* * *
97. «Я еду, еду, не свищу,
а как наеду, не спущу!»
«Келем шауып, үн қатпан,
Қуып жетсем, бұлтартпан!»
* * *
98. «Все куплю», – сказало злато,
«Все возьму», – сказал булат.
Алтын айтты: «Бәрін сатып алам», – деп,
Болат айтты: «Бәрін тартып алам», – деп.
248
* * *
99. И может быть, на мой закат печальный
Блеснет любовь улыбкою прощальной.
Мұңлы күнім батар шақта әл кетіп,
Ғашық жүзің қош айтысар жарқ етіп.
* * *
100. Бог в помощь вам, друзья мои.
Қолдасын құдай, достарым.
* * *
101. Яснее дня, чернее ночи.
Ашықтығы күннен мол,
Түнектігі түннен зор.
* * *
102. Любви все возрасты покорны.
Махаббаттың құлы жас пен кәрі де.
* * *
103. Мороз и солнце: день чудесный!
Әрі аяз, әрі ашық күн: адам жаны ғашық күн!
249
* * *
104. И милость к падшим призывал.
Сүрінгенге сүйеу бол деп шақырдым.
* * *
105. Откуда ты, прекрасное дитя?
Қайдан келдің, сен ғажайып балбөбек?
* * *
106. Я слышу речь не мальчика, но мужа.
Сөйлесе бала селк етпей, сөз саптауы еркектей.
* * *
107. Пир во время чумы.
Топалаңда туған той.
250
* * *
108. Москва... Как много в этом звуке
Для сердца русского слилось!
Как много в нем отозвалось...
Мәскеу... деген сөз ғажап.
Орыстың жүрегін таң қылған!
Сан жетпес тілек жаңғырған.
* * *
109. Ох, тяжела ты, шапка Мономаха!
Зілдейсіңау, Мономахтың бөрігі!
* * *
110. Не дай мне, бог, сойти с ума.
Нет, легче посох и сума.
Есімді алып, құдай, мені қор қылма,
Табынсам да қу таяқ пен қоржынға.
* * *
111. Чем меньше женщину мы любим,
Тем легче нравимся мы ей.
Сұлуды қанша аз сүйсек,
Соншама жылдам ұнаймыз.
251
* * *
112. Ох, лето красное!
Любил бы я тебя,
Когда б не зной, да пыль,
Да комары, да мухи.
Сүйер ем, жарқын жаз, сені –
Аптапта шаңдақ баспаса,
Маса мен шыбын шақпаса.
* * *
113. Октябрь уж наступил...
Қазан да келді азанда.
* * *
114. Тиха украинская ночь.
Украина түні тыптыныш.
* * *
115. Он уважать себя заставил
И лучше выдумать не мог.
Басқаша таппай қинауды,
Үйретті өзін сыйлауды.
252
* * *
116. Печаль моя светла...
Менің қайғым – ақ қайғы.
* * *
117. Ученый малый, но педант.
Білімді балақай, тек қана тікбақай.
* * *
118. Дела давно минувших дней,
Преданья старины глубокой.
Баяғы күндер бар ізі,
Көненің терең аңызы.
* * *
119. Мы все учились понемногу,
Чемунибудь и какнибудь.
Бірдеңе біз де үйрендік,
Бірдеңеден оқып бірдеңе.
253
* * *
120. Здоровью моему полезен русский холод.
Саулығымның саясы – орыстың қысқы аязы.
* * *
121. Бойцы поминают минувшие дни
И битвы, где вместе рубились они.
Қан майданды жан маздар
Шығармас естен сарбаздар.
* * *
122. Что сбудется в жизни со мною?
Немен тынар менің қалған өмірім?
* * *
123. Унылая пора, очей очарованье.
Мұңлы мезгіл көз құмарын қандырған.
254
* * *
124. Люблю тебя, Петра творенье,
Люблю твой строгий, стройный вид,
Невы державное теченье,
Береговой ее гранит.
Сүйемін Петр қалатқан
Асқақ та кербез қаласын.
Неваның ұлылық таратқан,
Толқынды гранит жағасын.
* * *
125. Одна заря сменить другую
Спешит, дав ночи полчаса.
Арай мен арай алмасар,
Жартыақ сағат түн жасар.
* * *
126. Естъ упоение в бою,
И бездны мрачной на краю.
И в разъяренном океане.
Шайқаста құмар тарқайды,
Шыңыраудың дүлей шетінде,
Шапшыған мұхит өтінде.
255
* * *
127. Но близок, близок миг победы.
Жапжақын жеңіс мезеті.
* * *
128. Что день грядущий мне готовит?
Атар таң келер маған не дайындап?
* * *
129. Глаголом жги сердца людей.
Сөзбен өрте адамдардың жүрегін.
* * *
130. Нет, весь я не умру.
...жоқ, мен мүлдем өлмеймін.
* * *
131. Пора, мой друг, пора! Покоя сердце просит.
Жетті мезгіл, досымау!
Тыныштық жүрек тілейді.
256
* * *
132. Так он писал темно и вяло.
Жазғандары күңгірт олпысолпы еді.
* * *
133. Россию поднял на дыбы.
Ресейді көкке шапшытты.
* * *
134. Не сотвори себе кумира.
Біреуді өзіңе пір тұтпа.
* * *
135. Пока сердца для чести живы,
Мой друг, отчизне посвятим
Души прекрасные порывы.
Барында жүрек жалынын,
Жаныңның асқақ арынын
Отанға, досым, арнайық.
257
* * *
136. Не мог он ямба от хорея,
Как мы не бились, отличить.
Ұқпады буынды тармақта,
Үйретіп қанша бақсақ та.
* * *
137. Все волновало нежный ум.
Нәзік ақыл әуес етті әрнеге.
* * *
138. Подруга дней моих суровых.
Жан серігі сұрапыл күндерімнің.
* * *
139. Роняет лес багряный свой убор.
Тастауда орман қызғылт барқын жабуын.
17256
258
* * *
140. Хвалу и клевету приемли равнодушно
И не оспаривай глупца.
Мақтау сөз бен жаланы бейжай қабылда,
Ақымақпен ерегіске салынба.
* * *
141. Блажен, кто смолоду был молод,
Блажен, кто вовремя созрел,
Кто постепенно жизни холод
С летами вытерпеть сумел.
Құт қонып жастық салтынан,
Дер кезде, жақсыау, піскендер.
Өмірдің салқын қалпынан
Өкінбес жолға түскендер.
* * *
142. Быть можно дельным человеком
И думать о красе ногтей.
Адамдар бар іскерлігін жоймайтын,
Оған қоса тырнақ сәнін ойлайтын.
259
* * *
143. Кто ты, мой ангел ли хранитель
Или коварный искуситель?
Періштембісің қорғаушы,
Әлде зұлым арбаушы?
* * *
144. Что было и не будет вновь...
И с тихими тоски слезами
Ты вспомни первую любовь.
Өткен күн қайтып келмейді...
Мұңлы жас дертті емдейді,
Еске түсір махаббатты алғашқы.
* * *
145. Великим быть желаю,
Люблю России честь,
Я много обещаю –
Исполню ли? Бог весть!
Ұлы адам болғым келеді,
Ресейшіл намыс үдеді,
Уәдем берген аз емес,
Жетем бе? Құдай біледі!
260
* * *
146. Не пой, красавица, при мне.
Ән салма, қалқам, мен барда.
* * *
147. Шуми, шуми, послушное ветрило,
Волнуйся подо мной, угрюмый океан...
Шула, шула, дауыл – көнген ырқыма.
Мұңлы мұхит, шапшыптолқып, жұлқыла.
* * *
148. Столичный шум меня тревожит,
Всегда в нем грустно я живу.
И ваша память только может
Одна напомнить мне Москву.
Астана шуынан мезіміз,
Батады мұңлы несібе.
Бір сіздің жылы сөзіңіз
Мәскеуді салар есіме.
261
* * *
149. Мои богини! Что вы? Где вы?
Внемлите мой печальный глас:
Все те же ль вы? Другие ль девы,
Сменив, не заменили вас?
Қайдасыңдар? Сұлулықтың тәңірі!
Сырымды естіп, мұңымды аш:
Арбады ма өзге арулар әмірі,
Жасады ма айырбас? Әкетті ме баспа бас?
* * *
150. Дианы грудь, ланиты Флоры
Прелестны, милые друзья!
Однако ножка Терпсихоры
Прелестней чемто для меня.
Диана төсі ұнап та,
Флора жүзі балқыттыау.
Терпсихора, бірақ та,
Ақ балтыры артықтау.
* * *
151. Но муж любил ее сердечно,
В ее затеи не входил...
Күйеуі оған жан жүрегін арнады,
Жат қылығын тексеруге бармады.
262
* * *
152. «...Дватри романа,
В которых отразился век».
«...Ғасырдың кейпін құраған
Екіүш қана роман».
* * *
153. Прошла любовь, явилась муза.
Махаббат қоштасты, қызшабыт достасты.
* * *
154. Младая кровь играет,
Смиряй себя молитвой и постом.
Туласа бойда жас қаның,
Оразамен, дұғамен дұрыс басқаның.
* * *
155. Слаб и робок человек.
Адам – әлсіз, жасқаншақ.
263
* * *
156. Но вреден север для меня.
Солтүстік маған зиянды.
* * *
157. Храни меня, мой талисман!
Бойтұмарым, қорған бол!
* * *
158. Поэт! Не дорожи любовию народной.
Құндама, ақын, халқыңның махаббатын.
* * *
159. Принять ответственность умеет на себя.
Міндетке мығым мәттақы.
* * *
160. ...и смело подпиши.
...қой қолыңды қаймықпай.
264
* * *
161. Везде неправедная власть.
Қайда барсаң, әділетсіз өкімет.
* * *
162. Я не рожден царей забавить.
Патшаларға ермек үшін туғам жоқ.
* * *
163. Чего тебе надобно, старче?
Қария, саған не қажет?
* * *
164. Как дай вам Бог
Любимой быть другим.
Берсін Құдай
Мендей құлай сүйерді.
* * *
165. Я пережил свои желания.
Артымда қалды бар тілек.
265
* * *
166. И сердце вновь горит и любит – от того,
Что не любить оно не может.
Жүрегім қайта жанды, неге десең,
Ғашықсыз амалы жоқ жүрер есен.
* * *
167. Плывет... куда ж нам плыть?
Барады малтып...
Кетеміз қалқып қай жаққа?
* * *
168. А время гонит лошадей.
Мінген атқа салды уақыт қамшыны.
* * *
169. Перед камином надевая
Демократический халат.
Каминпеш оты дес келді,
Жамылсын көпшіл шекпенді.
266
* * *
170. Тебе бы пользы все – на вес,
Кумир ты ценишь Бельведерский.
Сен үшін пайда бойыңда бар салмақта,
Бельведерский, сол піріңді ардақта.
* * *
171. Его преследует закон,
Но я ему подругой буду.
Қуғынға салса оны заң,
Серік боп ерем соңынан.
* * *
172. Народы тишины хотят.
Халықтар тыныштық тілейді.
* * *
173. Мечты, мечты! Где ваша радость?
Армандарау, армандар!
Шаттығың қайда болған зар?
267
* * *
174. Ведьму ль замуж выдают?!
Албастыны байға беріп жатыр ма?
* * *
175. Любви постыдный торг.
Махаббат арсыз саудасы.
* * *
176. Составлен он из подлости и спеси...
Сатқындық пен ол дандайсу қоспасы.
* * *
177. Прошел все степени злодейства.
Зұлымдықтың бар сатысын көрген жан.
* * *
178. И мальчики кровавые в глазах...
Көз алдымда – қанға бөккен ұландар.
268
* * *
179. Увы! Язык любви болтливой,
Язык и томный и простой.
Махаббат тілі – мылжыңдау,
Жеңіл тіл, оңай бір тыңдау.
* * *
180. Да здравствует солнце, да скроется тьма!
Жарық Күн мәңгі жасасын,
Қараңғы түнек жойылсын!
* * *
181. Моя душа звучала в лад.
Жанымның үні үйлесті.
* * *
182. Вся тварь разумная скучает.
Есті мақұлық келер түгел сағыншақ.
269
* * *
183. Если жизнь тебя обманет,
Не печалься, не сердись.
В день уныния смирись,
День веселья, верь, настанет.
Алдаса артып өмір зіл,
Аптықпа ашу шақырып.
Шершеменге шыдай біл,
Шатты күн туар шарқ ұрып.
* * *
184. ...Здравствуй, племя
Младое, незнакомое!
Армысың, ұрпақ, кел, табыс,
Жас өрім әрі бейтаныс!
* * *
185. Играя смехом и слезами.
Жылап та күліп ойнағыш.
270
* * *
186. Миг блаженства век лови,
Помни дружбы наставленья:
Без вина здесь нет веселья,
Нет и счастья без любви.
Мезеттен рахат қалапсыз,
Дос сөзі қалсын бағыт боп:
Шалқымас шаттық шарапсыз,
Махаббатсыз бақыт жоқ.
* * *
187. Нет, не покинул я тебя.
Кеткем жоқ сені мен тастап.
* * *
188. В мечтах все радости земные!
Судьбы всемощнее поэт.
Тірліктегі бар бақытың – арманда,
Бас имейді тағдырға ақын жалғанда.
* * *
189. И поутру,
Вновь упоенный,
пускай умру
Непробужденный.
271
Рахатқа батып
Күн шыға,
Өлейін жатып
ұйқыда.
* * *
190. Что ж истинно? Одна забава.
Поверь: одна любовь не сон.
Шындық па? Бәрі – құс елес,
Махаббат қана түс емес.
* * *
191. И в жизни сей мне будет утешенье,
Мой скромный дар и счастие друзей.
Тіршіліктің маған берген бар құты –
Шағын дарын және достар бақыты.
* * *
192. Я вас любил так искренно, так нежно,
Как дай вам Бог любимой быть другим.
Сүйдім сізді адал, нәзік сезіммен,
Берсін Құдай кем сүйместі өзімнен.
272
* * *
193. Так верьте мне, мы спасены лишь верой.
Сеніңдер маған, тек сенім бізді сақтаған.
* * *
194. И неподкупный голос мой,
Был эхо русского народа.
Саудаға түспес зор үнім
Жаңғырық болды халқыма.
* * *
195. Не вечно будешь ты прекрасна,
Не для себя прекрасна ты.
Сұлу көркің сақталмайды мәңгілік,
Өзің үшін жаралған жоқ сәнділік.
* * *
196. Кто раз любил, уж не полюбит вновь,
Кто счастье знал, уж не узнает счастья.
Сүйген адам бір рет, қайтадан сүйіп жарымас,
Бір көрген жан бақытты, бақытты өзге танымас.
273
* * *
197. Блажен факир, узревший Мекку
На старости печальных лет.
Сорлы пақыр Меккені көріп қуанды,
Мұңлы ғұмыр соңында байғұс жұбанды.
* * *
198. Но прежних сердца ран,
Глубоких ран любви, ничто не излечило.
Қайран жүрек, жараңды ескі сақтадың,
Махаббат дертін емдейтін дәру таппадым.
* * *
199. Звезда печальная, звезда вечерняя.
Мұңлы жұлдыз, кешкі жұлдыз...
* * *
200. Курятницалиса
В политике, как всем известно, мастерица.
Пустилась волка поздравлять,
Не худо иногда зубастым угождать.
Тауықшыл түлкі айлалы
Саясат төрін жайлады:
Құттықтауға қасқырды бел байлады
Азулының ебін табу кейде болар пайдалы.
18256
274
* * *
201. К счастью, у волков
Не знают докторов.
Қасқырлар іздеп дәрігер,
Болмайды босқа әбігер.
* * *
202. Что ум высокий можно скрыть
Безумной шалости под легким покрывалом.
Жасыруға артық біткен ақылды
Ерке күлкі жабуы болар татымды.
* * *
203. Жизнь, увы, не вечный дар.
Тіршілік, әттең, мәңгі тұрар сый емес.
* * *
204. Зависеть от царя, зависеть от народа
Не все ли нам равно.
Тәуелді болу патшаға не халыққа –
Бізге бәрі емес пе бір қалыпта.
275
* * *
205. Я возмужал среди печальных бурь.
Мен ер жеттім мұңлы дауыл ішінде.
* * *
206. Жизнь, к несчастью, коротка,
А путь к совершенству долгий.
Сорыңа, өмір шопшолақ,
Кемелдік жолы тым ұзақ.
* * *
207. Он вечно тот же, вечно новый.
Ол өзгермес салтында, мәңгі жапжас қалпында.
* * *
208. Онегин жив, и будет он
Еще не скоро схоронен.
Онегин тірі, өзгермес,
Жуықта жылдам жерленбес.
276
* * *
209. С другом всюду рай.
Досыңмен жүрген жердің бәрі жұмақ.
* * *
210. Без божества, без вдохновенья...
Тәңірімсіз әрі шабытсыз...
* * *
211. Богат и славен Кочубей.
Орасан бай әрі атақты Кочубей.
* * *
212. Братьяразбойники.
Ағайынды баукеспе.
* * *
213. В надежде славы и добра.
Үміт арттым ізгілік пен атаққа.
277
* * *
214. В те дни, когда мне были новы
Все впечатленья бытия.
Үр жаңа маған кез еді
Болмыстың барлық кезеңі.
* * *
215. Взыскательный художник.
Талғамы биік суретші.
* * *
216. Властитель дум.
Озық ойдың жаршысы.
* * *
217. Гуляка праздный.
Тойымсыз тойға қаңғыбас.
* * *
218. Дней минувших анекдоты.
Өткен күнге тән уытты әзілдер.
278
* * *
219. Его пример другим наука.
Үлгісі сабақ өзгеге.
* * *
220. Еще одно последнее сказанье,
И летопись окончена моя.
Хикаят соңғы жолымен,
Шежірем тоқтар сонымен.
* * *
221. И выстраданный стих, пронзительноунылый,
Ударит по сердцам с неведомою силой.
Азапта туған өлең шері басым
Жүрекке қатты тисе, тез ұғасың.
* * *
222. И грянул бой, Полтавский бой.
Бұрқ етті шайқас, ол – Полтава шайқасы.
279
* * *
223. И хором бабушки твердят:
«Как наши годыто летят».
Әжелердің ортақ әні тарады:
«Біздің жылдар жылдам ұшып барады».
* * *
224. Клейкие листочки.
Жабысқақ жапырақтар.
* * *
225. Больной расслабленный колосс.
Сырқаттан солған мұнара.
* * *
226. Но я другому отдана,
И буду век ему верна.
Мен басқаға берілдім,
Мәңгілік оған теліндім.
* * *
227. Мечтам и годам нет возврата.
Армандар мен жылдар қайтып оралмас.
280
* * *
228. Мечты поэта, историк строгий гонит вас!
Ақынның асыл арманын
қамшылар қатал тарихшы!
* * *
229. Морозной пылью серебрится
Его бобровый воротник.
Аяздың күміс шаңынан
Құлпырды құндыз жағасы.
* * *
230. Запретный плод вам подавай,
А без того вам рай не рай.
Тыйым салған жеміс – сенің құмарың,
Онсыз саған жұмақ емес жұмағың.
* * *
231. О, люди! Жалкий род,
достойный слез и смеха!
Сорлы қауым адамдар!
Жылап та күліп өтуге лайық жарандар!
281
* * *
232. Обычай – деспот меж людей.
Адамдарға дәстүр – қатал әмірші.
Достарыңызбен бөлісу: |