Бағдарламасы бойынша шығарылды Жұмабаев Мағжан Шығармалары (әдеби басылым). 2-том: Әңгіме



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата19.01.2017
өлшемі1,21 Mb.
#2251
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

41
C
C
М. Жұмабаев
C
C
мақұл емес. Қымыз баланың тынышын алып, мең-зең бей-
шара қылады. Екі-үш жасар балаға тәулікте төрт рет тамақ 
беру  керек.  Түнде  емес,  күндіз,  төрт  сағатта  бір.  Балаға 
тамақты  бөлек  үйде  беру  артық.  Үлкен  кісілермен  бірге 
ішіп, бірге жесе, үлкендерді иектеп мөлшерден артық ас 
ішеді. Мұның зиян екендігі белгілі.
Баланы шомылдыру. Баланы шомылдыру оны кірден 
арылтады. Бойын жеңілдетеді, еңсесін көтереді.
Жаңа туған баланы шомылдыратын судың жылылығы 
үш айға шейін Рьюмер бойынша – 29°. Үшінші айдан жыл 
аяғына шейін – 28°, екінші жылда – 27°, мұнан соңғы жыл 
төмендегенде  22°-тан  кем  болмасқа  тиісті.  Жаңа  туған 
баланы су ішінде – 5 минут, ай жарымдық баланы 8 минут 
ұстау керек. Бұдан артық ұстауға жарамайды. Бала әлсіреп 
қалады.
Әуелгі 9 күн ішінде тәулікте екі рет, ай жарымға шейін 
бір рет, алты айға шейін күн ара, екі жасқа шейін жетіде 2–3 
рет, екі жастан соң жетіде бір шомылдырып отыру керек. 
Баланы тамақ берердің, ұйқтардың алдында шомылдыру 
артық. Баланы шомылдыратын  үйдің жылылығы 17–18°-
тан жоғарырақ болсын.
Баланы шомылдырып болған соң оның бар денесін, әсі-
ресе қолтықтарын, мойнын, шабын жақсылап қарау кереқ. 
Көзін, құлағын, басын таза ұстау керек. Былық қолыңмен 
баланың  көзін  тазартушы  болма.  Неше  түрлі  көз  ауруы 
осыдан болады. Тамақ бергеннен кейін баланың аузын та-
зартып отыру керек. Таза шүберекті қайнаған суға малып, 
шыныаяққа орап тазарт. Есін білген баланы ас ішкеннен 
кейін  аузын  шайқауға  үйрету  керек.  Аузы  иісті  болмай-
ды,  тісі  бұзылмайды.  Қазақ  қатынының  баланы  тұзды 
сумен шомылдыруын теріс деуге болмайды. Еттің пісуіне, 
шынығуына  тұзды  судың  пайдасы  бар.  Ал  енді  баланы 
маймен  сылау  тіпті  дұрыс  емес.  Май  терінің  тесіктерін 

42
C
C
Шығармалары
C
C
бітеп тастайды. Еңсені көтертпейді, ауру етеді, кірлетеді, 
терлетеді.  Баланы  «өс,  өс,  өс»  деп  денесінің  құрысын, 
тырысын жазу аса теріс болмас. Бірақ еп керек. «Өс, өс, 
өс!» – деп баланың бір жерін шығарып алып жүрме.
Киім. Баланың дұрыс өсуінің негізгі бір шарты киімнің 
дұрыс болуы. Баланы желге, күнге тигізбеймін деп орап, 
шымқап, үлбіретіп өсіруде қасиет жок. Бұлай өсірген бала 
ауырымпаз келеді. Шынықтырамын, денесін берік қыла-
мын деп жалаңаш-жалпы ұстау да жарамайды. Шынық-
тыра мын  деп  жүріп  ауруға  шалдықтырып,  жазаласа  өл-
тіріп алуға да мүмкін. Киім дененің жылылығын сыртқа, 
сырттың суығын денеге жібермейтін болсын, сондықтан 
бала киімі жұмсақ, жеңіл нәрседен тігілу керек.
Бала киімін үлкен кісілер киімімен бірге жууға жара-
майды. Үлкен кісі киімінен бала киіміне бір нәрсе жұғуға 
мүмкін. Жеткен адам денесіне зиян келтірмеген нәрсе жас 
баланың  денесіне  зиян  келтіруі  оп-оңай.  Баланың  киімі 
қолпылдаған кең, денені қысып тұрғандай тар да болмасын, 
шақ болсын. Балаға биік өкшелі етік кигізу, белін белбеумен 
қысып тастау жарамайды. Жалпы айтқанда, бала киімі әдемі 
болсын деп емес, ыңғайлы болсын деп білу керек.
Бөлеу һәм бесік. Педагогика ғалымдары бала бөлеуге 
 атымен қарсы. Баланың дұрыс өсуіне, қаны жүруіне, асы 
сіңуіне кесел деп көп дәлелдер көрсетеді. Бұл дәлелдердің 
салмақты  екендігіне  талас  жоқ.  Бірақ  қазақ  тұрмысы 
көзінен қарағанда бөлеуден безуге бола қоймас. Көшпелі 
абыр-сабыр тұрмыста бөлеудің пайдасы да болып шығар. 
Әңгіме  бөлей  білуде.  Тас  қылып  бөлеп  тастасаң,  қанын 
тоқтатпақ түгіл, жанын да шығарып аларсың. Саулығына 
зиян келтірмей бөлеу туралы ой жүгірту үшін бесік хақында 
сөз қозғамай болмайды.
Қазақ бесігі – аса ұсталықпен жасалған нәрсе. Жөргегі, 
тартпалары, астындағы тесігі, шүмегі, түбегімен баланың 

43
C
C
М. Жұмабаев
C
C
таза, жинақ жатуына көп себепші. Бірақ әңгіме мұнда, осы 
бесікке баланы қалай бөлеу керек. Қазақ қатыны баланы 
жөргекке орап, бесікке екі жерден кеудеден бір, аяқ үстінен 
бір тас қылып таңып тастайды. Бұлай таңып тастау, әрине, 
балаға зиянды. Баланы бесікке бөлейтін болсақ, осы зиян-
нан қалай құтыламыз?
Маған мынадай бір ой келеді, баланы екі жерден қысып, 
қан жүруіне кесел қылмас үшін тартпаны кеңейту жолын 
қарастыру кереқ. Менің ойымша тартпаны екеу қылмай, 
біреу қылсақ. Біреу қылғанда, баланың мойнынан аяғына 
жететіндей қылсақ. Енді тартпа демей-ақ, жабу дейік. Жабу 
бесіктің бір жағына, айталық, 6–7 баумен байланған болса, 
баланы жөргегімен орап, төсегіне салып, әлгі жабуды жап-
пай жауып, бесіктің екінші жағынан алып келіп, тағы 6–7 
баумен байласақ. Міне, осындай жабумен таңылса, қысу 
бар денеге тегіс түскендіктен, аса зиянды болмас еді. Бұл 
бір – тәжірибе көрмеген ой. Мүмкін, қате болуға. Мен үшін 
емес, баласын дұрыс тәрбие қылу үшін ата-ана осы ойды 
бір тәжірибе қылып көрсе, игі болар еді.
Жә, баланы бесікке бөлеуді мақұлдадық. Қалай бөлеу 
туралы да ой жүгірттік. Еңді тербетуге келейік.
Күн батып барады. Үй іші қара көлеңке. Қыс болса, са-
сық үңгірдің ішінде терезе аталған тесіктерден суық жел 
азынап кіріп, аш аңдай ұлып тұр. Жаз болса, туырлықтың 
етегінен, шидің арасынан жыландай жүз бұралып, қоңыр 
жел  кіріп,  жолдасын  жоғалтқан  жандай  мұңды,  зарлы 
қоңыр бір әнге басады. Үйдің бір босағасында бесік тұр. 
Ішінде бөлеулі бала жатыр. Жылап-жылап шаршаған. Енді 
айғай салып жылауға шамасы жоқ. Әлсіз ғана ыңыранады. 
Бесік  жанында  баланың  анасы  жоқ.  Әлдеқайда  кеткен. 
Мал  жайлап,  шаруа  қылып  жүр  ме?  Әлде  көрші  үйдің 
қатынымен басын шұлғи-шұлғи бір қысыр кеңесте отыр ма? 
Кім білсін, бесік жанында көзі көрдей сұп-сұр бір кемпір 

44
C
C
Шығармалары
C
C
отыр.  Құрысқан  қолы  бесіктің  арқалығында.  Салмақпен 
бесікті тербетеді. Бала ыңыранады, жел күңіренеді, кемпір 
де күңіренеді.
Әлди-әлди, ақ бөпем, 
Ақ бесікке жат бөпем...
Жылама, бөпем, жылама, 
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін...
Әлди-әлди, әлди-ай...–
деп күңіренеді кемпір. Кемпірде талу жоқ. Тербетеді, кү-
ңіренеді, тербетеді.
Баланың ыңылы баяулап келеді. Басылды. Бала ұйқтады. 
Кемпір күңіренеді. Болмаса сол кеште, бос үйде бесіктің 
жанына жас баланың жеті жасар апасын отырғыз. Жел жы-
лайды, бесіктегі бір жасар да жылайды. Жанында отырған 
жеті жасар да жылайды. Бос үйде дауыс шығарып, қорқуын 
азайту үшін бесікті тарсылдатып тұрып тербетеді. Әлде не 
уақытта бала ұйқтайды. Бесік жанында өксігін баса алмай 
апасы әлі отыр.
Не болмаса, мынадай картинаны көз алдыңа алып кел. 
Түн.  Бала  бесікте  бөлеулі  жатыр.  Жанындағы  төсектегі 
шешесі  қалың  көрпені  жамылып  шырт  ұйқыда.  Қарны 
ашты ма, тоңды ма, төсегі тынышсыз болды ма, бір мезгілде 
бала  оянып  жылайды.  Бастап  ақырын  жылайды.  Елең 
де  қылған  ана  жоқ.  Дауысты  молайтыңқырайды,  оянған 
ана  жоқ.   Шыр-пыры  шығып,  пырылдап,  ішегі  түйіліп 
жылайды. Ыңырана түсіп шеше оянады. Бастап тербетіп 
ақырын қозғайды. Оған бала уанбайды, «тұрмадың» деп 
ашуланғандай айқайын үде те түседі. Үй ішінде жел дол-
данады, шеше де долданады. «Өй, көгала келсін, шешек 
шықсын», – дейді шеше. Тарс-тұрс, тарс-тұрс тербетеді. 

45
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Баланың айғайын бесіктің тарсылы жеңеді. Әлде не уақытта 
бала ұйқтайды. Баласын күбірлеп қарғай-қарғай қорылдап 
ұйқыға кетеді шеше. (Әрине, қазақ қатынының көбі мұндай 
емес қой. Бірақ көбі осындай десек, аса адаспаймыз. Пысық, 
сергек, бала қадірін білетін аналардан мына сөзіме кешірім 
сұраймын.)
Жә,  күңірене-күңірене  баланың  әжесі  ұйқтайды.  Жы-
лай-жылай  бала  ұйқтайды.  Қарғай-қарғай  баланы,  ана 
ұйқтатады. Баланың осы ұйқысы сау ұйқы ма? Шын ұйқы 
ма? Жоқ.
Бұл дұрыс ұйқы емес. Бұл ұйқтау емес, шайқап-шайқап 
баланың басын айналдыру, басын айналдырып, естен тан-
дыру.
Тербетіп  ұйқтату  –  баланы  талдырып  ұйқтату  деген 
сөз. Тербетіп ұйқтатылған бала ұйқтап жатқан жоқ. Талып 
жатыр. Өзіңді бір нәрсеге тас қылып таңып тұрып, ерсіл-
карсыл шайқап-шайқап тербетіп-тербетіп талдырып таста-
са, жақсы болар ма? Қазақ әйелі! Балаңда қасың болмаса, 
тербетпе  баланы.  Бесік  –  баланың  жататын  орны.  Естен 
тандырып,  талдыратын  орны  емес.  Осыны  ұғыну  керек, 
ұғу керек.
Ұйқы. Ұйқысы тыныш болу үшін баланы көзді шағы-
лыстыратын жарығы жоқ, құлақты жаратын айғайы жоқ 
жерде  ұйқтату  керек.  Әсіресе  кенет  айқай  болмасын. 
Баланың  тыныш  ұйқтауына  себеп  болатын  бір  нәрсе – 
баланы  белгілі  бір  уақытта  ұйқтату.  Және  баланы  жа-
ра тылыстың  өзі  ұйқы  үшін  белгілеген  уақытында  яғни 
түнде  ұйқтату  керек.  Баланы  түнде  ұзақ  ояу  отырғызу 
дұрыс емес. Баланы тамақ берісімен ұйқтату тіпті жөнге 
келмейді.  Ұйқысы  тынышсыз  болады,  һәм  саулыққа 
зиян.  Тамаққа  тоя  сала  ұйқтату  –  біздің  жалпы  зиянды 
әдетіміз.  Ұйқта ғанда  дененің,  мүшенің  бәрі  демалатын, 
тыншығатын уақытта, асқазанға сен тынықпа, мынау жеп-

46
C
C
Шығармалары
C
C
ішкеніңнің бәрін сен қайнатып денеңе сіңіріп қой деу тіпті 
жөнге келмейтін бір зорлық емес пе? Ол сорлы қайтсін, 
бұл қызметті атқара алмайды. Міне, осындайдан асқазан 
бұзылып, адамда неше түрлі аурулар пайда болады.
Жас бала тіпті көп ұйқтайды. Жаңа туған бала ұйқыдан 
тамақ үшін ғана оянады. 24 сағат бір тәуліктің 20 сағатын 
ұйқымен оздырады.
Бала жарты жас шамасында әжептәуір уақыт ояу оты-
рады. Әйткенмен де екі жасқа қарағанша ояуынан ұйқысы 
көп болады. 2–3 жасар бала күндіз 1–3 сағат, түнде 9–12 
сағат, 4–5 жасар бала күндіз сирек ұйқтағанымен, түнде 
10–11 сағат ұйқтайды. 6–7 жасар бала 8–10 сағат, 12–13 
жасар бала 8–9 сағат ұйқтайды. Жеткен адамға 6–7 сағаттан 
артық ұйқы дұрыс емес.
Қозғалуы.  Адам  денесі  қозғалуды  тілейді.  Адам 
неғұрым жас болса, солғұрлы қозғалуды көп тілейді. Екі 
жасар дені сау бала бір минут тыныш отыра алмайды. Күні 
бойы  шаршау  білмей,  ойнайды  да  жүгіреді.  Бала  жүре 
бастамаған күнде де тек отырмай, аяқ-қолын шолтаңдатып 
отырады.  Бірақ  бастапқы  кездегі  баланың  қозғалуы  ой-
мен,  тілеумен  қозғалу  емес,  «рефлекс»  бойынша  соқыр 
қозғалу. 5–6 айдан былай бала маңайындағы нәрселерді 
ұстауға, қолына алып ойнауға өзі тілей бастайды. Міне, 
бала  қозғалуды  өзі  тілей  бастаған  кез де  ана  оған  түрлі 
жеңіл ойын көрсетіп, көмекші болу керек.
Бірақ  көмекші  боламын  деп  қозғалуға  шамасы  жоқ 
баланы  зорлықпен  қозғалуға  үйрету  дұрыс  емес.  Жаңа 
туған бала басын һәм барлық денесін билей алмайды, оның 
шамасының келетіні – жату. Бала төрт ай толмай басын 
билей алмайды, жеті-сегіз ай толмай еркін отыра алмайды. 
Сондықтан 4 айға толмаған баланы жатқан орнынан көп 
қозғай беру жарамайды.

47
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Тегінде, баланы өзінің отыруға шамасы келмейтін кезде 
еріксіз отырғызу қате. Бала бүкір болып калуға ықтимал. 
Жас баланы көтеру де дұрыс емес. Денесіне зиян келеді, 
бұл – бір. Екінші, көтеріп үйрету ата-анаға бір пәле ғой. 
Аяғы бар, тілі бар дардай баланың «Апа, көтер, әке, көтер» 
деп мазаны алуы ұнамды ма?..
Жас баланы арбаға салып сүйреу – қазақтың бір қате 
жұмысы. Тақтай арбаның ішіне жаман көрпеге оратқызып, 
баланы  салып  алып,  6–7  жасар  балалар:  «Мен  ағамның 
қара кер атынша шабамын» деп тұрып арбаны дүрілдет-
кенде  баланың  не  жаны  қалады?  Үлбіреген  жас  денеге 
зиян келетін болған соң, аман жаннан не пайда? Баланы 
еңбектеуден  тыюға  дұрыс  емес.  Еңбектесін,  қозғал сын, 
жас күшін жұмсай берсін. Бірақ бала еңбектейтін жер таза, 
тегіс болсын, мүмкін болғанда тегіс жерге кілем төселген 
болсын. Қазақтың еңбектеген баласының күні қараң ғой. 
Ол баланы қараушы болмайды. Бала еңбектеп от орнына 
барып күйіп қала ма, күл, көмір жей ме, нәжіске былғана 
ма, сызға, сазға отыра ма, оны бақылаушы жоқ. Үсті-басы 
күл, топырақ, үрпиіп ылғи сызда, сазда отырады. Баланың 
неше  түрлі  ауру  болатындығы  осы  сыз  өтуден.  Сызда, 
былық жерде асыралса, мал баласы да оңбайды ғой. Адам 
баласы мал баласы емес, баланы жақсылап бағу керек. Ба-
ланы қолынан ұстап тәй-тәй қылуды дұрыс деуге болмайды. 
Денесінің бір жеріне зиян келтіруге мүмкін. Кейбір ата-ана 
баланың тәй-тәй болғанын қызық көріп, тәй-тәй болғысы 
келмей орнынан тұрмай отырған баланы еріксіз тұрғызып 
тәй-тәй  қылады.  Бұл  істері,  әрине,  қате.  Балаға  итарба 
жасап беру дұрыс емес демейміз. Бірақ итарбамен зорлап 
жүргізбе дейміз. Жағалағысы келгенде үстелді бала өзі-ақ 
жағалайды ғой. Итарба да баланың жанында жай тұрсын. 
Жүргісі келсе бала өзі де жүреді. Шеше бірақ байқап оты-

48
C
C
Шығармалары
C
C
рып, баланы арбаға дұрыс ұстатқызып жіберсін. Тоғыз ай 
мен он алты ай арасында бала жүруге үйренеді. Есте болу 
керек, баланың мешел болуы тәй-тәй кеш болғандықтан, 
итарбасы  болмағандықтан  емес,  аурулы  болғандықтан. 
Балам мешел болмасын десең, балаңды дұрыс күт...
Серуен. Ылғи үйде, нашар ауада бала құп-қу, нашар, 
меңіреу болады. Сондықтан баланы күн сайын таза ауаға 
серуенге шығарып тұру керек. Киіз үй ашық ауамен бірдей. 
Киіз үйдегі баланы шығарсаң да бір, шығармасаң да бір. Ал 
еңді қазақтың «қысқы үй» деп аталған үңгіріндегі баланы 
әлсін-әлсін серуенге шығарып тұрмай болмайды.
Үй саулыққа дұрыс салынған болса да, баланы серуенге 
шығарып тұру керек. Себебі үйдің ауасы бұзылып отыра-
ды. Алты ай толмаған баланы қыстыгүні серуенге шығару 
жарамайды. Баланың саулығы нашар болса, доқтырлар бір 
жасқа толмай қыстыгүні шығаруға қоспайды. Күзгі, жазғы 
2 градустық салқында бір жылдық баланы күн сайын 15–20 
минут серуенге шығаруға болады. Ал енді 2 жастан бы-
лай баланы күн сайын кем дегенде 15–20 минут серуенге 
шығарып отыру керек. Жаңа оянған яки шомылдырылған 
баланы су жаялықпен серуенге шығару дұрыс емес, серу-
енге шығаруға нағыз қолайлы уақыт – түстен кейінгі 2–4 
сағат арасы. 
Тісеу. Тісеу – баланың дене тұрмысында зор өзгеріс. 
Жас  иекті  жарып  бірінші  тісі  6–8  ай  арасында  шығады. 
Иекте  тамыр  көп  болғандықтан,  тісей  бастағанда  бала 
әжептәуір ауырады. Ұйқысы тынышсыз, бас-аяғы ыстық 
болады.  Аузынан  сілекей  шұбырады.  Бала  әлсін-әлсін 
қолын  аузына  сала  береді.  Мұндай  уақытта  баланы  таза 
ауа, серуенге жиі шығару керек. Жылы суға жиі-жиі шо-
мылдыру керек. Балаға тісі төмендегі ретпен шығады. Тісі 
төрт түрге бөлінеді.

49
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Бірінші түр – күрек тіс. Саны 8 болады. 5–12 ай ара-
сында шығады. Екінші түр – ит азу. Саны – төрт. 12–16 ай 
арасында шығады. Үшінші түр – ас азу. Саны – 4, 17–20 
ай арасында шығады. Төртінші түр –түпкі азу. Саны – 4, 
20–24 ай арасында шығады. Міне, осымен баланың 20 сүт 
тісі болған болды. 7 жаста бұл сүт тісі түсе бастап, 7–11 
жас  арасында  балаға  дәйімгі  тісі  шығады.  Яғни  жаңағы 
айтылған – 20 тісі түсіп қайта шығып, олардың үстіне тағы 
азу  қосылады.  12  жаста  тағы  төрт  азу  шығады.  Сөйтіп, 
дәйімгі тістің саны 28-ге толады. 22–25 жас арасында төрт 
азу шығады. Мұны ақыл азуы дейді.
Баланың сүт тісі өте нәзік болады. Ыстық та, суық та 
жарамайды. Қатты асты шайнай алмайды һәм бұзылымпаз 
келеді. Сондықтан баланың тістерін таза ұстау керек. 3 жа-
стан былай тамақ берген сайын баланың аузын жуып отыру 
керек. Тісті жаман бұзатын нәрсе – тәтті. Жас балаға тәтті 
беруге жарамайды. Біраз өскен соң беруге мүмкін, бірақ аз 
һәм сирек беру керек.
Жан тәрбиесі
Бастапқы  кезде  жөпшенді  білінбейтін  баланың  жан 
тұрмысы  бала  өскен  сайын  бірте-бірте  біліне  бастайды. 
Сондықтан баланың дене тәрбиесі мен жан тәрбиесін қатар 
алып бару керек. Қатар алып бару емес, бала өскен сайын 
тәрбиеші күшінің көбін баланың жан тәрбиесіне жұмсай 
беруге міндетті. Тегінде берік ұғу керек: адамның қымбат 
нәрсесі  де,  жұмбақ  нәрсесі  де  сол  –  жан.  Қиын  тәрбие 
тілейтін де сол – жан. Жанды дұрыс тәрбие қыла білу үшін 
жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.

50
C
C
Шығармалары
C
C
Психология
(Жан тілі)
Психология – ескі пән. Бұл пәнді пән қылып дүниеге 
шығарушы  –  Айса  пайғамбардан  бұрын  болған  грек 
ұлтынан шыққан Александр Македонский (Ескендір Зұл-
харнайын)  патшаның  тәрбиешісі  Аристотель  данышпан. 
Психология деген сөз грекше екі сөзден құралған. Психо – 
жан, логос – сөз деген мағынада. Яғни жан туралы сөз, жан 
туралы пән деген сөз болып шығады.
Жанды ешкім көрмесе де, жанның барлығында дау жоқ. 
Бірақ бұл жан деген не нәрсе? Жанның не нәрсе екендігі 
туралы үш пікір бар. Үшеуі үш түрлі философия пікіріне 
негізделген.  Біріншісі,  жан  денеден  бөлек  өз  алдына 
бір  нәрсе  дейді.  Бұл  –  баяғыдан  бері  келе  жатқан  пікір. 
Қазақтың жан шыбын сықылды бір зат, өлгенде ауыздан  
ұшып шығып кетеді, ұйқтағанда мұрнынан шығып серу-
ендеп жүреді-мыс деген ертегісі – осы пікірдің бір сәулесі.
Бұл жан денеден тіпті бөлек, өз алдына қандайда болса 
бір зат деген пікір «спиритуализм яки идеализм» деп ата-
лады. Екінші пікір – жан деген дене іскерлігінің әсіресе 
нерв системасы мен ми іскерлігінің бір түрі дейді. Яғни 
жан деген жеке зат жоқ, жан деген – дененің бірлігі деген 
сөз. Бұл пікір «материализм» деп аталады.
Үшінші пікір – жан деген жан көріністерінің жиынтығы 
дейді. Яғни жан деген ойлау, сезу һәм барлық жан көрі ніс-
терінің жалпы аты дейді. Бұл пікір «феноменализм» яғни 
эмпиризм деп аталады. Қайткенмен де адамзат бұл күнге 
шейін жанның не зат екенін біле алған жоқ. Жанның не зат 
екені білінбеуінен жанның барлығына қүмән қылуға бол-
майды. Жан бар. Барлығы сол – оның істері, көріністері бар. 
Ақша қарда жосылып жатқан айқын ізге түссек, алдымызда 
аңның барлығына күмән қыламыз ба? Бұ да сол сықылды, 

51
C
C
М. Жұмабаев
C
C
жалғыз-ақ айырма мынау – ізіне түсіп зерттеп отырып адам-
зат аңды баяғыдан бері соғып келсе де, жанға жете алған 
жоқ. Яғни істері, көріністері бойынша жанның не зат екенін 
қанша білмекші болса да, әлі күнге біле алғаны жоқ. Бірақ 
бұдан  бала  тәрбиесі  ақсамайды.  Баланың  жанын  жақсы 
тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, 
оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді.
Жан көріністерінің дене көріністерінен айырмасы
Жан көріністері мен дене көріністерінің арасында көп 
айырма бар: 
1) сыртқы дүние заттарының бәрі, мысалы, қазан, дөң-
бек, құдық белгілі бір орын алып тұрады. Қандай зат болса 
да, оның орын алатыны бізге белгілі. Егерде бір заттың алып 
тұрған  орнын  өлшеген  болсақ,  пәлендей  орын  алып  тұр 
дейміз. Өлшемеген болсақ, пәлен зат зор, не болмаса кіші, 
яки пәлен зат пәлен заттың не оң жағында, не сол жағында 
тұр дейміз. Сыртқы дүниедегі заттың өзі түгіл ол заттың ісі 
де белгілі бір орын алады, яғни белгілі бір орында болады. 
Мысалы, жүру – адамның ісі. Осы іс белгілі орында болмай 
ма? Әрине. Ал еңді жан көріністері белгілі орын иелемейді. 
Мысалы, біз бір ойымызды пәлендей орын иелеп тұр, яки 
пәлен ой пәлен ойдың оң жақ, яки сол жағында тұр деп айта 
алмаймыз. Жан көріністері жалғыз уақытпен ғана өлшенеді. 
Біз жан көріністері туралы, ой туралы пәлен уақытта болды, 
яки қазір ғана болып тұр дей ғана аламыз. Бұл – бір айырма.
2) Сыртқы дүние заттары һәм көріністері сезім мүшелері 
арқылы білінеді. Мысалы, бір малды көріп, бір иісті иіскеп, 
жылылықты  сипап  білеміз.  Ал  енді  жан  көріністерін 
сыртқы  сезімдермен  білуге  болмайды.  Мысалы,  ұялу 
деп  аталған  жан  көрінісін  не  көріп,  не  татып,  қысқасы 
сезім мүшелерінің біреуімен біліп бола ма? Әрине, жоқ. 

52
C
C
Шығармалары
C
C
Біз  екінші  адамда  болып  тұрған  жан  көрінісін  өзімізді-
өзіміз сынаумен ғана білеміз. Мысал үшін ұялу деген жан 
көрінісін алайық, қасымызда бір кісі бір орасан істі істеді 
де,  қызарып  кетті,  біз  осы  кісіде  ұялу  жан  көрінісінің 
болғанын біле қоямыз. Мұны қалай білдік. Ұят деген бір 
зат болып көзімізге көрінді ме? Яки иіс болып мұрнымызға 
келді ме? Жоқ, бірі де болған жоқ. Біз жалғыз-ақ қарсыда 
отырған кісінің бетінде кенет қызылдық көрдік, басқа еш 
нәрсе сезгеніміз жоқ. Олай болса жаңа қарсыдағы адамда 
ұялу жан көрінісі болды деген білім бізге қайдан келді? 
Мұның мәнісі мынау: күндерде бір күн біз де орасан бір іс 
істеп, жанымыз қысылып қалған, яки ұялған, жанымызда 
осы ұялу көрінісі болып қалған уақытта бетіміз дуылдап, 
қып-қызыл болып кеткен, сонда біз біліп қойғамыз: «Ә-ә-ә... 
жанда ұялу көрінісі болғанда бет қызарады екен» деп. Жаңа 
қарсымыздағы адам қызарғанда біздің оны ұялды дегеніміз 
осы. Яғни ана адамның бетінде қызылдықты көргенде, біз-
дің өз басымыздан кешкен іс есімізге түсе қалды, яғни біз 
өзі мізді-өзіміз сынай қойдық. Қысқасы, жан көріністерін 
адам сыртқы сезімдерімен біле алмайды, өзін сынап қана 
біледі.
3) Сыртқы дүниеде бірнеше заттар, яки көріністер бір 
уақытта бола береді. Мысалы, денеде қан жүру, дем алу 
сықылды  дене  көріністері  бір  уақытта  болып  жатады, 
біріне-бірінің  бөгеті  жоқ.  Ал  енді  жан  көріністері  бір 
уақытта  болмайды.  Олар  бірінің  артынан  бірі  болады. 
Мысалы,  біз  бір  уақытта  екі  ой  ойлай  аламыз  ба?  Жоқ. 
Дұрыс, кей уақытта ойлар бірінің артынан бірі нажағайдың 
жарқылындай  тез-тез  келгенде,  бізге  осы  ойлар  бір-ақ 
уақытта болған сықылды көрінеді. Бірақ бұл көрінуі ғана, 
шынында әрқайсысы әр уақытта, яғни бірінің артынан бірі 
келіп-кетіп жатыр.

53
C
C
М. Жұмабаев
C
C

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет