән­жайын,
Оқығандары Гиббон
1
 мен Руссо,
Шамфоре, Гердер, Манзони,
Madame de Staёl
2
, Бишо, Тиссо.
Оқығаны қоңыр Бель,
Одан соң келді Фонтенель,
Өзімізден бірдеме оқыды,
Бәрін де ойға тоқыды:
Альманахтар және журналдар
Көп ақыл айтар асқынтып.
Мені де сөккен қасқитып,
Туыпты кейбір мадригалдар
Мен жайлы жазса нұр жанар:
E sempre bene
3
 мырзалар.
1
 Гиббон, Шамфор, Гердер, Манзони, Бишо, Тиссо, Бель, Фонтенель  – Батыс 
Еуропаның қайраткерлері.
2
 Madame de Staёl – Анна Луиза Сталь – француз жазушысы.
3
 E sempre bene1 – өте жақсы (итальянша).

186
XXXVI
Өзі емес, көзі оқыды,
Таппады ойы құралыс.
Тәтті арман, тілек мол сыры
Тереңде қалды тым алыс.
Жолдарды басқан мол таңба
Рухани көзбен шолғанда,
Асығыс ашық әрледі,
Кейбірін терең зерледі.
Олары құпия мол амал
Көненің құштар істері,
Сыр бермес сиқыр түстері,
Қорқыту, аңыз жорамал,
Керіс сөз кексе шатпағы,
Әлде жас қыздың хаттары.
 
XXXVII
Және де баяу қалғуға
Сезім мен ойын салады ол.
Елес боп тұрды алдында
Оқ қамдап шұбар фараон.
Еріген қарды жастана,
Тапқандай түнде баспана,
Жас жігіт ұйқыға батты кеп,
Шу шықты: «досы атты»  деп.
Жауларын көрді ұмытқан
Өсекші, жалтақ жан улар,
Айнымпаз шықты арулар,
Жолдастар көңіл суытқан.
Шалғайда, үйінде толғана...
Ол отыр жалғыз... сол ғана.

187
XXXVIII
Көндікті осынау тірлікке,
Есінен танып қалғандай;
Ақын да болмақ, киліксе
Бір көмек менен алғандай.
Магнитизмнің күшімен
Механизмін де түсінер
Ақылы, шіркін, жетпеді
Шәкірт боп еріп кетпеді.
Ақынға ұқсас әдепті,
Өзгені мүлде ұмытқан
Камин пеш бойын жылытқан,
Бар еді әні: Beenedetta
1
He Idol mio
2
 сарында,
Журналды тастар жалынға.
 
XXXIX
Күн жылжып, жылы ауамен
Қыс толғата бастады;
Болмады ол ақын дауамен,
Бақиға аяқ баспады.
Оятты көктем оны алғаш
Үйінен жабық үн шалмас,
Күзендей бұққан ұзақ қыс
Қос әйнек, камин, тәтті түс
Тастады бәрін ақ таңда;
Неваны бойлап шанамен,
Көк мұзды  тіліп шамамен,
Күн жылып, еріп жатқанда
Көшелердегі үйме қар,
Ұмтылуы шапқын күйге зар.
1
 Beenedetta – бата алған (италь.)
2
 He Idol mio – менің пірім.

188
XL
Онегин шапты! Күй бітіп,
Белгілі жері баратын:
Татьянаға жетті құйғытып,
Түзелмес менің дарақым.
Тірі өлік өңі, жүрісі,
Қарсы алар жоқ қой бір кісі,
Залға да жетті, жоқ адам,
Әрірек басты ол қадам.
Не керек бір сәт ораса!
Княгиня жалғыз мұңайған
Білінбес шаттық шырайдан,
Хат оқып отыр оңаша,
Көз жасы көл боп үдепті,
Қолымен бетін тірепті.
 
XLI
Қамыққан тілсіз қасіретін,
Жүзінен кім бар ұқпайтын,
Таняның ескі қасиетін
Княгинядан көріп құптайтын.
Ескі дерт ессіз сынады,
Евгений алдына құлады.
Татьяна толқып барады,
Онегинге үнсіз қарады.
Таңданбай ыза шақырмай
Тозған жан мұңын бөлісті,
Жалынышқа мылқау көністі,
Түсінді жанға батырмай;
Еске алды балғын өрт кезін,
Тұтанды қайта от сезім.
XLII
Онегинді жерден көтермей,
Келбетін жүдеу барлады.

189
Ашқарақ сүйсе еті өлмей,
Аузынан қолын алмады.
Береді енді кім демеу?
Өтті ғой ұзақ үндемеу,
Ақыры шықты пәс дыбыс:
– Болды енді, жетті, тұрыңыз,
Бар сырды келді шайқағым.
Есіңізде ме, Онегин, сол бір шақ,
Гүлзарда бізді мөлдір бақ
Табыстырғанын айтамын;
Сондағы сабақ сіздікі,
Бүгінгі кезек біздікі!
 
XLIII
Онегин, мен ғой, жас едім,
Көркемдеу болдым ол күнде,
Беріле сүйдім, мас едім.
Не таптым сізден сол күйде?
Қабағыңыздан қар жауды,
Үйренген көптен таңдауды
Ғашық қыз дымы құрыды....
Ал бүгін... қаным суыды;
Еске алсам жүрек жарады
Салқын оқ... Сабақ... бірақ сізді
Көремін асыл жан ізгі
Бекзаттық айқын тарады;
Кінәдан сізді аршыдым,
Дән разы жаным, бар шыным.
XLIV
Ол кезде шын ғой... шөл құмда,
Сіз сүймей қалдым аңдаусыз,
Ал, енді келіп сіз мұнда
Соңымнан неге қалмайсыз?

190
Нысана болдым неліктен?
Емес пе бүгін теліткен
Байлығым және беделім,
Болды ма берік сенерің?
Майдангер жарым жаралы,
Сол үшін сарай сыйлайды,
Өзгертіп әлде бұл жайды,
Болам ба көпке қаралы:
Арда ақау, ұятсыз жүзі бар,
Ал сізге қауым қызығар.
 
XLV
Жылаймын, Таняны баяғы
Шығармай естен жүрсеңіз,
Өткір тіл қырсық аяғы,
Жөн болар құнын білсеңіз,
Бәрі де менің қолымда
Тұрса ғой... Ғашық жолында
Сыйлар ем хаттар, көз жасын.
Жас күнде шеккен өз басым
Еттіңіз күнге аяныш,
Жасымды алып санатқа...
Ал бүгін жығылар аяққа
Әкелді қандай таяныш?
Кетердей ақыл міні жоқ,
Сезімнің ұсақ құлы боп.
XLVI
Онегин, осынау салтанат
Жексұрын өмір жарқылы.
Мен үшін күткен қолқалап,
Сарайда кештің қарқыны,
Несі зар? Кетем тастап­ақ
Құрысын тозған маскарад.

191
Тастауға даяр жан құсым
Бір тақта кітап, бақ үшін,
Қара орын үшін жұпыны,
Ең алғаш Онегин дер күшің,
Мен сізді көрген жер үшін,
Тартады біткен күтімі,
Зират та талдың қасында
Креш те нянямның басында.
 
XLVII
Бақытым тұрды қасымда,
Жап­жақын! Бірақ тағдырым
Шешіліп қойды. Расында 
Асығыстық болсын мағлұм:
Жалыныш пен біткен санаға
Тіленді анам, Таняға
Мүмкіндік жасап бердіңіз,
Үй болдым. Евгений, енді сіз
Сұраймын, мені тастаңыз;
Такаппар, арлы ниет те
Бәрі бар. Сіздің жүректе
Шын сүйем, айтпан басқа аңыз.
XLVIII
Татьяна кетті. Евгений тұр,
Жайратқандай жай оғы.
Қай дауыл соғып берген сыр
Жүрекке тиіп жеңді оны?!
Өкше үні шықты сенімді,
Таняның жұбайы көрінді,
Осымен менің батырым
Азапты күнде ақырын
Көзден ғайып қалсыншы;
Талай жыл оның соңында
Жүрдік қой ұзақ жолында,

192
Алғысты бірге алсыншы;
Ура! Бұл салт қала ма,
Құттықтаймын, жеттік жағаға!
 
XLIX
Кім болсаң да, менің оқушым,
Доспысың? Қас па? Сенімен
Сыйласқым келіп отыр шын.
Ғафу ет қарап сеніммен
Не іздесең менің соңымнан
Келгенін көр де қолымнан,
Тармақтарым талғамсыз
Естеліктері алдамсыз,
Емлелік сын да тағарсыз;
Бұл кітаптан, құдайым,
Жүрекке медет сұрайын,
Журналдар қалмас хабарсыз.
Керекті үнім достасар,
Осымен, кешір, қоштасам!
L
Кешірсін қыңыр қаңғыбас,
Мен құштар тірі пірім де.
Ақылмен дәстүр жаңылмас,
Көрмедім теріс бірін де.
Не болса ақын қызғанар:
Аласапыран күннен із қалар,
Достардың тәтті кеңесі.
Көп күндер өтті мен осы
Татьянаны алғаш жасында
Онегинмен күңгірт түсімде
Көргенім бірге есімде  
Романды барлап расында
Сиқырлы күшпен ет­жүрек,
Көрмеген кезі елжіреп.

193
 LI
Бірақ та дос пен таныс та
Романның басын тыңдаған.
Көбі жоқ, бары одан алыста,
Садише
1
 болсам жырлаған.
Онегин оларсыз жазылды,
Ал Татьянаға наз үлгі,
Сүйкімді жүрек қонағы...
Бар еді, тәңірім тонады!
Есті жан өмір сайранын
Етпеген ысырап беталды,
Ішпеген сарқып бокалды,
Хал­жайдың сезіп ар жағын,
Қоштасып көңіл жұбатты,
Онегин мен өзім сияқты.
Соңы 
 
1
 Садише (Саади) – парсы ақыны (1203­1292).
13­256

194

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет