Бағдарламасы бойынша шығарылды Құрастырған және алғы сөзін жазған Қанипаш Мәдібаева Қанайұлы Ш. Қ 34


«Шортанбайдың өлер алдында қатын-бала



Pdf көрінісі
бет18/40
Дата26.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#144373
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
«Шортанбайдың өлер алдында қатын-бала
ел-жұртына арыздасып айтқан насихат сөздері»
1906 жылы Қазанда шыққан Шортанбайдың «Бала зары» жина-
ғынан алынды. «Жұлдызда» (№3, 1991) осы атаумен шыққан.
«ХІХ ғасыр әдебиеті» хрестоматиясында (1992 жылғы басы
-
лым) 11 буынды кіріспе түріндегі 16 шумақ қосылмай, «Адамның 
жалған дүниесі» деген жолдан басталып берілген. «Бес ғасыр жыр
-
лайдыда» (1989) солай.
Кәмел Жүністегі «Шортанбайдың өлер алдында көрген аяны» 
деп келтіреді. Басылым, жазбалардың қалпы ілгеріде айтылды.
«Көз көрген қазақ батыры»
«Жұлдыздағы (№3, 1991) басылым бойынша берілді. Тапсыр-
ған Кәмел Жүністегі. Анарбек жыршыдан есінде қалғанын жазып 
алған.
«Келер заман сипаты»
«Жұлдызда» жариялануы (№3, 1991) бойынша берілді. 
Тұтастай тың, бұрын беймәлім шығарма емес. Қайсыбір тұстары 
Шортанбайдың белгілі толғауларының ішінде кездеседі. Журналға 
тапсырған Кәмел Жүністегі 1976 жылы Анарбек жыршыдан ды
-
быс таспасына түсіріп алғанын, жыршының «Әттең талай сөзін 
ұмыттым ғой», – деп отыратынын айтады.
«Ақжолтай батыр»
Кәмел Жүністегі тапсырған жазба негізінде әзірленді. Кәмел 
Жүністегінің әкесі Ыбыш ақсақал осы күнгі Ақадыр ауданы, Киікті 
станциясында тұрған Досбергеннің Қалиы деген жыршыдан жа
-
зып алған. Ағыбай батырдың 190 жылдық мерей тойына арналған 
жинаққа «Халық жыры» деген атпен енген.
«Шортанбай мен Орынбай ақын»
Кәмел Жүністегінің «Жұлдызға» тапсырған жазбасы. ҚҰҒА 
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба 
бөліміндегі Темірғали Ысмайылов тапсырған жазбамен салысты
-
рылды. Кей тұста тұтас шумақ ой, мағына айырмашылығы бар.
«Қожа-молда»
Шайхы Кәрібаевтың ҚҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының Қолжазба бөліміне 1981 жылы өткізген 
қолжазбасынан алынды (Қ. 879 з 51-дәптер, 7-8 беттер. «Тар за
-
ман»).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет