V. ЖАРАТҚАН ИЕ
Алла - бір, пайғамбар - хақ
Бүтін дүниенің, әлемнің иесі - Алла! «Тумаған, туылмаған,
баласы болмаған». Біздер, мұсылмандар, жұмыр басты пенде-
лер Алланың құлымыз, Мұхаммедтің үмбетіміз. Мұсылман-
ның бас дүғасы осы. Діндердің пайда болуы, шығу тарихы кім-
кімге де белгілі. Ата-бабаларымыз әуелгіде қандай наным-
сенімде болған, оны да білеміз. Халықшыл, ұлтжанды оқымыс-
тылар, дінтанушылар өздерінше жазып та, айтып та жүр.
Тәңірлік дін дегенді жабыла қоздатып, соны бір үлкен жаңа-
лық деп біледі. Жаратушы иенің жүз бір /бәлкім, мың бір/ аты
бар, соның бірі - Тәңір. Ата-бабаларымыз бейнелеп сөйлеуге,
астарлауға, пікірін бірден айтып салмай, тұспалдауға шебер.
Бұл ерекшелік неден? Табиғат аясында қатаң климат жағдай-
ында, жылдың төрт маусымы өз ретімен ауысып тұратын бел-
деуде ғұмыр кешкен бабаларымыздың оқыған бас кітабы - та-
биғат құбылысы. Олар жерді «Ана» деп білсе, кек аспанды
тәңірге балаған. Жер ананың құрсағына ұрық тастайтын
құдірет — Тәңір.
Бар жақсылық аспаннан: күлімдеп күн, жарқырап ай, жы-
мыңдап сансыз жұлдыз тұр. Көктен жерге жететін рахман
нұрда есеп жоқ. Күн кірпігінен саулаған сәулелі нұрдан Жер-
Ананың жүзі жылып өңі кіреді, буазиды. Көктен жауған жаң-
бырға мелдектеген жер төсі мың сан өскінін қаулатады.
Тіршілік күш алып, қуаттанады аспаннан төнген нұрға. Ай
тұрады нұрланып. Аспан шырақтары жер бетіндегі тіршілікке
ықпалын күшейтеді, демесін көрсетеді. Сайын далада мал тұя-
ғына ілесіп жылдың төрт мезгілінің ыңғайымен көшіп-қонып
жүретін бабаларымыз жұлдыздарды бағдаршы еткен. Табиғат
амалын жұлдыздарға қарап жорамалдаған.
Алланың қазақ ұғымындағы екінші атауы - Құдірет!
Құдіреті күшті ие жанды-жансызды асқан спадиярлықпен,
көрегендікпен жаратып, бір-бірімен үйлесімді байланыста қоз-
ғалысқа келтіріп қойған. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Құдіреті
күшті жаппар Хақ жанды-жансызды өсіреді, көктетеді, одан
қуартып, солдырады. Тіршілік иелерін де сондай амалмен
дүниеге әкеледі, аздаған ғұмыр береді де, ақыр соңында өзіне
қайтарып алады. Содан да Алла - Құдірет. Құдіреті күшті ие
153
өзінің кереметін табиғаттың бойына сіңірген. Көкте жасын ой-
нап, найзағай жарқылдайды. Дауыл тұрып, долы соғады. Ас-
паннан тас бұршақ жауады. Тау теңселіп, жер жігі ашылады.
Осының бәрі ненің амалы? Көктің амалы. Ата-бабаларымыз,
өзге жұрттар отқа, суға, пұтқа табынып, дүниені танып-
білудегі санасының балаңдығынан арылмаған кездің өзінде
көк аспанды Тәңір деп білген. Демек, бабаларымыз Алланың
бірлігіне әу бастан ыңғай беріп, табиғат құбылыстарын
бірлікте алып, көк аспанды Жаратушыға балаған.
Алла — бүтін әлемнің жиынтық бейнесі десе де болады.
Кәдімгі ғарыш, он сегіз мың ғалам шетсіз, шексіз кеңістік көк
жүзінде қозғалыста болмай ма? Сол көкті біртұтас бірлікпен
тәңір тұтып, табынып, сиынғаны бабаларымыздың Алланың
бірлігін танығаны, мұсылмандыққа сәбилік санадағы кезінен
жақын екендігі емес пе? Олай болса, қазақ халқы әу бастан
мұсылман. Бүгінде айтылып жүрген атүсті пікір — ұшқары.
Қазақтар жартылай мұсылман деген сандыраққа еш келісуге
болмайды. Тәңірлік дін деп жүргеніміз мұсылмандықтың алға-
шқы басқышы. Ежелгі грек мифологиясының артықшылығы
табиғатты тануында, кемшін тұсы /бұл арада балаңдығы/ таби-
ғат құбылыстарының кереметін құдайға теңестіріп, оларды
адам есебінде алуы, көзге елестетуі. Буддашылық, христиан-
дық, осы діндерден таралған түрлі секталар /ағымдар/
құдіретке сиына отырып, адамды құдайға балап, адамға табы-
нады. Будда да. Исус Христос та кәдімгі ет пен сүйектен жара-
лған адам емес пе?
Алланың мың бір атының бірі - Шындық. Төтелеу емес,
ақиқат сөз. Халық ақыл-ойының жиынтығы аңыз әңгімелер
мен ертегілерді, мақал- мәтелдерді зерделеп, ой көзімен оқып
шықсаңыз, бұған шүбә келтірмейсіз.
Құдай шындық айтады өлесің деп. Өлетінімізді біле тұра
өмір сүруге құштармыз. Халық мұны да тап басады: «Түстік
ғұмырың болса, кештік мал жи». Ал пәлсапашылар не дейді?
Спиноза Барух /1632-77/ былайша кемелдікпен айтады:
«Адамның ұлылығы сол, өлетінін біле тұрса да өмір сүруге де-
ген құштарлығы».
Құштарлық, бейнелеп айтқанда, қанат. Кәдімгі құс қана-
тымен ұшады, құйрығының демеуімен жерге қонады. Ал адам-
ның қанаты - арманы, қиялы - дүниені танып-білуге деген
құштарлығы, махаббаты, бір сөзбен тұжырғанда, адамның ада-
мға деген ықыласы, сонымен қоса табиғатты жан тартуы.
Құштарлық - қозғалысқа тәуелді. Қозғалыстың тоқтауы
тіршіліктің тоқырауына әкеп соқтырады. Дүниедегі барша
154
жанды-жансыз қозғалыс аясында жетіліп, өнік шашады.
Ғұмырын жалғастырады, бара-бара тоқтатады. Ата-бабалары-
мыз тіршіліктің мәні қозғалыста екенін жақсы білген. «Қолың
қимылдаса, аузың қимылдайды.»
Алланың қазақ ұғымындағы бір атауы - Жаратқан ие.
Нені жаратқан? Он сегіз мың ғаламды, ғарышты. Бүтін
әлемнің қазақша атауы — Жаратылыс. Жаратылысты кім жа-
ратқан? Жаратушы ие жаратқан. Жаратушы жаппар Хақ өзі
абзал жаратқан пендесін /адамдар/ тым еркінсітіп жіберген
жоқ па? Олай етпеген шығар. Керісінше, уайымы асқын, қай-
ғысы қалың. Әу баста пешенесіне жазылғанды көруге тиісті.
Түсінікті тілмен айтқанда, маңдайына жазылған-ды. Ол нендей
жазу екен? Жазу ма, таңба ма? Таңба да болуға тиісті. Кәдімгі
тағдырдың маңдайға басқаны.
Жазмыш
«Жазмыштан озмыш жоқ». Осы бір пәлсапалық тұжырым
әке-шешелеріміздің аузынан түспейтін. Жазмыш деген не?
Оған түсініп жатқан біз жоқ. «Ежелде жазу солай болған шы-
ғар» деп және тұспалдайды. «Маңдайға жазғанды көре жатар-
мыз» дейтіні тағы бар.
Ауыр қаза салмағын көтере алмай аһ ұрған бейбақ: «Маң-
дайымның тайқылығынан көрмесем, кімнен көремін?» — деп
жатады. Әлгі қазалы жанға үлкендер: «Тағдырға не шара?» -
деп басу айтады. «Жазудан артық болмайды» деген тұспалды
үлкендерден сан естідік. Халқымыз жазмыштың амалын өлең-
ге де қосқан.
Шалшық су құдык болмас қазбағасын,
Сауырдан ат жүре алмас саздағасын.
Жете алмай мұратыма зар илеймін,
Ежелде хақ тағала жазбағасын.
Осындағы «хақ тағала» Алланың жүз бір атының бірі. Алла
жазбаса, ішкелі отырған асың, сатып алған бұйымың, қызыл
аяқ ақ күмісін де бұйырмайды екен. Керек болса, иманың да
бұйырмайды екен. Хақ тағала әу баста кесіп-пішіп қойған.
Жақсылық пен жамаңдық, қуаныш пен қайғы, бәрі Алладан.
Мұсылмандықтың бес парызының бірі осы тұжырым. Құранда
солай жазылған. Пәлсапаның да сарыны соған саяды. Тағдыр
— себеп пен салдар һәм кездейсоқтық жиынтығы. Осыған жу-
ықтайды. Дүниеде /жалған тіршілікте/ себепсіз ешбір жағдай
өз бетімен туындап жатпақшы емес. Себептің салдары болуға
155
тиісті. Бабаларымыз мұны да жақсы білген. «Не болса құдай-
дан, жаратқанның әмірінен» деп шорт кескен. Бұл - діни
түсінік. Ал атам қазақ себеп пен салдардың қозғаушы күшін
адамдардың өзінен шығарады. «Шығасыға иесі себепкер», «Бір
асқанға - бір тосқан», «Асқан - асылады, толған - төгіледі»,
«Шығыс шықпай, кіріс кірмейді», «Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Бірлік болмай,
тірлік болмайды», «Кезеген аяқ боқ басар», «Тек жүрсең, тоқ
жүресің», «Құдайға өкпелеген өзіне өкпелесін», «Жол қуған
қазынаға жолығады, сөз қуған пәлеге жолығады»...
Кездейсоқ жағдайды халқымыз жоққа шығармайды. Оны
«жазым» дейді. «Тарыдан да тіс сынады». Жазымның мысалы
осы. Қазақ халқының пәлсапаға жүйріктігі қанатты сөздерінде
молынан. Қазақтарда философия ілімі өрістемеген деген сөзге
еш илануға болмайды. Халық болып қалыптастың ба, сенде бәрі
де бар. Мүтін дүниенің амалын бір ауыз өлеңге сыйдыратын да
қазақтар, от ауызды, орақ тілді ақындар халықтан шыққан.
Үйректің ұшқыр келер қасқалдағы,
Жалғыздың жары құдай сасқандағы.
Алладан жазатайым пәрмен келсе
Жұлдыз да жерге түсер аспандағы..
Құдайдың құдірегіне бұдан артық мысал болмас. Жарату-
шы иенің бір аты - Қаһар. Бауырлас татар халқы кейігенде:
«Қаһар соққыр!» - деп налиды. Қиямет-қайымда тау қаңбақ-
тай ұшып, тас бұршақтай жауады екен. Соның жаңғырығын
адам баласы басынан өткеріп те жатыр. Жер сілкінісі, табиғат
апаты, атылған жанар таулар соған дәлел. Үлкендер айтар еді:
«Пәле-жәле қайда деме, аяғыңның астында». Халқымыз кез-
дейсоқтық Жаратқанның амалынан деп кесіп айта қоймайды.
Ойламаған жерден сап ететін пәле-жәленің, қайғы-қасіреттің,
қазаның, үргін-сүргіннің себептері өзіңсің дегеңді екі сөзінің
бірінде тұспалдайды. Халық айтады: «Жақсы ниет - жаның-
дағы періштең». Періште адамдарды қорғаштайды, пәле-жәле
қағады қанатымен. Түзу жолға бастайды. Олай болса, бір істі
бастап қолға аларда немесе сапарға шығарда ниет ет. Ата-баба
аруағына сиын, Аллаға жалбарын. «Оң жолыңа бастай гөр,
жолымды қыла гөр» деп Алладан тілек тіле. Бірақ сен олай
етпейсің. Сапарға аттанарда жора-жолдастарыңды шақырып,
бар мәзіріңді дастарқанға төктің. Оларға тост көтертіп, тілек
айттырдың. Сен де іштің, олар да сілтеді. Масаң күйде жолға
шықтың. «Оң жолынды бере гөр» деген тілек шықпады аузың-
нан. Жақсы ниетіңді менмендік жеңді. Астымда иномарка,
156
өзім болсам төбеммен көк тіреймін, қазір-ақ жетіп барамын
деп астамсыдың. Пиғыл-ниетіңді шайтан жеңді. Оң жолға
емес, сол жолға түстің. Мәшинені барынша ұшырттың. Апатқа
ұшырадың. Жарайды, өлмей-ақ қой. Жарымжан болып қал-
дың. Қалған ғұмырыңда екі аяқты арбаға таңылумен ғұмыр
кешесің. Сосын келіп, қарғап-сілейсің құдайды.
Алла саған көз берді, сөйлесін деп тіл берді, екі аяқ, екі
қолың бар. Бәрінен де жұмыр келген басты айтсаңшы - іші
толған ақыл. Ұстасқанды алып ұрасың, тістескенді шайнап та-
стайсың. Бетіңе тірі жан келмейді. «Өзімдікі — дұрыс, өзгенікі
- бұрыс» дейсің. Құдай-тәубені ұмытасың. Қастасқанды
қылыштай шабасың, досыңа опасыздық көрсетесің. Сен кімсің
сонда? Күпірлік болса да айтпасқа болмайды - пәлеқорсың.
Өштігің көкке ұласса, сөзіңде жылылық болмаса, жуасты
ықтырып, момынды бұқтырып, дау-дамайды өршітесің, пәле-
қор емей кімсің?! Пендеге жасаған қиянатың былай қалып, та-
биғатқа астамсисың. Жазықсыз аңы мен құсын атасың, ша-
рапқа қызынғанда бұлақтың көзіне түсесің. Құрағын жапы-
рып, тал-терегін қидалайсың. Табиғат - ана ғой, еркелігіңді
көтерсін-ақ. Енді келіп Жаратушы иенің өзіне мұрын
шүйіресің. «Құдай жоқ, бар болса, ол қайда?» деп білімсіздік
көрсетесің.
Мұндай да қысастық болады екен-ау! Барша жанды-жан-
сызды жаратқан, бүкіл әлемнің әміршісі құдіретті көзбен
көрмекші. Сонда, сенің ойыңда, Алла адам болып көрінуі ке-
рек пе саған? Ұғып алғын, достым. Алланың дидарын жетпіс
мың түрлі-түсті перде көлегейлейді екен. Егер сол сансыз пер-
де бір сәтке түрілсе, Жаратқан иенің дидарынан бүтін дүние от
болып жанып кетеді екен. Бұл - ақылға сыятын шындық.
Рас, адам ақыл-ойының озғындығына дау жоқ. Техникаға
тіл бітті. Жойқын қару жасалынды. Желмен жарысып құсша
ұшамыз. Темірден адам жасауға кірістік. Электронды құрал-
дардың кереметіне кенелдік. Осының бәрі өмір сүрудің амалы,
бүтін әлемдік ақыл-ойға сыйдырғанда, әншейін саздан домбал-
дап ойыншық жасаған баланың әуестігіндей ғана тырбаныс.
Адамзат санасының кемелдігі Құранда тап басып айтылған.
Алла адамды өзімді танысын деп басқа мақұлықтардан өзгеше
етіп жаратқан ғой. Ал біз Алланы танудың орнына одан
қашықтап, адамнан құдай жасап алуға құмармыз. Соған
құмбылмыз. Жаратқан иенің бізге бұйыртқан нығметіне
кенеліп, жатқанымызды мойындағымыз келмейді. Бәрінен де
Алланың санаға құйылатын сәуле-нұрын қай көзден көле-
гейлейміз?
157
Нұр
«Алла әлдекімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол
Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске
алудан қатайғандар құрысын! Міне, олар ашық адасуда» /22-
аят, Зүмәр сүресі/.
Құран сөзі ақиқат. Кімде-кім Алланы еске ала отырып
Исламды көкірегіне сыйдырса, онда ол Алла тарапынан нұрға
бөленеді екен. Біреуге біреу ризаланғанда /риза болғанда/
бетінен иманы көрініп тұрған адам екен деп жатады. Алла
нұрландырған, жүрегіне имандылық (мейірім құйған) ұялатқан
жұмыр басты нендей қабілетімен ерекшеленеді? Оны бірден
тап басып айту ұшқарылық болып шығар еді. Дегенмен, жоба-
лауға тырысайық. Алланың нұры алдымен жүрекке құйылуға
тиісті. Санаға сіңіп барып жан сұлулығына жол ашады
Сүйкімі артады ондай жанның.
Ажар-көрік ақылмен нұрланғанда тіптен ашылады. Шы-
райы енеді, сұлуланып кетеді. Әдетте, сүйкімділікті балаға
қаратып айтамыз көбінесе. Бала - пәк, бала - періште. Қазақ
қаламгерінің бір әңгімесін талдап көрелік. Белгілі сөз ұстасы
Мұхтар Мағауиннің «Алтыбақаннан соң» деген шығармасына
студент жігіт пен қыздың танысуы арқау болған. Жігіт қызды
сүймейді. Салқын тарта береді бойжеткенге. Қыз, керісінше
оған ғашық. Осындай себептен ән туыңдайды. Қыз жігітке де-
ген іңкәрін ән әуенімен жеткізеді. Әннің мәтінін жазушы
қағазға былайша түсіреді:
«...Сен тауға біткен терек ең, мен қырда өскен қызғалдақ
ем, созсам қолым жетер ме. Сен сеңгір шыңға, көк аспанға
ғана қарайсың, аулақта шешек атқан әлсіз гүлге назар аудар-
майсың. Сен терең тамырларыңмен құзар қойнаудан нәр ала-
сың. Биіксің. Беріксің. Дауыл құлата алмайды, нөсер жыға ал-
майды. Үскірік аяздың қаһарынан да қорықпайсың. Ал мен
жіптік тамырлы, жіңішке сабақты нәзік гүлмін, жел жапыра-
ды. Бұршақ сындырады. Күздің алғашқы қара суығынан қал-
маймын. Басым иіліп, сабағым үзіліп, демім бітеді. Сен, асқақ
терек, сезінермісің күйімді, түсінермісің халімді. Сен жүз жа-
сайсың, мен алғашқы ызғырықпен бірге өлем. Бірақ мен
өлмеймін. Көктем туа қайта тірілем. Қайтадан бой түзеймін
Қайтадан арманыма қол созамын. Сен жүз жасасаң, мен
мәңгілікпін. Өйткені, бұл пәниде тоқтаған тамырымды қайта
соқтырар, өлі бойыма жан бітірер сиқырлы күш бар Ол -
мәңгі жасар күннің нұры, ол - ешқашан өшпейтін менің саған
деген махаббатым...»
158
Астарлы. Мейлінше ішті толғаныс. Әңгіме иегері мәңгілік-
ті күннің нұры мен махаббатқа балайды. Жан мәңгілік делінеді
Құранда. Адам пақыр гүл тәрізденіп ажал ызғарынан солады.
Келер жылы көктем шыға қайта тіріледі. Қайтадан бой түзеп,
арманына қол созады. Гүлді өмірге қайта әкелетін ненің
қуаты? Ол — күннің нұры. Күн неден қуаттанады? Ненің
құдіретімен сәуле шашады? Алланың әмірімен. Ал бейкүнә
арудың әңгімеде мәңгілікті серік етуінің себебі неде? Оның
жігітке деген адал да пәк махаббаты емес пе. Нұр мен махаббат
автордың толғауынша егіз екен. Екеуі де құдіретті. Тоқтаған
тамырды қайта соқтыратын, өліні қайта тірілтетін орасан озғ-
ын күш бар екен екеуінің бойында.
Демек, Құранда айтылатын мәңгілік нұр — Алланың
пәрменінің жемісі, Жаратылыстың жиынтық бейнесі болғаны
ғой. Әлемді Жаратушы ие асқан спадиярлықпен мінсіз сомда-
ған жоқ па. Тіршіліктің негізіне ұйытқы күннің сәулесі, айдың
жарығы, су мен ауа, мың сан өсімдік, табиғат көркі - бәрі-бәрі
Жаратылысты нұрландырып, айрықша өң беріп тұрған жоқ па.
Нұрды Жаратушы ие алдымен адамдардың игілігіне бұйырып
берген ғой.
Алла тағала сансыз табиғат байлығын бізге, адамдарға
басы бүтін беріп қана қоймай, санамызға ақыл дарытқаны, ми
бергені, тіл бергені, зердемізді ұштап зейінімізді жетілдіргені,
түйіндегенде, саналы қылып жаратқаны, Алланың сансыз
нұрының жарылқауы емес пе. Айрықша саналы кісілікті адам-
дарды халық «нұрдан жаралған» деп қастерлейді. Әулие адам-
дарға сондай баға беріледі. Үлкендер «Алланың нұры жау-
сын!» деген тілекті жастарға айрықша екпін түсіре айтады.
Жоғарыда айттық, нұрлы адамның басты ерекшелігінің
бірі — сырбаздық екен. Сырбаздықтың шарықтау шегі — дег-
дарлық. Дегдарлық тазалықтың, ақылдылықтың нышанасы.
Алла еншілеп берген Нұр /қасиет десе де болады/ алдымен
санаға ұялайды. Талапкер жасты саналы деуіміз содан. Сана-
лы жас бара-бара ақылман аталады. Нұрдың санада
сәулеленуі ақылдың қорлануы екен. Ақылды, бірінші кезек-
те, неге жұмсауымыз керек? Алланы танып-білуге. Даныш-
пан Абай «Алланы ақылмен таны» дейді. Жоғарыда өзіміз
мысалға алған әңгіме өзегінің бір түйіні — Махаббат! Қыз
айтпай ма: «Гүлдей нәзікпін, содан да табиғат амалының ызғ-
арынан соламын...»
Гүлдей құлпырған қыз да, бәріміз де өлеміз. Гүлдей қайта
көктеп жапырақ жаямыз. Қайта тірілеміз. Оның дәлелі — ма-
хаббаттың мәңгілігі.
159
Абай айтпай ма: «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не
қызық бар өмірде одан басқа...»
Адамды сүю — махаббат. ІПынайы шыншыл махаббат
мәңгілікке бастайтын жол. Адамды сүюдің арқасында ғана
адам адам болып өмір сүрмекші. Оны бейнелеп «махаббат»
дейміз. Махаббат жоғалған жерде, адамдар ождансызға айна-
лады. Бүгінде нарықты сылтауратып еркіндікке, жабайы бос-
тандыққа ентелегендер «махаббат жоқ» дегенді әуезелейтінді
шығарды. Жарайды, махаббат өлсін. Одан адамдар нендей пай-
да табады? Дүние кісіге жолдас болмайды. Дүние өлі зат -
құлқынға тығын. Нұрды ше? Алланың нұрын. Табиғаттың заң-
дылығын, жазмыш пен озмышты. Тағдырды. Өлімді. Махаб-
батты құлқынның құрмалдығына шалсын-ақ, Алла Тағаланың
нұрын қайтпекші? Жазмыштан озбақшы ма? Әлде табиғатты
типылдап шықпақшы ма? Тіршіліктің қайнар көзі табиғатты
жұтатып, оның байлығын қомағайлықпен обып түгескенде
нендей ұшпаққа шығады бұл жазғандар?!
Нұр - жарық, нұр - тіршілік, нұр - иман, нұр - сенің
өзің. Өзіңді жоққа шығарам десең, Жаратушы иеге қарсы
шық. Оны жоқ деп дүниеге жар сал. Өзіңді жоғалта алмайсың,
ол сенің қолыңнан келмейді. Өзің барсың ба, Алла тағала да
бар. Барды жоқ ету Жаратушы иенің пәрменінде. Жоқтан бар
жасау да құдіреті күшті Иеге тиемел. Қысқасы, нұрды өшіре
алмайсың. Нұр — мәңгілік.
Жарық
Нұрдың табиғи көрінісі - жарық. Қариялар айта түсетін:
«Жалғанның жарығына не жетсін». Кісі өлгеңде «жүзі жарық
болсын, иманы жолдас болсын» деп көңіл айтады. Қарғыстың
жаманы да жарыққа байланысты. «Жарығың өшсін, жа-
рығың!» Жарық - табиғаттың тіршілікке тартқан сыйы. Алла-
ның нұрынан шалқыған өзгеше қасиет. Шеше баласын «Жа-
рығым сол!» деп еміренеді. Жан-жануар жарыққа ұмтылады.
Көбелек те жарыққа құштар, қанатын күйдіріп тынады. Адам-
дар боса-болмаса жарықтың қасиетінен қуат алады. Пайғамбар
хадисінде айтылады, қараңғыда адамды шайтан азғырады екен.
Қараңғылық - жары қ қ а қарама-қарсы ұғым. Қазақта
оқымаған адамды «қараңғы» дейді. Қараңғылық - надандық-
тың белгісі. Ұры түн жамылып кіріседі ұрлыққа. Кісі тонау,
қыз зорлау қараңғы қалтарыста болып жатады. Бір жақсы
өлең бар (Белгілі ақын Абдрахман Асылбековтің туындысы):
160
Гүлді де біреу гүл дейді,
Қасиетін біл дейді.
Бірақ гүлдің ішінде
Тікен барын білмейді.
Түнді де біреу түн дейді,
«Түнексің» деп күндейді.
Бірак түннің ішінде
Ләззат барын білмейді.
Қараңғылықты кілең жамандық белгісі деуге болмайды.
Оқымаған «қараңғыңыз» оқыған көзі ашықтан көш ілгері бо-
лып шығады. Білімпаз тыраштардан қарапайым адамның
қасиеті зор. Жарықты сүйіспеншілік деп білсек, ғашықтық
аңсар кекке ұласып кететін де кездері болады. Қараңғылық
кілең жаманшылық ұясы деу біржақты пікір. Қараңғыда адам
өзіне өзі есеп береді. Сырт көзден оңашада өзімен өзі болып
ойланады. Жіберген қателігіне өкінеді, сәттілігіне марқаяды.
Алдағы күндерге бағдар белгілейді. Жар төсегін қызықтайды,
әйтпесе, ғашығын ойлап, сағынышқа батады.
Ішінің жарығы мол адам нұрлы адам. Нұр кісінің сана-
сын сәулелендіреді. Санасы сәулелі адамның ішкі дүние-
сінің жарығы сыртқа теуіп тұрады. Жарық ішке түсіп қана
қоймай, сенің жан дүниеңді ақылмен баурайды. Жүрегіңе
шабады. Ақжүректер солар. Ішкі жарығы молығып, жан
дүниесі нұрға толған адам сол бойындағы қасиетін сыртқа
шығарады. Сонда оның дидарынан айналасына нұр шашы-
райды.
Қ араңғылы қ түспесе жары қ ты ң қасиетін білеміз бе.
Бәрінен де көңілдің қараңғылығы жаман. Көңіліңе көлеңке
түссе, ниетің бұзылып, пиғылың тарылады. Тоқтам керек неге
болсын. Тоқтамның тежегіші - райдан қайту.Өшпенділік -
адамды аздыратын жаман әдет. Кекке ұласып кетсе тіптен со-
рақы. Онда адамшылық шекарасынан шығып кеткен жыртқ-
ыштың нақ өзісің.
Алланың нұры, бірінші кезекте, жүрекке құйылады. Нұрға
малынған жүрек жұмсақ һәм жылы келеді. Жүрек және қан-
мен қуаттанады. Жүректің тазалығы қанға байланысты.
Кекшіл, кісіге жылуары жоқ суық бауыр, адамға үнемі
сенімсіз көзбен қарайтын рақымсыздарды «Қаны ашыған» деп
таңбалайды. Ниеті түзу емес, үнемі көреалмастықпен өзгенің
өскенінен де өшкенін тілейтін, барға қанағаты жоқ, тойымсыз
ашкөз, қызғаншақ, іші тар адамның кінәраты көп болады.
Көңілі аумалы-төкпелі, досқа опасыз, жолдасқа тұрлаусыз,
11-2628
161
тоқтамсыз жанның басты кінәраты — өзі бола алмағандығы,
өзгені көре алмағандығы. Ашу мен ыза, көңілдің ауытқуы
үнемі қайталана берсе, жүйкені зақымдайды. Ширыққан
жүйкенің салдарынан қан құрамы бұзылады екен. Қанның
ашуы сол себепті. Енді біреулерді «Қаны сұйылған» деп жата-
мыз. Қанның сұйылуы тіптен қауіпті. Жүрісі сұйық, сөзі
сұйық адамдар болады. Ондайлардың ісінде береке болмайды.
Ондайлар тұрлаусыз екі сөзді келеді. Әр нәрсеге бір ұрынады.
Және бұндайлар рақымсыз, мейірімсіз һәм кекшіл келеді. Аз-
ғындыққа бейім және. Кісі өлтіретіндер, лаңкестер — нақ осы
қаны сұйылғандар.
Қанның тазалығын генетика ұрпақтар сабақтастығынан,
тек-тамырдан қарастырады. Қанішерлік тұқым қуалайды екен
деген де ұғым бар. Халық педагогикасы олай демейді. «Жаман-
нан жақсы туады, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туа-
ды, бір аяқ көжеге алғысыз». Әкесі қанішер болса, баласы да
кісі өлтіреді деген тұжырым халықта жоқ. Халықтық педагоги-
ка ұрпақтың сапасы ортасынан (ауыл-аймақ, оқыған мектебі)
отбасылық тәрбиеден деп біледі. Көргенді жас тәрбиелі де
тәртіпті ортадан, сүттей ұйыған шаңырақтан, әділетшіл,
тәртіпті жолға қоя білген қоғамнан тәрбиеленіп шығады.
Қалыптасады. Байсал тартады. Ұрпақтың азуы — ұлттың жоға-
луына, бара-бара жойылуына апарып соғады. Азған ұрпақ
ұлтының ділі /халықтық педагогика қағидалары, тәлім-тәрбие/
мен тілін, дәстүр-салтын аяққа таптайды. Көрген-баққаны
дөрекілік, тойымсыздық болса, ондай жандардың қаны ашып
әрі сұйылмағанда қайтеді.
Сонда тоқтамды деп кімді айтамыз? Бәтуасыздық бос сөзге
ұрындырады. Даукестік бара-бара арызқойлыққа, арызқойлық
пәлеқорлыққа ұласады. Ондайлар шындық үшін күресіп жүрмін
деп алдаусыратады өзін. Шындық — біле білген адамға адамның
өзіндегі қасиет. Тазалық, пәктік жоғары сападағы адамгершілік
жиынтығы, шындықгың көрінісі. Бір рәуатта шындық — Алла
деген де ұғым бар. Рас, бұл сапа — туралықтың, әділеттің жиын-
тығы десе болады. Туралыққа бет бұрған адамның өзінде сапа-
лық қасиеттер болуға тиісті. Ол қандай сапа? Шындықты іздеп
таба алатындай мақсаткерлік — ақыл-пайым, білім-білік, табан-
дылық және басқа да мінездік сапалар.
162
Шындық
Шындықты әркім әр қалай қабылдайды. Әділет жиынтығы
деп біледі. Еркіндік, бақыт, арман, махаббат һәм алдағы толған
мақсат, толған таңдаудан тоқырап, тауы шағылғанда шындық-
ты іздейді. Іздемейді, керісінше, шындықты жазғырып, оны
жоқ деп мәнсіздендіреді. Бүгінгі жалған патриоттар үкіметке
қарсылықты, топқа, жікке бөлінуді, әйтпесе, ел назарындағы
қайраткерлерді сүріндіріп, олардың жағасына жармасуды,
ілімділердің еңбегін сынап, оны іске алғысыз етуді өздерінше
ерлікке балап, шындық үшін күресіп жүрмін деп жар салады.
Ондайларға салса, шындық кім көрінгеннің қолындағы шоқ-
пар тәрізді. Өмірде жолы болмағандардың қолшоқпары болып
шығады.
Қазақтың азатшыл ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
«Ендігі беталыс» деген өлеңін оқып көрелік:
Кірді ғой түстен кейін тентек акылы,
Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры.
«Адам — құл, өзін жеңіп ұстамаған»
Деген ғой Сократгың бар нақылы.
Тұрмысты үмітім көп жеңем деген,
Жігермен жеңуіме сенем деген.
Ырқыма менің жүрер қай дүние,
Көнбесе өз ырқыма өзім денем.
Әрине, шыдар-ақпын өлуге мен,
Баспаспын жаман жолға көнуге мен.
Ақтармын оқып-жетіп адам атын,
Басқаға жоқ ықылас бөлу деген.
Менде жоқ қажу деген, ашу деген,
Торығып болымсызға жасу деген.
Ісіне құрт-құмырсқа ілтипатсыз,
Ойымда тек сол белден асу деген.
Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, алданармын,
Бірақ бір табармын деп көңілім сонда.
Достарым, оған шейін асықпаңдар,
Алдыңда әлі ататын жарық таң бар.
Тез уақыт жердің жүзі бір түрге енер,
Түбінде, замандастар, осымды аңғар.
Достарыңызбен бөлісу: |