22
жуан жердің бұлғақтап, шолжың өскен тәйтік қызы, әйелін тас-
таса да, әйтеуір күйеуге тиіп алуды мақсат еткен.
Тартыс Имаш – Райхан арасында. Осы конфликт үстінде
еке
уінің де рухани дүниесінің жұтаңдығы, сезім кедейлігі,
моральдық тұрақсыздығы ашылады.
Алғашқыда бауырмал,
ақ көйлек көрінген Күләй алдағанға оп-оңай сенетін парықсыз,
сезімі қорланғанын ұқпайтын түйсіксіз, топас, намысы күй-
генде жігерленудің орнына, ашу шақыратын көк долы болып
шығады.
Пьеса сюжетінде тарамдалған, салалы оқиға жоқ, пси-
хологиялық кернеу, ширақтық бар, барлық әрекет Райханның
аяғының ауыр болып қалуына Имаш кінәлі ме, кінәлі емес пе –
осыны айқындаудың сарабында отырады. Бар пәле күйеуінен
екендігін сезген Күләй өзгені тастай салып, Райханға пышақ
ала жүгіреді. Бұл көріністе сахналық эффект мол: бір жақта –
ақ
безер де көк безер болып, бәрінен танып тұрған Имаш пен
күйеуінен айрылып қалу қаупі төнгенін сезген Күләй; екінші
жақта – акушерка техникумында оқитын, көп нәрсені бүркемей,
өз атымен айтатын ашық қыздар, беті ашылып алған соң сөзді
кесек-кесегімен шығарып жатқан Райхан.
Шығармадағы авторлық мұрат, суреткерлік позиция
әйелдер бөлімінің бастығы Нұрай образымен сабақтасып
жа тыр. Өйткені бірінші суретте «әйел мәселесі шешілді, енді
олардың арасында жұмыс жүргізудің қажеті жоқ» деген
ниеттегі Имашпен айтысқа түскен
кезде салмақты, дәлелді
толғамдар айтқан салиқалы, көшелі әйел мынадай ситуация
үстінде күрескер, қажырлы адам екендігін анық танытады.
Материалдық, экономикалық тепкі, езгі жойылғанмен, сезім
теңдігі, рухани гармония оп-оңай, бір күнде бола салатын
қарым-қатынас еместігін драматург жақсы ұқтырады.
Айтылмыш пьесаның идеялық нысанасындағы айқын мақ-
сатпен қоса көркемдік-структуралық формасында бірталай са-
палы сипаттар бар. Тақпақ, ақ өлең үлгісіндегі диалог, моно-
логтары мол, негізінен эпос, тарих,
аңыз материалдарын арқау
еткен, сюжет жүйесін, образдар тұрпатын фольклордан алған
23
пьесалар көптеп жазылып жатқан кезде Ілияс Жансүгіровтің
конфликтісі де, сюжеті де, бейнелері де тың, күнделікті өмір дің
өзінен іріктеліп алынған құбылыстар бойынша реалистік туын-
ды жасауы берекелі, өнімді қаламгерлік ізденістен туған сәтті
қадам-тын.
Автор сұрақ-жауап, тәжіке-айтыс,
дау-дода ретінде келе-
тін диалогтар шеңберін әдейі, мақсатты түрде кеңейткен.
Кейіпкерлердің өзімен-өзі іштей арпалысқан, ой толғағы қыс-
қан сәттерін дәл бейнелейтін күрделі, ұлғайған, көлемді моно-
логтар ұшырасады. Бұларда синтаксистік, интонациялық, ыр-
ғақтық тұрғыдан келгенде драматизм мол. Имаштың: «Біздің
өміріміздің бәрі драма ғой. Үстіміздегі дәуір – «өткінші дәуір»
десе өткінші дәуір. Біз алдыңғы ұлы мақсатқа талпынып
әлекпіз. Бірақ тап дұшпаны жырынды түрде жалғасады. Ескілік
аяғымыздан алып, сүріндіргісі келеді. Әсіресе біздің осы поко-
ление, сірә, ерте қартаямыз.
Адам терісі, тегі, арқан болса да
не қылсын... Нелер көрмедік, нелер көрмедік біздер... Ескі
тұрмыс – бір батпақ көл. Қазір үсті ғана қатты деуге болады.
Түбінің бәрі лай. Бетінде қатқан мұзды біз ептеп басып жүрміз.
Анда-санда ауып бассаң, аяғыңды жылымға тығып аласың.
Ай-ай-ай! Пәле бола жаздаған жоқ па?.. Әңгіме ашылғанда не
болар еді? Елге – әшкере, жұртқа – масқара!.. Әй, өзі де арсыз
екен... Алам деп айттың деді-ау. Дегенім жоқ-ау тіпті. Тағы
онымен қоймай, тастаймын дегенсің деді-ау! Еһ-еһ-еһ...»
Достарыңызбен бөлісу: