Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата15.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124058
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Аширов

(І. Жансүгіров. Шығармалары. 5­т. – А., 1964. – 3­бет).
Дау туғызбайтын, дәл тұжырым. Бірақ Ілияс Жансүгіровтің 
драматургиядағы ізденістері туралы пікір қозғағанда, пьеса 
атымен жарияланған шығармаларды тексеріп қою аз. Ақын 
қазақ өлеңінің ырғақ, ұйқас жүйесіне жаңалық әкелумен қоса, 
формалық тұрғыдан да бірқыдыру барлау жасаған. Осы қатарда 


16
автордың өлеңде диалог үлгісін жиі қолданғандығына айрықша 
тоқталу керек.
Ақын 1921 жылы жазылған жиырма үш тармақты «Қаза-
қы қорытынды» деген өлеңін әкесіне баласының қалың мал 
қалды деген хабарды жеткізген диалогы түрінде қиыстырған. 
Бала – жаңалық жаршысындай, әке – ескілік жоқшысындай. 
Сол жылы жазылған «Некешілдер» өлеңінің көлемі – елу жеті 
тармақ. Жақсыбай, молда, келін секілді персонаждар арасында 
шағын болса да тартыс бар. Молдаға жалпылдап, қазан көтерт-
пек Жақсыбайдың ішкі есебі – інісі өліп, енді жесір отырған 
келінін шариғат жолымен әмеңгерлікке көндіру. Әуелде дін 
жолымен алдаусыратқан молда артынан күшпен қорқыта ба-
стайды, бірақ келіннің көнер түрі жоқ, қақ маңдайдан таяқпен 
соққандай, ауыр, ащы сөзбен балағаттап қуып шығады.
Осы шығармадан кейін автор поэзияда, оның ішінде, 
әсіресе, көлемді өлеңде диалог формасын жиі қолдана ба-
стайды. Бұлар – лирикалық сипаттағы, сюжетсіз туындылар 
емес, қысқа, шағын да болса оқиғалы, әрекетті, негізінен пер-
сонаждар қарама-қарсы ыңғайда алынатын драма тәріздес 
дүниелер.
Көлемі, жазылу әдісі жөнінен «Тапанша» (1922), «Ит-ай» 
(1923), «Жарқынбай, Беркінбай» (1923), «Бай, бәйбіше» (1927) 
өлеңдері бір-бірімен қарайлас. Бұларда таптық айқас тудырған 
қазақ ауылындағы психологиялық өзгерістер сөйлеу тілінің 
мүмкіндіктері арқылы беріледі. Ақын инверсия, градацияға 
мән береді, монологты пайдаланады. Сатиралық ыңғайда 
жазылған кейбір өлеңді формасы жөнінен бір көріністі шағын 
скетч деуге сыяды. Автор қимыл-қозғалысқа, мінез қалыбына 
байланысты ремаркалар беріп отырады. 1931 жылы жазылған 
«Шошқа» деген өлеңінде драмалық формамен қоса, шарттылық 
әдісі қолданылады, автор, бір жағы, атеистік мақсатпен, екінші 
жағы, шығарманың әсерін күшейтуді ойласа керек, шошқаны 
молдамен дауластырып қояды. Байқасаңыз, бұрын бұл доңызды 
бақайына отырғызбайтын молдадан енді дәрмен кеткен секілді, 
талпақ танау шіркін өкірештеп әкетіп барады ғой!


17
Сөйтіп, диалогты өлең формасы Ілияс Жансүгіровтің дра-
матургия жанрына бел шешіп, білек сыбанып барар алдындағы 
алғашқы барлауы, жемісті ізденісі болды.
Драматург қаламынан туған дүниелерді шартты түрде 
шағын және көлемді пьесалар деп екі салада қарағанда олар-
дың жанрлық, стильдік ерекшеліктерін ажыратып, көркемдік 
өзегін ашып, жалпы әдеби процестегі орнын айқындау – негізгі 
нысана.
Шағын көлемді, бір перделі пьесалардың барлығы да 
өлеңмен жазылған. Оқиғаға қатысатын кейіпкерлердің жасы, 
мінезі, әлеуметтік, отбасылық тегіне байланысты тәптіштелген 
анықтама берілмейді, тіпті дәл аттары да айтылмай, жалпылай 
көрсетіледі.
Бұл шығармалардың негізгі сарыны – енді ұжымдық өмірге 
бет алған ауыл тынысы, адамдар санасындағы жаңғырулар. 
«Мін де шап» атты бір перделі пьесада шарттылық тәсілімен 
берілген сатиралық мотив бар. Жаңа өмірдің мағынасын терең 
түсінбеген, дүмбілез, шала-жансар, ұйқыдан бас көтермейтін 
колхоз бастығының сиырымен, атпен диалогы арқылы берілетін 
көріністерде улы мысқыл жатыр.
Сиыр сөйлеп тұр... Шаруашылықтағы қырсыздықты, ора-
лымсыздықты, еңбекке икемсіздікті айтады.
Ат сөйлеп тұр... Керенау, кердең, кер жалқау, шолақ 
белсенділерден келген кесепатты айтады. Формасы, идеясы 
жөнінен Сәкен Сейфуллиннің әйгілі «Қызыл ат» поэмасымен са-
рындас бұл шығарманың кезінде актуальды мәні болғандығына 
дау жоқ.
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығында басталған ба-
лаларға арналған жазба әдеби шығармалар тудыру дәстүрі 
Ілияс Жансүгіров поэзиясында дамытыла түсті. Ақын фоль-
клордағы орныққан жемісті өрнектерді, дыбыс әуезділігін, 
тұрақты тіркестерді, қалыптасқан бейнелерді өнімді пайда-
ланып, көшпелі өмір суреттерімен қоса жаңа заман тыныс-
ырғағын көрсеткен шығармалар да жазды.
2-0195


18
Балалар әдебиетіндегі ақынның татымды бір ескерткіші – 
«Мектеп» атты бір перделі өлеңмен жазылған пьеса. Автор шы-
ғарманың сахнада қойылуын ескеріп, қажетті ремаркаларды 
тиянақты көрсетіп отырған. Драматургтің бала психологиясын, 
баланың көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктерін жақсы 
ескергені пьесадағы ситуациялардан-ақ сезіледі. Шығармада 
бала қиялына лайық шартты, ертегілік сипат бар. Бала мен 
қуыршақ арасындағы диалог сенімді берілген, әсіресе әрбір 
мамандық жайлы айтылатын монолог, екпін ырғағы, ұйқасы 
жаттап алуға ыңғайлы өлшем тапқан. Надандық, сауатсыздық, 
қараңғылық кішкентай көңілінен шығатын, фольклорда да 
үлгіні драмалық формада жаңғырта қолдану тәсілімен сынала-
ды. Оқудың, білімнің керектігін бала өзі қажет санайтын халге 
жетеді.
Әрекет көлемінің ұлғаюы, персонаждар санының өсуі, ком-
позицияның күрделенуі жөнінен келгенде, «Колхоз тойы» пье-
сасы драматургтің шағын көлемді сахналық шығармаларының 
ішінде оқшаулау тұр. Автор халық тұрмысында бар той 
салтанатындағы театрға жақын элементтерді пайдалана оты-
рып, жаңа дәстүр, жаңа мазмұнды сәтті бейнелейді. Пьесада 
әрекет аясына байланысты өлең өлшемдері өзгеріп, жеті-сегіз 
буынды жыр ағымы, он бір буынды қара өлең ұйқысы кезектесіп 
отырады. Ақын поэзиясының стильдік өзгешілігін танытатын 
«Тақылда, тіл, тақылда», «Қимылда, тіл, қимылда», «Айт, 
айт жырды, айт жырды», «Жорғала, тіл, жорғала», «Соқ-соқ, 
өлең, балғала», «Сорғала, жыр, сорғала» деген секілді градация 
үлгілері диалогтарда қолданылады.
Осы шағын шығармада кейін көптеген қазақ қаламгер-
лері драматургияда жиі пайдаланған ұлттық ойын, ақындар 
айтысының формасын кәдеге асыру тәжірибесі бар. Драматург 
той салтанатына лайық атмосфераны жыршы, колхозшылар 
атынан айтылатын әр түрлі реплика, диалог, монолог, полилог 
сипаттарында келетін көп дауысты үн арқылы береді. Әрекеттің 
ең шарықтайтын тұсы, тойдың әбден қызған мезгілі – «Талап-
тан» және «Қастек» колхоздарының айтысы. Қызығы ақындар 


19
емес, қатардағы колхозшылардың сөз тәжікесі. Бір жақта – 
әйелдер, екінші жақта – еркектер. Ғасырлар бойы халықтық 
театр қызметін атқарып келген көне көркемдік форма енді жаңа 
мазмұнға лайық құлпырып тұр. Қазақ ауылындағы өз герістер, 
жаңа психология. Ата-баба үшін мақтан жоқ, біреу-біреудің 
сүйегіне тиетін сөз айтпайды. Колхоз намысы, малдың, 
егіннің жағдайы, жоспардың орындалуы – тартыс осылардың 
төңірегінде. Өтіп жатқан әрекетке колхозшылардың көңіл 
күйі көп дауысты, әр текті реплика, сөз тастау арқылы 
көрсетіледі.
Сонымен, Ілияс Жансүгіровтің драматургиядағы алғашқы 
ізденістері поэзияда диалог, монолог формаларын қолданудан 
басталып, бір перделі шағын пьесалар жазуға ойысады. Бұлар 
адам характерлерін ашатын, күрделі тартыстарды көрсететін, 
жанрдың қатал талаптарына жауап беретін, төрт құбыласы 
бірдей, бас-аяғы теп-тегіс, жұмыр дүниелер емес, актуаль-
ды тақырыптарға арналған үгіттік-насихаттық идеяларға құ-
рылған, әдеби монтаж, сценарий, скетч, либретто, фельетон 
сипатындағы туындылар.
Ақынның жаңа, күрделі жанрдағы тәжірибесі шығармадан 
шығармаға ұлғайып, авторлық идеал, шығармашылық мақсат 
шарттары кең көлемді, терең тынысты, күрделі пьесалар жазуға 
алып келген. І. Жансүгіровтің зерттеушілер назарына ілікпей
тексеру объектісіне айналмай жүрген бес суретті «Райхан» 
атты драмасы – тақырыбы жөнінен де, көркемдігі жөнінен де 
өз кезіндегі қазақ пьесаларының жуан ортасында тұруға толық 
мүмкіндігі бар дүние. 
Әуелі көзге шалынатыны – пьесаның бөлек-салағы жоқ, 
ықшамдылығы. Алғашқы ұлттық пьесаларымызда әрекетке 
белсеніп қатыспағанымен, қосақ арасында жүретіні бар, ай-
қайшысы бар, әйтеуір кейіпкерлер саны сала құлаш болатын, 
жанр табиғатын білместіктен туған жаман дағды бар-ды, айтыл-
мыш пьесада ол мін жоқ. Тартыс үш-ақ адамның арасында өтеді, 
ең соңғы суретке қосалқы персонаждар деңгейінде көрінетін, 
аттары бөлек демесе, бір мінездес үш қыз бар.


20
Фольклордағы толғау, тақпақ сарындас өлеңмен жазылған 
диалог, монологқа төселген ақынның реалистік тілмен, қара 
сөзбен драма жазуы шығармашылық өсу, өрлеу белгісі болатын. 
Драматург қазақ әдебиеті үшін әбден машықты, етене тақы-
рып – әйел теңдігі мәселесін жаңа, бұрын ешкім қозғамаған 
қырынан көтереді.
Назар аударған адам алғашқы көріністе сахнаға шығатын 
Имаш пен Нұрайдың Бейімбет Майлин шығармаларында жиі 
кездесетін еркектер мен әйелдердің типінен бөлек, от басы, 
ошақ қасындағы жандар емес, тіпті Бекен мен Раушанға да 
ұқсамайтынын бірден байқайды. Жансүгіровтің бұл екі ке-
йіпкері – Имаш пен Нұрай – оқыған адамдар. Сөздері ауыл-
үйдің қысыр әңгімесінен басқа арнада, әлеуметтік мәселе – әйел 
теңдігі туралы. Пікірін ашық айтпай, көрбілтелеп, тайқи сөйлеп 
тұрған Имаштан гөрі ағынан жарылып, турасынан тартатын 
Нұрайдың толғамында жүйе, салмақ, әділет мол. Бірінші сцена-
да Имаштың жарықшақты, екіұдай қатпарлы, ісі мен сөзі бөлек 
адам екендігі сезіле бастайды. Нұрай болса, революциядан кейін 
әлеуметтік күресіне білек сыбанып араласып кеткен, жалынды, 
ер сенімді, ер қажырлы Алма Оразбаева, Нәзипа Құлжанова, 
Нағима Арықова, Сара Есова сынды әйгілі әйелдердің өмірдегі 
қимыл-әрекетін еске түсіреді.
Нұрай бұдан кейінгі оқиғаға қатыспай, соңғы суретте бір-
ақ көрінеді. Шарпысуға, қаржасуға тиісті, қарама-қарсы 
ыңғайда тұрған кейіпкерлердің әрекет үстінде ұшыраспауы – 
драматургтің пайдалана алмаған мүмкіндігі деп қарау керек.
Негізгі тартыс ыңғайы бірінші перденің соңғы көріністе-
рінде, сахнаға Райханның шығуынан бастап айқындалады. 
Райхан қалаға тұңғыш рет келгенімен, оң мен солын ажыра-
та алмайтын, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен салпыетек 
емес, сен тұр, мен атайын деген пысық қыз; бірден Имаштың 
әйелі Күләйді майлы ішекше айналдырып, іші-бауырына кіріп 
кетеді. Имаш жас қызға: «Қазақ қыздары ынжықтығын жо-
йып, еңсесі көтеріңкі болса, адам болғанымыз! Орыстың сендей 
қызы осы күні қай жерде жүрмейді?.. Олар өжет. Е десе, мә деп 


21
тұр. Билегенде жердің шаңын шығарады...» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет