олардың бұрын бастағанынан соң, бастағаны ұрыс үстінде
тілін тигізіңкіреп жіберсе, күнә соған ауады», «Бұл дүниеде
екіжүзділікпен өмір сүрген адамның қияметте оттан жасалын-
ған екі тілі болады», «Адам пәлені, көбінесе, тілінен табады»...
Міне, осы хадистерді атам казақ тігісін жатқызып: «Басқа
пәле — тілден», — деп нақтылайды. Тілге баға жетпейді. Кісіні
бір-бірімен табыстыратын да, алыстыратын да — тіл. Мұхаммед
(с.ғ.с.) өсиетінің /хадистерінің/ бас сабағы «ілім үйренің-
дерден» келеді. Ілім /ғылым/ үйренсең, көңіл көкжиегің
кеңейеді. Түсінігің молаяды өмірге деген. Білмекке құмар-
лығың артады. Содан бара-бара білімді атанасың. Ілімдінің
бәрі білімді ме? Көп білгендердің дені бос сөзге салынып, ла-
ғып кетеді. Ілімді болғанымен білімді /ақыл-пайыммен суарыл-
ған ілім/ емес. Осыған дәлелді пайғамбар хадисінен табасың:
«Ілім екі түрлі, бірі ниеттегі /көңілдегі, жүректегі/ ілім, ол —
пайдалы. Екіншісі, тілдегі ілім, ол — Алла алдында пенденің за-
лалына шығады». Бұдан шығатын қорытынды: алған білімің,
игерген ғылымың адамгершілікпен ұштасып, көңіліңе байыз-
дап, жүрегіңе орнықпаса, онда ондай ілім-білім саған да, өзгеге
де пайдасыз. Неге? Сіз білімдісіз, дауымыз жоқ. Білмейтініңіз
бит астында. Сөйте тұра, білетін іліміңіз тіліңізде ғана. Осы-
ның астарында не жатыр? Имансыздық шығар, одан да зоры
болуы кәдік. Жүрегіңізге ұяламаған, көңіліңізге қонбаған ілім
жалған ілім болмақшы. Сіз тіліңізге ерік беріп, жалған сөйлеп,
өтірік білімпазсып, екіжүзділікпен жұртты адастырып, тура
жолдан тайындырасыз. Сірә, «жылан тілді», «қан тілділер» со-
лар шығар. Ғажап емес. Алланың алдында игерген біліміңіз
зиянға шығатыны содан да болуы кәдік. Олай болса, тілді өз
орнына жұмсайық. Жастарға ақыл-кеңес беріп, жылы-жылы
сөйлейік. «Тілі — тәтті, діні — қатты» деген атақтан арылайық.
Екі сөйлемейік, бірсөзді болайық. Туған тілімізді, ана тілімізді
көздің қарашығындай сақтайық. Тілдің киесіне қалмайық. Тілі
бардың ділі бар. Тіл тазалығы - діл /жүрек/ тазалығы, жан таза-
лығы. Тіл — кие, тіл — ар-ождан.
Достарыңызбен бөлісу: