Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата14.02.2017
өлшемі2,02 Mb.
#4133
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Кең маңдай жарасқандай шешен жаққа 
Дуаннан келе қапсыз біздің баққа.
Қар да лаулап жанады, – дейді халық, – 
Ертегімен еш қытай ебін тапса.
Қоштаспай кете берем ақын Аға, 
Атып келеді рауандап таң да жаңа. 
Қарлығаш қанатындай сұлу əнге, 
Құмартсаңыз ашылар ой мен сана,
1
 –
дегені  əсем  əннің  əуеніне  оралып  қалған  ақын  жанды  се-
зімтал  Сəкеннің  жүрегіне,  қымыздай  еліткен  қыз  қылығы 
жай  отын  тастап  кетпеді  ме  екен?!  Олай  болуы  да  əбден 
мүмкін-ау,  өйткені: «Күні  бойы  өзін  байсалды»  ұстап,  үл-
кен  мəдениеттілік  танытып,  тəкəппарлау  отырған  Сəкен 
Қабибаның  мына  екі  шумағына  қыпылықтап  ыңғайсызда-
нып  қалады  да  тек: «Қарындас,  құрметіңізге  рақмет,  күн 
көтерілгенше  қош!» – деуінде  біраз  мəн  жатса  керек. 
Қалай  болғанда  да  Сəкен  тек  саяси-əлеуметтік  деректерді, 
төңкеріс шындықтарын «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссе-
сіне  ықтиатты  жəне  анық  та  адал  түсіріп  отырумен  қатар 
өзі  кездескен  адамдарды,  қыз-қырқын,  аруларды  көркем 
əдебиет  əлеміне  əкеліп  суреттеуден  іргесін  аулақ  салма-
ғанын көреміз. Ал мұның өзі саяси-əлеуметтік негізі қалың 
шығарманың реалистік арнасын жұқартпау үшін, оқушыны 
сендіре  түсу  үшін  өмірде  болғандарды  сол  күйінде  аты-
жөнін өзгертпей жазуды мақсат тұтқанын көрсетеді.
Сонымен  бір  ғана  көріністі  дамыта  суреттеу  арқылы 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссенің  негізгі  сюжеттік 
арқауын  ажарлаған  өмір  шындықтарын  көп  табамыз  да, 
оның əрқайсысына мəн бере қарау екендігін ұғамыз, өйткені 
бұл шығарма көп қыртысты тарихи да көркем дүние, əдебиет 
қоржынындағы асыл қор.
Əрине, көркем шығармада пенделік сипаты бар көрініс-
тердің  жан  жадыратар  сəттері  көп  болады.  Алайда  осы 
«Тар жол, тайғақ кешудің» көркемдік қасиетін арттыра түсу 
1
 Сəния Əбен келіні. Шабырадағы «Əупілдек» əні, «Сарыарқа» журна-
лы. 1994, № 3, 75-бет.
2
 Бұл да сонда, 76-бет.

221
үшін Сəкен талай айла-тəсілге барған жəне оның бəрін тек 
өз жанынан шығара бермеген.
Сəкен  Сейфуллин  шығармашылығы,  əсіресе  «Тар  жол, 
тайғақ  кешу»  роман-эссесінің  тарихын  жіті  бақылайтын 
болсақ,  талай  қызық  құбылыстарға  тап  боламыз.  Бір  сəт 
сезім  пернесіне  қол  тигенде  өлең  туып,  артынан  оның 
əңгіме-хикаяға  не  публицистикалық  мақалаға  айналып 
жат қанын  талай  байқаймыз.  Ал  осы  процестің  бір  көрі-
нісі  Сəкеннің  үлкен  шығармаларынан  да  байқалады.  Оған 
кейінірек  кезде  жазылған  «Жер  қазғандар», «Айша», «Же-
містер», «Біздің  тұрмыс»  атты  хикаяттарын  (повесть)  бы-
лай қойғанда «Тар жол, тайғақ кешу» идеясы туып, жазбау 
мүмкіндігінен  айырылғанға  дейін  Сəкеннің  «Бақыт  жолы-
на»  жəне  «Қызыл  сұңқарлар»  атты  пьесалар  жазып,  қазақ 
сахнасына  шығарғанына  жəне  «Бандыны  қуған  Хамит» 
атты  динамикасы  күшті  əңгімесін  жазғанына  ойлана  көз 
тастасақ  роман-эсседегі  оқиғалардың  басқа  жанрларда 
ертерек жазылып, суреттелгенін көрер едік.
Сəкен 1916 жылғы  патша  жарлығының  қазақ  даласы-
на  қаншама  зобалаң  əкелгенін  «Тар  жол,  тайғақ  кешуде» 
талай-талай  суреттермен  көрсетеді,  соның  алғашқы  елесі 
«Бақыт  жолына»  пьесасындағы  негізгі  шиеленістен,  əке 
мен  бала  арасындағы  тартыстан  өрби  отырып,  қоғамдық 
өмірде орын алып жатқан жайларды сынайды.
1917  жылдың  күзінде  «Бақыт  жолына»  атты  пьесасы 
жазылғаны, 1918 жылдың  маусым  айында  Ақмола  жаста-
рының  үш  күндік  сауық  кешінің  репертуарына  айналғаны 
жəне  оның  сюжеттік  желісі 1916 жылғы  жарлық  кезіндегі 
оқиғаны  шынайы  қалпында  көрсетуге  бағытталғанының 
едəуір  мəні  бар.  Терлікбай  кенже  ұлы  Телжанды  майдан -
ның  қара  жұмысынан  алып  қалу  үшін  жалғыз  қызы  Мүс-
лиманы  Нөкербай  болысқа  тоқалдыққа  беріп,  тыл  жұ-
мыстарына əкетуден алып қалмақ болады. Параның мұндай 
да  түрі  болғанын  көреміз,  өйткені  зұлымдықта  шек  жоқ. 
Алайда жаңа кезеңде ер жеткен Ермек əке шешіміне қарсы 
шығып, зұлымдардың жоспарын жүзеге асырмай тастайды. 
Қарындасын  сүйгеніне – Біржанға  қосып,  бақыт  жолына 
шығарып салады.
Əлеуметтік мəселені өзек ете отырып əр кейіпкерді дара-

222
лап  көрсетуге,  драмалық  тартысты  өрістетуге  мүмкіндік 
беретін  оқиғаны  алу  арқылы  Сəкен  қазақ  əдебиетіне  жаңа 
шығарма  сыйласа,  казақ  драматургиясының  негізіне  өзі-
нің  алғашқы  кірпішін  қаласа,  екінші  жағынан  болашақта 
жазылар  «Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  бір  желісін  тартып 
қойғаны еш дау тудырмаса керек.
Осы  пьесада  Сəкеннің  əшкерелейтіні,  сынайтыны – 
қазақ  жастарын  қара  жұмысқа  алу  жарлығымен  қазаққа 
көптен  бері  орыс  шенеуніктері  сіңіріп  келе  жатқан  жаман 
əдеттің,  яғни  пара  алудың  жөн-жосықсыз,  тежеусіз  сипат 
алғандығын  суреттеу.  Мұны  біз  роман-эссенің  алғаш-
қы  тарауынан  оқып,  жарлықтың  алғашқы  хабарының  өзі 
Сəкенді де, ел жұртты да қатты əбігерге салғанын көреміз.
– «Япырай,  мынау  бір  жаман  уақиға  екен!  Əскер 
жұмысына  кісі  керек  болған  соң,  қазақтан  алайын  дегені 
ғой, – дедім.
Əрине, əскердің қара жұмысы дегенге ешкім нанбайды.
– Бұл əшейін алдаған іс қой. Солдаттың нағаз өзі ғой бұл. 
Ой, құдай-ай, бұл не деген сұмдық?! Ой, пірім-ай, – десті. 
Жұрт  тіпті  үрейленді»
1
  дегенді  алғашқы  хабардың  дүмпуі 
десек,  патша  жарлығы  шындық  екені  əбден  мəлім  болған 
тұста  казақ  елінің  мұндай  қорлыққа  шыдамасы ның  бір 
белгісін анық көреміз. Дер кезінде басшылық жа сайтындар 
болса, қазақ жігіттері көтерілуге əзір екені бай қалады.
«Қазақ  əбден  ереуілдеп,  атқа  мініп  алған,  гу-гу  сөз. 
Топ-топ  жиналыс,  жұрттың  аузында  солдатқа  қазақты  алу 
əңгімесі,  қазақтың  оған  «бармауға  тиісті»  екендігі.  Қиғаш 
сөз  айтқанды  дұшпан  көреді.  Жұрт  əбден  көтерілген. 
Кө зіне орыс көрінсе, жүндей түтпек. Бəрі қолдарына түкі-
реді»

деп далада болып жатқан құбылысты сұсты етіп су-
реттеуі  қала  жағдайына,  яғни  патша  жарлығының  орыс 
жұртшылығына  да  тигізіп  жатқан  кесірін  керсете  кетеді. 
«Ақмола  үрейленген. «Қазақтар  қалаға  келіп,  қаланы  ша-
уып,  талап  алмақ»  дейді  деген  сөз  жайылған.  Қаланың 
тұр   ғын орыстарында үрей жоқ»
3
 деген баяндаулардың көр-
кемдік əсері жоқ деп ешкім айта қоймас.
1
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 27–28-беттер.
2
 Бұл да сонда, 35-бет.
3
 Бұл да сонда.

223
Ел  ішінің  осындай  күйге  түскенін  əркім  өз  пайдасы-
на  шығарып  жатқанын  көрген  уақытта,  Сəкеннің  қаламы 
əсіресе  парақорларға  ащы  уу  төгеді,  арам  пиғылдарын 
шындап сөгеді, ащына əшкерелейді.
«Ел  шабылуда  Ұлықтардан  ынсап  кеткен.  Кім  ақшаны 
көп  берсе,  соның  баласын  қалдырады.  Нашардың  жылауы 
күшейеді.  Оларға  жəрдем  қылар,  болысар  кісі  жоқ.  Бар 
малын  кулардың  құлқынына  тықты.  Ардан,  ұяттан  безіп, 
қиянаттың,  жауыздықтың  дəуірі  ашықтан  ашық  жүрді»
1
 
дегендерді  жай  ғана  баяндау  деп  айта  алмасақ  керек. 
Осындайда  көзбен  көрген  шындықты  Сəкеннің  «Бақыт 
жолына»  пьесасына  əшкерелегіш  арқау  қылуы,  ақшаны 
қойып адаммен пара алуға көшкен қорқауларды суреттеуі, 
сөз  жоқ,  іштей  бір-бірімен  қабысып  жатқан  əлеуметтік 
проблема екенін аңғартады.
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесі  мен  «Бақыт  жо-
лына» пьесасын өмірлік материалына, тарихи шындығына 
қарай  бауырластырған  уақытта  «Қызыл  сұңқарлар»  атты 
төңкерісшіл драманың бүкіл сюжеттік желісі кейін жазыл-
ған  роман-эсседе  тарамдатыла,  тереңдетіле  суреттелгенін 
көреміз.  Əрі-беріден  соң 1920 жылы  жазылған  «Қызыл 
сұңқарлар»  роман-эссені  жазудың  алғашқы  себепкері  бол-
ған  жоқ  па  екен  деген  ой  да  келеді.  Қалай  болғанда  да 
дауылды  дəуірдің  адамдарын  тарихи  шындық  негізінде 
көрсетуге  қадам  жасаған  Сəкен  екені  белгілі.  Сондықтан 
1922  жылы  «Шолпан»  журналында  жарияланған  сын-
ның  төңкерісшіл  образына  айрықша  шүйлігуі  тегін  емес. 
«Жазушының  адам  танымайтындығынан  бар  кісі  бір-ақ 
кісі болып кеткен, сөйлетіп қойған граммафон секілді, бəрі 
Сейфуллиннің бір-ақ қалыбына соғылған жансыз адамдар»
2
 
деген  сынның  өтеуін  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романымен 
қайтарғысы  келмеді  ме  екен  деген  ой  келеді.  Сондықтан 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесіндегі  Сəкен  бейнесі, 
еңбекші  жұртшылық  үшін  жанын  беруге  даяр  төңкерісші 
образы,  драмадағы  Еркебұланның  жан-жақты  суреттеліп, 
толыққанды  образға  айналуы  тарихи  деректермен,  өмір 

С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 50-бет.

Қоңыр «Қызыл сұңқарларға сын». «Шолпан» журналы, № 2-3, 1922

224
шындығымен жарасымдық табуы қазақ əдебиеті үшін олжа 
болғаны даусыз.
Əрине, «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі əлеуметтік 
тұрғыдан  бағалау  кəзір  белгілі  арнаға  түскенімен,  Нəзір 
Төреқұловтың 1928 жылғы  ойының,  яғни  «Сəкен  өзін 
мақтапты. Сəкен баяғы Сəкен. Сəкен өзінің ту баста таңдап 
түскен  жо-лыңда»
1
  деген  сөзінен  ұзап  кете  алмай  жүрген-
дер де жоқ емес. Сəкен өзін ғана емес, өзгелерді де тарихи 
шындық деңгейінде əңгімелеп, қажетті жерінде образ дең-
гейіне көтеріп, көркем шындық жасағандығын көрмеу əбес-
тік болар еді.
Осы  өміршең  шығарманың  соңғы  бетін  оқып  шы-
ғып,  ойша  шолған  уақытта  кітап  авторының,  яғни  Сəкен 
Сейфуллин  образының  қастерлене  соғылғанын,  көркем 
бейнеленгенін  көреміз.  Ол  оқушының  таныс-бейтанысы 
болып қуанған-шаттанған тұста қалың көпшіліктің көңілін 
көтеріп  тастаса,  азап-бейнет,  қорлық-зорлық  көрген  шақта 
аяушылық  сезімін  тудыратыны,  төңкеріс  жолындағы  ең-
бегінің  ақталғаны,  əр  оқиға  тұсында  көрінетін  мінез-ма-
шығы,  ар-ұжданның  асқақтығы,  табандылығы  мен  шын-
шылдығы  кімді  болсада  өзіне  тілеулес  ететіні  сөзсіз. 
Қа зақтың жаңа əдебиетінде алғаш жасалған революционер 
бейнесі  екеніне  ешкім  дау  айта  алмаса  керек.  Сондықтан 
«Кызыл  сұңқарлардағы»  Еркебұланның  «Тар  жол,  тайғақ 
кешудегі»  Сəкенмен  бауырласа  табысуы,  сөйтіп  көркем 
образға  айналуы  тарихи  шындықтың  бір  көрінісі  болып 
оқырман  жадында  қалады.  Алғашқы  сəті 1919 жылын 
орайланып, 1920 жылдың  желтоқсанында  жазылған 
«Қызыл  сұңқарлар»  атты  революцияшыл  драмасындағы 
Еркебұлан, Лозовой, Жағыпарлар «Тар жол, тайғак кешуде» 
Бəкен  Серікбаев,  Абдолла  Асылбеков,  Жұмабай  Нүркин, 
Захар  Катченко,  Жанайдар  Садуақасов,  Шəймерден  Əл-
жанов,  Мұқан  Əйтпенов,  Сабыр  Шарипов  сынды  та-
лай  революционерлердің  тартымды  да  жарқын  бейнесін 
суреттеу  арқылы  толысып,  қазақ  əдебиетіне  жаңа  адам-
ның түр-тұлғасын алып келді де, көркемдік жаңалық ашты. 

Н.  Төреқұлов. «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  туралы  бір-екі  сөз  «Еңбекші 
қазақ» газеті, 24.12.1928.

225
Сəкеннің  Еркебұланына  дейін  төңкерісші  бейнесі  біздің 
əдебиетте болған емес.
Автор  атаман  Анненковтың  ажал  вагонына,  Колчак- 
тың  түрмесіне  түскен  орыс,  қазақ  революционерлерінің 
ой-арманын  бір  арнаға,  яғни  кедей-кепшіктердің  бақытты 
заманға  жетуіне  бағыттай  біліп,  іс-əрекет  үстінде,  азап-
бейнетті  көру  барысында  өсіріп  отырады.  Ақмола  сов деп -
шілерінің  басынан  өткен  тарихи  шындықты  қалың  оқыр-
манның  жаны  ашитындай  көркем  өрбітеді  Еркебұланды 
өзінің портреті етіп суреттеп, жарқыратып көрсеткені сон-
ша,  кейін  ол  Сəкен  деген  есімнің  синониміне  айналып 
кетті.  Еркебұлан  образының  Ғабит  Мүсіреповтың  «Кез-
деспей  кеткен  бір  бейне»  атты  қара  сөзбен  жазған  поэ-
масында  өрелене  түсуіне  «Тар  жол,  тайғақ  кешудегі»  оқи-
ғалардың септігі тигені сөзсіз.
Қазан  төңкерісі  дүниенің  астаң-кестеңін  шығарып,  əлі 
қалыптаса  қоймаған  өтпелі  кезеңіндегі  адамның  образы 
жасалып,  үлгі-өнегеге  айналуы  көркем  шығарма  үшін  аз 
олжа  емес.  Сондықтан  дəуір  шындығын,  оның  қозғаушы 
күші – кезең  ерлерін  көркем  шығарманың  арқауына  ай-
налдырып,  шынайы  оқиғаларды  даму  барысында  көрсету, 
келешекке  үміт  арту,  жаңа  адамның  енді-енді  ғана  туып, 
қалыптасып келе жатқан бейнесін жасауға ұмтылу, əсіресе 
«Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесіне тəн болғанын ешкім 
жоққа шығара алмайды.
Роман-эсседе  жасалған  автор  бейнесімен  қатар,  онын 
идеялық  бағыт-бағдары  ғана  емес,  айбынды  позициясы 
да  көрініп  отырады.  Образ  бен  пікірді  көркем  шығарма 
арқылы көрсету үшін едəуір шеберлік керек екендігі өзінен 
өзі түсінікті. Мəселен, төңкерісші бейнесі қым-қуыт уақыт 
шындығынан  өрбіп-өсіп  жатса,  оңтайлы  бейнеленуді  қа-
ламаса,  жайшылықта,  бейбіт  өмірде  Сəкен  оларды  жұ-
мысшы  қалпында  көрсетіп  жататын,  кейде  жұмысшы-
революционерге  айналдырып  жіберетін  тұстары  да  жоқ 
емес.  Роман-эссенің  қоғамдық-əлеуметтік  мəн-мағынасын 
оқиғаға араласқан адамдардың кəсіби қалпы, мінез-құл қы, іс-
əрекеті арқылы тарамдатып жататын сəттер көп. Сондықтан 
тарихи  деректер  мен  құжаттарды  негізге  алып  жазылған 
шығармада саналы түрде бірінен бірін өсіріп, образ жасауға 

226
талпыну  тəсілін,  көркемдік  шартын  байқаймыз.  Ойдым-
ойдым  оқиғалардың  өзінен  жасалған  образдардың  толым-
ды ия толымсыз жайларына көңіл аударғанда роман-эссенің 
көркемдік  табиғатын  түсінеміз,  сонда  ғана  оның  жанрлық 
ерекшеліктері ескеріліп, оқушының жүрегіне жетер соқпақ-
тардың əр қилы екендігі көрініп жатады.
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  басынан  аяғына  дейін  өрбіп 
отыратын  тұтас  сюжеттік  желімен  дамымайды.  Мемуарлы 
сипатты  эссе  болғандықтан  да  автордың  əңгімесіне,  баян-
дауына  бейімделе  жазылғаны  сөзсіз.  Сəкен  өзінің  Омбы 
семинариясын 1916 жылы  бітіріп  келгеннен  бастап, 1919 
жылдың  күзіне  дейін  көрген-білгенін,  бастан  кешкен 
жайларын  суреттейді.  Оқушы  жұртшылық  революция 
алдын дағы  қазақ  ауылының  хал-жайы,  тұрмыс  күйімен, 
1916  жылғы  халықтың  ұлт-азаттық  көтерілісінің  тууымен, 
1917  жылғы  ақпан  революциясы,  қос  өкімет,  Керенский, 
Колчак үстемдігі тұсындағы оқиғалармен танысады. Автор 
өзінің  өмірбаянына  кең  көлемді  əлеуметтік  оқиғаларды 
қоса отырып баяндайды. Осы шығарманың басты кейіпкері 
мен сюжет дамуы барысында кездесіп отыратын азын-аулақ 
жұмысшылардың  төңкеріс  жолына  түсуіне  себеп  болған 
əлеуметтік күштің тегеуріні де көрініп қалып отырады.
Адам  баласында  болатын  күйініш-сүйініш,  ерлік-ездік 
мінездердің көп жайы роман-эсседе жазушының өз түйсігі, 
қабылдауы арқылы беріледі. Бұл, бір жағынан, төңкеріс шіл, 
большевик  Сəкеннің  өз  образын  айқындай  түссе,  екінші 
жағынан, қиыншылықты басынан бірге кешкен ер достары 
мен жұмысшылар бейнесін толықтыра түсудің амалы еді.
«Қызылжарда  қазақ  жұмыскерлері  ұйымдасып  құрал-
данып,  саясат,  əлеумет  майданына  шыққаны  белгілі.  Жи-
налып  жүретін  штабтары  бай  Өсербайдың  үйі.  Бұлардың 
кейбіреуі  қызыл  гвардияға  жазылған.  Оған  жетекші  «Үш 
жүз»  партиясының  белсенді  мүшелері  Ысқақ  Көбекұлы, 
Кəрім Сөтешұлы мен Шəймерден Əлжанұлдары. Көбекұлы 
тіпті  сол  қазақ  жұмыскерлері  гвардиясының  командирі. 
Осындай қоғамдық сапырылыс кезінде Қызылжарда контр-
революциялық төңкеріс болады.
...Қызылжардың  байлары,  əсіресе  мұсылмандардың 
бай лары, «Алашорданың»  құйыршықтары  «қала  алынды» 

227
деп  бір  үйге  жиналған.  Қуанып  бірін-бірі  құттықтап, 
«Көбекұлын  іздеу  керек!...  Көбекұлын  құрту  керек!»  деп 
қауқылдап  отырған.  Сөйтіп  отырғанда,  Көбекұлы  бастап, 
қазақ  жұмыскерлері  «Алашорда»  құйыршықтарының 
үстіне  жетіп  барған.  Іздеп  отырған  Көбекұлы  мылтығын 
үңірейтіп  үйге  кіріп  келген. «Алашордашылар»  орында-
рында тас болып қатып қалған»
1
 деген көрініс деталь ғана 
емес,  жұмысшының  тегеурінді  бейнесін  де  аңғартқандай 
болады.
Сəкеннің  роман-эссесін  оқу  барысында,  негізінен,  өзі 
жəне  жолдастары  бастан  кешкен  күрес  шындығын  ғана 
көріп  қоймай,  сонымен  қатар  Совдеп  мүшелерінің  зауыт, 
өндіріс жұмысшыларынан шығып, олармен байланыс жасап 
отырғанын,  шамалары  келгенінше  бір-біріне  көмектесіп, 
тізе қоса қимылдағанын көреміз.
«Нілді, Спасскі, Қарағанды заводтары мен қатынасы мыз 
жиіленіп,  байланысымыз  күшейді.  Заводтарда  да  Совдеп 
құрылды.  Заводтардан  уездік  Совдепке  өкілдер  жиі  келе 
бастады.  Біздің  Совдептің  мүшелері  де  заводтарға  барып 
келіп тұрды. Совдептің қазақ мүшелерінен Тұрысбек Мың-
байұлын  заводқа  жіберіп  алдық.  Арын  Малдыбайұлын 
жіберіп  алдық.  Спасск,  Нілді,  Қарағанды  заводтарының 
жұмыскерлер  Совдепінен  біздің  уездік  Совдепке  өкілдер 
келді. Іштерінде жолдас Найман мен Орынбек Бекұлы бар»
2
 
дегендері  Сəкеннің  жұмысшы  əулетіне  арқа  сүйегендігін 
көрсеткендей.  Жазушы  революцияға  араласқан  жұмысшы 
бауырларын  қызыға  əңгімелейді,  олардың  өмір  жолынан 
нақты мағлұмат беруге құлшынып отырады.
Абдолла  Омбыдағы  съезге  барып  қайтып  келе  жатқан-
да  көрген-білгендерін  «Жас  қазақ»  ұйымына  былай  деп 
хабарлаған:
«Кызылжардағы біраз жұмыскерлер қолдарына мыл тық 
алып  жарақтанған,  бұлардың  бастығы  Ысқақ  Көбекұлы, 
бұлар  тіпті  жақсы  екен.  Онан  соң  Омбы  жұмыскерлері 
де  жақсы.  Жиырма  шақты  қазақ  жұмыскері  əскерге  тіле-
ніп  жақында  кіріпті,  көзі  ашық  бастықтарын  көрдім,  Угар 

С. Сейфуллин Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 177-бет.

Бұл да сонда, 181-бет.

228
Жəнібекұлы,  Мұхаметқали  Тəтімұлы,  Зікірие  Мүкей-
ұлы...»
1
  дегенін  естігеннен  кейін  Сəкен  өзінің  түсіндір ме -
сін жасайды.
«Бұлар – қазақ  жұмыскерлерінің кəдімгі өзімізге белгілі, 
ең алдымен, бір қолымен қызыл ту көтерген, бір қолымен 
пулемет  көтерген  шын  батырлар.  Бұлардың  ішіндегі  Угар 
Жəнібекұлы 1912 жылғы  жер-дүниеге  мəлім  сібірдегі 
Лена  заводындағы  жұмыскерлер  атылуында  (Ленинский 
растрелде)  болған  жігіт.  Міне,  шын  батырлар  осы  қызыл 
əскерлер болып еңбекші тап үшін оққа қарсы шыққандар»
2

–  деп  жұмысшылардың  арғы-бергісін  хабарлап,  үлгі  ету 
ниетін сездіріп отырған.
«Тар  жол,  тайғақ  кешуді»  құмартып  оқымайтын 
адам  аз.  Олар  бұл  күрделі  еңбекке  өзінің  əділ  бағасын  əр 
кез  беріп  отырған.  Сыншы  Е.  Алдыоңғаров 1926 жылы 
«Ең бекші  қазақ»  газетінде  «Сəкен  өзінің  басынан  кеш-
кенін,  өз  өмірбаянын  алып  жазады,  үш-төрт  жылдан 
бері  «Тар  жол,  тайғақ  кешуді»  өзінің  төңкерісшіл  болып 
жүрген  уақытымен,  сондағы  жолдастарымен  бірге  істеген 
тартыстарынан  бастап  жазып  жүр.  Бұлай  жазу  əдебиет 
заңында дұрыс нəрсе. Төңкерісші романтизмге (социальная 
романтика) бұл түгел қосылады»
3
 – деп жазғаны «Тар жол, 
тайғақ  кешудің»  кітап  болып  шықпай  жатып  Қазақстан-
ның  түкпір-түкпіріндегі  еңбекші,  жұмысшылардың  қалай 
қабылдарының қарылғашы еді.
Роман-эссе  шыққаннан  кейін  Қарсақпай,  Риддер 
жұмысшылары  «осының  жалғасын  Сəкен  жазса  екен» 
деген  тілек  білдіріп,  талап  қойғаны  тағы  бар.  Бұл  роман-
эсседе  жұмысшылардың  пəлендей  нақты  образы  жа сал-
мағанмен,  шьғарманы  оқу  барысында  тұтқында  отырған 
революционерлердің  өздері  жұмысшылар  екенін,  олардың 
да  зауыт,  фабрикада  жұмыс  істегенін,  кейінгі  кезде  қара 
халықтың  бақыты  үшін  қолдарына  қару  алып  револю-
ция  жолына  түскенін  анық  аңғарамыз.  Олар  қандай  қиын 
жағдайда  отырса  да,  өздерінен  алыстағы  жаны  басқа,  тəні 
1
 Бұл да сонда, 181-бет.
2
 Бұл да сонда, 181-бет.

«Еңбекші Қазақ» газеті. 03. 12. 1926.

229
басқа,  бірақ  алдарына  қойған  мақсат,  мүдделері  бір  жұ-
мысшыларды  ойлауы, «олардың  халдері  не  болып  жатыр 
екен» деп күрсінулері ынтымақтастықтың белгісіндей.
Сəкен  Сейфуллин  жұмысшы  образын  жасау  үшін  өн-
діріс  тақырыбын  тек  күрес  майданы  деп  қарамай,  басқа 
құбылыстармен  байланыстырып,  əр  түрлі  қырларына  да 
алғыр  көзін  тігіп  отырған. «Жер  қазғандар»  повесінде 
жұмысшы  бейнесін  махаббатпен  ұштастырып,  жанды 
тер бетер  нəзіктігін,  əсемдігін,  көңілге  жел  беріп,  жігер 
ұялатар күш-құдіретін келістіре суреттеуі де осыдан. Оқу-
шы  қауымға  еңбек  пен  махаббаттың  адам  өмірінен  алар 
орны зор, маңызды фактор екенін «түсі суық, тəні шойын, 
жалаңаш»  пенделердің  тірлігінен-ақ  көріп,  əдебиетке  осы 
са лада  жаңалық  əкелген  Сəкеннің  қаламгерлігіне  өкпе-
леуге  болмайды  жəне  жұмысшы-төңкерісшінің  бейнесін 
жасауға  құштар  болды  деп  құсталаудың  орны  жоқ.  Олай 
болмаған  күнде  «Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  қазақ  əдебие-
тінде  проза  жанрының,  əсіресе  романның  өсіп-өркен-
деуіне қосқан орасан зор үлесін кемітіп алар едік.
Сəкенді шын қаламгер ретінде таныта алатын жəне туу, 
өсіп-өркендеу  дəуірін  басынан  атқарып  келе  жатқан  қазақ 
прозасына  оның  қаншалықты  үлес  қосқанын  айқындап 
беретін, ешкімнен жеңілдік жасауды тілемейтін, өз тағдыры 
үшін өзі күресе алатын айбынды шығармаларының ішінде 
«Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  орны  бір  төбе  екенін  айрықша 
атау  орынды.  Осы  роман-эсседе  жасаған  бейнелермен  қа-
тар  Хамит,  Нияз,  Айша,  Ғайнилардың  қазақ  əдебиетінің 
образдар  галереясында  жарқырап  тұрған,  оны  Сəкеннің 
биік  көркемдік  шеберлікпен  жасағаны  тасада  қалмауға 
тиіс.  Сəкеннің  қара  сөзге  қаламының  ыңғайлы  болғанды-
ғын  талай  прозалық  шығармаларынан  тамашаласақ  та, 
Ш. Айма нов атындағы қазақфильмнің толыққанды шығар-
масы – «Даладағы қуғын» фильмі «Бандыны қуған Хамит» 
əңгімесі  негізінде  жасалғаны  тегін  емес.  Өйткені,  əңгіме 
сюжетінің  қоюлығы,  оқиға  динамикасы,  өмір  көріністерін 
шынайы қалпында, іс-əрекет үстінде, өрісті даму барысында 
суреттей білу машығы қаламы шын төселген жазушыға тəн 
сипат. Ал ол əңгіме 1922 жылы жазылғаны, кейін «Тар жол, 
тайғақ кешуде» ұтымды тəсіл ретінде талай пайдаланғанын 

230
ескерсек,  онда  күнделікті  өмір  көрінісін,  яғни  бандылар
мен  күрескен  милиция  қызметкерлерінің  қасіретке  толы 
тірлігін  оқушыға  қуатты  эстетикалық  əсермен,  жанды  іс-
əрекетпен  қаһарман  психологиясын  терең  ашып  көрсе-
туінде үлкен шеберліктің дабы жатқаны байқалады. Сəкен 
қаламынан  келешекте  осындай  кесек  шығармалардың 
талайы  шы ғарына  оқушының  сенімі  күшейе  түсіп,  роман-
эссемен табысқанына қуанады.
Сəкен  шығармаларының  идеялық-эстетикалық  ныса-
насына  жіті  назар  аударған  уақытта  көркемдік  шеберлікті 
ұстарту жолындағы ізденістерінің «Тар жол, тайғақ кешуде» 
үстемелей түскені айдан анық.
Сəкен  прозасында  еленуге  тиісті  бір  өзгешелік – оның 
шығармаларында  публицистикалық  саздың  қалың  бола- 
тындығы.  Мұны  біз  оның  өлеңдері  мен  поэмаларынан 
ғана емес, прозасынан да айқын көреміз. «Тар жол, тайғақ 
кешудің»  өне  бойы  тұнып  тұрған  көркем  публицистика 
екеніне  ешкім  дау  айтпайды.  Қазақ  даласында  болған  ұлы 
өзгерістердің  шын  мəніндегі  көркемдік  көрініс  табуына 
публицистика өзінің зор септігін тигізген. Міне, сондықтан 
да,  автор  роман-эсседе  келелі  оқиғаларды  қуып  кетпей, 
сюжеттік  желіні  тарамдатпай-ақ,  шығарманың  логикалық 
дамуын  өсу  жолымен  алып  шығуы,  өскен  жазушылық  мə-
дениетті танытады.
Сəкен  прозасын  оқығанда  жазушының  өзіңдік  қол-
таңбасын танытып отыратын жазу мəнері, сөйлеу машығы, 
көркемдік  тəсілдерді  қолдану  амалы  өзіне  еріксіз  назар 
аудартады.  Ең  алдымен  сюжеттік  желіні  тартқанда  Сей-
фуллин бейнелер мен кейіпкерлердің əрекет ететін көркем 
сахнасын  жасауға  ерекше  мəн  беріп,  оқиғаны  өрбітуге 
қажетті  жағдайларды  баяндарда  сөз  бояуына  тарлық 
жасамай  кесек  көрсетіп  отырады.  Бұл  жағынан  алғанда 
уақыт  мерзімін  барынша  ықшамдау  машығы  ұтымды  да 
əсерлі екенін көреміз.
Сəкен портретті бірден жасауды ұнатқан жазушы. Оқи-
ғаға араласатын кейіпкерлердің қайсысының болсада əуелі 
істейтін  ісіне  сай  түр-келбеті  жасалады  да,  нақты  қимыл-
дар  үстінде  олардың  ішкі  дүниесі  ашылады. «Шүңіректеу 
табиғи көзді, қыр мұрынды, кең жаурынды, сом, сұлу денесі 

231
серіппелі көк темірден құйып жасалғандай, салалы саусағы 
қыран  бүркіттің  түрпілі  саусағындай»
1
  Хамиттің  портре ті 
еңгезер,  жалпақ,  алақанды,  сіңірлі  колдары  темірдей  тие-
тін  банды  Құдряға  парапар  келетіндей  келбетте  жасалуы 
болашақ айқастың табиғи түрде өтетіндігінен хабар берсе, 
екінші  жағынан,  олардың  шын  қасіретке  толы  алыс-жұ-
лыс тарының  иə  өлу,  иə  өлтіру  үшін  ғана  қимылдаудың 
көр кемдік  мотивировкасын  логикалық  түйінге  жеткізіп, 
өмірге құштарлықтан туған эстетикалық əсерінің күштілігі 
оқушының  иланбасқа  шарасын  қалдырмайды.  Нақты  іс-
əрекет  үстінде  кейіпкер  портреті  бұрынғыдан  гөрі  толыса 
түсіп, көркем тұлға өзінің жанды бейнесімен көрінеді.
«Тар жол, тайғақ кешуде» пейзаждардың да үлкен роль 
атқарғанын  көреміз.  Көктемнің  көк  салпағында  жұлығы 
тесілген  етікпен  келе  жатқан  қашқын  күйі,  Баянауылдың 
көз тартар əдемі көрінісі, жарым көңілді онан ары сыздата 
түсетін  сүреңсіз  Бетпақ  даланың  сиқы,  меңіреу  дүниенің 
жер  бетіндегі  белгісі  сияқты  шошақ  молалардың  сұсты 
суреттері,  бірінен  кейін  бірі  алмасып  жатады.  Сəкеннің 
шебер  қаламынан  кəстерленіп  шыққан  тамаша  пейзаждар 
негізі  тұлғалардың  ішкі  дүниесін  ашуға,  психологиялық 
өзгерістердің үздіксіз өрбуіне бағындырылып, шығарманың 
əсерлілігін күшейтіп отырады.
Роман-эсседе  детальдарды,  штрихтарды  ойнату  ар-
қылы  картина  жасау  тəсілі  жиі  қолданылады.  Оны  Сəкен 
гротескілік  тұрғыда  сықақ-ажуаға  барарда  пайдаланатын 
көрінеді.
Сондыктан  «Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  жанрлық  таби-
ғаты  көркемдік  «заңдылығына»  бағынбауымен  қоймай, 
оқушыны  еріксіз  матайтын  қасиеті  мен  сəттері  жиі  кез-
десетінін байқаймыз.
Кейде көздеген көркемдік мақсатына жету үшін бол ма-
шы детальды ойнатып, есте қалар көріністі гротеск тəсілі мен 
орындай  салатыны  «Алашорданың»  Əли-хан,  Айдар-хан, 
Əлім-хандары  Əбдірахманды  ертіп  алып,  дүрілдетіп  Че-
лябинге барады. «Мемлекет кеңесі» Челябинде болмайтын 

С. Сейфуллин. Бес томдық шығармалар жинағы. Əңгімелер мен по-
вестер. Үшінші том, 1987, 33-бет.

232
болған  соң,  учредительное  собрание  комитетіне  көрініп, 
жəрдем алуға Самараға келді. «Хандар» бір əдемі номерге 
түсті. Бұлар сол жерде «Күнбатыс Алашордасынан» келген 
Ж.  Досмұқанбетұлына, X. Досмұқанбетұлына,  Уəлит-хан 
Танашұлына  қосылады.  Жəне  бұларға  Түркістанда  Эргаш 
əкесінен қашып жүрген Мұстафа Шоқайұлы келіп қосылды.
«Алашорданың»  əкелген  ақшасы  көп.  Оның  үстіне 
учредительное  собрание  комитетінен  екі  миллион  сом  ал-
ды.  Самардың  арақ-сыра  сататын  əдемі  үйлері,  рестораны 
бұлардың  əмірінде, «Алашорда»  кеңестерін  сол  əдемі 
үйлердің  (ресторанның)  бөлмелерінде  құратын  болды. 
Столдарының  үстінде  атты  əскердей  болып,  самсап  бө-
тел келер  тұратын  болды. «Хандардың»  кеңеске  салған 
сөздерінің  екпіні,  алдарындағы  стол  үстінде  тұрған  «атты 
əскердің  санына»  қарай  болатын  болды.  Бөтелкенің  дүмп 
еткен  күші  мен  сөздері  шешілетін  болды.  Бөтелкенін  тү-
бімен  қаулылары  бекінетін  болды»
1
  деп  əсірелегені  əрине 
атақты  қайраткерлер  туралы  естір  құлаққа,  көрер  көзге 
келісіп тұрмасада көркемдік жағынан нанымды.
Өзі  роман-эссе  жазып  отырған  қаламгер  тек  хабарлау 
мен публицистік баяндаулармен ғана шектелсе əрі келіспес 
еді,  əрі  оқушы  зерігіп  кетер  еді. «Атты  əскердей  самсаған 
бөтелкелердің»  суреттелуі  өмір  шындығынан  алыс  емес, 
өйткені  дастарқан  басындағылардың  бəрі  де  орыс  оқуын 
тамамдаған,  талай  қабылдауларда  болып  жүрген  зиялы 
азаматтар ғой.
Алаш азаматтарын əңгімелеген уақытта Сəкен əрқашан 
таптық  қарауылды  қатты  қойып,  ыңғайы  келген  жерде 
мысқылдай  суреттеу  тəсіліне  көбірек  беріліп  кететін  кезі 
де  жоқ  емес.  Əрине  пенделік  тұрғыдан  оны  сөкеттеуге 
бол ғанымен,  көркем  шығарманың  «жандануы»  үшін,  оқу-
шыны уысында ұстау үшін қажеттігі аңғарылмай қалмайды. 
Мұндай  тəсілдің  де  өміршең  екендігін  кейін  өркендеген 
прозамыз талай дəлелдеген болатын.
Роман-эссені  оқып  отырғанда  қанша  саяси-əлеуметтік 
шындық  болсада  оқушының  назарын  өзіне  еріксіз  тартып 
алатын  қызықты  оқиғалар  көп.  Солардың  бірі – Мұстафа 

С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1960, 242-бет.

233
Шоқаевтың  Қоқанда  жүргенде  басынан  өткендері.  Сəкен 
бұл  көріністі  өзі  жазбаған.  Мұстафа  Шоқаевтың  «Сары-
арқа»  газетінде 1918 жылы 24 (11) ақпанда  «Хат»  деген 
атпен  жариялаған  суреттемесін  пайдаланған.  Сəкен  оны 
мейлінше  орынды  жəне  шығарманың  көркемдік  арқауын 
ширата  түсу  үшін  тиімді  пайдалана  білген.  Жəне  бұл  су-
реттеме  Сəкеннің  айтайын,  оқушыға  əжуалап  жеткізейін 
деген  ойына  дөп  келген,  сондықтан  роман-эссенің  «төл» 
эпизоды  болып  жүре  бергендіктен  оқушының  көбі  Сəкен 
қаламынан  туғандай  қабылдайды.  Сонымен  қатар  Мұста-
фа қаламының көркемдік шарттарын орындауға жарайтын 
оралымды  да  бояулы  екенін  көрмеу  аңғырттық  болар  еді. 
Əрі-беріден соң Мұстафа – өзінің басынан өткен оқиға дан 
тамаша  тартымды  шығарма  жазып  шығар  еді-ау  деген  ой 
еріксіз көлеңдейді.
1918 жылы 31 қаңтарда большевиктер Қоқанға шабуыл 
жасап,  ондағы  автономияның  берекесін  қашырады.  Оған 
басшы болғандар ауыл-қыстақтарды паналап, жылыстай қа-
шуға мəжбүр болған. Соның бірі – Қоқан автономиясының 
министрі Мұстафа Шоқаев. Оның «Сарыарқада» жарияла-
ған  «Хатын»  келтірерден  бұрын  Сəкен  оқушының  қабыл-
дау қабілетін дайындау үшін өз жанынан біраз шындықты 
қулана баяндайды.
«Большевик  солдаттың  құр  дəрілеп  атқан  мылтығы-
ның дауысымен «Алашорда» тəрізді байшыл автономиялы 
үкіметтер  быт-шыт  болып,  қаша  жөнелген  қызық  күндер 
болды.  Тынышбайұлы,  Шоқайұлы,  Ақайұлдары  жасаған 
Қоқан автономия үкіметі солайша тырағайлады. Отты үріп 
қалса,  быт-шыт  болып  ұшатын  жылқы  тезегінің  күліндей 
бытырап  ұша  бастады.  Шірік  салынды  тасыған  дарияға 
бөгет  бола  алар  ма?..  Құр  дəрі  мылтық  дауысынан  қаша 
жөнеліп,  əр  бұтаны  паналап  жүргендегі  «министрлер-
дің»  суретін  өздерінің  бір  əңгімесінен  көрейік»  деп  Сəкен 
«Сарыарқадағы» жарияланған «Хатты» келтіреді. Қай қыс-
тақтан  шығып,  қай  қыстаққа  паналағанын  Мұстафа  ұзын-
сонар  баяндай  келіп,  Мұсахан  қажының  оқыған  ба ласы 
Омарханға кезіккен кезін былай суреттейді.
«Жолдасым – атты,  мен – жаяу;  сарттар  мінуге  көлік 
бермеді.  Үстімдегі  киген  киімдерім – сарт  киімдері:  аяқта 
кебіс, мəсі, үсте ала шапан, баста қазандай ақ сəлде.

234
Құмбастыға келген жерде қару-жарақ асынған жиырма 
шақты сарттар келіп мені тап беріп ұстай алды.
– Ə, сен кімсің?
– Мұсылманмын.
– Қай мұсылмансың?
– Қазақпын.
– Қазақ қашаннан бояқ мұсылман?
– Əлімсақтан бері мұсылман.
– Сол қазақтың мұсылмандығына біздің шəгіміз бар?
–  Сендердің  шəктерің  болса,  біздің  қазақтың  да  шəді 
бар.
– Шəді немене? Қане айтың?
– Шəді шеше иімлер диніне (ол «шеш кіме динін» маған 
бастан-аяқ  түгел  айтқызып  шықты.  Құдай  бақ  беріп,  жас 
күнімде  жаттап  алғандарымның  ұмытылмағаны  мұндай 
абырой болар ма?)
Осындай тергеу қылып болған соң менің мұсылман екен-
дігіме сарттар анық сенгендей болса да, онымен қоймай, тұс-
тұстан анталап, ол жер, бұл жерлерді шұқы лап, мұсылман-
шылықтың  онан  гөрі  көзге  көрінетін  «нысанасын»  іздей 
бастады. Сол уақытта қасымдағы менімен бір жетіден бері 
таныс жолдасым Омархан төре ат үстінде маңқиып, тамаша 
қылып  тұрғаннан  басқа  ешбір  жəрдем  көрсете  алмады. 
Ол  бүкіл  Ферғанаға  атақты  бір  ишанның  баласы  бір  ауыз 
болыс сөз айтпай, атын борбайға бір салып «шу» деп жүріп 
кетеді»
1
.  Омарханның  бұл  қылығы  Мұстафаның  ажалына 
себепкер бола жаздайды.
«Екі  қолым  артыма  таңулы,  екі  көзім  байлаулы.  Мой-
нымда қара қайыстан тұзақ. Ажалды күтіп» отырған кезін-
де  бір  таныс  кез  келіп,  құтқарып  жіберіпті.  Одан  кейін  де 
талай  қиындықтар  көріп, «тоғыз  жүз  тоқсан  сомға  жолдас 
жалдап, «қырғыз-казақ  қайдасың»  деп,  қарлы  таулар  асып 
жөнеп  кеттім.  Жəне  сарттарға  сол  арада  «қош»  айттым. 
Көргендерім  көп  еді.  Өзім  осы  күні  көшпелі  салтқа  түсіп, 
ат үсті болғанымнан орнығып отырып, толықтырып жазуға 
уақытым  жоқ,  шырақтарым»
2
  деген  сөзбен  хат  аяқталады. 
1
 С.Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. 1977. 114-бет.
2
 Бұл да сонда, 116-бет.

235
Соған  Сəкен  «Міне  Қоқан  министрі  Шоқайұлы  мырза ның 
хаты.  Қоқанға  барып,  қоқиып  министр  болып  отырғанда 
жалпы  өзбектер  мен  жалпы  қазақ  халқының  «тілегі  бо й-
ынша»  отырдық  деген  «ердің»  жайы  осы»
1
  дегенді  про-
фессор Б. Кенжебаев кейінгі бір зерттеуінде баяндаған еді.
Сəкен Мұстафаның басынан өткен эпизодты енді Қоңыр-
қожа  Хожықов  пен  Мұхамеджан  Тынышбаевтың  көр ген-
деріне  жалғастырып  «Түн  тау  ішінде»  деген  сатиралық 
су реттемеге айналдырды, шын көркемдікке қажетті сөз бо-
яуларын таба білді.
«Түн. Жаңбыр құйып тұр. Көзге түртсе көрмейтін қап-
қара  түн.  Қалың  құзды  тау  іші.  Екі  министр  əр  тасқа  бір 
соқтығады, əр шұқырға бір жығылады. Аттары да сенделді. 
Көйлекке шейін сорғалап су өтті. Су болмаған түк қалмады. 
Екі министр сүмірейіп əбден көк иық болды. Жаңбыр сұп-
суық,  сылп-сылп  етеді.  Етектен,  тоқымнан  сорғалап  ат 
бауы рынан  ағады.  Көк  пен  жер  тұп-тұтас  қараңғы.  Жаны 
құрғыр тəтті. Министрлер қараңғы түкпір іздейді. Аттарын 
ұстап,  тастың  ығына  бүрісіп  отырады.  Жаңбыр  суы  сылп-
сылп  етеді.  Етектен  сорғалап  жерге  ағады.  Екеуі  де  өзді-
өзі  аттарының  алқымында,  тастың  ығында  бүрісіп-бүрісіп 
отар. Бір мезгілде Қоңырқожа ақырын;
– Мұқаметжан! – деді.
Мұқаметжан ақырын өлімсіреген үнмен.
– Ə, ə, – деді. Қоңырқожа ақырын:
– Енді министр боласың ба? – деді. Мұхаметжан кейіп:
– Не дейді? Осының-ақ ойыны қалмайды екен?.. – деді» 
деген  картинаны  Сəкен  сөзбен  өрнектеп,  романға,  жалпы 
көр кем шығармаға қажетті шарттар екенін еш уақытта ұмыт-
пайды. Өйткені, тарихи деректі көркемдік шындыққа айнал-
дырудың бірі осылай тарамдалуға тиіс екенін Сəкен қатты 
ұққан.  Əлгіндей  көріністі  өзі  сөз  бояуымен  жеткізгеніне 
қарамастан Сəкен «міне кішкене сурет осындай, бұл əңгімені 
Қарақожаның өзі айтып еді»
2
 деп болған құбылысты көркем 
құбылысқа  айналдыруға  талаптанғанын  ескертіп  қояды. 
Сол тұста тарихи шындықтың көркем шындыққа айналуы 

Бұл да сонда, 117-бет.
2
 С Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 118-бет.

236
жанданып,  оқушыны  еріксіз  өзіне  тартып  отырғандығын 
көзбен көргендей боламыз.
Жалпы «Тар жол, тайғақ кешудің» қай тұсын, қай кезеңін 
алып қарамайық, Сəкен оны тарихи деректердің қойма сы на 
айналдыруды  мақсат  етпей,  əрқашан  да  оқушының  əдеби 
талғамын,  эстетикалық  қажеттігін  ойластырып  отырған. 
Əрине,  Совдеп  құлап,  төңкерісшілердің  көбі  қолға  түсіп, 
түрмеде зарығып отыруы, тергеуден өтуі, Қызылжарға қыс 
ішінде айдалуы, Сібірдің сақылдаған сары аязында атаман 
Анненковтың ажал вагонына тиелуі, жеті қат жер астында 
болатын тозақты тəнімен сезуі, доңғалақ үстіндегі тамұқта 
47  күн  біресе  ыстыққа  қақталып,  біресе  суықка  тоңғаны, 
сайып  келгенде,  адам  баласының  басынан  өтетін  қиямет-
қайымды Сəкен жəне оның жолдастары көруі тек қаламмен 
жазуға  оңай  дүние.  Оқушыны  жалықтырып  алмау  үшін 
шындық пен көркемдіктің жігін білдірмей қабыстыра білу, 
сөз  жоқ,  қаламгерден  хас  шеберлікті  талап  етері  сөзсіз. 
Осындай  өрелі  эстетикалық  талаптың  биігіне  шыға  білген 
«Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  халықтық  туындыға  айналуы 
əбден заңды еді.
Тартымды  шығарманың  бір  жері  суретпен  толысып, 
бір  жері  тарихи  деректермен  дəйектеліп  жатқанына  назар 
аударып,  мəн  берген  оқушы  болған  емес.  Олар  тарих  пен 
əдебиетті  тұтас  бір  дүниедей,  өмірдің  өзіндей  қабылдаға-
ны 1927–29 жылдарда  Сəкенге  жеткен  хат-хабарлардан-ақ 
белгілі болған-ды.
Осы мазмұндалған оқиғалар жайында Нəзір Төреқұлов 
сынына  қайтарған  жауабында  «Алашорда  министрлері нің 
қашқанын  несіне  жазған  деп  шамданады...  Əрине,  Сəкен 
«Тар жол, тайғақ кешуді» жазбаса талай «батырдың» жаны-
на жағар еді. «Алашорда» министрлері Тынышбайұлдары-
ның  қашқандарын  суреттемесе  талай  білімпаздарға  жағар 
еді»,
1
 – деп  Сəкеннің  кекесін  айтуы  көркемдік  сипаты  бар 
тараулардың  айрықша  əсерлі  болғанын  көрсетсе,  екінші 
жағынан,  тарихи  шындықты  оқушыға  қалай  жеткізудің 
тиісті жөн-жосығын аңғартқандай. Əрине, бір эпизод қана 
емес,  бүкіл  роман-эссенің  бойында  осындай  көркемдік 

С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 382-бет.

237
нақыштары өте жиі кездеседі, сондықтан «Тар жол, тайғақ 
кешу» өзінің əр дəуірдегі оқушысымен əрі тарих, əрі көркем 
шығарма болып табыса беретіні осыдан. Ешкім еш уақытта 
енжар қала алмайды.
Өз  заманының  шежіресіне  айналған  шығарманың  бар 
оқиғаларын бір еңбекте айтып тауысу қиын болғандықтан, 
жаңадан қосылғандарға назар аударған орынды.
Сəкеннің  қазақ  прозасын  өркендетуге  қосқан  үлесін 
айтқанда 1927 жылғы  басылымда  жоқ, 1936 жылғыда  бар 
біраз  суреттерге  тоқтай  кетсек,  жазушы  қаламының  қалай 
шеберлене түскенінен хабардар боламыз. Жайлана отырып 
жазылған  біраз  оқиғалар  көркемдік  нақышына  жетіп,  иі 
қанғандықты байқатады.
Сəкен  роман-эссені  кітап  етіп  шығарарда: «Бұл  «Тар 
жол,  тайғақ  кешу»  əңгімесінің  бас  жағы  бұрын  «Қызыл 
Қа зақстан»  журналына  бөлшектеніп  басылған  еді.  Сол 
басыл ғандарды  жиып,  жөндеп,  тағы  қосып  жазып  кітап 
қылдым,  бірақ  уақыттың  тарлығынан  асығыс  жазылды. 
Сөзді  шеберлеп  түзеп,  тізіп  отыруға  уақыт  жоқ  болды...»
1
 
деп ашық айтты да, роман-эссенің 421-бетінде «Ақыры бар. 
1926 жыл. 17 апрель. Қызыл-Орда. Сəкен» деп қол қоюмен 
аяқтады.
Осы  арада  екі  жайға  назар  аударған  жөн  сияқты. 
Асығыс  жазылды,  шеберлеп  отыруға  уақыт  болмады 
дегені  оқиғаларды  жүйелеу,  құжаттарды  сұрыптау,  артық-
кемін  сылып  тастауға  мүмкіндіктің  болмағанымен,  қатар 
сөз  саптауда,  сөйлем  құрауда  кейбір  сілтілер  кездесетінін 
ескерткені,  шығарманы  жазған  уақытта  көркемдік  шарт-
тарын  түгел  сақтап  отыру  қажеттігін  емеурінен  білдіргені 
деп ұққанымыз абзал.
Сондықтан  Сəкен  сөйлемдеріндегі  етістіктердің  мол-
дығы  іс-əрекеттің  қарқындылығы,  үстемелігі  ғана  емес, 
асығыс  қаламның  дабындай  көрінетін  тұстарына  көз  жұ-
мып қарауға болмайды. Оның біразын 1936 жылы түзеткен, 
сонда  да  артық-ауыс  ащы  да  тұщы  сөздер  кездесіп  қа лып 
отырады.  Кейде  төтесінен  тартып,  синонимдер  іздеуге 
бара  бермегендігі  Сəкеннің  сөйлеу  мəнерінен  көреміз  де, 

Сəкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1927, 3-бет.

238
жазушы  синтаксисінің  өз  ерекшелігі,  қолтаңбасы  ретінде 
қабылдаймыз.
Ал  роман-эссенің  «жалғасы  бар»  деген  ескертпесін 
өкінішпен  еске  алмасқа  амал  жоқ.  Расында,  бұл  бөлімде 
1916–1919  жылдардың  аралығындағы  Қазақстан  шынды-
ғы  қамтылады.  Тегінде,  Сəкен  замысылында  өзінің  бүкіл 
республикалық  сахнаға  шыққан,  Ақмола  уездік  атқару  ко-
митетінің  төрағасы  орынбасарлығынан  Қазақ  АССР  со-
вет терінің  бірінші  құрылтай  съезінде  Орталық  Атқару 
Комитетінің  (КирЦИК)  Президиум  мүшесі  болып,  Қазақ-
стан  баспасөз  саласын  дамыту  ісін  қолға  алғаны,  өңгені 
қойғанда «Ұшқын» газетін «Еңбекші қазаққа» айналды рып, 
«Қызыл  Қазақстан»  журналын  қоса  басқарғаны,  Халық 
Комиссарлары  Кеңесінің  Төрағасы  болып  елге  қызмет 
сіңіріп,  талай  ұлы  жиындарда  дау-дамай  ортасында  қазақ 
халқының  жоғын  жоқтауы,  əсіресе  «Қазақты  қазақ  дейік, 
қатені  түзетейік»  деп  орыс  отаршылары  еріксіз  таңған 
«қырғыз» атауын өзгертуге, сол кездің өзінде де босағадан 
қарап,  төрге  өмешегін  үзген  қазақ  тіліне  жанашыр  болып, 
кеңсе  істерін  қазақ  тілінде  жүргізейік  деген  ең  пəрменді 
нау қанды  сонау 1923 жылы  бастап,  мемлекеттік  тіл  деп 
декрет алдыруы, осы тұста талай саясаткерлермен түс ша-
йысуы,  жұлдыздары  жараспауы, 1925 жылдың  майында 
И.В.  Сталинмен  дидарласқаннан  кейін  Қазақстанға  қай -
тып  оралуы  сияқты  кезеңді  де  мəнді  оқиғалардың  екінші 
кітаптан орын алуға тиісті екенін ойша шамалауға болған-
дай.  Өкініштің  үлкені  сол,  бұл  кезде  қазақтың  жаңа  мə-
дениеті өркен жаюға бағдар алғанын ескерер болсақ, онда 
С.Мұқановтың  «Есею  жылдарындағы»  қою  оқиғаның 
бел  ортасында  Сəкен  жүріп,  өз  қолымен  талай  игі  істерді 
тындырғанын  көрер  едік.  Амал  не,  роман-эссенің  жалға-
сы  əзірге  таптырмай  отыр.  Тегінде,  мемлекеттік  қауіпсіз-
дік комитетінің мұрағатында жатқан жоқ па екен деген ой 
көлеңдей  береді.  Еміс-еміс  естеліктерге  қарағанда,  Сəкен 
екінші  кітапты  жазып  жүргенге  ұксайтын  мағлұматтар  да 
жоқ  емес.  Қалай  болғанда  да  елі  үшін  құрбан  болған  ұлы 
да рынның  артындағы  жетелі  ұрпағы  қарымды  қаламгер-
дің  қолынан  шыққан  дүниелерге  ұқыптылық  танытатын 
шығар деген үмітпен жүреміз.

239
1936  жылы  кітапты  қайта  өңдеу  қажеттігі  туған  кезде 
роман-эссенің  көркемдік  жағын  үлкен  шеберлікпен  то-
лық тырғаны анық байқалады. Ол – «Əупілдек» көлінің кө-
рінісі, «Тұлып»  деп  аталатын  бөлімдегі  паң  Нұрмағамбет, 
Бетпақтан  Шу  асардағы  елді-мекендердің  тұрмыс-тірші-
лігі,  бақуаттылығы,  жер,  су  ерекшелігі,  тіпті  Бетпақты 
басып  Шуды  қыстап,  Сары-су  өзенің  жайлайтын  елдерді 
тарата  сипаттауы,  əрі-беріден  соң  жер  ерекшелігіне  қарай 
өсетін  шөптерді  де  елеусіз  қалдырмауы  жайлана  отырып 
жазғанда қаншама көркемдік бояуы табылатынын көреміз. 
Осыған қоса Бетпақта арып-ашып, бой тасалап келе жатқан 
басты  кейіпкерге  тілеулес  оқушының  оны-мұныны  ойлап 
алаңдаған сəтінде жүзіне еріксіз күлкі үйірілдіретін «Шоқай 
болыс»  хикаясы,  жомарттың  жолын  қысқартатын  жоқ тық-
ай  дегізерлік  «Ашай»  əңгімесі,  таңдамай-талғамай  небір 
жақсы  мен  жайсаңдардың  жағасына  жармасар  ажалдың, 
баласын  алғаннан  кейінгі  қайғыдан  қажыған  Ықылас  бей-
несі,  роман-эссені  көркемдік  жағынан  əрлендіре  түсетін 
ажар лы  образдар 1936 жылғы  «Тар  жол,  тайғау  кешуге» 
тың нан қосылып, оқушы қуанышын көбейте түседі.
Алаш  азаматтарына  қатысты  тұстарында  сол  кездің 
дүмпуімен  автор  ащылау  айтып,  бояуды  қалыңдата  түске -
нін  олардан  мүлдем  безушілік  деп  түсінбеген  орынды 
бо лар. Егер сол кезде Сəкен осылай жазып кетпегенде асыл 
ағалар  мен  ардагерлеріміздің  тарихтағы  ізін  қай  жерден 
іздер едік дегенді де естен шығармайық.
Роман-эссенің  толықтырылған  тұстарына  арнайы  тоқ-
талуға екі түрлі себеп бар.
Біріншіден,  өміршең  шығарма  «Тар  жол,  тайғақ  ке-
шудің»  əр  жылдардағы  əр  түрлі  нұсқаларын  салыстырып, 
өзгешеліктерін  анықтау  болса,  екіншіден,  роман-эссесі-
нің соңғы басылымдары бойынша барлау жасап, ой түйген 
ғалымдар коммунистік идеология соқпағымен авторды кү-
рескер етіп көрсету мақсатына көп назар аударып келгенін 
аңғартуды жөн көрдік. Əрине бұл жерде көркемдігіне тіпті 
мəн бермеген екен деген түсінік тумаса керек. Себебі көр-
кем шығарманың ажарлы жағын əр уақытта сөз еткен болып 
отырып,  саяси  оқиғалардан  көз  жазбай  келгеніміз  өтірік 
емес.  Біздің  бұл  жерде  айтқалы  отырған  ойымыз – біздің 

240
алдымыздағы  зерттеушілер  осы  роман-эссенің  көркем-
дігіне  зер  салғанмен,  Сəкеннің  азаткерлік  төңкерісшілді-
гіне қарай ойыса бергенін, ал кейбір кезде атүсті шолу мен 
шектелгенін айтпай кетуге болмас.
«Аттың  жалы,  түйенің  қомында»  жүріп  жазатын  əдет 
артта  қалған  тұста  көркемдікке  əр  беретін  толықтырулар- 
дың қайсыбіріне назар аударып, талдау жасағанның ар тық-
тығы жоқ, өйткені олар роман-эссенің тартымдылығын да, 
ажарлығын да арттыра түсірген.
Сəкен  Бетпақ  арқылы  Түркістан  асарда  Бетпақ  далада 
кездескен көріністерді шеберлікпен суреттеген. Соның бірі 
–  Шоқай  «болыс».  Осы  Шоқай  «болысты»  оқып  отырып 
ебін  тауып,  еркелей  білетіндердің  ел  еркесіне  айналып, 
кейін  аты  аңыз  болып  қаларын  бұрын-соңды  аңдағандық-
тан  Сəкен  Шоқай  образын  жасауға  құшырлана  кіріскені 
байқалады. Сол бейне арқылы алдағанға да, алданғанға да 
Сəкен ортақ сипат дарытып, юморлық сəттерді бейнелеуге 
шебер  екендігін  байқатты.  Қазақ  психологиясын,  қыр 
қулығын жеңіл юмормен суреттеп, оқушыны жылы сезімге 
бөлейді. Аңқауланған қудың қандай болатынын көреміз.
«Күн  салкын  еді.  Түрсіз  Бетпақ  бүгін  тым  сұрғылт 
еді»,
1
 – деп  бастауы  оқушы  жүрегіне  жылылық  дарыта 
қоюы екіталай. Адамның ойы тұрмақ, бойын көтертпейтін 
табиғат  сүреңсіздігін  Шоқай  «болыстың»  іс-қылығымен 
ажарлаған  тұста  сұсты  жаратылыстың  өзі  хас  шеберге  кө-
ніп, оқушы жүзіне үйірілген күлкі арқылы жандана түседі. 
Автор Шоқай «болысты» кездестіргендегі кейпін оқушыға: 
«Төрдегі  ширатылған  кісіден  біз  төменірек  отырдық.  Ол 
бізбен  асықпай  ғана  ширатылып,  жоғарыдан  төмен  қарап 
амандасты. Сұлу мен Ақберген бір-біріне жымыңдап қарап 
сөйлеседі.  Мен  төрдегі  кісіге  қараймын.  Үстінде  қоңыр 
күпі,  жағасы  түлкінің  пұшпағы.  Басында  ескілеу,  кірлеу 
түлкі  тымақ.  Өзі  шарта  жүгініп  отыр.  Мен  бетіне  қадала 
қарасам,  түсін  суытып,  ширатылып,  көріне  маңғазданып, 
сəл қозғалып, көзін жұмып қояды. Кейде, тіпті, көзін едəуір 
жұмып отырады.
Мен  ішімнен: «Мынау  не  пəле  тағы  да?  Бұл  Бетпақта 
мұндай да «Тəңір пұты» болады екен-ау! деп қоям.

С. Сейфуллин. «Тар жол, тайғақ кешу», 1977, 359-бет.

241
– Бұл кісі кім? – дедім.
Ақберген бетін жұқалау күлімдетіп:
–  Бұл  кісі  біздің  əкемізбен  бір  туысқан  кісі,  еститін 
шығарсыз, болыс... Шоқай деген кісі. Бұл кісіні болыстық-
қа бекіткен бұйрығын əнеукүні мен Ақмоладан алып келіп 
едім.
Бұл  кісіні  болыстыққа  бекіткен  қағазын  жаңа  ғана  өз 
қолына табыс қылып отыр едім. Мына ойып отырғаным бұл 
болыстың мөрі еді!»
1
 – дейді.
Осыған  дейін  «болыстың»  мəн-жайын  түсінбей  таң-
тамаша  болып  отырған  Сəкен,  əрқайсысы  үш-төрт  үйден 
тұратын  санаулы  ғана  ауылдың  «болысының»  жай-жапса-
рын  енді  түсінгендей  болады.  Жігіттердің  қулық  жасап, 
«аңқау»  болысты  түсіргілері  келіп  отырғанын  сезеді.  Əр-
қай сысының түсінігі де, есебі де өз ішінде.
Қара  танымайтын  Шоқай  үшін  тіпті  орыс  тілінде  куə-
лендірген  мөрі  бар  қағаз  зор  мəртебе  болып  қоймай. 
Шоқайдың «болыстық» дəрежесін Бетпақтағы елге бұрын-
ғыдан  бетер  айғақтай  түскендей.  Қайрақ  тастан  «Шоқай 
болыс»  деп  жазылған  дөңгелек  мөр  жасап,  əлекке  түскен 
Ақберген  де  қулығымен  олжасыз  емес.  Шоқай  «болыс» 
Ақ бер ген  қулығының  қарымын  кəнігі  сараң  болыстардай 
жаман-жəутік  тоқтымен  емес,  тайыншадай  семіз  қара  қо-
ңыр құнан қоймен қайтарған. Бұл жерде автор, біріншіден, 
«болыстың»  мəрттігін  көрсетсе,  екіншіден,  құнан  қойы-
ның  аңызға  айналарын  іштей  сезген  есепқойлығының 
үсті нен  түскен.  Оны  мезгілсіз  келген  қонақтарға  сойып 
таста ған  Ақберген  арқылы,  қонағын  құдайдай  сыйлаған 
қазақ тың  ұлттық  психологиясын  асқан  шеберлікпен  на-
нымды суреттеген.
Оқушы көкейіндегі сұрақты автор да дөп басқан.
«Шоқай  кеткен  соң  Сұлу  екеуіміз  күліп,  Ақбергенді 
жауапқа алдық:
Мен: – Əй, бұл не деген адам? Сойған семіз қойды шын 
сол берді ме? Бұл ұят емес пе? Жəне əкеммен бір туысқан 
адам дейсің ғой? Өзінің үйінің адамдарының бəрі де өзіндей 
ғой  шамасы?  Ə,  солай  ма?  Баласы  да  өзінің  сыңары  ғой, 

Бұл да сонда, 359–360-беттер.

242
сірə? Бірақ сенің мынауың тіпті өзге елден ұят емес пе? – 
дедім. Ақберген мен Сұлу:
–  Оның  несі  ұят!Өзі  əжептəуір  бай.  Сен  жемесең  де 
бəрібір біреу жейді оны. Онан да өстіп ойын қылып, кісінің 
өзі  жегені  жақсы.  Бəрібір  ол  өстіп  жаратылған  соң,  өстіп 
кетеді, – десті»
1
.
Шоқай  өзінің  «болыстығын»  сөз  жүзінде  ғана  емес, 
орайын келтіріп іс жүзіне асыратын амалды талай қолдан-
ған  жан.  Оны  ауыл  арасы  да  біледі  жəне  əзіл-қалжыңмен 
қабылдап, шынайы болысқа көрсетілер сый-сыяпаттай бол-
мағанмен ырымын жасап жататынын автор:
« – Нақ осы «болыстықтың» соған тиетін пайдасы жоқ 
па осы? – дедім Ақберген мен Сұлуға.
–  Ойбай,  ол  «Мен  болыспын,  менің  алымым,  сыбағам 
қайда?» деп, жазғытұрым уақытта үйлерден семіз жылқы-
ның қазыларын, семіз қойлардың жамбастарын жинап алып 
жүреді, – деді екеуі.
– Былтыр менің көзімше Алтыбайдың үйіне келіп; «Ме-
нің  сыбағам  қайда?»  деп  отырып  алды.  Сонсоң  Алтыбай-
дың сары қатыны «Болыстың сыбағасы» деп бір семіз қос 
қазысын  алып  шығып,  Шоқайдың  атының  қанжығасына 
байлап  берді. «Болыс,  семіз  қазыны  қанжығасына  байлап 
берген соң, атына мініп, əрі жағалап кетті.
–  Міні,  мен  «болыс  болғалы»  Алтыбайдың  үйі  жыл 
сайын жазғытұрым өстіп сыбағамды беріп отырады. Ал бұл 
үйдің маған қойған сыбағасы қайда деп, басқа үйлерден де 
алып жүрді, – деді.
– Жұрт бере ме мұның үйтіп сұрағанына? – дедім.
–  Жұрттың  көбі  əйтеуір  береді...  Мұның  «болыспын» 
дегенін  қызық  көріп,  ойын  қылып  еркелетіп  қоя  береді 
мұны, – деді Ақберген...»
2
Сəкен  роман-эссесіндегі  Шоқай  образы  аумалы-төк-
пелі  заманда  болыстықтан  береке  қаша  бастаған  сəтін 
көрсете  мазақтаудың  бір  амалы  болса,  екінші  жағынан,  ел 
қиын-қыстау  кезде  көңіл  көтеру  үшін  «есепті»  ойынның 
өзін рухани азық еткенін аңғартады. Сол арқылы қазақ хал-
қының психологиясынан хабар береді.

С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 364-бет.
2
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 364–365-беттер.

243
Автор осы Шоқай образы арқылы жөнін тауып еркелей 
білетін  адамды,  еркелете  алатын  қазақи  пиғыл-ниетті  зіл-
сіз  юмормен  жеткізіп,  өзінің  қаламгерлік  шеберлігі  əбден 
ұшталғандығын танытады.
«Тар  жол,  тайғақ  кешуді»  оқыған  жұрттың  көркемдік 
талғамында  ұзақ  сақталар  образдардың  алдыңғы  легінде 
қазақи қалпы мен Шоқай есте қалары сөзсіз. Бұған Шоло-
ховтың Дед Шукарін сабақтастырып жіберсек, зілсіз юмор 
арқылы  жасалатын  халықтық  характерлердің  шет  пұш-
пағын  көргендей  боламыз.  Шоқай  Шу  бойындағы  тама-
тарақтыларға  əбден  таныс  тарихта  болған  адам  екенін  де 
естен  шығармайық.  Сонда  өмірде  болған  құбылыстың  өзі 
ешбір  авторлық  қиялсыз  роман-эссенің  эстетикалык  қуа-
тын арттыра түскенін көреміз, өйткені жұрт осындай көрі-
ністің өзінен-ақ шын көркем шығарма оқып отырмын деген 
пиғылдан айнымайды.
«Романдағы  барлық  негізгі  сюжетті  ақынның  өзі  бас-
тан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар 
жүйесі құрайтындықтан өмірбаяндық, тіпті мемуарлық си-
паты  бар»
1
–  деген  Р.  Нұрғалиев  пікірін  нақтылай  түсетін 
Сəкеннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесіне арқау бол-
ған  образдың  бірі  Шоқай  «болысқа»  тоқталғанда  жазушы 
қаламының  жүрдек,  бояуы  қалың  екенін  байқаймыз.  Өзі 
жүзбе-жүз  кездесіп,  əңгімелескен  кейіпкерінің  бірі  Ашай 
бейнесіне  көз  тастай  кеткеннің  артықтығы  жоқ,  өйткені 
жазушы шеберлігін суыртпақтай шығаруға жəрдемдеседі.
Сəкеннің  Ашайға  кездескенге  дейін  ел  ішінен  естіген 
əңгімелері оған кездесу құмарлығын өсіре түскенін көреміз. 
«...Ашайдың қызыл тазысы кеше бір қызыл түлкі алып ты... 
Ашай  бір  шошқа  алыпты...  Ашай  былтыр  жау  түсіргенде 
жаудың мылтығын алып қалған екен... Ашай он шақты жауды 
өзі түсірген ғой... Əуелі біреуін үйінің жанында аң даусызда 
атынан  жұлып  алып,  үндетпей  ұрып,  қол-аяғын  бай лап, 
қатынына  күзеттіріп  қойып,  өзі  жаудың  мылтығын  алып, 
жаудың  атына  мініп,  өзге  жауды  қуып  түсірген  ғой...»
2
  –
1
  Р.  Нұрғалиев.  «Қазақ  революциялық  поэзиясы»  Алматы,  Мектеп», 
1987, 102-бет.
2
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 365-бет.

244
дегендерді Бетпақтың ұзақ жолдарында талай естіген Сəкен 
құмарлығын  оқушылар  да  бөліскендей  дəрежеге  жеткізе 
суреттейді. Сондықтан Ашай əңгімесін мөлдірете баяндауға 
автор да ықыласты, өйткені Ашаймен бірге болған күндері 
«халық  айтса  қалт  айтпайды»  деген  аталы  сөзге  өзінің  де, 
оқушының да көзін жеткізеді.
Ашайдың  бойындағы  мергендік,  қобыз  бен  домбыра 
ойнайтын  серілігіне  қоса,  ретті  жерінде  батырлығы,  на-
мыс қойлығы  Сəкенді  жазушы  ретінде  де  дидарласуға  ын-
тықтыра түскен. Оны Сəкен: «Ашай менімен танысуға əдейі 
келгендігін  айтты. ...Енді  жақын  болайық,  дос  болайық! 
Ертең біздің ауылға кел, біздің отауды өз үйіңдей көр! – деп 
Ашай мені ауылына шақырып кетті»

– дейді.
Жоғын жасырып, барымен базар етуге тырысқан Ашай 
бойындағы  намысқойлықты  да  Сəкен  сезімталдықпен  тү-
сініп, оның залалсыз өтірігінің өзін: «Қу кедейлік-ай, талай 
ердің қажырын мұқатып, талайдың көңілін назаландырып, 
талайдың  қанатын  қырықтың-ау»
2
 – деп  жалпыға  ортақ 
қасіретті  Ашайдың  жадау  тұрмысы  арқылы  аңғартады. 
Түзге  шықса  батырлықты,  серілікті  рухани  азық  еткен 
жандардың далалық кейпін анық көргендей боламыз.
Сəкен  өзінің  роман-эссесінде  кездескен  адамдардың 
бəрін  образға  айналдырамын  деп  əуре  болмайды.  Қайсы-
бірін  атап,  жалпы  тізімнің  ішіне  сіңіріп  жібереді,  ал  енді 
өзіне  айрықша  ұнағандары  мен  іс-əрекеттері  арқылы  кө-
рін  гендерді  шығарманың  кейіпкеріне  айналдырып,  тарихи 
шындықты  көркем  шындыққа  айналдырудың  амал-тəсіл-
дерін  ойластырып  отырады.  Сөйтіп  роман-эссенің  əлеу-
мет тік мəн-маңызын арттырып, оқушыны еріксіз тартатын 
шығармаға айналдыру мақсатына жете біледі.
Көркем  шығарма  жасау  үшін  бір  сəтте  ептеп  болса  да 
əсірелеуге,  ойдан  шығаруға  ұмтылғанымен  шындықтан 
шы  ғындап  алыс  кетпейді.  Соның  өзінде  оқушыға  тартым-
ды да əсерлі сəттерді, көріністерді, детальдарды көбірек су-
реттеуге ұмтылады.
Сəкен  өзінің  шығармаларында  кейіпкер  атынан  сурет- 
1
 Бұл да сонда, 366-бет.
2
 Бұл да сонда, 367-бет.

245
теу,  портреттеудің  ең  тиімді  жолын  таба  білген  жазушы. 
Оны  «Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесінде  де  көп  қол-
данған. Соның бірі – Ашайдан естіген Ықылас күйші жайы.
Ықыласты  Сəкен  Ашайдың  айтуы  бойынша  былайша 
суреттейді. «Ықылас өзі қапсағай ұзынша бойлы, қараторы, 
қыр  мұрынды,  шұңғыл  қара  көзді,  ұзынша  қара  сақалды, 
сіңір  денелі  ашық  кісі  екен. ...Өзі  күлмейтін  адам  сияқты. 
Беті тіпті ашаң, жақ сүйектерінің, маңдай сүйектерінің қыр-
лары  білініп  тұрады.  Қолының  саусақтары  ұзын,  тарамыс 
сі ңірлі екен. Денесі де тарамыс қапсағай ұзынша екен»
1
.
Сəкен  жасаған  портреттің  шынайылығы  болар,  жазу-
шы,  композитор  Ілия  Жақанов  өзінің  «Ықылас»  романын 
жазғанда: «Сəкен жасаған портретті негізге алдым»

– дейді.
Ашайдың аузынан естіген əнгімені автор өзі ғана көз ал-
дына елестетіп қоймайды, оқушысын да қатты əсерлендіріп, 
Ықыластың бейнесін көз алдыңызға көлеңдетеді. Бұл жерде 
Ықыласпен кездескенін жеңіл-желпі шолып өтпей, Сəкенге 
əсер  етерлік  деңгейде  əңгімелеген.  Ашайдың  да  қобыз 
тартатыны, тіпті домбыраға да Ықылас күйлерін салатыны, 
образ  деңгейіне  көтеріле  береді.  Автор  естіген  əңгіменің 
əсері  арқылы  Ашайдың  хикаяшыл  жан  екендігін  сездіреді 
де,  оқушыға  қажетті  көркемдік  нақыштарын  оңтайлы  та-
бады. Сонда Сəкен – Ашай– Ықылас болып жалғасып, оқу-
шының көркемдік танымына əсер етеді.
«Ықылас  қобызын  алып,  қылыш  жөндеп,  шайырлап 
алып,  ақырын  ырғап  сыза  бастады.  Ықаңның  ұзын  сау-
сақ тарының  ұшынан  ыңыранған  мұңлы  күй  сарнай 
бастады...  Еңіреген,  күңіренген  күй  көктен  құйылып 
отырған  сияқты.  Менің  жүрегім  лүпілдеп,  бүкіл  жұлын 
тұтам  шымырлап  кетті.  Үйде  отарған  жұрттың  бəрі  де 
қатып  қалды.  Күй  еңі реп,  сұңқылдап  жылаған  сияқты 
болып  зарлады.  Əлден  уақытта  есімді  жиып  алып, 
көзімнің  астымен  ақырын  қа расам,  қобыздың  құлағы 
Ықыластың  сүйекті  шықшытына  қатты  жабысып  қал- 
ған екен. Ықыластың оң қолы қобызды есіп еңіретіп отыр 
екен  де,  еңіреген  қобыз  күйімен  бірге  өзінің  шұңғыл  кө-
1
 С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 369–370-беттер 
2
 І. Жақанов «Ықылас», 1993,3-бет.

246
зінен  жас  тарамданып  ағып,  сақалынан  тамшылап  отыр 
екен. Менің де жүрегім елжіреп кетті. Сəтбайға қарасам о 
да төмен қарап, жылап отар екен. ...Біраздан кейін Ықылас 
өксітіп  кеп  қобызын  тоқтатты.  Бірсыпыраға  шейін  жұрт 
есін  жия  алмай  отырды...» – деді  Ашай»
1
 – деген  суретті 
хабарламаның эстетикалық əсері тіптен де күшті.
Суреттеудің  жанама  түрі,  яғни  өзі  естіп  əсерленген 
құбылысты  қалың  оқушыға  өсіре  жеткізе  білу  қаншама 
қаламгерлік  шеберлікті  талап  етері  белгілі  ғой.  Сəкен 
Ашайдың  əңгімесін  сол  естіген  жерінде  стенограммаға 
түсіріп алмағаны рас. Олай болса өзінің бір кезде əсерлене 
тыңдаған  əңгімесінің  ыстық  лебін,  айту  мəнерін,  бояу  на-
қышын  көп  жыл  өткеннен  кейін  алғашқы  естіген  күйінде 
жеткізе  білу  қалыптасқан  қалам  дабын  аңғартумен  бірге 
жаңадан  қанаттанып  келе  жатқан  қазақ  прозасы  үшін  аз 
олжа емес екенін анық аңғартады.
Əрине,  тарихи  шындықтың  көркем  шындыққа  айналу 
жайына «Тар жол, тайғақ кешуден» талай мысалдар келті -
ріп, дəлелдей түсу онша қиындыққа түспейді. Өйткені кез 
келген  оқиғаны  тарихи  деректермен  ажарлап,  əрбір  кісі 
атының  ғұмырнамасын  жасап,  бейнесі  көрінгенін  шығар-
мадан  суыртпақтап  шығарып  алуға  болады.  Алайда  біз 
қадау-қадау  қызықты  жайлар  арқылы  жалпы  роман-эссе-
нің  эстетикалық  қуатын  анғарту  мақсатын  көздегендік тен, 
əрбір  шындықтың  көркемдік  тұрғыдан  логикалық  даму 
процестерінің ізіне түсіп, індете беруді айрықша қажеттілік 
деп  санамадық,  өйткені, «теңіз  суының  дəмі  тамшыдан-ақ 
білінеді».
Əрине, «Тар  жол,  тайғақ  кешудің»  көркемдік  қуатын 
əңгімелеген уақытта ондай тартымсыз көріністер, мəнсіз де-
ректер жоқ, бəрі де керемет деп ешкім айта алмайды. Алаш 
қозғалысының  ұлы  мақсатына  ден  қойып,  іш  тартқаны-
мен,  жеке-дара  азаматтардың,  қайсыбір  басшылардың  іс-
қылығын  көрсететін  арзан  да  дəмсіз  дерек-мағлұматтарды 
кейде  шамадан  асырып  жібергенде,  əсіресе  газеттер ден 
келтіретін,  бірақ  тап  сол  тұста  ойнамайтын,  автор  пози-
ция сына керек болғанмен көркем шығарманың тəніне сіңі-

С. Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу, 1977, 370-бет.

247
се  қоймайтын  мақала-мəліметтер  роман-эссенің  қайбір 
тарауларын  əлсіретіп  тастайтынын  да  жоққа  шығаруға 
болмайды. Шығарманың көркемдік сипатынан гөрі тари хи-
лығына  нұқсан  тигізетін  жансыз  мағлұматтардың  оқушы-
ға  кері  əсер  етер  сəттері  бары  белгілі.  Алайда  бұл  жайлар 
«Сəкен  Сейфуллиннің  негізгі  шығармасы  аталып  келген 
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  романы  таза  тарих  үшін  керек 
болғанмен,  қазақ  əдебиетінің  игіліктері  қатарына  қосыла 
қояр ма екен?»
1
 деген қаскөй сауалдарға негіз бола алмай-
ды,  тарихи-көркемдік  шындықтар  растамайды,  қоштамай-
ды.
«Тар  жол,  тайғақ  кешу»  роман-эссесі – қазақтың  төң-
керісшіл,  реализм  бағытымен  дамыған  əдебиетінің  ғана 
емес, бүкіл сөз өнерінің ұлы да кезеңді, этапты шығармасы 
болып тарих бетінен жарқырап келгені сияқты, бұдан былай 
да тұлғалана түсері ешбір шүбə тудырмайды.
«Тар жол, тайғақ кешудің» көркемдік сипатына арнал ған 
тараудың  бас  жағында  əңгімеленген,  яғни  оның  жанрлық 
қырына  қысқаша  болса  да  тағы  бір  оралып,  ой  түйген 
орынды сияқты.
Жалпы  жұрт  қолданып  келе  жатқан  «тарихи-мемуар-
лық  роман»  анықтамасы  бұл  атақты  шығарманың  бүкіл 
«жан-дүниесін»  қамтитындай  болып  көрінгенімен,  оның 
хроникалық  қасиетін  қаға  берісте  қалдыратын  сияқты.  Ал 
«очерктер  циклі»  деп  тапқан  Б.  Кенжебаев  пен  Ш.  Елеу-
кеновтің  де  ойының  əбестейтін  ештеңесі  жоқ,  өйткені 
Сəкен тарихи деректер мен оқиғаларды шындыққа негіздей 
отырып,  очерк  амалын  қолдана  жазатын  сəттері  аз  емес. 
Тіпті, қайсыбірі өзінің ішкі көркемдік заңдылығымен дөңге-
лене  шығып,  публицистикалық  желісінен  айырылмайтын 
тұстарда  бұл  авторлардың  пікірін  санаттан  шығарып  тас-
тамау керек. Ал кейбір тұста новелла, əңгіме шарттары да 
сақталады.  Мұндай  кезде  шығарманың  көркемдік  арқауы 
ширап,  үзік-үзік  деректер  мен  ойлар  оқушы  жадында 
мықтап сақталып қалуына жағдай жасайды, əрі-беріден соң 
композициялық  жүйеліліктің  жетіспей  жатқанын  сездір-
меуге  себепші  болатын  тұсын  да  байқаймыз.  Бұлардың 

«Қазақ əдебиеті» газеті. 11. 09. 1992.

бəрі  желілі  сюжетке  құрылып,  бір  машықта  суреттелетін 
шығармада кездеспейтіндіктен осы ұлы туындыны «роман-
эссе»  деген  атау  орынды  шығар  деп  ойлап,  сол  терминді 
енбектің  ұзына  бойына  пайдаланып  отырдық.  Қалай 
болғанда  да,  оқушы  жұртшылыққа  жазушы,  қа ламгер 
Сəкеннің  бұл  шығармада  қандай  көркемдік  əдіс-тəсіл 
қолданғанының  мəні  болғанымен,  əдебиет  тарихы,  жанр-
лардың  қалыптасып  жетілу  процесі  үшін  зерттеушілер 
анықтай,  шыңдай  беретін  күрделі  проблема  екені  даусыз. 
Өмір  оқиғаларының  диалектикалық  заңдылығы  қандай 
күйде  болғанын  сөз  өне рімен  көрсете  білуден  қуатты  күш 
аз  екенін  ескерер  бол сақ,  онда  «Тар  жол,  тайғақ  кешу» 
шындықтың  шырайын  шы ғарған  көркем  туынды – роман-
эссе.  Оған  қажетті  барлық  көркемдік  компоненттерді  шы-
ғарманың  өн  бойынан  мол  табамыз,  өйткені  негізгі  кейіп-
кері – жаңа заманның қызыл сұңқары бола білген дауылпаз 
ақын  Сəкеннің  өзі  бола  білуі,  бүкіл  шығарманың  өзекті 
арқауы Сəкен сөзі, Сəкен іс-əрекеті, Сəкеннің ойлау-толғауы 
мен  тұжырым-қорытындысы  арқылы  көрініп  жатуы  оған 
композициялық  тұтастық  дарытып,  эстетикалық  күш-қуат 
бергені  даусыз.  Сондықтан  тарихи  шындық  ажарлы  сөз 
бояуларымен  əр  ұрпаққа  жетіп,  сол  кездің  таным-білігі 
деңгейінде ойландырып толғандыра береді. Өйткені əр за-
манның  өз  базары,  өз  нарқы  болары  жалғыз  өмірдің  ғана 
емес, шын өнердің де бұлжымас заңы!

249

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет