жауған» дейді ондайдарды. Рас, жұмыстан шаршау, ұйқының
қанбауына байланысты кісі еріксіз тұнжырап, қабағын аш-
пайды. «Ұйықтамасаң қабақ жаман, ішпесең тамақ жаман»
дейтініміз сол себепті. Үнемі суықсып, паңсынып жүретін,
өзін өзгелерден жоғары ұстайтындарды «қабағы қалың» деп
таңбалайды. Түсі суық адамдар болады. Ол оның жаратылы-
сынан.
Біреудің біреуге қастығы қабағынан көрінеді. «Қаса
екеніңді қабағыңнан танимын, сараң екеніңді табағыңнан та-
нимын» дейді халық. Қабақ — жан дүниеңнің барометрі. Адам-
ның ренішін, кейістігін дұрыс түсініп, кешірім ету
көңілқостыққа, білімділікке жатады. Көңіл-күй күн көріске
тәуелді. Көңіл күйі болмай, реніште жүргендерді дұрыс
түсінетін кісіні «қабақ баққыш» немесе «кісіні қабағынан та-
нығыш» деп бағалаймыз. Ондайлар адамның ішін қабағынан
сезініп, кешірімді болуға тырысады. Қ а б а қ - мінездің
көрсеткіші. Ішіңнің бұлқынысын сырт көзге байқатып қояды.
«Қабағы тырысқан, көрінгенмен ұрысқан» деген атаққа қал-
мау үшін қабағыңды ашып, жадырап күліп жүрсең, сені жұрт
жайдары, ақкөңіл, ақжарқын деп жақсы көреді. Қабақ таны-
ғыштық та жақсы қасиет. Ондайлар бір-бірін қабақпен тани-
ды. Іштей ұғынысу деп осыны айтады.
Қабақ - кінәмшіл келеді. Оны көп түйілдірмей ашық ұстау
көңіл күйіңнің көтеріңкі жүруіне әсер етеді. Ескілікті ырымда
«қабақтың тартуы» қуанышқа жатады. Қабағы тартқан адам
қуанамын деп ырымдайды. Кей жағдайда «қабақтың тартуы»
ренішке ұрындыруы кәдік. Бұдан шығатын қорытынды -
қабаққа күш салып, орынсыз түйілдіре берме дегенге саяды.
Қ а с — керісінше, елгезек. Қ аба қ ты ң көңілін е қарайды.
Керіледі, түйіледі. Қабақ пен қастың қызметі бет ажарға
тәуелді. Көзге тәуелді. Көз, көбінесе, салмақты қабаққа
түсіреді. Көз күлімдесе, қабақ та жадырайды. Көздегі мұң,
көңілдегі шер сыртқа тепсінгенде қас-қабаққа салмақ түсіреді.
Тіршілікте қабақ түйе бермей, жадырап жарқын жүргенге не
жетсін.
152
Достарыңызбен бөлісу: