ТАЛАНТТАР ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ
Ғ.МҮСІРЕПОВ, Т.КƏКІШЕВ
Қазақ тілінің қадір-қасиетін, көркем сөздің ғажайып құ-
діретін Одақ көлемінде, əлемдік деңгейде танытып кеткен,
халқымыздың алып ойшылдарының бірі, зергер жазушы-
мыз – Ғабит Мүсірепов. Қашанда шындықтың бетіне тура
қарап, уақыттың көкейтесті сауалдарына қайраткерлік зер-
демен парасат биігінен жауап беретін пайымды пікір қозғар
еді.
Тағы бір таң қаларлық, əрі сүйсінерлік жай сол - үлкен
суреткердің көптеген батыл тұжырымдары мен жаңашыл
көзқарастары атышулы тоқырау дəуірінің тасы өрге домалап
тұрған кездерінде айтылғанына қарамастан, қазіргі қайта
құру идеяларымен толық үндеседі.
«Өткен күннің бəрі тарих» дегенді анық ұқпағаныммен,
тап осы жолғыдай етене сезіне қойған кезім аз болар. Себебі
менің қолымда «жанды» документ, яғни қазақ əдебиетінің
классигі Ғабит Мүсірепов екеуіміздің үш сағатқа созылған
сұхбатымыздың магнитофонға жазылған сөзі бар. Ол сұх-
бат алдын ала уəделесіп, əбден ойластырылып, 1974 жылы
25 шілдеде өткізілген еді. Сол кезде де, бүгін де оның
мəн-мағынасы зор екенін сезгеніммен, Ғабеңнің «уақыт
келеді ғой əлі» деген ойынан аса алмап едік.
«Жұлдыз» журналы «басамыз» деген де, марқұм Жай-
саңбек Молдағалиевтің М.О.Əуезов атындағы Əдебиет
жə не өнер институтының коллективі дайындап жатқан жи -
наққа қоспақ болғанда да «Ғабит сөйлеген сөзіне дейін бас-
пасөз бетіне бастыратын болыпты» деген сөзге қалдыр маң-
дар мені» дегеннен кейін тосылған едік.
Енді кешеуілдетуде еш мағына жоқ екендігін сезіп, сол
сұхбатты қалың оқушыға ұсынып отырмын. Адал да өрелі
ойлар тұнығынан еркін сусындауларыңызға тілектеспін.
250
Тұрсынбек Кəкішев: Қадірлі, Ғабе!
Биыл, 1974 жылы қазақ əдебиетінің ұлы жазушыла-
рына арналған жиындар өтіп жатыр ғой. Əнеу күні Ілияс
Жансүгіровтың тойын өткіздік. Содан кейін университетте
Сəкеннің 80 жылдық тойы өтті. Ол, əрине, қалалық жиналыс
емес, университет-коллективтің Сəкенге арнаған жиыны.
Сонда өзіңіз естелік айттыңыз.
Сол айтқан естеліктеріңізге жұртшылық құлақтанып
қа лыпты. Сол жиында магнитофонымыз дұрыс жұмыс іс-
темей, жазып ала алмадық Енді, əрине, ол өткен дүниені
қал пына қайта түсіру қиын, дегенмен де сол жиналыста сөй-
леген сөздеріңізді, айтқан естелігіңізді бүгін суыртпақтап
шығарып алсақ деген едім. Сонымен қатар, жалғыз Сəкен
емес, сіздің творчествоңызға байланысты да біраз сауалдар
туатыны сөзсіз. Осы жағдайларға байланысты сізбен ди-
дарласып отырмыз. Сіздің Сəкен жайлы пікірлеріңізді, өз
творчествоңыз туралы ойларыңызды білгіміз келеді.
Əрине, Сəкеннің, Ілиястың, Бейімбеттің бір жылдың төлі
болуы қазақ əдебиеті классиктерінің молдығын көрсетеді
ғой. Алайда, үшеуі үш жылда туса, сөз мерекесі, əдебиет
мейрамы ұзара түсер ме еді деген ой келеді. Əрине, үшеуінің
бір жылда туғанын енді түзету қиын, бірақ дегенмен де біздің
əдебиетіміздің танылуында, əдебиетіміздің халықаралық
деңгейге шығуында осындай классиктеріміздің үлесі мол
ғой. Сондықтан осы əңгімемізді классиктерімізге, оның
ішінде Сəкенге байланыстырып өткізсек деп едім. Мен
бірнеше сұрақтар дайындап келдім. Сіздің пікіріңізді білгім
келеді.
Мысалы ғой, Сəкен жөнінде қазір пікір айтқан адамдар
аз емес. Сəкеннің əдебиетіміздегі орны, мəдениетіміздің,
халқымыздың тарихындағы орны жөнінде пікірлер көп
айтылып, көп жазылды. Сіздің пікірлеріңіздің, жазған
мақалаларыңыздың, айтқан ойларыңыздың барлығы да
оқушы жұртшылықтың көңілінде, кітапханасында. Солай
бола тұрса да, тағы да бір рет Сəкеннің қазақ халқының
əдебиеті мен мəдениетіндегі орны қандай? Соңғы кездің
көзқарасымен қалай түйіндеуге болады? Сəкеннің қазақ
мəдениетіндегі, əдебиетіндегі, халқының тарихындағы
орны жайында түйінді пікіріңізді анық айтып берсеңіз екен.
251
Ғабит Мүсірепов: Сəкеннің қазақ əдебиеті мен қазақ
совет мəдениетінің, жалпы халық ағарту жұмыстарының
жаңа беталыс табуындағы орны ерекше ғой. Сəкен алғашқы
кезде Жаңа əдебиет, жаңа мəдениет дегеннің бағытын жапа-
жалғыз белгілеген адамымыз деуге болады.
Біздің зерттеушілерде бір ескерілмей жүрген жағ-
дайлар бар. Сəкен революция туын көтеріп шыққанда
Сəкеннің қасында қаншама жазушылар бар еді, қанша
қалам кайраткерлері, қанша халық ағарту жағында-
ғы əлеумет қайраткерлері бар еді? Дəл Сəкен «Жаса-
сын Совет» деп атқа мінгенде ондай жолдастары аз
болатын.
Жұртқа мəлім ғой, бүкіл қазақ интеллигенциясының ол
дəуірде 90 проценті ұлтшылдық бағытта жүретұғын. Кейін
олардың бізге келіп қосылғаны жоқ емес, бар. Бірақ ол
дəуірде Сəкенге жолдас болғандары жоқ.
Сəкенді біз совет əдебиетінің негізін қалаушы деп
айтатын болсақ, ең алдымен Сəкеннің сол майданды
жалғыз басқарып, совет ұранын жалғыз көтергендігін
ескеруіміз керек.
Шындығына қарағанда, «Қазақ», «Ақжол», «Сарыарқа»,
«Абай», «Сана», «Шолпан» журналдарының айналасы
лық сып толып отырған бұрынғы ескі интеллигенция еді
ғой. Оның барлығының да бағыты тап сол дəуірде совет
құрылысының бағытымен ұштасып жатпайтұғын. Көпші-
лігі негізі қаланып жатқан жаңа құрылысқа қарсы болып
отыратұғын.
Сол кезде Сəкен, əйтеуір шамасы келгенше, жалғыз
да болса қызыл туды қолдан түсірген жоқ. Сəкеннің
өзі үлкен ақын. Əсіресе, жазғанынан гөрі өзінің жа-
ны үлкен ақын адам болатұғын. Сөйте тұрып, сондай
жалғыздығына қарамастан, Сəкен бұрылмастан, ай-
нал мастан бəріміздің өсуімізге, бүгінгі Совет əдебиеті
деп саналатын үлкен əдебиеттің балаң кезінде соның
бағытын аудармай, бұлжытпай жаңа дəуірге қарай
бейімдеп басқарып отырды.
Сəкен жалғыз жəне сол жалғыздығына қарамай үлкен
орын алған кісі. Сондықтан мен Сəкенді басқалардан ерек-
ше бағалаймын.
252
Қаншама өссек те, ол кезде жаңа туып келе жатқан
қазақ əдебиетінің кадрлары түбегейлі əзірлікпен келген,
дүниетану жағынан белгілі көзқарасы қалыптасып болған
жандар емес қой. Сонысына қарамай, Сəкен бізді дұрыс
жол ға, дұрыс бағытқа бастап кетті деп ойлаймын.
Сол бағыт, сол Сəкеннің берген үлгі-өнегесі біздің совет
əдебиетінің тез өркендеп кетуіне үлкен бағыт, кəдуілгі орыс
халқы айтатын, путевка берді. Бізде ондай путевка деген-
нің дəл мағынасы шыға бермейді. Сəкеннің жалғыз жүріп
алысқан, жүріп келе жатқан революциялық дəуірдің
бағытын (Мен əдебиет-мəдениет майданындағы бағы-
тын айтамын) жалғыз өзі берік ұстап, жалғыз өзі мой-
нына алған, жас кадрлар жинап, болашақтың жо лын,
бағытын сызып кеткендей адам көремін.
Т.К. Кейінгі сұрақтардың ішінде ондай сауалдарым
бар еді. Алдын алып қойдыңыз. Ендігі бір мəселе Сəкенді
алғаш көргеніңізді айтып беріңізші. Алдымен Сəкеннің
өзін көрдіңіз бе, əлде даңқын естідіңіз бе? Революция жо-
лындағы ер-азаматтың, іс-əрекетінің сізге жасаған əсері
қандай болғанын баяндап беріңізші.
Ғ.М. Мен елде 20-жылдары ауыл кеңесінің хатшысы
дегендей, волисполкомның мүшесі дегендей, одан басқа да
əр түрлі қызмет істеп, баяғы, қолға газет түсіп қалса, оқып
жүретін жастардың бірі едім. Ие, 21 жылы Пресногоркеуде
жоғары бастауыш училище бітірдім. Бұрын молдадан екі-
үш жыл оқығаным бар.
Кейіннен біздің үлкен атақты жазушыларымыз болып
кеткен Ілияс, Бейімбет, Мұхтар, Сəбиттер бұл кезде Сəкен-
мен қол ұстасып, жұмыс істескен болмайтұғын. Ұлт шыл
интеллигенттер бір жағынан тұтас қалың, барлық бас пасөзді,
газетті меңгеріп кетуіне шамасы келетін дəрежеде болса,
Сəкенмен бірге қол ұстасып апара қоятұғын жа зушылар,
совет жазушылары дейміз ғой осы күні, ол кезде шыға қойған
жоқты. Сондықтан да, Сəкеннің орны, тағы да қайталап
айтамын, бөлек орын, ерекше орын, біздің мəдениетіміздің
дұрыс бағыт алып кетуі жағынан қарағанда.
Т.К. Сəкенді алғаш кездестіруіміз, көруіміз жайында:
Алдымен Сəкеннің даңқын естідіңіз бе, иə болмаса өзін көр-
діңіз бе? Осы жайында алғашқы əсеріңізді айтып берсеңіз.
253
Ғ.М. Сəкен деген ақын, революцияны өз қолымен жа-
сасқан. Ақмолада Советтің туын өз қолымен көтерген. Ха-
лық Комиссарлары Советінің председателі, халықтың аса
бір қамқор адамы деген даңқ қазақ халқына кең жайылып
жататын. Мен де солай алдымен даңқын естідім.
Сонан соң 1923 жылы күзде мен Орынборға оқуға
келдім. Рабфакқа, Орынбордағы оқу ісіне араласу Сəкеннің
екінші бір қызметі сияқты екен. Сəбит рабфакқа бір жыл
бұрын келіп түскен.
Сол отыз баланы анда-мұнда ересектер мектебіне,
«опыт но-показательная школа» дейтін он жылдық мектепке,
Рабфакқа, Қазақ институтына бөліп-бөліп орналастыруда
Сəкен оқу жұмысын басқаратын адамдай қатынасты. Сол
отыз шақты баланың бəрі де оқуға қабылдандық.
Сəбит 22-жылы Рабфакқа түскен соң, Сəкенмен жа-
қындасып кетіпті. Сəкеннің Орынбордағы Деевская, 5 дей-
тін үйінің бір бөлмесінде тұрады екен Сəбит. Сəбит пен
бірге қыс ортасына дейін мен де сол үйде тұрдым.
Буденныйдың мұртындай қайырып тастаған мұрт-
ты, қара толқынды келген шашты, өзі аққұба, көз
қиығы ерекше, денесі сом, еркек ішіндегі аса бір сым-
батты адам еді. Мен Сəкеннің өлеңдерінен кейде ыр-
ғақ жағынан болсын, ой мен түр жағынан болсын
кемшілік таба аламын осы кезде. Бірақ Сəкеннің кісілік
жаратылысында бір кемшілік жоқ деп ойлаймын.
Ол шай үстінде көп əңгіме айтатын, өзі домбыра шер-
тетін. Сəкеннің шайы деген 2-3 сағатқа созылады. Ол кезде
арақ ішу деген жоқ қазақ арасында, темекі тарту аз. Кем
болса он-он бес кісі Сəкеннің айналасына жиналар еді. Оның
үшеу-төртеуі Қарсақпайдың, Қарағандының жұмыскері.
1912 жылы Лена оқиғасына қатынасқан Угар Жəнібеков
сияқты, сосын өзі оқуға түсіріп, өзі өсіріп келе жатқан
бірталай жұмысшы жастар, ел жастары Сəкеннің үйінде тұ-
ратын, ал тұрмағандарының өзі де Сəкеннің мойнындағы
асыранды балаларындай көп болатұғын.
Сəкеннің кескініне қарап, оның ақын екендігіне сенетін
едік. Сəкен жиырма сегіз жасында Совнарком председателі
болған ғой.
Енді қарасақ, Сəкеннен біз сегіз жас кіші екенбіз,
бірақ сол кезде ол бізге таудай, ұлы адамдай көрінетін.
254
Өйткені əрбір ісінде елдің қамы аңғарылатын. Өзі
елді көп аралайтын. Əсіресе, Орал өңіріне көп барып
жүрді. Орынборға жақын маңайдан оқушылар əкеліп, ел
тіршіліктерінен көп əңгіме айтып жүретұғын. Сол кездегі
Сəкеннің жазғанынан Орынборға қарайтын елдердің бі-
разының тіршілігі қандай екенін көресіз.
Т.К. Сəкеннің сізге тікелей тиген жəрдемі бар ма?
Ғ.М. Бірінші, Сəкен мені рабфакқа түсірді. Екінші, мен
1924 жылы партияға түсемін деп арыз бергенімде, Сəкен
менің рекомендаторым болды. Сəкен арқылы мен Əліби
Жанкелдинмен таныстым. Бір адам болса да революцияға
дейінгі стажы бар адам керек болатын ол кезде. Əлекең
маған рекомендация берді.
Ол кезде партияға рекомендация беруге 5 кісі керек еді.
Сəкен мені сол кезде КазПИ-дің ректоры болған Баймен
Алманов деген кісімен таныстырды. Ол да ескі коммунист
еді. Маған рекомендация берді.
Тағы бір жайды еске алуға болады. Қарақұм деген жерде
30-шы жылы аудандардың ортасындағы жер таласы болып,
Əліби Жанкелдин, Сəкен, мен, тағы біраз адам сонда бардық.
Сол кезде біз Аралда бір вагонда тұрдық. Əрқайсымыздың
бөлек купеміз болушы еді.
Сəкен бəрімізден ерте тұрып, қыдырып кетеді. Күнде
таңертең Ташкентке қарай Москва поезы өтеді. Содан газет
алып келетін еді Сəкен. Бір күні, мен тұрған жоқ едім əлі,
купемді ашып, Сəкен менің бетіме «Литературная газетаны»
«оқы» деп тастай берді. Өзі шығып кетті. Газетті жалма-жан
алып қарасам, Маяковский қайтыс болған екен.
Маяковскийдің өліміне Сəкен қатты қайғырды. Өзінің
де Маяковскийше жазған кездері бар ғой. Ешкімге айтып
жарияламаса да, Маяковскийді өзіне арқа тұтатын.
Т.К. Маяковскиймен екеуі дос болыпты деген əңгіме бар
ғой.
Ғ.М. Маяковскиймен Сəкен көп кездескен сияқты. Сол
газетте Маяковскийдің «товарищ правительство, моя лодка
разбилось о быт, к чему теперь вспоминать бед и обид»
деген жолдары бар еді. Соны Сəкен қайта-қайта еске алып,
жазушылар арасындағы жағдайларды көбірек айтып кетті.
Содан кейін біз жүк машинамен жолсыз Қарақұмға жүріп
кеттік.
255
Т.К. Қарақұм деген қай жер сонда?
Ғ.М. Бұл – Шалқар мен Ырғыздың ортасында Жезқаз-
ғанның күнбатыс солтүстік жағында.
Т.К. Ақтөбе мен Жезқазғанның екі ортасында, екен ғой.
Ғ.М. Иə, сол маңай. Сол жолда Сəкен ылғи тоқтаған
жерде мені қасына ертіп, даланы кезіп кетуші еді. Əсіресе,
Маяковскийдің өлімі Сəкенге үлкен бір ой салған сияқты.
Ол Маяковскийдің ақындығының басқаларға ұқсамайтын
ерекшелігін көбірек айтатын. Сол сапардағы екі нəрсе
есімде қалыпты. Біреуі – «Сəкеннің досы көп. Сəкеннің
жолдасы көп дейді жұрт. Шындап қарасам, менің
жолдасым да, досым да, тіпті қайда барсам да толып
жатыр. Бірақ солардың ішінде бір сырласым жоқ екен» –
деді. Мұңайып айтқандай болды.
Т.К. «Сыр сандықты» жазған кездегі көңіл күйлерінен
əлі айыға алмай жүрген тұсы ғой?
Ғ.М. Иə, сол «Сыр сандық», айтпақшы, содан кейін
жазылды ма екен?
Т.К. Алдында жазылды.
Ғ.М. Ə, солай ма ?.. Əйтеуір, «Сыр сандықтың» əсерін
сол далада көбірек айтып жүрді. Ол кезде мен жаңа ғана
жаза бастаған кезім еді. Сонда сырласуға, иə болмаса, ең
берісі ашылып сөйлесуге болатын жастардың бірі шығар
деп үміттенуі де мүмкін. Мен оны солай үміттеніп еді деп
айта алмаймын. Өйткені, Сəкеннің аты Сəкен.
Т.К. Сəкен сіздің «Тулаған толқында» атты шығар ма-
ңызды оқыған шығар?
Ғ.М. Оқыды.
Т.К. Сəкен түсінігіндегі сұлулықтың сыры қандай еді?
Ғ.М. Сəкен айтатын: «Кейбіреулер қиялындағы сұлу
əйел бейнесін өзі ойша жасап алады да, сосын оны өмірде
кездестіре алмай, əуре болады да жүреді. Бірақ мен білетін,
мен сүйетін əйелдің белі, көзі, мұрны, бойы, аяқ-қолы менің
өз ойымда ғана болуы мүмкін», – деп. «Өз ойымда жасалған»
деген жоқ, «өз ойымда ғана болуы мүмкін», –деді.
Кеше «Иностранная литература» журналында Петрарка
туралы үлкен зерттеу шықты. Авторы есімде жоқ, поляк
жазушысы болу керек. Сол Петрарка бір бейнені өзі ойдан
жасап, соған өзі ғашық болып кеткен. Петрарканың 300-
256
400 өлеңі бар. Соның барлығы бір адамға, бір ғана əйелге
жазылған. Тарихта мұндай аңыздар бола береді. Өзі салған
суретке, өзі тастан қашаған мүсінге өзі құмартып ғашық
болып жүретін көркемөнер қайраткерлері бар ғой.
Т.К. Сөзіңізді бөлгенге ғафу етерсіз. Сіздің «Кездеспей
кеткен бір бейне» атты шығармаңызда, сұлулықтың сим-
волы ретінде, осы айтып отырған ойлардың дамытылған
формасында.
Ғ.М. Соның ұшқыны ғой.
Т.К. Соны Сəкенге байланыстырған уақытта.
Ғ.М. Мен шамам келгенше, «Кездеспей кеткен бір
бейнеде» «Ақлиманың бейнесін Сəкеннің өзі толықтырар
ма еді» деген ойда болдым. Сəкен бір-ақ рет көріп қалады
да анықтай, бейнелей алмайды, бірақ. Сəкен оны өз ойымен
өсіріп, өңдеп, əдемілеп, нағыз ғашық болатын қыз етіп алған
ғой. Мен сол тұрғыда жазып едім оны.
Т.К. Сұлулықты, ажарлылықты, ақылдылықты қастер-
леу жөніндегі ойларыңызды мына соңғы жазып жатқан
повесіңіздегі Ұлпан бейнесімен байланыстыра кетсеңіз.
Ғ.М. Жазушы болған соң еліміздің тарихына байланысты
нəрселерді қарастыра жүресің ғой. Менде шешілмей жүрген
бір жұмбақ бар. Мынау жиырма екі болыс Қаракесек елінің
ұраны – «Қарқабат». Қарқабат – əйел аты Біржан-Сарамен
айтысқанда. «Сал Біржан салды əнге Қарқабаттап», – дейді.
Біржан ұлы жүзге келіп айтысқанда, арғынның ақыны болып
айтысады ғой. Ол өзі – Нұралы Керей. Мынау мен жазып
отырған Есеней – сол Қожағұл, кəдуілгі Біржанның атасы
ғой. Өтеп деген адамның жерін тартып алған. Сол Біржан
Арғынның атынан айтысқа түскенде сиынатын аруағы,
шақырған ұраны – Қарқабат – əйел. Екінші, Қытай жерінде
он екі болыс Абақ керей бар дейді. Сондағы Абақ деген
кісі де əйел. Ал мынау орта жүзде Айбике, Нұрымбике,
Күнкөке, Сүйінбике деген елдер бар, соның барлығы үлкен-
үлкен руларға қойылған əйелдің аты. Сəкеннің елі – Енең
деп аталады.
Т.К. Иə, солай...
Ғ.М. «Енең деген – «əжең»» деген сөз ғой. Сонда бұлар
Қыз Жібек немесе Баян сұлу сияқты сұлулығымен атағы
шыққан əйелдер емес, болмаса матриархаттан келе жатқан
257
сарқыншақ емес. Кəдуілгі патриархальды феодалдық дəуір-
де елді билеп кеткен əйелдер.
Мен алып отырған Ұлпан деген кісі біздің елден шық-
қан, өмірде болған адам. Зираты біздің ауылымыздан екі
шақырым жерде еді. Бірақ, ол менің көрген кісім емес,
сондықтан анау əйелдерден желі тартып барып, бейне
жасауға тиістімін ғой. Сол елге егін салдырған деген даңқы
қалған, шөп шаптырған, қыстау салдырған. Есенейдің, бай
Есенейдің малын бүкіл ел болып, жалғыз соның аузына
қарап, қара қазанына қарап ши болып қалғанда, солардың
15-20 жылдық еңбегін бөліп беріп, елді ел қылған адам
дейді Ұлпанды.
Мен қазақ елінің бір ақылды əйелінің бейнесін жаса-
мақпын. Басқа елде өзінің көрікті əйелін де, ақылды əйелін
де, басқа əйелін де бейнелеп жүр ғой. Мынау Ұлпан сондай
əйелдің бейнесі болар деп жаза бастаған едім. Мұнан ке-
йін де тағы бір əйел суреттеледі, соны бейнелегенде де
мен сонау Сəкеннің алыстағы əсерінен нəр аламын ғой
деп ойлаймын. Кейде сол əйелді сипаттағанда, мінез-құл-
қын жазғанда, Сəкеннің «Шіркін-ай, сондай əйел болар
ма еді?» – дейтұғын бір арманды өкініштері есімде қалған
сияқты, ылғи көз алдымда тұрады
Т.К. Олай болса, Сəкеннің, Сіздің сұлулық жөніндегі
көз қарастарыңыздың барлық жиынтығы «Кездеспей кеткен
бір бейне», «Ұлпан» арқылы сыртқа шығып жатқан сияқты
ғой, тегі.
Ғ.М. Солай деуге де болады.
Т.К. Енді Сəкеннің өзіне қарай қайтадан бір оралсақ
қайтеді? Сəкен ҚазАПП-ты құрған уақытта соның жетекші-
сі, алғашқы ұйымдастырушысы болды ғой. Совнарком нан
түскеннен кейін Москвадан «Кузницаның» өкілі, РААП-тың
өкілі болып келді. Сондағы алған əсеріңіз, қазақтың совет
жазушыларын ұйымдастырудағы Сəкеннің іс-əрекеттері
қандай болды?
Ғ.М. Мұнда бір өте нəзік жағдайлар бар. Сəкен ұлт-
шылдық ықпалында жүрген адамдарды оңай тəрбиелеп
ала мын деп ойламаған кісі. Сондықтан, əдебиеттен, мəде-
ниеттен жаңа беталысты тезірек ұғынып, қолға алып кететін
алдымен жастар болуы керек деп үміт артқан сияқты.
258
ҚазАПП-ты алғаш ұйымдастырған кезде мен ол маңай-
да болған жоқпын. Оқып жүрген кезім. Сонда Сəбит, Асқар
Тоқмағамбетов, Тайыр Жароков, баяғы Қалмақан Əбді-
қадыров, Елжас Бекенов, Əбдірахман Айсарин, Əбділда
Тəжібаев секілді жеті-сегіз адамды бірден жастардан жи-
напты.
Бұл кезде Мағжанға қарсылық қатты күшейіп тұрған
кез, оның да əлі бізге мойын бұра қойған кезі емес. Ол
Жамбылдың кезі емес. Ол «Мен тоқсанмен біргемін» дер
кезі емес. Əріректе, əлі шалқақ жатқан кезі Мағжанның.
Сосын біраз əдебиетшілер «Қазақстан» баспасының
айналасында болды. Ташкентте шығатын газет-журналдың
айналасындағылар ҚазАПП-тың бағытына түп-түгел қарсы.
ҚазАПП-тың бағыты түгіл, жалпы қазақ əдебиетінің өсіп-
өркендеу жолына қарсы «Орыс жазушылары олай қылған
екен деп, біз де былай қыла салмауымыз керек» деп сіресіп
жатқан кезі ғой. Жəне олардың өзі білім жағынан Сəкен-
нен артық болмаса кем емес, қалай дегенмен, тең. Оларды
тəрбиелеймін деп Сəкен əуре болмай, əуелі жастардан
жазушы жинаған. Əрине, келе-келе бұл жастардың ішінен
де кішкене теріс азулар шығып кетті. Жалпы, осы өзіміз-
ден басқаны ішке кіргізбейік дегендей бағыттар болып,
солақайлық жасалды. Мысалы ҚазАПП-қа Бейімбет пен
Ілиясты тартпау сияқты, бұл əрине жақсылық емес қой.
Бірақ Сəкен, мен білетін Сəкен, Бейімбетпенен, Ілияспенен
дос адам еді. Оларды қатты бағалайтын адам еді. Сол кезде
де солақайлық күшейіп, Сəкенге «Сіз енді ақсақал болып,
үйде отырыңыз» деген сыңай байқалатын.
Т.К. Қалғанын өзіміз жөндеп аламыз деп қой, баяғы.
Ғ.М. Иə, қалғанын өзіміз істеп аламыз деп біраз адамды
маңайларына жолатпай жүрді.
Т.К. Қайыпназаровтардың тұсы ғой.
Ғ:М. Қайыпназаровтардың тұсы. Баяғы Əбдрахман
Байділдин болды. Солақайлық жағынан біздің Сəкен де
ешкімге есесін жібере қоймайтұғын. Бірақ сол тұста «Жыл
құсы» дейтін альманахты, «Əдебиет майданы» журналын
шығаруда Сəкен басшы, көсем болды.
Т.К. Тағы да бір топ сұрақтарым бар. Ол көбіне Сəкеннің
қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлігіне байланысты.
259
1923 жылы Сіз Сəбеңмен екеуіңіз Сəкеннің үйінде жат-
қан уақыттарыңызда Мемлекет басшысы ретінде біраз
айттыңыз ғой əлгінде.
Жалпы халықтық тұрғыдан келген уақытта, қазақ мəде-
ниетін, қазақ елін, шаруашылығын көтеру тұрғысынан кел-
ген уақытта өзіңіз білетін Сəкеннің арманды ойлары, жүзеге
аспай қалған жоспарлары бар ма? Жоқ болмаса солардың
көбін өзі біраз атқарып, дендеп тастады ма? Осы жөніндегі
ойларыңыз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |