Жан көріністері мен дене көріністері
арасындағы байлам
Жан көріністері мен дене көріністері арасында қанша
айырма болғанымен, араларында тіпті жақындық жоқ емес,
қайта бірлік, байлам бар. Дене жанға, жан денеге байлаулы,
біреуінің біреуінсіз күні қараң.
Өзімізге мәлім: денеміз сау болса, жанымыздың ісі де
сау, жақсы болады. Яғни ақылымыэ түзу, сезіміміз дұрыс,
қайратымыз берік болады. Егерде денеміз ауру болса,
яки жұмыс қылып шаршаса, жанымыз да ауру, жанымыз
да шаршайды. Басқа ауру, мидың ауруы жан ісіне жаман
әсер қылады. Нашар ауа басты айналдырып, қанды дұрыс
жүргізбей, денеге әсер қылады да, жанға барып қол салады.
Яғни жанның ісі шабандайды, бұзылады. Ой күңгірт тар-
тады, сезім топастанады. Қайрат жасиды. Денең салбырап
ауырған кезде ыстық қою шайды ішіп жіберсең, денең
жадырап кетеді. Денең жадырап кеткен соң, жаның жады-
рап кетеді. Бұл мысалдармен біз жанның денеге байлаулы
екенін көрсеттік. Ал еңді дене де жанға байлаулы, жан
көріністері денеге қатты әсер береді. Адамның көзқарасы,
дауысы, аяқ басуынан жанның қандай күйде екені көрініп-
ақ тұрады. Қайғы һәм ойлау денені жабықтырады, қуаныш
адамды күлдіреді. Бетке қан жүгіртеді. Ақынның «бетке
шықпай қала ма жүрек ізі» дегені жанның жайын білетіндігі
ғой. Қорыққанда дене дірілдеп, қан қашып кетеді. Аса қатты
қорыққаннан, яки аса күшті қайғыдан бірнеше сағатта
шаштары аппақ болып қалғандар да болған. Міне, жан
көрінісінің денеге әсер беруі қандай дәрежеге жетеді.
54
C
C
Шығармалары
C
C
Жан көріністерін үйрену жолдары
Әр нәрсені үйренудің белгілі түзу жолдары бар. Жан
көріністерін үйренудің жеке жолдары бар.
Өзін бақылау жолы
Жан көріністерін үйренудің жолы, бірінші – өзін ба қы-
лау. Адам өз жанының көріністерін өзі бақыламаса, жан
кө ріністерімен таныс бола алмайды. Мысалы, ашу, қуаныш
сықылды жанымыздың көріністерін бақыласақ қана біз
олардың қандай мінезде екенін һәм араларында қандай
айырма бар екенін біле аламыз. Бірақ бір жан көрінісін
сол көрініс болып тұрғанда бақылау оңай емес. Себебі өзін
бақылау деген сөз адамның яғни жанның бір уақытта екі
іс істеуі, әрі ба қылаушы, әрі бақыланатын зат болуы деген
болып шығады. Бұл істе мүмкіндік аз. Бұған мысал алайық.
Менде ашу деген жан көрінісі болып тұр, яғни мен ашула-
нып тұрмын. Егерде мен осы ашуланып тұрғанымда осы
ашу көрінісін бақылай бастасам, яғни ашудың тууына не
себеп болды, ашу деген қандай нәрсе екен деп ойлай баста-
сам, сол ашу бұрынғы күйінде тұра ма? Әрине, тұрмайды.
Мұндай ойға кірісумен ашудың күші кеми бастайды. Осы
мен неге ашуланам деп ойлай бастасаң, ашуың біте қалады.
Міне, өзін бақылаудың оңай емес екендігі осыдан көрінеді.
Әйткенмен де, жан көрінісі артық күшті болмаса, өзін
бақылауға болады. Мысалы, жеңіл ашуланып отырған адам
сол ашуының себебін тексеріп отыруға мүмкін.
Бірақ өзін бақылау деген сөздің шын мағынасы – өткенді
еске түсіру деген сөз. Мысалы, ашу деген жан көрінісін
бақылау үшін біз бұрын өткен бір ашуымызды, яғни
бұрынғы бір ашуымыздың не себептен туғанын, қалай кү-
шейгенін, қандай мінезді болғанын һәм қалай басылға нын
еске түсірсек, сол уақытта біз ашу деген жан көрінісін өзін
бақылаған жолмен бақылаған боламыз. Өзін бақылау деген
55
C
C
М. Жұмабаев
C
C
сөз – бұл мағынада бұрын болып озған жан көріністерін ес-
ке түсіріп тексеру деген сөз болып шығады. Адамға өзін-өзі
тексеру, өзіне-өзі есеп беру деген оңай нәрселер емес. Өзін-
өзі тексеріп, қаталарын көруге адамның менмендігі бөгет
болады. Әйткенмен де, бұл адамның өзін-өзі тексеруі –
оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне
бірінші шарт. Өз қатасын көре білген адам келешекте сол
қатаны істемеуге ұмтылады Адамның өзін-өзі яғни өз
қатасын өзі көре білуі оның жанының идеалға, қасиетті
қияға ұмтылатын мінезі барлығын көрсетеді.
Міне, осы себептен зор жазушылардың өздері жазған
әсерлеріне көңілі толмайды. Қайта-қайта түзейді. Жазаласа,
өртеп, жыртып та жібереді. Жалба-жұлба киім киіп, аш-
жалаңаш жүретін бұзақылық, күнә деген нәрсені білмейтін
дуаналардың өз кеуделерін өзі жұдырықтап:
Кешіре гөр, құдайым,
Көп қой менің күнәйім,–
деп зарлаулары өздерін тым тексеріп, кішкене қаталарын
тым зор көріп жіберулерінен, жандары ұмтылатын қияның
тым биік болуынан ғой. Дұрыс, адамның бәрі дуана
болмағанмен, өзін тексермесе, адам ілгері баса алмайды.
Өзінен ешбір кемшілік көрмей, қата таппай, өзіне-өзі риза
болып, мәз болып жүретін адам зор адам емес, шөбір адам
болады. Жаны жабайы, ауданы тар болады.
Бақылау
Жан көріністерін үйренудің екінші жолы – бақылау, яғни
бір адамның өзінен басқа адамдардың жан көріністерін
бақылауы. Бірақ, біз жоғарыда айтып өткеміз, жан көрі-
ніс терін сыртқы сезімдермен бақылауға болмайды деп.
Сондықтан басқа адамның жан көріністерін бақылау де-
генде оның жан көріністерінің сыртқы белгілерін бақылау,
56
C
C
Шығармалары
C
C
тексеру керек деп ұғу керек. Мысалы, біреудің пішініне,
қозғалуына, сөзіне, жүріс-тұрысына қарап, бақылап, солар
бойынша жан көріністерін тексереміз.
Біз егер өзін бақылау жолымен басқа адамдардың жан
көріністерін бақыламасақ, біздің жан көріністері туралы
біліміміз толық болмас еді. Сондықтан байқауы көп адам
бір адамның пішінінен, жүріс-тұрысынан, бір-екі ісінен,
біраз сөзінен ол адамның қандай мінезді екенін біліп ала
қояды. Мүмкін болғанша тәрбиешінің шыншыл «физио-
номист» болуы керек.
Жан тұрмысының түзу болу шарттары
Жан тұрмысының, жан көріністерінің түзу, сау болуы
үшін нерв системасының сау болуы шарт.
Нерв системасы
Жан тұрмысын жарыққа шығаратын жан мен дене ара-
сында тіл хатшы болатын құрал, жан мен денені бір-біріне
байлайтын байлам-нерв системасы деп аталады. Нерв си-
стемасы екі бөлімнен тұрады: орда бөлім (ми, жұлын) һәм
бұтақ бөлім. Нерв системасының бәрінің түбі – бастағы
ми. Мидан 12 егіз нерв шығады. Бұл нервілер мидан
шығысымен бұтақтанады. Онан соң бір-біріне қосылады,
бір-бірімен топталады. Барып-барып тағы бұтақталып,
денеге жайылады. Бұлардың кейбіреулері теріге барып
бітеді. Кейбіреулері сыртына шығып, жат бір түрде
шоғырмақталып бір құрал болып, аппарат болып бітеді.
Нерв системасының қызметі
Нерв системасының ағасы, биі – ми. Ми – жанның
құралы. Жан ми арқылы сыртқы дүниеде һәм өз денесінде
не болып жатқанын біледі. Миды жұмсап, жан денені
57
C
C
М. Жұмабаев
C
C
қозғайды. Егер ми зағып болса, яки зиянданса, адамның жан
тұрмысы дұрыс болмайды. Мидың белгілі бір жері зиян-
данса, адамның қол-аяғы қозғалмай қалады, яғни «паралич»
болады. Мұны біздің қазақ «пері соққан» дейді. Яки тілі,
кеңірдегі сау болып тұрса да, сөйлей алмай тілсіз болып
қалады. Яғни афазия ауруы пайда болады.
Ал енді мидан шығатын нервілер телеграмның сымы
сықылды мидан денеге, денеден миға бұйрық тасиды. Бұл
нервілер қызметтеріне қарап екіге бөлінеді. Біреулері әсерді
сыртқы дүниеден, яки денеден ордаға, яғни миға алып ба-
рады. Бұл нервілер сезу нервілері, яки ордаға ұмтылатын
нервілер деп аталады. Бұл нервілер арқылы біз салқын,
жылымық, жарық, дауыс сықылды сыртқы дүние көрініс-
те рін білеміз. Ал енді біреулері әсерді ордадан нервінің
ұшына алып барады. Бұлар қозғау нервілері, яғни ордадан
қашатын нервілер деп аталады.
Бұл нервілер арқылы біз қол-аяқ һәм бар денемізді
қозғаймыз. Егерде бір мүшенің сезу нервілері кесілсе, мы-
салы, саусақтың, ол уақытта саусақ еш нәрсені сезбейтін бо-
лады. Егерде, мысалы, саусақтың қозғау нервілері кесілсе,
ол уақытта саусақ тіпті қозғалмайтын болады.
Нерв системасының саулығын сақтау
Жоғарыда айтылғаннан нерв системасының қандай нәзік
һәм қандай қымбат екендігі ашық көрініп тұр. Олай болса,
жалпы нерв системасын, әсіресе миды сау қылып ұстап,
оған зиян келтірмеске керек... Мысалы, балаға миға зақым
келтіретін ойын ойнауға жарамайды. Және баланы басқа
ұру жарамайды.
Балаға насыбай атқызуға, шылым тартқызуға жарамай-
ды. Біздің қазақтың кейбір атқа мінгендерінің жап-жас
баласына шылым тартқызып, «қарағымның аузынан түтінді
пәлен төредей шығаруын қарашы» деп қарқ-қарқ күліп мәз
58
C
C
Шығармалары
C
C
болатындары бар. Мұның надандық, есерлік екендігінде не
сөз бар? Балаға алкоголь, яғни мас қылатын арақ тұқымды
нәрсені ішкізудің дұрыс еместігі өз-өзінен белгілі тұр.
Нерв системасын өсіру һәм берік қылу
Нерв системасының сау болуы керек болған сықылды,
оның дұрыс өсуі һәм берік болуы да керек. Бар дененің
жақсы өсуінің шарты денені тек жатқызбай жұмыс
қылдыру болса, нерв системасының жақсы өсуінің һәм
берік болуының да шарты сол. Нерв системасына әсіресе
миға істететін жұмысы сол мидың өсу дәуірлеріне тура
келетін болсын. Есте болсын, адамның бар денесі бастапқы
кезде өсуді ғана біледі. Біраздан қозғалымпаз һәм сезімпаз
болады. Ұлғая келе ғана адамда есті тұрмыс басталады.
Сондықтан балаға бастапқы кезде оның сыртқы сезімдерін
ұлғайтатын һәм дене мүшелерін көп қозғалтатын жұмыстар
істету керек. Сурет салдыру, жабыстыру (балшықтан түрлі
заттар жасау), қол еңбегі һәм гимнастика сықылды. Мұнан
соң бала ұлғая, өсе келе оның істейтін жұмыстары да
тереңдей беру керек. Қысқасы, нерв системасының тәрбиесі
дененің өсуіне қабысып отыруға тиісті. Белгілі жолдармен
басқыштап тәрбие қылынған ми сау, өткір һәм талмайтын
берік болады. Миын іскер қылып үйренген адам қартайып,
бар денесі қаусап іске жарамай отырған күнде де сау милы,
дұрыс ойлы болады. Ал енді «жасыңда қылжың болсаң,
өскенде мылжың боларсың» деген мақал ып-ырас.
Мидың қажуы һәм оны тынықтыру. Ми – дененің бір
мүшесі. Ол жұмыссыздықтан қажыған сықылды жұмыстан
да қажиды. Қажыған соң тынығуды керек қылады. Миды
бет алдына жұмсай беру күшін азайтады, хатта оны паралич
соғып, адам есалаң болып қалады. Денемен жұмыс қылсаң
да, мидың өзімен жұмыс қылсаң да, мида бір у пайда болып
отырады. Сол уды қан жуып алып кетіп, миды тазартып
59
C
C
М. Жұмабаев
C
C
отырады. Егерде жұмыс тым қатты болса, миға у тым көп
жиылады да, қанның жуып алып кетуіне шамасы келмей
қалып, нерв системасының бәрі уланады. Және миға қатты
жұмыс істеткенде, қан миға ұмтылып, өзге дене ашығып
қалады да, әлсірейді, сола бастайды. Міне, осы себептен
ақылға жұмыс қылдырғаннан кейін әр уақыт тынығып
отыру керек.
Тынығу екі түрлі болады: не біржола жұмысты доғару,
не болмаса жұмысты жаңарту. Жұмысты жаңартқанда да,
яғни бір жұмыстың орнына екінші жұмыс қылғанда да адам
тынығады. Мысалы, көру жұмысынан соң (оқу, жазу) есту
жұмысына көшсе (әңгіме тыңдау), бала әжептәуір тынығып
қалады. Әйткенмен бұл тынығу жұмысты біржола доғарып
тынығуға жетпейді. Әсіресе жас балаларды жиі-жиі
жұмыссыз тынықтыру керек. Ал енді тынығу уақытында
бала не қылады? Бұған жауап беру үшін мынаны білу ке-
рек: бала қозғалмай отыра алмайды. Баланы ең қажытатын
нәрсе – тек отыру. Сондықтан баланы тынықтыру дегенде
оны таза ауада ойнату, таза ауада гимнастика жасату деп
ұғу керек. Ойын һәм гимнастика туралы алдымызда тағы
сөз қозғармыз.
Жан көріністерін таптапқа бөлу
Жан көріністері қанша түрлі болғанмен, оларды түп
не гіздері бойынша үш тапқа бөлуге болады: білу яки ақыл
көріністері, ішкі сезім көріністері һәм қайрат көріністері.
Қа зақтың данышпаны Абай бұл үш тапты ақыл, жүрек,
қайрат деп атайды. Біз бір заттың яки көрінісінің сынын
белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды
яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз,
қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемекші бола-
мыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі.
60
C
C
Шығармалары
C
C
Жан тұрмысының бірлігі. Адамның жан көріністері
жоғарғы үш тапқа бөлінгенімен, бұл үш тап бір-біріне
жуымайтын емес, бұл үш таптың арасында берік байлам
бар. Яғни адамның жан тұрмысында бірлік бар. Екінші
түрлі айтқанда, адам бір іс істегенде, осы үш тап жан
көріністерінің үшеуі де қатынасады. Мысалы, біздің бір
саусағымыз ауырды. Сонда біз саусағымыздың ауырғанын
сеземіз. Бұл – ішкі сезім ісі. Саусақтың ауырған себебін
тексереміз. Бұл – ақыл ісі. Сол ауруды жеңілдетуге, бітіруге,
жазуға ұмтыламыз. Бұл – қайрат ісі. Ал енді адамның әрбір
ісіне осы үш тап жан көріністерінің үшеуі қатынасатын
болғандықтан, сол ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей
тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті. Бір адамның осы
үш тап жан көріністері тең болмай, біреуі таразыны басып
билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес. Бұл туралы
данышпан Абайдық төмендегі сөзі шын дұрыс сөз.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды асық жүрек,
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
61
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Ақыл көріністері яки жанның білуі.
Әсерлену
Әсерлену ұғымы. Нерв системасы алып келген әсерді
жанның ұғуы, аңдауы әсерлену деп аталады. Жан алдымен
білімді осы әсерлену арқылы алады.
Әсерлену көрінісі қалай болады? Әсерлену көрінісінің
болуы былайша: сыртқы дүниедегі бір зат біздің денемізге,
яғни нервінің ұшына (периферия нервілеріне) әсер қылады.
Мысалы, дауыс құлақ нервісіне әсер қылады. Осы әсерді
нерв орда нервіге, яғни миға алып барады. Ми осы келген
әсермен әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады.
Міне, осы нерв системасы алып келген әсерді жанның
аңдауы – әсерлену деп аталады.
Әсерлену көрінісінің болу шарттары. Жанда әсерлену
көрінісі болу үшін төмендегі шарттар табылу керек.
1) Әсер білінгендей күшті болсын. Яғни әсер тым әлсіз
болса, яки тым күшті болса, әсерлену болмайды. Мысалы,
бетке шаң қонады. Сол шаң беттегі нерв ұштарына, әрине,
әсер бермей қоймайды. Бірақ бұдан әсерлену болмайды.
Яғни жан бетке шаң қонғанын білмейді, аңдамайды. Мұның
себебі әсердің тым әлсіз болғаны. Және әсер тым күшті бол-
са да, әсерлену болмайды. Мысалы, күшті дауыс құлақты
тұндырады, шулатады. Бірақ одан жан дұрыс әсерлену ала
алмайды.
2) Бір әсерден соң екінші әсерге шейін белгілі бір уақыт
өтсін, яғни бірі артынан бірі болған екі әсерден екі әсерлену
болу үшін екі әсердің арасында белгілі бір уақыт өтуге
тиісті. Мұның мәнісі мынау: сыртқы бір заттың нервке
берген әсері тоқталған күнде не нервтің өз-өзінен біразға
шейін қытығы басылмай тұрады. Сондықтан екінші әсер
бірінші әсердің артынан іле-шала келсе, екі әсер қосылып
кетіп, екеуінің де мінездері өзгереді. Мысалы, зырылдауық
62
C
C
Шығармалары
C
C
қатты айналғанда, бір дөңгелек болып қана көрінеді. Егер-
де сол зырылдауықты түрлі бояуға бояп зырылдатсаң, ана
бояулардың бірі көрін бей, зырылдақ сұр болып көрінеді.
3) Әсер миға барып жетсін, һәм жан миға келген әсерге
іскерлігін жұмсасын. Егерде әсер миға барып жетпесе,
әсерлену болмайды. Мысалы, көру нервісін мидан айырсақ,
жанда көру әсерленуі болмайды. Және миға келген әсерге
жанның іскерлігін жұмсауы шарт. Бұлай болмаса, яғни
жанның іскерлігі басқа затта отырса, жанда әсерлену
болмайды. Мысалы, біз бір қызық кітап оқып, яки қызу
әңгіме ге кіріп отырсақ, есіктен кірген адамды байқамаймыз.
Қан майданда көзіне қан толып жан алып, жан беріп
жүрген жауынгер денесіне түскен жараны сезбейді дейді.
Грек ғалымы Архимед туған, өскен шаһарына жау кіріп,
шаһар іші азан-қазан, айғай-ұйғай болып жатқанда, ешбір
дыбыс естімей, өзінің ойына батып, бір сызықтарын сызып
отырды дейді.
Әсерленудің іші, күші һәм тоны. Әсерленудің сын-
сипаты әсерленудің іші деп аталады. Яғни біз бір сыртқы
сезім арқылы болатын әсерленуден екінші сыртқы сезім
арқылы болатын әсерленуді айырамыз. Мысалы, бір дыбыс-
ты, түсті, иісті, дәмді бір-бірінен айырамыз. Мысалы, қара-
ны ақтан, жусан иісін сасыр иісінен айырамыз.
Түрлі сезім арқылы алынатын әсерленулердің, хатта бір
сезім арқылы алынатын әсерленулердің арасындағы айыр-
ма зор. Зорлығы сонша: оларды-бір-бірімен салыстыруға
болмайды. Мысалы, біз қызыл түс пен тәтті дәм арасында,
яки жусан иісі мен адамның айғайы арасында қандай ай-
ырма барын, яки қызыл түс пен сары түс арасында, тұщы
дәм мен ащы дәм арасында қандай айырма барын айта
алмаймыз. Себебі, бұларды салыстыруға мүмкін емес. Бір
әсерленудің сынын білу үшін сол әсерленудің адам жанын-
да болуы шарт. Мысалы, тума соқырға түстің не екенін,
63
C
C
М. Жұмабаев
C
C
тума саңырауға дыбыстың не екенін ұқтырып болмайды.
Себебі олардың жаны дыбыстан, түстен әсерленіп көрген
емес.
Әсерлену көрінісінің дәрежесі әсерленудің күші деп ата-
лады. Мысалы, біз ауыр салмақ пен жеңіл салмақты, қатты
дыбыс пен ақырын дыбысты айырамыз. Әсерленудің күші
сыртқы әсердің күшіне байлаулы. Сыртқы әсер күшті болса,
әсерлену де күшті болады. Бірақ әсерленудің дәрежесінің
артуы әсер дәрежесінің артуына ылғи тура келіп отыр-
майды. Яғни әсер бір есе күшейгенде, әсерлену де бір есе
күшейіп, яки әсер екі есе күшейгенде әсерлену де екі есе
күшейіп отырмайды. Мысалы, бір қолға бір қадақ гир ұстап
тұрып, тағы бір қадақ гир алсақ, салмақтың артқанын, яғни
әсерленудің күшейгенін айқын сеземіз.
Ал енді, егер біз қолымызға бір пұт гир ұстап тұрып
сол бір пұтқа бір қадақ гир қоссақ, онда салмақтың
артқанын тіпті сезбейміз. Күшею үшін әр түрлі әсерлену
әсердің әр түрлі өсуін тілейді. Мысалы, салмақ һәм дыбыс
әсерленулері күшею үшін әуелгі әсердің үстіне жаңадан
сол әсердің өзінің үштен бірі қолданылуы шарт. Ал енді
жарық әсерленулері күшею үшін яғни күшейгені сезілу
үшін әсердің тағы жүзден бірі қосылуы шарт.
Әсерленудің жұғымды яки жұғымсыз болуы әсерленудің
тоны деп аталады. Мысалы, дыбыс әсерлеулерінің жұғым-
ды һәм жұғымсызы бар. Бақырған дауыс – жұғымсыз.
Қоңыр әуен – жұғымды. Әсерленудің тоны көбінесе
біздің денеміздің қандай күйде екенін көрсетеді. Дене
сау болса, әсерлену жұғымды болады. Дене ауру болса,
әсерлену жұғымсыз болады. Мысалы, ауру адамға еш
нәрсе ұнамайды. Нағыз жұғымды әсерленулер де оған
ләззат бермейді. Кейбір аурулар тіліне бұрыш яки насыбай
салғанда, хатта аяғын кескенде аурудың не екенін сезбейді.
Есалаң адам өз денесін өзі тас-талқан жара қылса да, ауруды
білмейді.
64
C
C
Шығармалары
C
C
Әсерленулерді орындастыру. Әсерлену орда нервте,
мида, жұлында ғана болса да, денеміздің қай жеріне әсер
болса, біз әсерленуді сол жерге алып барамыз. Мысалы,
саусағымызды суық затқа тигізгенде, суық саусаққа әсер
бергендіктен, біз суық әсерленуін саусаққа алып барып
жапсырамыз. Яғни саусақ тоңды дейміз. Міне, осы әсер
денеміздің қай жерінде болса, сол жерге әсерленуді орын-
дастыру.
Перцепция. Әсерленуді туғызған себепті яки затты табу
перцепция деп аталады. Мысалы, біз бір саусағымызды
шоққа басып алып күйдіріп алсақ, біздің жанымызда күю
әсерленуі пайда болады. Сол уақытта біз алдымен қай
жерде әсер болғанын табамыз (локализация), одан соң не
себептен бұл әсерлену болғанын, яғни саусақты шоққа ба-
сып алғаннан мынау әсерленудің болғанын ойлап табамыз
(перцепция).
Апперцепция. Әсерленуді бұрынғы болған тәжіри-
белермен толықтыру апперцепция деп аталады. Мысалы,
біз бір шағым қант көрсек, соның бір ақ зат екендігі туралы
әсерлену алып, осы әсерленуді бұрынғы тәжірибемен яғни
қанттың қаттылығы, тәттілігі һәм суға салғанда еритіндігін
еске түсіріп толықтырамыз.
Перцепция мен апперцепция арасындағы байлам мы-
на дай: перцепция неғұрлым күшті болса, апперцепция
сонша әлсіз болады. Һәм керісінше, апперцепция күшті
болса, перцепция сонша әлсіз болады. Мысалы, бір затты
ең алғаш көргенде бізде перцепция күшті. Көп көргенде
апперцепция күшті.
Ал енді апперцепция перцепцияны тіпті жеңіп кететін
болса, ол уақытта адамда иллюзия яғни сезім алдауы пайда
болады.
Иллюзия – болып тұрған әсерленуді бұрынғы әсерлену
жеңіп кеткенде болатын сезім алдауы. Келе жатқан бір
65
C
C
М. Жұмабаев
C
C
кісі ні екінші біреу деп ойлап қалу, шілікті қасқыр деп
білу, міне, осылар – иллюзия. Аристотель тәжірибесі яғни
орта саусақ пен сұқ саусақты айқастырып (ортаны сұқтың
үстіне салып), екеуінің арасында бір домалақ нәрсені
домалатқанда, әлгі бір домалақ нәрсенің екеу болып көрінуі,
бұ да иллюзия. Екі қолымызға екі ыдыс алсақ, екеуі бір-
біріне тіпті ұқсас болса, екеуі де бір нәрседен жасалған
болса, екеуінің салмағы да бірдей болса, бірақ екеуінің
зорлығы екі түрлі болса, осы екі ыдысты біз екі қолымызбен
көтерсек, бізге зор ыдыс жеңіл көрінеді. Мұның себебі – біз
зор нәрсенің салмағы ауыр болатындығына әдеттенгенбіз.
Зор ыдысты көтермекші болғанда біз мұның салмағы ауыр
ғой деп күшті көп даярладық. Бірақ күткеніміздей күшіміз
көп жұмсалмай қалды. Сондықтан зор ыдыс бізге жеңіл
болып сезіліп отыр. Міне, бұ да иллюзия.
Достарыңызбен бөлісу: |