Бала әсерленулері мен жеткен адам әсерленулері
ара сындағы айырма. Бала әсерленулері бастапқы кез-
де тұ манды болады. Бала әсерленудің ішін де, күшін де
айыра алмайды. Және бала локализация, перцепция һәм
апперцепцияны да жасай алмайды. Айталық, баланың
қолы ауырады екен, бала құр жылайды, тынышсызданады.
Яғни балада ауру әсерленуі болады. Бірақ бұл әсерлену
қай жерден болып тұр, оны білмейді. Ауырған жерінің аяқ
екенін білмейді, яғни әсерленуге локализация жасай ал-
майды. Және осы аурудың не себептен болғанын білмейді,
яғни перцепция жасай алмайды. Балада апперцепция жоқ.
Сондықтан шоққа қолын басып алады. Шыр ете түсіп, тағы
апарып басады. Бұл істерге бала бірте-бірте, әсіресе сипау
һәм көру сезімдері арқылы үйренеді. Шоққа қолын көбірек
басса, күю қолда болғанын, оны күйдірген шоқ екенін,
шоқтың күйдіретіндігін біледі.
Әсерленуді бөлу. Барлық әсерленулер екіге бөлінеді:
жалпы сезім яки дене әсерленулері һәм сыртқы сезім
әсерленулері.
66
C
C
Шығармалары
C
C
Жалпы сезім яки дене әсерленулері. Дене әсерленулері
денеміздің қандай күйде екенін білдіреді. Дене әсерленуле-
рін былай бөлуге болады: 1) ет әсерленулері (кесіп, соғып
алғанда, ұйып қалғанда, шаршағанда, демалғанда болатын
әсерленулер); 2) нерв әсерленулері (нервтің солуы һәм ау-
руы, саулық әм жадырау әсерленулері); 3) тамақтану һәм
қан жүру әсерленулері (ашығу, сусау, жүрек айну һәм жүрек
ауырғанда болатын әсерленулер); 4) дем алу әсерленулері
(тұншыққанда, жөтелгенде, таза ауаға шыққанда болатын
әсерленулер); 5) жылылық, суықтық әсерленулері.
Бұл дене әсерленулерінің адамның дене тұрмысына
болмаса, білу-ақыл тұрмысына артық пайдасы жоқ. Бірақ
бұлардың дұрыс тәрбие қылуы адамның ақыл тұрмысына
да әжептәуір әсер береді. Мысалы, ерке болып, тым
бетімен өскен бала дене тұрмысы кішкене ғана бұзылса
да, айталық, бір жеріне бір нәрсе тиіп кетсе де, кішкене
жөтелсе де, жылап, тынышсызданып, мазаны алады. Бұл
дене әсерленулерінің жақсы тәрбие қылынбағандығынан.
Сыртқы сезім әсерленулері. Сыртқы сезім – 6: көру,
есту, иіскеу, тату, сипау, ет сезімі. Осы 6 сезім бізді сыртқы
заттармен таныстырады. Яғни олардың түсі, түрі, дәмі, иісі
һәм басқа сындарымен адам жанына түрлі білімді осы 6
сезім береді. Бұлар түгел болмаса, адамның жан тұрмысы
түгел болмақ емес. Бұл алтаудың ішінде адамның жаны
үшін аса қымбаттары – көру мен есту. Бұлардан соңғы –
сипау. Сипау – ет сезімі. Ал енді иіскеу мен тату сезімі жан
тұрмысы үшін аса қымбат сезімдер емес. Бұлар көбінесе
дене тұрмысына қызмет қылады.
Сыртқы сезімдерді тәрбие қылу. Сыртқы сезім адам-
ның жан тұрмысы үшін аса қымбат болғандықтан, баланың
бұл сезімдерін аса жақсы тәрбие қылу керек. Бірінші, бұл
сезімдердің сау һәм берік болуына, екінші, бұл сезімдердің
өткір, терең, дұрыс болуына ыждиһат қылу керек. Және
67
C
C
М. Жұмабаев
C
C
бұл сезімдерді тең тәрбие қылу керек. Бұлардың біреулері
жақсы тәрбие қылынып, біреулері нашар тәрбие қылынса,
жан-тұрмысы да тегіс, бүтін болмақ емес. Онда да кетіктік,
кемдік болмақ.
Енді сыртқы сезімді жеке-жеке тексерейік.
Көру. Көру құралы – көз. Көз ұясы деп аталған шұңқыр-
дың арт жағында мидан көру нервтері келіп бұтақтанады.
Сыртқы дүниедегі бір зат яки бір көрініс көру нервтеріне
әсер береді. Нервтер бұл әсерді миға алып барып, миды
оятады. Мидан әсерді жан қабыл қылып алып, жанда көру
әсерленуі болады. Таза көру әсерленулері екеу: жарық
әсерленулері һәм түс әсерленулері. Бұлардан басқа тағы
екі әсерлену бар: заттың қозғалысы һәм түрінен әсерлену,
екінші түрлі айтқанда, зорлық һәм қашықтық әсерленулері
ұзақ тәжірибелерден соң ғана болады. Бұл сөздің дәлелі
мынау: тума соқыр адам операция жасап доктор көзін
ашып жібергенде заттардың түрін айырмайды дейді.
Мысалы, заттардың қайсысы домалақ, қайсысы төрт
бұрышты екенін айырмаса керек. Және көзі ашылған тума
соқыр заттардың қашықтығын да айырмайды дейді. Яғни
заттардың бәрі көзге жап-жақын тұрғандай. Аяқ аттаса
соғылып қалатындай көрінсе керек. Тегінде жас бала да
бастапқы кезде осы көзі жаңа ашылған тума соқыр сықылды
болатын шығар-ау.
Баланың көру әсерлері. Баланың көру сезімі бірте-бірте
көп тәжірибелер арқылы ғана ұлғаяды. Бастапқы кезде
баланың көзі тіпті көрмейді деуге болады. Жаңа туған
баланың көзіне жақындатып бір затты алып барсаң, бала
кірпігін де қақпайды. Тегінде баланың ұзақ уақыт кірпік
қақпауы – көрмегендіктен. Жұмыс қылмаған дене шаршай
ма? Қажи ма? Әрине, жоқ.
Бала ең алдымеи жарықты көреді, шамға қарайды. Шам-
ды жүргізсең, шамға еріп көзін жүргізеді. Бірақ балада екі
68
C
C
Шығармалары
C
C
көзбен бір жерге қарау тез болмайды. Баланың бір көзі бір
затқа қарағанда, екінші көзі екінші затқа қарап тұрады. Яки
басы бір жаққа бұрылғанда, көзі екінші жаққа қарап тұрады.
Үшінші айға қарағанда ғана бала екі көзімен бір жерге қарай
алады. Және бала бастапқы кезде көзін билеп, өзі тілеп, бір
затқа қарай алмайды. Баланың көзін билеп, өзі тілеп қарай
бастауы екінші айда басталады. Ал енді үшінші, төртінші
айда бала бақылап қарауға үйрене бастайды. Бұл уақытта
баланың бар ісі заттардың түсін һәм түрін айыру болады.
Үш жасқа дейін бала түстерді төмендегі тәртіппен айырып
үйренеді: сары, қызыл, күрең, қара, алқызыл, сұр, жасыл,
көк. Түр айыру қиынырақ болғандықтан, заттардың түрін
бала кеш айырады. Әйел бала түстерді, ер бала түрлерді
тезірек айырады деседі. Ал енді заттардың қашықтығын
айыру балаға өте қиын жұмыс. Алты айға толған бала да
кішкене саусақтарын жайып аламын деп айға ұмтылады.
Бала заттардың қашықтығын көп тәжірибелерден соң
ғана айыра бастайды. Екі жасқа қарағанда бала кәдімгідей
көретін болады.
Көру сезімін тәрбие қылу. Көру сезімін тәрбие қылу де-
генде алдымен көзді зиянды нәрселерден сақтау деп ұғу ке-
рек. Көзге шаң, түтін тигізбеу, көзді әлсін-әлсін жуып тұру,
былық саусақпен ұстамау, уқаламау, шағылыстырғандай
жарыққа қаратпау, қараңғыдан жарыққа кенет шығармау
керек. Және балаға нәрсені тым жақын алып келіп қаратпау
тиіс. Көз бен нәрсенің арасы 5–10 дюймнен жақын болма-
сын. Жақын қаратып әдеттендірсең, бала сығыр (близору-
кий) болады. Яғни сығалап қарамаса, көрмейтін болады.
Баланы нәрсеге түзу қаратпай, қисық қарату да зиянды.
Баланың жүре қыли болуы да осыдан.
Көру сезімін жақсы тәрбие қылу үшін көзді зияннан
сақтау ғана жетпейді. Бәлки, көру сезімінің күшті болуы-
на күш жұмсау керек. Біз жоғарыдағы сөзден білдік: бала
69
C
C
М. Жұмабаев
C
C
түрді, түсті һәм қашықтықты кеш айыратын көрінеді. Міне,
тәрбиеші балада осы әсерленулердің дұрыс оянуына көмек
көрсетуі керек. Яғни ойнау үшін түрлі түсті доп, түрлі
түсті қағаз һәм ағаш беруі мақұл. Бұлармен бала түстерді
айырып үйренеді. Ал енді заттардың түрлерін беріп үйрету
үшін балаға түрлі зорлықта һәм түрлі қағаз һәм ағаш беріп,
қағаздан түрлі зорлықта, түрлі түрде кескізіп үйрету керек.
Көру сезімінің күшеюі, ұлғаюы үшін ең пайдалы нәрсе –
балаға сурет салғызу. Сурет салу баланың көру сезімін
ұлғайту үстіне әдемілік сезімін де ұлғайтады.
Көру сезімінің жан тұрмысына керектігі. Сыртқы
алты сезім ішінде жан үшін ең қымбаты – осы көру сезімі.
Жанымызда болатын барлық әсерленулердің, екінші түрлі
айтқанда, біз барлық білімнің 3/4-ін осы көру сезімі арқы-
лы аламыз. Басқа сезімдер арқылы алынған білімдерді,
әсерленулерді көру арқылы анықтауға ұмтыламыз. Мыса-
лы, бір дыбыс естісек, сол дыбыс шығарған затты көргіміз
келеді. Хатта басқа сезімдерді жабайы, өтірікші көреміз.
Көзбен көрмеген соң қойшы дейміз. Адамның әдемілік
сезімінің ұлғаюына да көру сезімі көп көмек көрсетеді.
Әдемі түс, әдемі түр, жаратылыстың сұлу заттары,
сұлу көріністері адамның әдемілік сезімін тереңдетпей
қоймайды.
Есту сезімі. Есту сезімінің құралы – құлақ. Мидан
шығып, құлақта есту нервтері бұтақтанады. Бір дыбыс
осы есту нервтеріне әсер береді. Әсерді нервтер миға алып
барып, оны оятып, мидан жан қабыл алып, жанда есту
әсерленуі болады.
Есту әсерленулері екі топқа бөлінеді: шу һәм дыбыс.
Белгілі бір тәртіпсіз шыққан түрлі дыбыс жиынтығы шу
деп аталады. Желдің зуылы, судың сылдыры, жапырақтың
сыбдыры, күннің күркіреуі сықылды. Ал енді белгілі бір
тәртіппен шыққан түрлі дыбыс жиынтығы тура дыбыс деп,
70
C
C
Шығармалары
C
C
яки музыкалы тон деп аталады. Әннің әуені, домбыраның,
қобыздың күйі, адамның сөзі сықылды. Адам сөзі азғантай
ғана негізгі дыбыстардан яғни сол дыбыстардың бір-бірімен
бір олай, бір былай қосылуынан тұрады. Қазақ сөзі 24-ақ
дыбыстан тұрады.
Баланың есту әсерленулері. Бастапқы кезде бала тіпті
естімейді десе болады. Мысалы, жаңа туған баланың бесігі
жанында айғай салып сөйлескенде, оянбайды. Баланың есту
сезімі екінші, үшінші жетіде біліне бастайды. Төртінші
жеті де бала күшті дыбысқа селт етпесе, оның мылқау
бол ған дығы. Үшінші, төртінші айда балаға бесік жыры
әжеп тәуір әсер береді. Бұл уақытта бала дыбыстың жұмсақ,
қо ңырын, қатты, тынышсызын айыратын болады. 4–5 айда
бала дыбыстың қайдан шыққанын біліп, дыбыс шыққан
жаққа бұрылатын болады. Алты айда дыбысты өзі тілеп
тыңдайды. Бір жылдың аяғында дыбыстарды түгел айырып,
сөздерді ұғып, хатта сөйлеудің тонын, ыңғайын да (ашулы
сөз, жылы сөз) байқай алады. Екінші жасқа қарағанда бала
сөз дыбыстарын өзі айта алатын болады.
Есту сезімін тәрбие қылу. Баланың есту сезімін тәрбие
қылу – алдымен оның құлағын түрлі зияннан сақтау деген
сөз. Мысалы, баланы қисық яки еңкейтіп ұстау жарамайды.
Себебі, басқа шапшыған қан құлаққа зиян келтіреді. Қатты
дыбыс, құлаққа суық тигізу, шомылдырғанда су жіберу
жарамайды. Құлық ағып, яки басқа түрлі баланың құлағы
ауыра бастаса, тез докторға емдету керек. Надан алдауыш
дәрігерге емес, ғылым иесі докторға. Әсіресе қызылшадан
соң баланың құлағы ауырымпаз болады. Қысқасы, ауру
білінсе-ақ, емдету керек.
Баланың құлағын зияннан сақтаумен бірге баланың
сақ құлақ болуына да көмек көрсету керек. Құлақтың сақ,
естімпаз болуы үшін баланың түрлі дыбысты ести беруі
шарт. Сондықтан ана баланың жанында ешбір уақыт
71
C
C
М. Жұмабаев
C
C
үндемей отырмауы керек. Дұрыс, ол анасының сөзін
ұқпайды. Әйткенде де әдеттене берсін. Біз айтпай-ақ, ба-
ласы еш нәрсені ұқпаса да, баласын шын сүйген ана өзі-ақ
айналып-толғанып жатады ғой.
Қысқасы, балаға қандайда болса дыбыс естіртпей қою
дұрыс емес. Бала жансыз заттардан шығатын шуды, судың
сылдырын, жібектің судырын, шөптің сыбдырын, темірдің
қаңғырын, һәм жанды заттардан шығатын дыбыстарды,
жылқының кісінеуін, қойдың маңырауын, мысықтың мия-
уын, құстың шырылын ести берсін. Бала малдың дыбысына
еліктегіш болады. Бала қошақанша маңыраймын деп әуре
болып жатады.
Баланың есту сезімін ілгерілету үшін біраздан балаға
түрлі музыка құралдарының үнін естірте беру керек.
Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң, алдыңда отырған
бала тырп етпей, шын ынтасымен тыңдап отырмай ма?
Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін – бесік жыры.
Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына келген
ана аузына тас салғандай үндемей отырмасын. Жырлай
берсін. Бала сөзін ұқпаса да күйінен әсерленеді. Жас балаға
қазақтың «Әлди-әлди, ақ бөпем» деп басталатын ескі бесік
жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, сөзі де тәтті.
Біраз есейген балаға жырлау үшін қазақ әйелі төмендегі
бесік жырымен таныс болса игі болар еді.
72
C
C
Шығармалары
C
C
Бесік жыры
Күнім, айым,
Еркетайым,
Бөлейін енді.
Тыста дауыл,
Жатқан ауыл,
Ұйқың да келді.
Жұмсақ бесік,
Жылы төсек,
Жата ғой, қозым.
Әлди, бөпем,
Әлди, бөпем,
Ұйқта, жұм көзің.
Кұлыншақтар,
Қозы, лақтар,
Бәрі-ақ ұйқыда.
Сен жұлдызым,
Сен көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға.
Сая жаным,
Балапаным,
Соқсын дауыл, жел.
Болма алаң,
Сүйген анаң
Сақтар, анық біл!
Бәу-бәу, бөпем,
Бәу-бәу, бөпем,
Әлди-әлди-ай.
Сәулем, еркем,
Күні ертең
Толарсың сен-ай.
Пісіп алмам,
73
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Толып бағлан,
Жүгіріп жүрерсің.
Сұлу сүйрік,
Жорға жүйрік,
Тайға мінерсің.
Қара жарғақ,
Түлкі тымақ,
Шақтап киерсің.
Қуанып, қалқам,
Ерке марқам,
Қысып сүйермін.
Мініп тұлпар,
Алып сұңқар,
Тауға кетерсің.
Сен боп сөзім,
Жасты көзім,
Сағынып күтермін.
Қуып бақыт,
Тілеп тақыт,
Жолдар шегерсің.
Жүрек жара,
Мен бейшара,
Жастар төгермін...
Қайнап қаның,
Батыр жаның
Ерікке ұмтылар.
Сен еріме,
Жас бөріме
Қарсы кім тұрар?
Алмас қылыш
Найза құрыш
Белге буарсың.
Сен сырттаным,
74
C
C
Шығармалары
C
C
Арыстаным,
Жауды қуарсың.
Туған жерден,
Өскен елден
Ерге не қымбат?!
Жас жолбарыс,
Жаумен алыс,
Шаңға, қанға бат!
Айбатыңды,
Қайратыңды
Көріп қарт анаң,
Төгіп жасын,
Жайып шашын,
Тілер: «Бол аман!»
Күтем, күйем,
Көрсет, ием,
Сол алтын күнін!..
Ұйқың қатты,
Ұйқың тәтті,
Қозым, құлыным.
Жаным да сен,
Тәнім де сен.
Қарашығым-ай!
Әлди, бөпем,
Әлди, бөпем,
Әлди-әлди-ай...
Есту сезімінің жан тұрмысына керектігі. Адамның
дыбысы жан тұрмысына байлаулы. Жан жат болса, дау-
ыс та жат шығады. Жан күңгірт болса, дауыс та күңгірт.
Жанның терең түкпірінде жатқан ыстық сырларды ашып,
шешіп беретін адам сөзінен қымбат дүниеде не нәрсе бар?
Міне, бізді шет адамның жанымен шын табыстыратын
нәрсе – осы есту сезімі.
75
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Бізді сыртқы жаратылыспен таныстыратын да осы есту
сезімі. Біз егер жануарлардың шулауы, бұлттың күркіреуі,
судың сылдыры сықылды жаратылыстың түрлі әуенін
естімесек, жаратылыс бізге жансыз, мылқау болып көрінер
еді.
Есту сезімі адамның көру сезіміне де көп көмек көр-
сетеді. Көз нәрсенің сыртын көреді. Құлақ бізге бір заттың
ішін, жанын шешіп береді. Грек данышпаны алдында тұр-
ған кісіге: «Қане, сөйлеші. Мен сені көрейін»,– дейді екен.
Мылқауға қарағаңда тума соқырдың ақылды, құлықты
болуы һәм оның жанының, жүрегінің жұмсақ, нәзік болуы
осыдан.
Адамның әділеттілікті сүю сезімін тереңдететін де – осы
есту сезімі. Әдемі ән, сұлу күй бойды билеп, денені балқы-
тып, адамға терең ой салмай ма?
Құлақтан қіріп бойды алар
Тәтті ән менен мұңды күй.
Жүрекке терең ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй, –
дейді Абай. Күй адам жанын белгілі бір күйге түсіреді.
Шат күй – шаттыққа, мұңды күй мұңға батырады. Кісі
өлгенде өлім күйі, тойда қуаныш күйі, соғыста адамды
есалаңдандырып көтеріп жіберетін соғыс күйі ойналуының
мәнісі осы. Грек елінде бір әдемі ертегі бар. Орфей деген
күйші күйімен, әнімен тағы аңдарды ұйытып алады екен.
Қазақтың әдемі ертегісінде Қорқыт қайда барса да алдынан
кез келе берген көрден, яғни жанын жеген өлім туралы ой-
дан құтылам ба деп бір тоқтаусыз қобыз тартатын болыпты.
Қысқасы, баланың жаны кетік болмай, бүтін болсын десе,
тәрбиеші баланы әннен, жырдан, музыкадан қашырмасын.
Сипау сезімі. Сипау сезімінің құралы – адамның терісі.
Мидан һәм жұлыннан шығып, сипау нервтері теріге келіп
76
C
C
Шығармалары
C
C
бұтақтанады. Сипау нервтерінің көп жиылған жері – қол.
Қол болғанда, саусақтардың ішкі жақ бас терісі. Мұ нан
соң – алақан, тілдің ұшы, ерін, мұрынның ұшы, сау-
сақтардың сыртқы жағы, табан һәм жақ терісі. Сипау
сезімінің ең әлсіз жері – арқа.
Сипау сезімі арқылы біз заттардың үстін, яғни қаттылы-
ғын, тегістігін, бұдырлығын, өткірлігін, топастығын һәм
ыстықтығын, жылылығын, суықтығын білеміз.
Баланың сипау сезімін жақсы тәрбие қылудың керекті-
гінде дау жоқ. Сипау сезімін тәрбие қылу үшін алдымен
си пау сезімінің құралы – теріні түрлі зияннан сақтау керек.
Теріні кір басып кетсе, сипау сезімі топас болып қалады.
Екінші, балаға түрлі нәрсе бере беру керек. Сипау сезімі
жақсы тәрбие қылынса, тіпті өткір болады. Мысалы, касса-
да отыратын адамдар саусағымен бір сипап жіберіп, қағаз
ақшаның асылы мен жасығын айыра қояды. Соқырлар
қолымен ақшаларды, һәм жазылған қағаз бен жай қағазды
айырып біле алады.
Сипау сезімінің адамға қымбаттығы сонша, адамның
көрген, яки естіген нәрсесін ұстап көргісі келмей қоймайды.
Ет сезімі. Ет сезімінің құралы – терінің астындағы ет.
Етке келіп тараған қозғау нервтері бар. Ет сезімі арқылы
біз өз денеміздің қандай халде екені, яғни қозғалып тұр ма,
тек тұр ма, қозғалғанда қалай қозғалып тұр, тек тұрғанда
қалай тек тұр, міне, осыны білеміз. Бұл бір. Екінші, ет сезімі
арқылы түрлі заттардың салмағын білеміз.
Баланың еті оның ойыны мен секіруі, жүгіруімен өседі
һәм бекиді. Сондықтан баланың еті жақсы өсіп, берік бол-
сын деген тәрбиеші баланы ойыннан қыспау керек. Ал енді
бала мектепке кіріп, сабақ оқи бастағанда оған әлсін-әлсін
гимнастика жасату керек. Бірақ гимнастиканың шарттары
бар. Сол шарттар табылмаса, гимнастикадан пайда орнына
зиян шығады. Мысалы, гимнастика лайықты киімде, таза
77
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ауада болсын. Әсіресе гимнастика бір міндетті іс сықылды,
сабақ сықылды болмасын. Мұндай гимнастикадан бала
безіп кетеді.
Ет сезімі адамның жан тұрмысы үшін яғни адамның
білімін арттыруына көп көмек көрсетеді. Біздің сыртқы
дүниедегі заттар туралы толық білімді болуымызға осы ет
сезім себепші. Заттардың түрін һәм салмағын біз осы сезім
арқылы ғана білеміз.
Иіскеу һәм тату сезімдері. Иіскеу сезімінің құралы–
танаудың терісі. Сол теріде иіскеу нервтері бар. Ауада
ұшып жүрген иіс сол нервтерді қытықтап, одан әсер миға
барады. Иістің арнап қойылған аттары жоқ. Иіс не заттан
шықса, сол заттың атымен жүргізіледі. Мысалы, сасырдың
иісі, жұпардың иісі деген сықылды.
Тату сезімінің құралы – тілдің үсті. Сол тілдің үстіне тату
нервтері тараған. Негізгі дәмдер мыналар: тәтті, қышқыл,
ащы, тұзды, тұщы.
Иіскеу һәм тату сезімдері адамның жан тұрмысы үшін
аса қымбат сезімдер емес. Бұлар – денемізге қызмет қы-
латын сезімдер. Бұл сезімдер басқа ішкі сезімдерді оятуға
ұста болады. Мысалы, жақын адамның иісі сіңген бір нәр-
сені иіскесең, әлгі адамың есіңе түсе қалады.
Жас бала қолына түскен нәрсенің бәрін аузына апарып
салады. Мұның себебі ең алдымен оянатын – осы тату
сезімі. Бала қолына түскен нәрсені татып білмекші болады.
Балада татудан соң оянатын сезім – сипау. Біраздан соң
көру һәм есту, бәрінен соң иіскеу сезімі.
Іскерлік
Адам жанында әсерлену болу үшін жалғыз әсерлену ғана
емес, барлық жан көріністері болу үшін бір шарт бар. Ол
шарт – іскерлік. Іскерлік сыртқы дүниедегі бір затқа яки
ішіміздегі бір жан көрінісімізге, ойға, ішкі сезімге, қайратқа
78
C
C
Шығармалары
C
C
жанның төнуі, нүктеленуі деген сөз. Іскерлік болмаса, біз
сыртқы заттардан әсер алып, олармен таныса алмаймыз.
Ойымыздың дұрыс, ашық болуы, ішкі сезімдеріміздің жан-
ды болуы, қайратымыздың түзу бет алуы осы іскерлікке
байлаулы.
Іскерліктің түрлері. Іскерлік төмеңдегі түрлерге
бөлінеді:
1. Әсер берген заттың яки көріністің мінезіне қарап екіге
бөлінеді. Еріксіз іскерлік һәм ерікті іскерлік. Біз тілемеген
уақытта яки тілегімізге қарсы бір нәрсе біздің іскерлігімізді
еріксіз тартса, міне осындай уақытта болатын іскерлік
еріксіз іскерлік деп аталады.
Мысалы, біз шын ынтамен бір кітап оқып отырмыз.
Іскерлігіміз кітапта, кенет үй артында біреу ән шырқай
бастады. Сонда осы ән біздің іскерлігімізді кітаптан еріксіз
тартып алады. Ал енді егер біз өзіміз тілеп бір нәрсеге
іскерлігімізді өзіміз аударсақ, міне осындай уақытта бола-
тын іскерлік ерікті іскерлік деп аталады.
Мысалы, біз қазір бір өлеңді жаттап алайықшы деп жат-
тап отырғанда іскерлігімізді өз еркімізбен өлеңге жұмсап,
жан-жақта сөйлесіп жатқан сөздерді естімейміз.
2. Іскерлік табандылығына қарап екіге бөлінеді: табанды
іскерлік, табансыз іскерлік. Бір затқа қажымай қадалған
іскерлік табанды деп аталады. Мысалы, жан-жаққа көз,
құлақ салмай, бар дүниеден безіп үйрену үшін бір әнді
қайта-қайта домбыраға салып отырған жігітте табанды
іскерлік болып отыр. Ал енді бір затқа тұрақтай алмай,
бірінен-біріне секіретін іскерлік табансыз іскерлік деп ата-
лады. Өзі бір әнді домбыраға салып үйренем деп отырып,
біресе сөзге кірісіп, біресе домбыра тартып отырған жігітте
табансыз іскерлік болып отыр.
3. Іскерлік тартатын заттың тұқымына қарай іскерлік
екіге бөлінеді: ішкі іскерлік һәм тысқы іскерлік. Сыртқы
|