IV. АҚЫЛ - АУЫЗДАН, МЕРЕЙ - КӨЗДЕН
Бас
Қалыптасқан тұжырым: «Дос - басқа, дұшпан аяққа
қарайды». Досың мәртебелі болғаныңа тілекші. Қабағың
түспей, қырың сынбай, дененді тік ұстап, шалқақ жүргеніңді
қалайды. Бас киіміңнің өнді, өзіңнің сергек сестілігіңді қош
көреді. Қырыс қабақ, көреалмас дұшпан басқан-тұрғаныңды
аңдып, мүлт кеткен сәтіңді пайдаланып шалып түсіреді. Жақ-
сы қасиетіңнен де жамандығыңды әйгілеп, әшкерелеуге жаны
құмар. Жаза басқаныңды жар салып, жұртқа дабыралайды.
Дұшпанның аяққа қарайтыны осы себептен. Соны дана баба-
ларымыз мәйекті сөзбен астарлап дөп түсірген.
Сөз неден шықты? Бастан, бас киімнен. Ерте замандарда
шапқыншылықта опат болған боздақтың бас киімін артындағы
еліне беріп жібереді екен. Бұл - азаматың қан майданда
ерлікпен қаза тапты дегенді мәлімдегені. Киерге киімі болмай
қалғанда жақынына: «Басым тозып жүр», - деп тұспалдар еді
әкелеріміз. Бас киімнің жоғалуы жаман ырымға саналған. Со-
дан да үлкендер тымағын сенімді біреуге тапсырып қоятын.
Немесе жанынан ұзатпайды. Адам түсінде бас киімін жоғал-
тып алса, онда оған бір тықырдың таянғаны. Не жан қиысқан
досына, не өзіне сын. Үйге бас сұққан қонақ, бірінші кезекте,
белін шешеді, содан соң, тымағын немесе тақиясын, бөркін
төрдегі тесекке, әйтпесе, кереге басына іледі. Әке-шешелеріміз
«Бас киіммен ойнама!» деп зекіретін. Бас киімді тебуге, басып
кетуге жол берілмейді. Бұл - оспадарлыққа, көргенсіздікке
жатады. Балаға «Бас киімді теппе, бағың қайтады!» дейтін
әкеміз. Бас киімді кәделеп, қастер тұту арқылы қариялар бас
қадірін кетірмеуді көздейді. Кісінің қадір-қасиеті қайтсе арта-
ды? Сыйластықтан, адами қасиеттен молығады.
Қазақы бас киім үлгілері бірқыдыру. Елтірі тымақ, елтірі
құлақшын бастан суық өткізбейді. Түлкі тымақ әрі сәнді, әрі
жылы. Сәукеле, топы сәндікке жатады. Қыз бала босаға атта-
ғанша, қазақ ғұрпында басына байлам салмайды. Шешелері
бойжеткенге деп ерекше үлгідегі түлкі тымақ, қоян малақай
тігеді. Біздің жас кезімізде қыздар қыс айларында түлкі тымақ
пен қоян құлақшынды бастарынан тастамайтын. Үлкендер:
«Басымды жұқа ұстадым дегенше, базарым тарқады дей бер»,
121
— деп жиі айтар еді. «Бастан өткен суық бағыңды байлайды»
деп және төндіреді. Осы күнгі /бұрындары да/ жастар жастық-
мастықпен сықырлаған сары аязда бас киімсіз жүргенді
серілікке санайды. Бұл — серілік емес, селтеңбайлық. Жұқа
киіммен жүргенді өздерінше сәнге жатқызады. Жігіттіктің
белгісі деп біледі. Қыздар да қыста жұқа киінеді. Мұндай жас-
тарға халық: «Сыпайы тоңбайды, қалтырайды», — деп
ескертеді. Әсіресе, басты жалаңаштау, бас киімді жұқа кию ке-
лешекте өкіндіретін жағдай. Шынығып, шымырланамыз деп,
киімнің жылуынан да сұлулығына ыңғай беру жас адамды
өкінішке ұрындыруы кәдік.
«Бас қадіріңді» төмендетпеймін десең, алдымда не бар деп
сақтан. Өзіңді жаман әдеттерден қалыс ұста. Жақсыға жақын
жүр, жаманнан қашық жүр. Сонда сенің бас қадірің артады.
Біреуге біреу риза болғанда: «Бас бітімі келіскен, маңдайы жа-
рқырап тұрған азамат екен», - деп мағұрлануының астарында
көп мән бар. Бас - жоғары орналасқан, демек, Аллаға жақын.
Аллаға жақындық - табиғатқа жақындық, адамдарға жақын-
дық. Керт басыңнан да жалпақ жұрттың амандығын ойласаң,
адамша өмір сүруді мұрат тұтсаң, жақсыдан үйреніп, жаман-
нан жиренсең - бас қадірің артады. Бас қадірі артқан адамның
ниеті мен пиғылы ақылмен сәулеленеді. Ойы байсалды келеді.
Мұндай қадір-қасиетке ие адамды досы тұрмақ, дұшпаны да
мойындап: «Басы бас-ақ, іші толған ақыл!» — деп шарасыз
құптайды. Данышпан Абай: «Басыңда ми жоқ, көзіңде ой жоқ.
Күлкішіл, кердең наданның...» — деп тіке бастағы мидың жо-
ғына шүйлігеді. Алла — абзал, пендесін милы етіп жаратқан.
Адамда бәрі бар, қабілет-қарымында шек жоқ. Соны орынды
пайдалана алмаса, өзінен көрсін.
Бастағы миды қашыратын - ойсыздық. Ол неден көрініс
табады? Күлкішіл, кердең келсе, бәлденгіш, кергіме болса,
адал мен арамды ажырата алмайтын барып тұрған иісалмас
болса: «бойда қайрат, ойда көз болмаса», «ақылсыз басқа ба-
қырайған көз бітердің» кері болмағанда қайтеді?!
Билік тізгінін ұстағандарды «елбасы», «басшы» дейді. Сый-
лы қонақтардың алдына қойылатын сыбағаны да «бас табақ»
деп жатады. «Бас редактор», «бас маман», «бас қолбасшы»,
«бас хатшы»... дәрежесі де бастан бастау алған. «Басқа аман-
дық, малға түгелдік берсін» деген бата да бастың амандығын
ишаралайды. «Басың аман болсынға» өзіңнің керт басың,
бала-шағаң сыйып тұр.
Таудың басына шықсаң, еңсең көтеріледі. Өзіңе тиесілі бас
атың бәйгеден келсе, мәртебең биіктейді. Өнер жарысында,
122
өмір додасында, ғылым мен саясатта озғындасаң, бас жүлдені
жеңіп аласың. «Көсем серке қойды бастайды, басқарушы елді
бастайды». Бұлақтың да бастау көзі болады.
Байқап қарасақ, бәрі басқа байланысты екен. Баспен ойла-
нып, әрнені ақыл сарабына саласың. Бас қадіріңді кетірмеу
өзіңе байланысты. Дос-жаранға міндетсуден пайда жоқ. Анды-
сқанмен алысып, кектескенмен тартысып, қастасыңмен май-
дандаса берсең, көрінген қызылға жүгірсең, пайдаға бола жа-
ныңды жалдап жіберсең, өзім білемдікке салынып, өзгенің ар-
тықшылығын көре алмасаң, кім көрінгенге сенімсіздік
көрсетіп, жанның бәрін дұшпан көрсең - онда басыңа пәле
тілегенің. Басымды сақтаймын десең, өзімшіл болма, көпшіл
бол. Баршаға бауырмалдық көрсет. Көп асауға құнықпа. Көп
асаймын деп, боқ асап қалсаң - басыңның қайда қалғанын да
білмей, дауға ұрынасың. Құдай бетін аулақ қылсын, істі бо-
лып, заңның құрығына ілігесің. Ойсыз болсаң, маубассың,
ақылсыз болсаң, су мисың. Басқа пәле көп. «Пәледен қашық
боламын десең, жақсылыққа асық бол» дейді атам қазақ. Ақыл
айтқандық емес, ой салғаны...
Аяқ
Өмір сүрудің сәнді де мәнді, мағыналы болуы басқа байла-
нысты. Баста ақыл бар. Ақылды адам пайымды келеді. Нені
болсын ақыл сарабына салады. Саясатшыл келеді, әріден ой-
лайды. Болмашыға бордай үгітілетін босандыққа жоқ. Ашуын
сабырға жеңдіреді. Сөйткенмен де, бас аяқсыз шаруа бітіре ал-
майды. Бас, бүгінше айтқаңда, саясаткер болғанда, аяқ — дип-
ломат /мәмілегер/, елгезек. Бастағы жоба-жоспарды жүзеге
асыратын, ойлаған ойдан нәтиже шығаруға септесетін аяқ
екен. Денені қозғалысқа келтіріп, күнкөріс күйбеңінде бейнет
көретін де сол. Ата-бабаларымыз «екі қолды қамшы қылып,
екі аяқты ат қылып» бейнеттеніп жүріп ұрпақтарын жеткізіп
кеткен. Елгезек аяққа нұсқау көрсетіп, бағыт сілтейтін біреу
болуға тиісті де емес пе. Ол, әрине, бас. «Ақылсыз бас екі
аяққа дамыл бермес» дейді халық. Гәп баста болғаны.
Сөйткенмен де, дегбірсіздеу, дәйексіз аяқ жай жүрсін бе, ша-
лыс кетіп, қателікке ұрынады. «Кезеген аяқ боқ басар» деген
нақылға еріксіз тоқтайсың. Аяқ та сау сиырдың боғы емес.
Тым ұшқалақтанып кетеді. Содан да «Аяғы жаман төрді был-
ғайдының» керіне ұшырайды.
Бала қаз тұрады. Тәй-тәй басады. Тұсауы кесіледі. Ата-ана
баласының тұсауын ырымдап, елгезек, шаруақор адамға
123
кестіреді. Балам өскенде пысық болсын дегені. Балаға әркез
«сенің тұсауынды көкем үйінің келініне кестіргенбіз» деп оты-
рады. «Сен де сол көкем үйіндегі келіндей шаруақор бол» деп
есіне салады.
Халық зердесінде мынадай сөз бар: «Бала жетіге дейін жер-
ден таяқ жейді, өсе келе елден таяқ жейді». Үміт еткен
өркеніміз әңгүдік, ақымақ болып шықса, жүріс-тұрысы сөле-
кет, долпыаяқтау келсе, жатыпішер жалқау болса, елден таяқ
жемегенде қайтеді?! Ненің болсын аяғы бар. Жанды-жансыз-
дың да бастауы мен аяғы болады. Бастаған жұмысты орта жол-
да қалдырмай, аяқтауың керек. Ауыздағы сөз аяқсыз қалса, ол
да жаман ырым нышанасы.
Бас ақылдың ұясы болуымен қатар, адам мінезінің
өлшеміне де жатады. Өмірге салғырт қарайтын бейжай адамды
«маубас» дейді. Миына салмақ түсіргісі келмейтін жүрдім-бар-
дымды «су ми» деп таңбалайды. Киген киімі, жүріс-тұрысы,
аузындағы сезі үйлеспейтін есерсоқты «жынды бас» деп кеке-
се, бас бітімі келіспеген, мінезі тұрақсыз адамды «ешкі бас»,
«шақша бас» деп мінеген.
Жас адамның жүріс-тұрысына халық сын көзбен қарайды.
Елім деп еңіреп, халқым деп аңырап басын бәйгеге тіккен
біртуар қаһармандарға қарата: «Жақсы ат аяғынан қалады», -
деп іш тартады. Барша қажыр-қайратын ел мүддесіне арнаған
азаматтың сүрінгеніне кешіріммен қарап, ондай қайраткердің
жұқарған кезінде қолтығынан демеген. Жақсы аттың сүрінісі
- жақсы адамның сүрінісі есепті. Мәстек пен шобыр да
сүрінеді. Қарақан басына бола дүниені обып жұтып қоюға бар
ашкөз, тойымсыздарға да зауал бар. Ондайларға халық:
«Жүйрік сүрінсе, жүрісі түзелер, мәстек сүрінсе, жалы күзе-
лер», - деп тоқетерін бір-ақ айтады. Жақсы аттың сүрінгені
жақсы адамға меңзелгені. Қателігінен қорытынды шығарып,
ендігі жерде жаза баспай мінін түзеуге тырысады. Кеудесі
бітеу өркөкіректің сүрінісі қайтып оңалмас қасіретке душар
етеді. «Жалы күзелер» дегені — аяғы кеткен мәстектің соғымға
жіберілгені.
Тіршілік — қозғалыстар үйлесімі. Қозғалыста үйлесім бол-
маған жағдайда, сүрініс пен жығылыс килігеді адамға. Сүрініп
жығылғаңды ар көретіндер жалтарай-бұлтарайға басады. С у -
жұқпас қуларды «алаяқ» деп шенейміз.
Аяқ — елгезек. Сол себептен оған сөз ереді. Данагөй абыз-
дар: «Қисық жүріп сан шатаққа ұрындым, өле ішіп сор бат-
паққа жығылдым, аусарлықпен жат қақпаға бұрылдым, жол
күнәмді кешіре гөр, Жаратқан!» — деп саналы тәубеге барады.
124
Аяқ кісіні сауапты да, сауапсыз да жолға бастайды. Күнәға ба-
тырады. Бұл - өмір заңы. Аяқ - қозғалысқа дәнекер. Бейнет-
қор барып тұрған. Керек десеңіз, басты алып жүретін де сол.
Жұмырбасты пендені бақыт жолына бастайтын, сапарға алып
шығатын да аяқ. «Дау қуған пәлеге жолығады, жол қуған
қазынаға жолығады». Қазына-байлық, жан байлығына да
дәнекер - екі аяқ. Елгезек те еңбекқор, тынымсыз бейнетқор
аяқты да аялап, жылы ұстау керек.
Біз де бала болдық, жас болдық. Соғыстан кейінгі жылда-
ры жоқшылықты көрдік. Қонышы жасанды етікпен жүрдік.
Шешеміз киізден байпақ жасап, етікке сұғыстырып беретін.
Оны кигенді ар көретіндер, тоңбай, қалтырайтын. Ұлтарақты
күн сайын пешке кептіріп ки деп құлағымызды жейтін. Ұлта-
раққа байланысты халықтық аңыздар қаншама. Шешелеріміз
үйге келген қонақтың аяқ киімі мен ұлтарағын пешке жайып
кептіруді міндет санайтын. Оған арланбайтын. Ұлттық аяқ
киім түрлері қазақ даласының ауа райына орайластырылып
жасалынған. Қара саннан келетін былғары етікке киіз байпақ
сұғыстырып киюдің өзі бір ғанибет. Пима суыққа бермейді.
Аяқтан өткен ызғар алдымен жіліншігіңе шабады. Беліңе
ұялап, сегізкөзіңді зақымдайды. Белдің құяң /радикулит/
ауруы, көбінесе, суықтан болады. Бүйрекке залал келтіреді.
Нерв /жүйке/ талшықтарын әлсіретіп, ойлау қабілетіңді ша-
бандатады. Жұмыс істеу қабілетіңді /ой еңбегін/ азайтады.
Денедегі қуатты алып түсіп, қан айналысыңды баяулатады.
Сұрқыңды қашырады. Бозарып тоңу денені әлсіздікке душар
етіп, ішкі ағзаңды зақымдайды. Бойды суыққа көп алдырудың
салдары жас ұлғая келе кісіні аурушаңдыққа душар етеді.
Сүйек құрт, буын аурулары /ревматизм/, өкпе сырқаты бойды
жылы ұстамаудан өршиді.
Бастан басталған әңгімені аяқпен бітірейік. «Жатқанға жан
жуымайды, жүргенге жөргем /пайда/ оралады». Аяққа дененің
барша мүшелері тәуелді. Аяқ өзімдікі екен деп «кезеген аяқ
боқ басардың» керімен не болса соған ұрына берудің де қисы-
ны келмейді.Абайша айтқанда: «Бір-ақ қарғып өтем деп, бір-ақ
секіріп түсем деп, мертігеді де жатадының» керіне ұшыраған-
дар күндердің күнінде аяқтан айырылады. Аяқтан айырылмай-
ын десең, алдымда не бар деп сақтанып жүр. Алла тағала «сақ-
тансаң, сақтаймын» деген.
Аяқ киімнің іш жағына салынатын төсеніші «ұлтарақ»
делінеді. Ұлтарақты киіз, басқа да қалындау матадан сырып
жасайды. Бала кезімізде шешелеріміз киізден ұлтарақ пішетін.
Оны күн сайын жатарда пешке жаю міндет саналады. Қыздар
125
қырмызыдан ұлтарақ салдырған. Ұлтарақтың аяққа жұмсақ
келуі қажет. Әрі табаннан ызғар өткізбеуге тиісті. Бүгіндегі
аяқ киім ұлтарақтары тым жұқалаң. Ұлтарақты қалыңдатып,
қолдан пішудің ерсілігі жоқ. Ұлтарақ ауызекі сөзде «мені ұлта-
рақтай көрмеді» деген мәтінде де айтыла береді. Халықта «жа-
тар жеріміз ұлтарақтай ғана» деген де сөз бар. Жер бөлінісінде
«ұлтарақтай жер тиді» деп қомсынады.
Бір кісінің екі әйелі болыпты. Бәйбішесі ерінің ұлтарағын
пешке жайып кептірудің орнына аязды күндері далаға тастай-
ды екен. Күндердің күнінде еркектің тегеуріні әлсіреп, кіші
әйелінен суына бастайды. «Сенің құшағың тартпай жүр» деп
тоқалына кінә артады. Отбасында көңілсіздік басталады.
Төсектен қызу кетеді. Қартаң әйелдің құдайы жарылқайды.
Жас тоқал алабұрта бастайды. Арты қайыр, бөйбішесінің ама-
лын біліп қалған отағасы ұлтарағын кіші әйеліне міндеттейтін
болыпты.
Әйелдер өзара сырласқанда «Отағасының қуатын арттыру
өз қолымда. Ұлтарағын қалындатқан сайын ілһамі артады»
дейді-міс. Жасыратын несі бар, төсек құштарлығынсыз ерлі-
зайыптылардың татулығы мен ынтымағы бекімейді.
Қазақтың белгілі күйшісі Тоқа Шоңманұлы заманында
сері болған адам. Сұлуда есесі кетпеген. Жетпіс жасына дейін
желдіртіпті «желкүреңін». Сонда мұншалықты қуатты бойда
қалай сақтадың деген тұрғыластарына: «Жайдақ атқа мінбедім,
табанымнан ызғар өткізбедім», - деп жауап беріпті."
Қол
Сықырлаған сары аязда бірінші қол тоңады. Үсікке тез
ұрынады. Соны жақсы білетін үлкендер биялайсыз жүрген жа-
сты: «Осы неме жойдасыз сыпайы», — деп кекейді. Қолдың
қасиетіне баға жетпейді. Содан да қолға байланысты ғибратты
сөздер молынан. Педагогиканың тілімен айтқанда, қол ең
тиімді көрнекі құрал. Үлгі-өнегеге бастау болатын он екі
мүшенің аяқтан кейінгі ең елгезек, еңбекқоры. «Қолың
қимылдаса, аузың қимылдайды» дейді халық. Ақындар ойлы
жырды, көбінесе, қолдан өрбітеді. «Қолда барда алтынның
қадірі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай». «Әуелі ма-
хаббатты көз бастайды, білдіртпей ептеп қысып қол бастай-
ды...»/Мағжан/, «Береген қолым алаған» /мақал/...
Қол — бейнетқор. «Күсті қол» делінеді. Еңбекке икемсіз,
жатыпішер жалқауды халық «ақ саусақ» деп шенейді. Адам-
126
ның күні — адаммен, біреуге біреу қолғабыс береді. Сүрінсең,
қолтығыңнан демейді. Ауырғанда туыс-туған алақанын маң-
дайына басып аялайды. Бір-бірімізбен қол берісіп амандаса-
мыз. Араздасқандар қол алысып татуласады. Жүкті қолдасып
көтересің. Тілалғыш елгезекті «қолбала» дейді. Толып жатқан
сөз қолдан өрбиді. Бәлкім, мың, одан да асып жығылады.
Кілең орнықты да мағыналы сөздер. Ең дәнекерші тұрақты сөз
тіркестері қолдан бастау алады. Біреуге біреу жәрдемдесіп, қол
ұшын береді. Біреуге біреу арқа сүйеп, қол артады. Бітер іске
қол соғып құрмет көрсетеді. Жомарт адамның қолы ашық
келеді. Бір-біріне ынтық екі жас қол ұстасып кетеді. Жомарт
адамдарды «қолы ашық» деп көтермелейміз. «Кедейдің қолы
қысқа» келеді. Нағыз мәрт адам «қолымен істегенді мойнымен
көтереді». Жігерлі азамат намысын қолдан бермейді. Кісі бітер
іске жұмылғанда қолына түкірінеді.
Адам — пенде, ет пен сүйектен жаралған. Алыспай-жұлыс-
пай жүре алмайды. Дүниенің боғына бола бет жыртысады.
Араздасып, кек куысады. Жаға жыртысып, жаулыққа басады.
Билікке ұмтылғандар қара халыққа қиянат жасайды. Досын
сатып, жолдасын мансұқтайды. Махаббат үшін майдандасып
және сау басын саудаға салады. Нәпсісін тежей алмағандар
суық қолын арудың аш беліне жүгіртіп, зорлыққа барады.
Қораға түсіп қой ұрлайды. Арам пиғыл қара ниеттер қасы бы-
лай қалып, досының адалына қол салады. Қаныпезер қарақшы
сұқ саусағымен мылтықтың шүріппесін басады. Жазықсыз
жанды өлімге қияды. Қолдың сұғынбайтын жері жоқ.
Тәубешілер «Сумаң қолым, көнбей қойдың еркіме, ұмсынады
нені көрсе, серті ме? Қайт райдан, тәубеге кел, жер тіре, қол
күнәмді кешіре гөр, Жаратқан!» деп жалбарынады Тәңірге.
Қолға сөз ереді. Еңбегі - еш, тұзы — сор. Сәл мүлт кеттің
бе, «суық қол», «сумаң қол», «ұры қол», «кірлі қол» деп таңба-
лап, іске алғысыз қылады. Тентекке шүйілсе, «қол жұмсады»
деп жазғырады. Кім көрінгеннің айдауында жүріп,
көңілжықпас атанса, «қолжаулық болды» деп және кекейді.
Қарау достан сырт беріп, жалтарсаң, қисынсыз жерде досынан
қол үзді деп кінә тағады. Біреуге жәрдем қолын созса, «анаған
қолшоқпар болды» дейтіні және бар. Біреуден жәрдем күтсе,
«қол жайды, тіленші нағыз» дейтіні бар. Сәл босаңсыса,
«қолынан боқ та келмейді» де іске алғысыз қылады. Ақындар
да қолды кінәлауға бейім. «Түбінен үзгеннен соң суық қолмен,
қалмай ма пәк жүзінде ызғар табы». Міне, қараңыз, қолдың
қалай ұсталғанын. Гүлді үзгені үшін де оны «суық қол» деп
жазғырады екенбіз. Халықта қолды күстәналай беруден де оны
127
қастер тұтып, мадақтау жағы басым түсіп жатады. «Қолыңмен
істегенінді мойныңмен көтер» деп кінәнің бір ұшығын мойын-
ға жапсырады. Халық тұжырымы - ішті. Қол жалғыз емес,
оның да жәрдемшілері бар. Қолдың күші - білекте. Күштімен
тіресу үшін білекті сыбанып, күреске түсесің.
Енді білектен қарға келейік. Қолдың шынтақтан жоғарғы
иыққа жетер тұсын «қары» дейді. Қол мен білектің күштілігі
қарымға телінеді. Қолы әлсіреп, білегі күшке шыдамағанда,
«қарым талды, шаршадым» деп жатады. Қарының қарымды бо-
луы білектегі бұлшық етке байланысты. Бұлшық ет — қуат пен
күштің жиынтығы. Бұлшық еті бұлт-бұлт ойнаған азамат ұста-
сқанын тымақша лақтырады. Қолы қыжырлы адамды «білекті»
дейді. Білекті болғанымен, жігіт адамда жүрек болмаса, оған
мін. Қарыға байланысты халықта жақсы сөз бар: «Қарына
тартпағанның қары сынсын». Жақынынан жырақтап, суықба-
уыр келетіндер болады. Сондайларға қарата айтылған. Қарыны
да кінәлауға көштік. Иық та құр қалмас кемшіліктен. Дос-жа-
ранмен иық түйістіріп, қатар жүресің. Жарыңмен бір көрпе ас-
тында иық түйістіріп жатасың. Ауыр жүкті өзгелермен бөлісе
арқалап, иық талдырасың.
Кесек пішіңді азаматты «мың адамнан иығы озық тұр» деп
мағұрланады. Сұрқы қашып, жүдегендерді «иығына су кетті»
деп төмендетеді. Біреуді біреу иектеп күш қылғанда «иыққа
шығып алды» деп кекейді. Адам ентігіп, шаршағанда, ауырған-
да «иығынан дем алады» дейді. Кедей-кепшік үстіне бірдеңе
жапсырғанда «иығы бүтінделді» дейді. Біреуге біреу күш қыл-
ғанда «иықтасты» дейді.
Мойын
Иықтың бағасы орташа. Соншалықты бұзатарлыққа бара
қоймайды. Бейнетқор. Жігіт мықты келсе, кейпінен ірілік бай-
қалғаны. Әйел затына да иық жарасады. Келісті де көркем
әйелді кермиық /дұрысы - кермеиық/ деп бағалайды. Иық пен
басты жалғастыратын дәнекерші мойынның жүгі ауыр келеді.
Бас пен қол, иық, көбінесе, кінәні мойынға аударып тастайды.
«Қолыңмен істегенінді мойныңмен көтер» деп бұйырады. Кісі
кінәлі болғанда да қателігін мойнына алады. Қылмысын мой-
ындайды. Айыбын мойындаған адам «қылша мойным талша»
деп жаңғырыққа мойнын тосады. Жаналқымда мойынга қыл
тұзақ түседі. Дар ағашының алдында мойын тұрады ажалмен
беттесіп. Дұшпанның қылышы боздақтардың қылша мойнын
талша қияды. «Ез күнде өледі, ер бір-ақ өледі» деген уытты
128
сөзді халық Отаны үшін құрбан болғандарға, жаужүрек қаһар-
мандарға қарата айтқан. Бүгінгі заманның ынжықтары сәл
нәрседен шеккі көрсе, қиындық көрсе, мойнына тұзақ іліп, өле
салады. Асылып өлгенді ерлік деп біледі. Мұндай қазаны ха-
лық «ит өлім» дейді. Жарық дүниеге келген екенсің, адамша
өмір сүр, қиындықты қайткенде де жеңе біл. Өмір саған екі рет
берілмейді. Адамның ұлылығының өзі өлетінін біле тұра
қайғыға берілмей, азапқа алдырмай, арпалыса білуінде. Болма-
шы ілікті қиянатқа санап, араққа масайып, нашаға елітіп, асы-
ла салуды Исламда «кәпір өлімі» деп, өз жанын өзі қиғандар-
дың намазын шығартпайды.
Жаратушы ие адамды мінсіз етіп жаратқан. Мойынға
ақылдың сарапшысы - басты қондырған. Иықтан жоғары
тұрған басқа Алла Тағала барша дене мүшелерін бағындырған.
Патшалық иесі - Бас. «Басында ми жоқ, көзінде ой жоқтар»
алдымен өзінің он екі мүшесін қинайды. Әсіресе, мойынға
обал. Сот алдында қылмыскер қылмысын мойнына алады.
Мойындайды. Тән — жанға қонақ, жан — тәнге қонақ. Бір-
бірімен тығыз бірлікте болса, аз ғұмырда көп тарыға қоймай-
ды. Әрі тарт та бері тарттан жан шаршайды, тән тозады.
Мойын - қастерлі мүше. Өнерде, ғылымда, қарапайым
тірлікте «ақырын жүріп, анық басатындардың» өзгелерден
мойны озық келеді. Ондай адамның атағы жақсы атымен, адал
еңбегімен шығады. Нанын тауып жеуге икемсіздер, жалқаулар
мойнына су құйылып, ұнжырғасы түсіп, көрер көзге жиір-
кеніш тудырады.
Көз
Көз көру мүшесі болумен қатар, адамның ішін танытатын,
мінезін даралайтын, пиғыл-ниетін байқататын айна есепті.
Үлкендер өсер жастың көзінен келешегін байқап, баға береді.
«Көзі өткір екен мына баланың, болайын деп тұр» дегенін сан
естідік. «Жанары таза екен, жаман адам болмас» деп түсі игі
жасқа оң бағасын береді. Абай мінездеген «ит көрген, ешкі
көзденген, елірме жынды сөзденгендер» де жетерлік.
Халық педагогикасы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие сабақта-
рын жүргізгенде, өсиет-өнегені көзге байланыстырады. Өсер
жас айналасындағы құбылыстарды көру арқылы, үлкен-
кішінің өнегелі істеріне көз жеткізу арқылы санасын саралай-
ды. Ақыл-ойын шыңдайды, өмірге көзқарасын қалыптастыра-
ды. Әке мен шеше, бірінші кезекте, балаға «көзіңе қарасаң-
шы!» дегенді дәйімі ескертумен болады. Осы бір қарабайыр
9-2628
129
сөздің мағынасы тереңде жатыр. «Көзіңе қара» деген балаға
ескертудің екі жағы бар. Дәйексіздігін ескертумен қатар, көзі
бола тұра «көрмейтіндердің» тобына қосылып жүрме дегені.
Көзі бола тұра «көрмейтіндерді» халық «көрсоқыр» дейді.
Көрсоқырда да көз бар. Алайда, оның көретіні ылғи жаман-
шылық істер. Кісінің бер жағын ғана көріп, ішіне үңілмейді.
Сенің арғы жағыңды, ішіңді тануға жоқ. Көкірек көзі бітеу,
содан да ол көрсоқыр. Кісінің көкірек көзі қайтсе жетіледі? Ол
сенің өмірден алған сабағыңа, ақыл-парасатыңа байланысты.
Саған сабақ берушілер дұрыс ұқтыра алды ма негізгі тақырып-
ты? Өзіңде ынта болса ше?! Білмекке құмарлықты көрсеқы-
зарлық әдетін жеңіп кетсе ше? Көзі ашық, сезімтал саналы
жан көрсоқырлықтан қашады. Ондай азамат көзінің отын не
болса соған шығындамайды. Әсемдікке, өнерге, ғылымға,
еңбекке, табиғатқа ынтығып, оқу іздеп, ғылымға құмартып,
талмай ізденіп, оқу-тоқуға жұмсайды көз жанарын. Ізденіспен
көз майын тауысады. Көкірек көзі бітеу көрсеқызарлар
көрінген қызылға көзін сатып, әлекке түседі. Көңілі алып-
ұшпа ондай орнықсыздарға: «Біреуді көркі бар деп жақсы
көрме, лапылдап көрсеқызар нәпсіге ерме» деп Абайдың
ескертуінде гәп бар. Көзсіз көбелектер бүгінде жетерлік. Он-
дайлар нәпсінің құлы. Нағыз арлы жан «бет көрсе жүз ұялар-
дың» аясынан шықпай, «көргеннен көз ақы алатын»
желкөкірек әсіреқызылдардан бойын аулақ ұстайды. Көрсеқы-
зар желөкпе қызғанышқа қол артса ше? Онда ол көреалмас-
тықтың батпағына батады. Күншілдікпен дерттенген ол бара-
бара зұлымдыққа құрық береді. Кім көрінгенге көз алартып,
өштігін иттікке жеңдіреді. Қастасқанды шөпше жапырып,
көзіне көк шыбын үймелетеді. Өлтіріп тынады. Құдайын ұмыт-
қандар қасы тұрмақ жан аяспас досын да көзге ілмей кетеді.
Онымен не бітті? Қысқа ғұмырды рәсуа қылғаннан пайда бар
ма?! Бір есептен иттікке көз кінәлі. Өйткені, тойымсыз.
Көрінгеннен көз ақы алуға жаны құмар. Көзі түскен жылты-
рақты иемденуге құмар. Сөйткен тойымсыз пенде көрге түсіп,
көзіне көр топырақ енгенде ғана тыншиды. Ондайлар
тіршілікте көргеннің үстіне көре берсем, көргенді іліп түсе
берсем деп өзеурейді. Көзде де қанағат болады. Жүрегі кең,
тәрбиелі, көкірек көзі ашық ынсапты адамдар көрінген жыл-
тыраққа көз сатқан әсіре құмарлықтан бойын аулақ ұстап,
көргеңділік танытады. Тәрбиелі жасты дана шалдар «көргенді»
деп іш тартады. Ел көрген, көпшілікпен араласқан жас тез
есейеді. Шыңдалып, шымырлану деп соны айтады. Бүгінде
қазақ жастары шет елден білім алып, басқа жұрттардың озғын
130
жаңалығын үйреніп жүр. Шетке кеткен жас өз тілін, дәстүр-
салтын ұмытады деп ұшқары пікірге кетіп жатамыз. Саналы —
қайда да саналы. Санасызға бәрібір, он жерден өмір көрген-
мен, дүниенің түкпір-түкпірін сүзіп шаққанымен, көкірек көзі
ашылмаса, мәңгүрт болып шығады.
Көз — жалғанның жарығы. Сол жарық та бір күні жалп
етіп сөнеді. Қара түнекке жұтылады. Қазақтың арқалы ақыны
Қасым Аманжолов:
Екі көз - екі шырақ маңдайдағы,
Көруші ең құбылысты қай-қайдағы.
Япырм-ай, сен де бір күн сөнермісің?!
Қап-қара түнек болып маңайдағы... -
деп арман қылмай ма.
Арғын ішінде қаракесек, оның ішіңде қояныштағай /Қоян-
шы-Таңай/ Қақпан ақын былайша зар төккен:
Қақпан ақын атандым бала жастан,
Жүйрікпін шығанақтан шыға шапқан.
Әулие жеті жаста көзімді алып
Атандым сол себептен соқыр Қақпан.
Ақ шабақ су ішінде тоңбайды екен,
Айырылған екі көзден оңбайды екен.
Күніне жүзді беріп, мынды алсаң да,
Жалғанның жарығындай болмайды екен...
Ауылдың үлкені жолдан оралғанда: «Естігенімді айтайын
ба, әлде көргенімді айтайын ба?» — деп жатады. Сонда арналы
жігіт ағасы: «Естігенде қоспа болады, көргеніңізді айтыңыз», —
дер еді. Көзден көргіш не бар. Көргеннің бәрін көйіте берсең,
онда жыпықауыз, өсекші болып кетесің. Аузы ауыр, сыр сақ-
тағыш адам жақсысын асырып, жаманын жасырып, ғибратты
болатын жағдаятты тілге тиек етеді. Көңілге дік салып, жүректі
шіміркеңдіретін қолайсыз жағдайды ішіне бүгеді.
Құранның «Әнфал» сүресінің 179-аятында: «Рас, тозақ
үшін де көптеген жын, адамдар жараттық. Олардың жүректері
бар, алайда, олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен
көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді.
Олар хайуан тәрізді, тіпті одан әрі адасуда. Міне, солар мүлде
кәпірсіздер...» - делінеді /Құран Кәрім. Халифа Алтай аудар-
масы, 1999 ж./
Күнәнің денін әр нәрсені көру арқылы, жамандыққа бой
үйрету арқылы жасайды екенбіз, жүрекке жапсырады екенбіз.
Шынайы діндар содан да: «Не сұмдықты шыққыр көзбен
131
өткердім, көріп алып жау тіледім, кектендім. Көргіштерден
қиянатты көп көрдім, көз күнәмді кешіре гөр, Жаратқан!» —
деп Аллага жалбарынады.
Құлақ
Құран — бас кітап. Оның кәусарына адамзат баласы
шөліркеумен келеді. Оған шөл қандырғанда пенде қуаттанады.
Жан сарайы тазарып, құлағы ашылады. Құранның әр аяты -
даналық. Көзіміз бар, бірақ көрмейміз. Жүрегіміз бар /бұл
арада сана/, онымен түсінбейді екенбіз. Және де құлағымыз
бар, онымен естімейді екенбіз.
Нені? Алланың сөзін. Жаратқан иенің Құран арқылы бізге
жеткен сөзін естімеген пендеге не шара? Бас кітап - Құран
адамзат адасуда деп дөп түседі. Расында, тура жолмен жүріп
бара жатырмыз деп қалай айтамыз? Адасудамыз. «Су анасы -
бұлақ, сөз анасы - құлақ» делінеді. «Сөздің анасы - құлақ»
деудің қисыны бар ма? Оған да халық даналығы жауап табады.
«Иесі жоқ жер жетім, тыңдаушысы жоқ сөз жетім». Ауыздан
шыққан сөз құлаққа жетпесе, ешкім құлақ қойып тыңдамаса,
сөз — жетім баланың күйін кешпегенде қайтеді?!
Адамның бір міні — сөз ұқпайтындығы. «Ақпа құлаққа ай-
тсаң, ағып кетеді. Құйма құлаққа айтсаң, құйып алады» дейді
сыншылдар. Ақпа құлақтарға назаланған Абай: «Есіл сөзім
қор болды-ау тобықтының езіне...» — деп таусылмай ма. Асқы-
на торығып, шамырқанған ақын «ызалы жүрек, долы қол, не
жазып кетсе жайы солға» басқанда, тобықтының езіне уытты
сөзбен төнеді-ау. Әсіресе, «Сегіз аяғында» қазақтың мінезін
жеріне жеткізе, таусыла сипаттайды. Әр өлеңінде даналық ой
бар. «Егер түзу көрінсе, ойлап-ойлап құлаққа іл» деп те
үгіттейді қалың елі қазағын. «Салсын құлақ ұққандар, өрбі
сөзім, өрбі енді» деп буырқанды. Ақын қара сөзінде: «Құлақ
болмаса, не қаңғыр, не дауыс, жақсы үн, күй, ән — ешбірінен
ләззаттанып, хабар алмас едік...» — деп құлақтың қасиетін дөп
басады. «Құлақтан кіріп, бойды алар, жақсы ән мен тәтті
күй...» деп және тебіренеді. Әнді тыңдаушының әрқилы екенін
айта түседі. «Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, кейбіреу
қояр құлақ ұққанынша...» деп те тыңдаушысын байыптылыққа
шақырады. Тыңдар құлақты кілең жазғырмай: «Әннің де естісі
бар, есері бар, тыңдаушының құлағын кесері бар....» — деп тал-
ғампаз тыңдарманға ой салады.
Құлақ құрышы қайтсе қанады? «Аңыз болған арман жыр,
құлақ құрышы қанған жыр» үдесе ғана құлақ шері тарқамақ-
132
шы. Құлақта да шер болғаны ғой. «Домбыра тартқаныңда шер
тарқатар, насыбай атқаныңда ашу басар». Құлақ құрышы -
шер тарқатып әңгімелесуден, ән-күй тыңдап, әсерленуден бай-
сал тартады.
Өмірде олай болмай шығады. Осы күні тойға барсаң, құлақ
тұндыратын даңғаза әуен, жастарды есалаңдыққа есіртіп,
кәріні есінен тандырып, ығырыңды шығарады. Батыстан жет-
кен рок деп аталатын музыканың дендегені соншалық, жастар
азғырынды даңғыраққа елітіп, құтырына жұлқынады. Мына
бір мысал сұранады: «Музыканың адам ақыл-ойына ықпалын
ғылыми деректерден молынан алуға болады. Неміс ғалымы
профессор Г. Раух мынадай пікір айтады: «Көңіл көтеретін
кейбір музыканың түрлері /рок/ адамның жүйке тамырын
шектен тыс қоздырып, мидағы өмірден жиған ақпараттық қор-
ды «жойып жіберетін» стресс-гормон затын бөліп шығарады...»
— дейді. Рок музыканың кері әсерін тереңдете зерттеген аме-
рикандық ғалым Ден Вагнердің айтуы бойынша, дельфиндер
классикалық музыканы ұнатады, тіпті олардың сүйікті компо-
зиторлары да бар. Бахтың құдіретті акордтарын тыңдаумен
олар адамдарға жақындай түседі. Керісінше, рок музыка
дельфиндерді біржолата естен айырып, берекесін алады екен.
Ал швед Ларс Кнутсонның мәлімдеуіне қарағанда, көп жыл-
дан бері өзі зерттеп жүрген шошқалар тек рөк музыкасын ғана
ұнататын көрінеді. «Олар дельфиндер сияқты емес, классика-
лық музыканы өте жек көреді. Бетховен, Бахтарды тыңдатқан
кезде шыдай алмай, төбелес шығарады» деп жазады...» (Әмина
Нұғыман «Қазақтың әншілік дәстүрі»).
Шамадан тыс дыбыс адамның жүйкесін жұқартып, сезім
мүшелерін, оның ішінде құлақты зақымдайды. Музыка дыбыс-
тары бейпілденіп, өткінші арзан әуенге молыққанда, бір сәттік
көңіл күйге құрылған дыбыстар дендейді. Жеңілтек әуеннің
етек алып кеткенін көріп, дағдарасың. «Баланы жастан» деген
халықтық қағиданы берік ұстанып, эстетикалық тәрбиені от-
басынан бастасақ, кәнеки?! Атақты жазушы Бернард Шоудан
ақыл сұрай келген бір жас ана: «Шоу мырза, айтыңызшы, ба-
лама неше жастан бастап тәрбие беруім керек?» — деп сұраған-
да, жазушы: «Балаңыздың дүниеге келгеніне қанша болды?» —
деп сұрапты. «Баламның туғанына бір жеті болды» деген анаға
Шоу: «Балаңызға тәрбие беруге бір апта кешіккен екенсіз», —
деген екен.
Отбасылық тәрбиеге, бірінші кезекте, құлақ жұмылдыры-
лады. Ол сезім мүшелерінің ең елгезегі. Бала естігенін ұмыт-
пайды. Бала кезімізде үлкендер еркекше сөйлегенде /қалжың-
133
дасқанда/ баланы тәтті беріп алдап, сыртқа шығартып
жіберетін. Әсіресе, қыз баланың көзінше анайы қалжыңға әсте
бармайды үлкендер.
Құлақ сенің жаныңа қонақ. Аз күндік тіршілікте жаның-
мен бірлесе өмір сүреді. Естігенін санаңа, жүрегіңе жеткізеді.
Құлақ шыншыл келеді. Содан да «Естіген құлақта жазық жоқ»
деп халық құлақтың саққұлақтығына кешіріммен қарайды.
Сонда адамның азғындауына, қисық жолға түсуіне кім кінәлі?
Құлақта жазық жоқ екен. Ол сәл-пәл тосаңсып, есту қабілетін
азайтты ма, керең, саңырау, миғұла, кеще деп құлағы тосаң-
дарды неше қилы атаққа ұшыратамыз. Дегенмен де, құлақ
мақтаудан шет қалмайды. Саққұлақ, құймақұлақ деп
көтермелейді. Артынша «ол барып тұрған акпақұлақ, қанша
айтсаң да құлағына ілмейді» деп қол сермейміз.
Құлаққа да тәрбие керек. Тыйым керек. Саналы адам не
болса соған құлақ түріп, дыбыс аулаған жаман әдеттен өзін
аулақ ұстайды. Әр естіген жағымсыз сөз жүйкені жұқартады.
Қанның қысымын көтеріп, жүрегіңді соқтырады. «Тұла бой-
ында бір міні жоқ» пенделер өзгені қаралауға әуес. Іші тар жы-
бырлақтар мен сыбырлақтар біреуді біреуге атыстырып, айтар
сөзін жәдігөйлікпен сыбырлап жеткізеді. Саған дос болғансып,
басқаның сөзін «жылан сыбырмен» көйітеді. Сені еліктіріп, до-
сыңа айдап салады.
Ең таза дыбыс — табиғаттың үні. Бұлақтың сыңғыры, жа-
пырақтың сыбдыры, құстардың мың құбылта сайрағаны саған
тыныс бермей ме. Бәрінен де сәбидің уілі мен ананың айналып
толғанғанына не жетсін. Сұлудың күлкісі, құрбы-құрдастың
бейбіт қалжыңы, дос-жаранның базынасы, ұстаздың ұлағатты
сөзі қандай! Солардың мерейлі де мейірімге толы жүрек лүпілі
сені бір көтеріп тастамай ма. Үнемі сыбыс-сыбырға құлақ тос-
қан адамның санасы қарайып кетуі кәдік. Олай болса, құлақты
да аяйық. Оны жазғырғаннан түк шықпайды. Гәп санада.
Мұрын
Адам ағзасы тығыз бірлікте. Мұрныңыздан дым білінсе,
дереу қолыңыз жүгіреді. Көзіңізді кірпіктеріңіз қорғайды.
Мұрын жағымсыз жат иісті сезіп, көзге түрткі салады. Көз
құлақты, құлақ тілді түртеді. Тіл сөзге келіп, қауіп-қатерді
дүйім жұртқа жариялайды.
Хөш, сонымен, мұрынға келейік. Оған қамқоршы қол
екен. Суланса, сіңбіресің. Жыбырласа, орамал басасың.
134
Сөйткен мұрныңыз басқа дене мүшелеріне сес көрсетіп, мар-
дымсиды кәдімгідей. Танау көтергіштейді, мұрын шүйіреді.
Қазақ отбасы, бірінші кезекте, баланы ынжық болудан
сақтандырады. Ондай баланы «боқмұрын» деп әжуалайды
құрбылары. Дегенмен, мұрын жанға жақын. Адам жанталас-
қанда, жанына қатер төнгенде жаны мұрнының ұшына келеді
екен. Мұрын жан тазалығына да, тән тазалығына да септесіп,
мінсіз қызмет көрсетеді.
Мұрынның қасиетін Абай былайша сипаттайды: «Мұрын
иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман
иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді...» — дейді
қара сөзінде. Нәш айтылған. Біз иісті табиғаттан аламыз. Сан-
даған өсімдіктің хош иісі ауаға таралып, мұрын арқылы
кеудемізге құйылады. Көңіл күйімізді көтеріп, жан сарайы-
мызды ашады. Сонымен, Абай айтқан «жақсы иісті» таратып
көрелік. Ол, бірінші кезекте, ананың иісі, ақ мамасынан шық-
қан ана сүтінің иісі. Қазақ үшін кәдімгі көктемгі уыз қымыз-
дан өткен, оның иісінен өткен не бар?! Жүздеген өскіннің әси-
ясы бие сүті арқылы саған жетеді. Оң-солынды танып, бозбала
жасына жеттің, қызға қырындадың. Ақыр соңында табыстың
бір қиық қаспен. Бір көрпе астында денеңе денесі тиіп, жар
төсегін қызықтайсың. Сондағы сені мас қылатын не? Сүйген
жардың иісі. Ақ тамағына тұмсығыңды жұғыстырып, құныға
иіскегенде, жан-жайлауының төріне бір-ақ шығасың. Абайдың
«жақсы иіске ғашық болмағы» осы. Бозбала сұлуға ынтыққан-
да: «Бір менен екі де бар үшке дейін, көтерші ақ тамақты,
иіскелейін» деп үздікпей ме. Махаббат пен ғадауатгы асқына
дәріптеген Абай: «Иісің гүл аңқыған, нұрың күн шалқыған.
Көргенде бой еріп, сүйегім балқыған...» - деп сұлудың иісін
гүлдің жұпарына баламай ма.
Дәлелденген. Ана мен сүйген жардың иісі - табиғаттан та-
ралатын мың сан хош иіспен бірдей (Шешем менің отыз жа-
сымда қайтыс болды. Әкем шешемнен кейін бес жылдан соң
дүниеден озды. Әке-шешемнің киімдерін күні бүгінге дейін
көзіндей көріп сақтап жүрміз. Олардың исі сіңген киімдерінің
сақталуына елу жыл жолдас болған бәйбішем Бәтен Түсіп-
қызының зеректігі септесті).
Әке-шешенің, жардың иісінен кейінгі ең бір ғажайып иіс —
сәбидікі. Бұл — жалғыз қазаққа ғана тиесілі ерекшелік емес.
Бүтін дүниедегі барша қауым баланың балдай тәттілігіне ден
қояды. Дүниеде сәбидің иісінен артық иіс, сірә, жоқ-ау!
Жағымды иіс мың сан. Соған қоса жағымсыз иіс те
жетерлік. Сол сандаған иісті мұрын ғана айырады. Соншалық-
135
ты сезімтал мұрынды да жазғырамыз-ау! Сасық иіс қолқаңды
қауып, жүрегіңді айнытады. Соны төзімділікпен мұрын байғұс
көтереді.
Адамды өсіретін де, өшіретін де иіс. Сандаған иіс жұпары
көкірегіңе құйылғанда, тәнің сауығып, жаның сергиді. Жаман
иіс тәніңмен қоса жаныңды да тітіркентіп, тұншықтырады.
Өлтіре жаздайды. Иіс — тіршіліктің мәні мен сәні. Мұрынға
жеткен жағымсыз иісті кетірудің түрлі жолдары бар. Химия
көмекке келеді. Жұпар сабынмен жуынып, үстіңе әтір себесің.
Алайда, ішкі дүниеңнің сасығын, сасық пиғылынды, сасық
мінезіңді қалайша түзерсің?! Арам ой, қулық пен сұмдық, на-
дандық пен топастық, тойымсыздық, көреалмастық тәрізді са-
сық пиғылдарға нендей тосқауыл бар? Абай айтқан «кей сасық
миларға» қандай қайран болмақшы? «Адам бір боқ, көтерген
боқтың қабы, боқтан сасық боласың өлсең-дағы...» деп ақын-
ның меңзегені санадағы тосаңдық шығар-ау.
Мұрынға байланысты тәлімдік сөздер жетерлік: «Ат ерінді,
ер мұрынды келер», «Мұрның барда бір сіңбіріп қал». Өнерінді
жетілдір, жарысқа қосылып, бағынды сына дегені. Еңбекқор,
елгезекті көпшілік: «Мұрнынан шаншылып жүр», — деп
мүсіркейді. Жағдайы оңалған табыскерді «Мұрнынан есек
құрты түсіп қалыпты» деп кекейтіндер де табылады. Көнпіс
елпілдекті: «Мұрнын тескен тайлақтай», — деп мүсіркейміз.
Паңсыңғанды «Мүрнын көкке көтерді» деп жақтырмаймыз.
Ұйқышыл жалқауға «Мұрныңа жылдың иісі келді ме?» деп
әзілдейтініміз сөкет емес. Көктемге қарай адам босаңсып,
ұйқышыл болып алады. Сол себептен айтылған.
Ауыз
Егер сезім мүшелеріне тіл бітіп, бір-бірімен сөз таласты-
руға тура келсе, ауыз бәрін жеңіп кетер еді. Жұмырбасты
пенденің ең ұлы қасиеті сөз — ауыздан шығады. Тағамды ішке
ауыз қуысымен жеткіземіз. Және бұл шіркін, жан-жақты. Тіл
мен көмей, таңдай мен ерін жұтқыншақ, өңеш, тіс, бәрі-бәрі
ауыздың көмекшілері. Соларың да тойымсыз. Бұларды жинақ-
тағанда, құлқын деуге келеді. Құлқында тойымдық әсте бол-
майды. Әкеле бер, бере бер, аузыңды жаппа, шайнап жұта бер-
ден келеді.
Құлқын жақсы атты көрініп, бар кінәні ауызға аудара сала-
ды. Ауыз да берісе қоймайды. Қызыл сөзді суша сапырады
дейсің! Сондағы алатын алғысы: «Аузымен орақ орған өңшең
136
қиқым, мінекей, кетірді ғой елдің сиқын...» /Абай/. «Ауыз —
дарбаза, сөз — самал, құдай ұрғанға не амал». Осыдан кейін
ауызды қайтіп ақтарсың? Жалған достық «ауыз тамырлықтан
шығады». «Ауызбастырық» пара беруге жатады. Сарандар
ауыз байлық жасайды, аузын қу шөппен сүртеді. Аузына сөз
тұрмайтындарды «аузы жеңіл», «қылауыз» дейміз. Сыбайлас
жемқорлар пайда ойлағанда, бір-бірімен ауыз жаласып кетеді.
Парақорлар мен жемқорлар аузын араңдай ашып, түйені
түгімен, биені бүгімен қылғытады. Аузы-мұрны қисаймай жал-
ған сөйлейтіндер қаншама. Сөзге құмарларды «ауыздыға сөз,
аттылыға жол бермейді» дейтініміз және бар. Пәтуасыз мыл-
жыңды «ауыз жаппады» деп кекейміз.
Дегенмен, ауызда да ұят бар, иман бар. «Ауыз баққан бай
болады» дейді қазақ атам. Түсінікті-ау. Сол ауыз баққан
үндемесіңіз ішмерез /арамдығын ішіне сақтайтын/ арам болып
шықса ше?
«Аузын ашса жүрегі көрінетін» ақкөңілдер де баршылық.
Ұяты барлар әдепсіздіктен, біреуді жамандаудан тартынады.
Ғайбат /әсек/ сөзден тартынады. Пенде баласы қателеседі,
аяғын шалыс басады. «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген мақал
содан қалған. Жақсының аты ауыздан ауызға тарайды. Үйден
құр ауыз шықпай дәм тату жақсылықтың жоралғысы. Ауыз
бірлік-ынтымақ пен татулықтың ұйытқысы. Дәмді астың иісі
мұрынға келгенде, аузыңның суы құриды. Кейде ауызды аран-
дай ашып, тойымсыздық көрсететініміз бар. Біреу сасқалақтап
қалғанда, аузына сөз салатынымыз да жақсы қасиет. Момын-
дық, көп жағдайда, ұтысқа шыға бермейді. «Аузын буған
өгіздей» мыңқиып отыра берсең, дұшпаныңды басқа шығарып
аласың. Шындықты бетке айтсаң, қарсыласыңның аузы жабы-
лады.
Ең мағыналы өлең — бір ауыз өлең. Шешен тілмарларды
«от ауызды, орақ тілді» дейтініміз де тапқырлық. Сүйкімді ба-
ланы, қызды «үріп ауызға салғандай» деп ризалық білдіреміз.
Сөзі жұғымды, ойы кең ата-баба дәстүрін ұстанған көне
көздердің /ақсақалдардың/ аузының дуасы болады. Дуалы
ауыздар бүгінде шет қалды. Оларды пайдакүнемдер, дүниеқо-
ңыздар, аран ауыз қомағайлар, атаққұмарлар еңсеріп барады.
Май ауыздар да бар, өз құлқынын ойлаудан басқада жұмысы
жоқ. Кім айтса соған илігетін майысқақтығы және бар. Өзіндік
беті жоқ. «Май ауыздарды» халық жек көреді.
Өмір — өткінші. Біреуден біреу сөзден ұтылғанда: «Аузына
құм құйылды» деп жатамыз. Ауызға құм өлгенде, көр топы-
рағы кеудеңді басқанда құйылады. Құранда айтылған. Аузыңа
137
ие бол дейді. Ауыз байлық, ауыз мырзалық кісіні қасиеттен
айырады. Пәле-жәлеге үйірлік, сыбыс-сыбырға құлақ төсеген
сөз аңдығыштық ұсақ мінезділікке ұрындырады.
Ауызды құртатын — өсек. Өсек өрттен де жаман. Пәленің
басы пыш-пыш сөзден басталып, бара-бара өртке айналады.
«Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды». Өрт емей
не? Аузы жамандардың елді былғайтыны — қаңқу сөзге құмар-
лық. «Ауруда шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман». Бөріні қой-
шы-қолаң «жаман ауыз» деп атайды. Түйін мынау — «Жақсы
адам сөйлесе, аузынан гүл төгіледі, жаман адам сөйлесе, аузы-
нан жын төгіледі». «Екі елі ауызға бір елі қақпақ». «Ақыл —
ауыздан, мерей — көзден» дегендегі аңғарымда астар бар.
Көзбен мерейлесіп, ауыздан шыққан ақылды сөзбен білік-
біліміңді молықтырасың.
Ерін
Ерінді сөз еткеңде осы сөздің жасалымына фразеологиялық
мәніне күдік келтіресің. Ауыздың «ер, маған ілес» дегенінен
шыққан ба? Ауыз ашылып-жабылған сайын ерін
демесіндіктен таңбайды. Дамыл жоқ оңда. Содан да титықтап
шаршаған соң, еріншектеп, өз міндетін атқарудан жалтаратын
болуға тиісті. Еріну, бәлдену деген мағынаға да жуықтайды.
Ондайда «ернімен емеуріндеді» делінбей ме. Емеуріндемегенде
қайтеді, жыпық ауыздар ерінге дамылдық берсін бе. Сүйрең
тілді де ерінге күн көрсетпейді. Жыпық ауыздар ерні ерніне
тимей өсектің отын үрлегенде, еріннің жайы қайдан болсын?!
Жалқауланса тағы пәлеге қалады. «Салпы ерін» деп тұқырта-
ды. Сөзге үйір келсе, «шүртік ерін» деп таңбалайды. Біреуді
жақтырмай, керги қалса, ернін шығарғаны несі деп қисынсыз
жала жабады. Әйел заты боянғанда, «қызыл ерін» деп және
өсекке таңады.
Дегенмен, қазақ атамыз ерінге байланысты тәрбиелік мәні
бар сөзді жас өскіннің құлағына сіңіре білген ғой. Ерін — дәне-
кер, мейірімге үгіттейді адамдарды. Жігіт қызға ынтыққанда:
«Дегенде ала құнан, ала құнан. Қалқаның жел соғады балағы-
нан. Суға түскен шортандай шолп-шолп етіп, қыздардың
сүйер ме едім тамағынан...» — деп шалқымай ма.
Сұлуға ұрынған жігіттің халін Шәкәрім былай білдіреді:
Қолыңнан тартып,
Білегін артып,
Ақ тамақтан шөп етіп,
138
Тал бойың еріп,
Тіліңді беріп,
Сүлдерің қалар, ес кетіп...
Достарыңызбен бөлісу: |