(Қазақ
драматургиясының дамуы мен қалыптасуы. – А., 1971. – 121
бет).
Өзбек драматургиясының тұңғыш туындысы, Хамза Ха-
кимзаде Ниязидің «Бай мен батырақ» пьесасының негізгі ар-
насы – әйел теңдігі мәселесі; ал алғашқы қырғыз пьесалары
«Нәсреддин әпенді» (1927), «Ескі тұрмыс», «Ескіден қалған
еншілерде» дәстүрлі оқиғалар айтылады. Сондықтан Сәбит
Мұқановтың: «Қызыл сұңқарлар» – қазақ драматургиясының
тарихында саяси тақырыпқа бірінші рет жазылған пьеса.
Мұнда жазушы семья тұрмысын суреттеу дәстүрінен шығып,
әлеуметтік жағына баса зер салған. Жеке адамның тілегі бұл
пьесада әлеуметтік тілекке орын берген», – деген
(«Қазақ
әдебиеті», 1936, 21 шілде)
пікірін жалғастырып, бұл пьеса
арқылы Сәкен Сейфуллин түркі тілдес әдебиеттер тарихында
жаңа бетбұрыс жасады дейміз.
Осындай саяси идеялы драма ұзақ жылдар ұлттық теат-
рларымызда қойылумен бірге қырғыз, қарақалпақ сахналары-
на шықты
(«Қазақ әдебиеті», 1964, 23 мамыр; «Қырғызстан
мәдениеті», 1972, 19 қаңтар).
Сәкен Сейфуллиннің екінші драмалық шығармасы «Қы-
зыл сұңқарлар» пьесасы тақырыбымен, образдарымен, идея-
сымен, стильдік, көркемдік ерекшеліктерімен, бүкіл бітімі-
мен қазақ әдебиетінің тарихындағы ерекше мәнді, кезеңдік
туындылардың бірі болып қала бермек. Жиырмасыншы-оты-
зыншы жылдарда, бір жағы, дөрекі вульгаризмнің салдарынан,
екінші жағы, эстетикалық-әлеуметтік критерий-өлшемдердің
ұмыт болуынан бұл шығарма терең, объективті бағаланбай кел-
се, кейінгі зерттеушілер (Ы. Исмайлов, С. Қирабаев) негізінен
әділ пікір айтты. Дегенмен, осы туындының көркемдік струк-
10
турасына, поэтикасына, идеялық нысанына, құрылысына бай-
ланысты тұжырым толық тәмамдалып бітті деуге ешкімнің де
аузы бармас деп білеміз.
Ең алдымен айтатын нәрсе, ұлт әдебиетінде әлі негізі, арна-
сы жоқ күрделі де қиын жанрда революция шындығын арқау
етіп алу арқылы С. Сейфуллин жаңа санадағы қаламгер, қазақ
әдебиетінде соны принциптерді көркем тәжірибеде бірінші бо-
лып қолданған жазушы екендігін танытты.
Жанрлық жаңалығы өз алдына, туындының тосын, соны
идеялық-эстетикалық сипаттары салған жерден ашыла бас-
тайды. Қазақ арасында ғасырлар бойы тұрақты мағынада
жұмсалып келген сөздерге автор жаңа әлеу-меттік мән беріп,
соларды метафорлық, тіпті символдық ұғымда қолданады. Енді
тұлпар, сұңқар емес, асау тұлпар, қызыл сұңқар. Енді шабатын
жүйрік ат, самғайтын құс туралы айтылып тұрған жоқ. Кесепат
атаулыны, зорлықшы, қара жүрек атаулыны, әлеуметтік, руха-
ни, нәсілдік, экономикалық теңсіздік атаулыны түгел жоятын,
дүниені жаңғыртатын ер туралы айтылып отыр, оны күллі әлем
тілінде ортақ сөзбен революционер деп атайды.
Қолжазба тіпті оқылатын кітап күйінде қалып қоймай, со-
нау шым-шытырақ төңкеріліп жатқан астан-кестен заманда
жаңа дәуірдің, болашақ күндердің дабыл үніндей болып сахнаға
шықты. Ол – ұлт өнеріндегі жаңа жанрдың басы, әдебиет
тарихындағы сирек шығармалардың бірі.
Алғашқы перде қазақ әдебиетінде бұрын мүлде көрсетілме-
ген, ерекше, оқыс объектіні бейнелеуден басталады. Ұлт өміріне
тән дала, яки жайлау, күзеу, қыстау, тіпті киіз үй, тас үй де
емес, сахара перзенттері – көшпенділер үшін мүлде жат абақты-
түрме шығады алдыңыздан. Отаршыл озбырлар, қанаушы жа-
уыздар әкелген, бостандық сүйгіш ерлерді тұншықтырып, су
түбіне жіберетін, жаншып, езіп, құртатын жер осы. Сылдыр-
сылдыр шынжыр, міз бақпайтын меңіреу қабырға.
Бұл тас қоршау, көр зынданда жатқандар арасында ұлт
араздығы жоқ, әлеуметтік-таптық, антагонистік қайшылық –
сырттағы жаулармен. Кеше Құрманғазы, Абай, Мәди, дека-
11
бристер, Достоевский жатқан жер. Бүгін бұл түрмеде боль-
шевиктер жатыр: орыстар, қазақтар. Бұларға қысым көр-
сетуші – ақгвардияшылар, Колчактың бөлтіріктері. Тағы да
баррикаданың екі жағында кімдер тұрғаны айқын – революцио-
нер, контрреволюционерлер.
Бұрынғы қазақ әдебиетіндегі интернационализм басқа
елдер туындыларын аударудан, өзге жұрттар тақырыбына
барудан, шығармашылық құралдарды игеруден, жеке қай-
раткерлер арасындағы достықтан көрінсе, енді Сейфул-
лин шығармашылығында әр түрлі ұлт өкілдерінің револю-
ция жолында бірлесіп күресуін бейнелеу факторы өнердің
интернационалдық пафосының жаңа сапаға көтерілгендігін
дәлелдейді.
Психологиялық дағдарыстың дәл үстінен шығамыз. Ой жі-
беріп қарасақ, күні кеше ғана қару алып, патша әкімшілігінің
жергілікті қазықтарына балта шапқан, пролетариат диктату-
расын қарумен орнатқан революционерлер – Совдеп мүшелері
қолға түсіп қамауда жатыр. Қанды балақ, қара жүрек контрре-
волюционерлер аянып қала ма? Ату, асу, шабу... Минут сайын
бас салып, жұтып қоюға әзір жалаңдаған ажал.
Драматург осындай өте күрделі ситуациядағы адамдардың
жан дүниесін, сезім күйлерін негізінен реалистікпен бейнелей-
ді. Революцияға әркім әр түрлі жолмен келген: мінез, қайрат-
жігер, тіпті дүниетаным әр түрлі. Адам ғұмыры өліммен бетпе-
бет тұрған сәт. Жасаған іс, сөйлеген сөз, ойлаған ой, қысқасы,
осы уақытқа дейінгі барша болмыстың қылкөпірге жеткенде
басқа күйге ауысып, қымбат дегенің арзандап, ауыр санағаның
жеңілдеп, болымсыз көргенің нәрленіп, мәнсізге балағаның
асыл тартса қайтер едің? Ер азаматтар үшін бәрі бәз-баяғы
қалпында тұра ма?
Драма жанрының табиғатын терең түсінген жас Сейфуллин
өмірде өзі, достары бастан кешкен қысталаң, ауыр оқиғаны
пьесаға сәтімен арқау етіп алған. Бір камерада отырған қазағы
бар, орысы бар кешегі Совдептің мүшелері әр түрлі харак-
тер танытады. Орынсыз патетика, тақпақты қызыл сөз жоқ.
12
Іштей қыстыққан, тәні де, жаны да шаршап-шалдыққан, тір-
шілік үміті кесілгендей, шырағы сөнетіндей болып отырған
адамдардың аузынан шығатын сөздердің сыртқы жарқыл,
бояу-кестесінен гөрі астарлы мағынасы, түпкі салмағы басым.
Сол кездегі қатардағы қазақтардай емес, шығарма кейіпкерлері
заманның ең үлкен күресіне қатысу арқылы өскен нар өркешті
адамдар, бұлардың сөйлеу мәнерінде бүкіл революционерге тән
екпін, жаңа өрнектер бар.
Пьесаның осындай ерекше жаңалығы, эстетикалық бай-
лығы, қымбат сапасы, жиырмасыншы жылдардағы социалис-
тік мұраттар бағытындағы әдебиеттің негізгі принциптерін
ұғып болмаған қаламгерлер үшін олқылық, зор кемшілік,
өнердің ұлттық дәстүрінен қол үзу болып көрінуі жеке бастың
антипатия-симпатиясынан туған нәрсе емес-ті, сөз жоқ, бұл
дүниетанымға, көркемдік мұраттарға тығыз байланысты құ-
былыс еді.
Адамдардың ішкі әлемі өлім балтасы желкеге таянғанда
ең әуелі күйзеліс, күрсіну, қайғы арқылы көрініс береді.
Байділда, Еркебұлан, Ақметқали, Үсен...
Бәрі қапыда қолға түскенге бармақ шайнайды, іш қазандай
қайнайды. Байділда – оқыс қимылдың, ұрт мінездің, қолма-
қол әрекеттің адамы. Революция жолына түскен Ақметқали ата
дәстүрінен ат кекілін мүлде кесісіп кеткендей емес, ертең не бо-
ларын тап басып айтып берер, адастырмас әулиедей көрініп, мал-
дас құрып алып, құмалаққа көз тігеді. Тар қия, тас босағадағы
алғашқы тепкі Үсенді есеңгіретіп тастаған, қалтырап тұр, райы-
нан қайтқан, әйтеуір абақтыдан шығарса екен дейді, мыналар-
ды сол ретте сатып кетуден тайынатын қалпы жоқ. Бұлардың
ішіндегі жігерлісі – саналы күрескер Еркебұлан, оның бойында
ержүрек революционерлерге тән оптимистік рух, трагедиялық
жағдайда қалса да ертеңгі күннен түңілмейтін, өршіл сенім бар.
Совдеп мүшелері семсер жүзіне, оқтың өтіне келгенде, тұтас
алғанда, жұмылған бір жұдырық іспетті.
Қарсы топтың жауыздық ызғары гарнизон бастығының
бейнесінде көрінеді. Бұл – Ленин сөзімен айтқанда, халықтар
13
түрмесі болған патшалы Россияның отаршылдық саясаты
тудырған, қаны сорғалаған шовинистің дәл өзі. Совдеп мү-
шелерін, әсіресе қазақ азаматтарын әлеуметтік майданның
күрескері, идеологиялық қарсыласы деп білмейді, нәсілдік
тұрғыдан жек көреді. Алтайдан Атырауға, Сібірден Самарқанға
дейінгі байтақ өңірді ғасырлар бойы мекен еткен, мың жылдарға
созылған тарихы бар, томырылып жатқан көл-көсір байлық
иесі халық отаршыл жауыздар сайрандаған күнге тап бола-
ды. Орыс пролетариаты мен қазақ кедейі білекке білек қосып,
бірге шауып, патшаны тақтан құлатқанда, ақгвардияшыл
офицерлер мен адмирал Колчак болып, көзіне қан толып,
құтырынған қасқыр секілді бастарын тауға, тасқа соғады. Сон-
дай антогонияда жүргенде қолдарына революционерлер түссе,
олар мынадай камерада жатса не істемек, қалай сөйлемек?
Арғысы Пугачев, Разин, декабристері бар, бүгінгі боль-
шевиктер – орыстар үшін патшаға қарсы шығу кісі таңырқар
бұзықтық емес, ал мына көшпенділерге не жоқ екен, ақ офицер
осыны ойлағанда зығырданы қайнап, селкілдеп кетеді.
Гарнизон бастығы мен Еркебұлан арасындағы диалог – екі
дүниетаным, кереғар, жат, қарсы идеологиялар шайқа сының
ұшқыны. Моральдық жеңіс, логикалық салмақ Ерке
бұлан
жағында, мұны ақ офицер сезіп тұр. Қара көш, дәл қазіргі
билік мұның қолында. Еркебұланды қылышпен ұру, каме-
радағыларға шынжыр салу әрекеттері онсыз да шатынап тұрған
психологиялық күйзелісті асқындыра түседі.
Драматург жеке детальдарға, заттарға мән беріп, олар-
ды қажетті сахналық, көркемдік құрал ретінде жұмсайды.
Ақметқали мен Байділда арасындағы характер қақтығысына
себепші – құмалақ. Теңсіздікке, әлеуметтік әділетсіздікке қарсы
қару алып, революционерлер жасағына қосылған Ақметқали
бойындағы қайшылық айқын. Бұл әлі құдайдың бар-жоқтығына
күдік келтіретін, дүниенің жаратылу, даму себептерін ойлана-
тын деңгейге жеткен кісі емес. Қызу қанды Байділда – жалаң
қылыш, бұрын мұсылман баласы айтпақ түгіл, ойға алуының
өзі күпірлік болар тентек сөздері оның оқып-тоқығаннан, не
14
естігеннен түйіп қайталағаны емес, өмірдің өз тәжірибесінен,
көрген қорлық, шеккен азаптан туған, тартқан тауқыметтен
шыққан жан ашуы.
Өлім – өмір ұстара жүзіндей лыпып тұрған сәт қашанда адам
жүйкесі үшін ғаламат ауыр салмақ, осындай сәтте Байділда-
ның шатасуын драматург реалистік, психологиялық дәлдікпен
береді. Мұндай ситуация классикалық шығармаларда көптеп
кездескенімен, қазақ әдебиетінде тұңғыш рет жасалып еді.
Кейін Мұхтар Әуезов Қарагөз образында бұл үлгіні жалғастыра
түсті.
Жынданып кеткен Байділданы атып өлтіру, арестант хаба-
ры, жігіттердің басына төніп келе жатқан ажал – осының бәрі
қат-қабат, күрделі, адамға айрықша әсер ететін трагедиялық
әуездер. Парқына жетіп, зейін қойған адам драманың негізгі
оқиғаларына шығарманың түп қазық кейіпкері Еркебұлан
көзімен баға берілетінін байқайды. Авторлық идеал да осы
кейіпкермен кіндіктес. Адамның қабырғасын қайыстыратын
лагерьдің жан түршігерлік ауыртпалығынан мерт болған
Жағыпар өлімін көрсету үстінде драматург Ана бейнесін елес
арқылы берумен сахналық шарттылық әдістерін меңгергендігін
байқатады.
Пьесаның жаңашылдық сипаты бұрын қазақ әдебиетінде
айтылмаған көптеген жаңа, интернационалдық реалдарды ба-
тыл да кең қолданудан көрінсе керек. Драматург Еркебұлан
ақынның өлеңдерімен қоса «Марсельеза», «Смело, товарищи, в
ногу», «Похоронный марш», «Варшавянка», «Мщение царям»
секілді музыкалық шығармаларды пайдаланады, декорацияға,
қимыл-қозғалысқа, жүріс-тұрысқа, психологиялық өзгерістер-
ге байланысты ремаркалар толық та дәл.
Типологиялық тұрғыдан келген зерттеуші, әсіресе, «Қы-
зыл сұңқарлар» драмасының алғашқы екі пердесіндегі ситуа-
циялардың, адамдардың дүниеге көзқарасын тұжырым ретін-
де айту сипаттарының, жалпы авторлық пафостың Максим
Горькийдің классикалық «Шыңырауда» («На дне») пьесасымен
сарындастығын аңғарар еді.
15
Үшінші передеде көрінетін скрипкашы Захар, алғашқы
перделердегі Нестеров, Лозовойлар дара мінездерімен ашыл-
майды, бұларды тұтастырып, бір характер жасауға да болатын
еді. Гарнизон бастығы, түрменің бастығы туралы да осы пікір
айтылса керек.
Барлық оқиға түрме камерасында өтетін алғашқы екі пер-
де композициясы сәтті шыққан, назар әр нәрсеге аумай, тра-
гедиялық, өлім мен өмір шарпысқан ситуация тылсымдай
бау рап отырады. Үшінші пердеде, әсіресе төртінші пердеде
босаң дық бар. Еркебұланның шешесі, қарындастары шығатын
эпизод драманың негізгі өзегінен бөлектеніп, кірікпей, оқ шау-
ланып тұр. Бұл тұтас бітімді пьесаның бір сценасынан гөрі, про-
залық шығармадағы қосалқы эпизод секілді әсер қалдырады.
Партизандарға қосылып, ақгвардияшыларды қуып бара
жатқан Еркебұлан аузымен айтылатын сөздерде патетикалық,
революциялық пафос бар.
Сонымен, қорытып айтқанда, Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл
сұңқарлар», «Бақыт жолында» драмалары әдебиетімізде жаңа
эстетикалық мұраттарды орнықтырған, жаңа жанрдың туып,
қалыптасуына зор ықпал еткен, өнер тарихында ерекше орын
алатын құнарлы қазыналардың қатарына жатады.
Ілияс Жансүгіровтің қолжазбаларын, аса бағалы архив ма-
териалдарын, басқа қаламгерлерге де қатысты көптеген құн-
ды, қымбат тарихи құжаттарды, фольклор нұсқаларын қиын
жағдайларға қарамастан, ұзақ жылдар көздің қарашығындай
сақтап, кейінгі ұрпаққа жоғалмастай етіп қалдырған оның
жұбайы Фатима Ғабитова былай дейді: «Ілияс драматургия жан-
рында көп жазған жазушы емес. Тек 1931 жылдан бастап қана
колға алып, бес-алты жыл ішінде ірілі-уақты сегіз шығарма
жазды»
Достарыңызбен бөлісу: |