Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34



Pdf көрінісі
бет17/40
Дата26.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#144373
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
ТҮСІНІКТЕР
Бұл жинақта Шортанбайдың 1906 жылы Қазанда қайта басы-
лып шыққан «Бала зары» кітабы мен «Бес ғасыр жырлайды» анто-
логиясы және «Жұлдыз» (№3, 1991; №12, 1992) журналындағы 
шығармалары негізге алынып, Шортанбай мұрасын сақтап жинап, 
жариялауда көп еңбегі бар жазушы Кәмел Жүністегінің қатысуымен 
құрастырылған 1993 жылы «Айқап» баспасынан жарық көрген 
«Шортанбай», 2002 жылы «Раритет» баспасы шығарған «Қайран, 
халқым» басылымдарын пайдаландық.
Шортанбай Қанайұлының 1870 жылы В.В.Радлов жинағына ен-
ген шығармалары, 1890 жылы Қазан қаласында жарық көрген 
«Бала зары» жинағының факсимилесі, ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы 
Әдебиет және өнер институты Қолжазба қорындағы материалдар, 
осы басы лымға арнайы жазылған зерттеу мақалалар алынды.
Жыр-толғаулардың үлгілері әр жылдарда жарық көрген басы-
лымдардағы қалпы сақталып берілді.
Шортанбай Қанайұлының «Шығармалары» басылымында туын-
дыларға қатысты дерек негізінен сілтемеде көрсетілді.
Сонымен бірге 1993 жылғы «Шортанбай» жинағындағы «Түсі-
ніктерді» де бердік. 
* * *
«Зар заман»
В.В.Радловтың «Образцы народной литературы тюркских пле
-
мен» (1870) көп томдығының ІІІ томында жарияланды. 1931 жылы 
Сәкен Сейфуллин құрастырған «Ертедегі әдебиет нұсқалары» 
жинағына сол нұсқа енген. ҚҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институты Қолжазба бөлімінде 1946 жылы Темірғали Исмай
-
ылов тапсырған «Зар заман», «Зар заман» жырының бір жүйесі» 
нұсқалары бар. Жинаққа енген нұсқаны «Жұлдыз» (3, 1992) жур
-
налы ҚҰҒА кітапханасының қолжазбалар қорынан, №780 бума
-
дан алған. «Ертедегі әдебиет нұсқаларына» енген; Темірғали Ис
-
майылов өткізген «Зар заманнан» көлем, қайсыбір шумақ, жол, сөз 
айырмашылықтары бар.
«Алдаушы жалған»
«Жұлдызда» (№3, 1991) жарияланған, Темірғали Исмайылов 
өткізген жазба бойынша әзірленді. 
«Бала зары»
1906 жылғы Қазанда қайта басылып шыққан «Бала зары» 
жинағы негізінде әзірленді. Қазіргі жазу үлгімізге түсіріп көшірген 
– әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми 
қызметкері Мұхтар Жақашев. Толғау «Жұлдыздағы (№3, 1991) 
Сәрсенбі Дәуітов әзірлеген, «Бес ғасыр жырлайды», «ХІХ ғасыр 
әдебиеті» жинақтарындағы басылымдармен салыстырылды.


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет