Бағдарламасы Модуль атауы: км 08 «Білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету» Мамандық: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»


тақырып. Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану



бет11/38
Дата28.12.2022
өлшемі112,66 Kb.
#60059
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
3.1.4 тақырып. Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану. Блум таксоманиясы: оқу мақсатының деңгейлері; оқушының іс-әрекеті; мұғалімнің іс-әрекеті; оқушыға берілетін нұсқаулар.
Негізгі ұғым: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану
3.2 тақырып Оқыту принциптері
3.2.1 тақырып Оқыту заңдылықтары мен принциптері
Оқыту заңдылықтары туралы ұғым. Дидактиканың заңдылықтарының ерекшеліктері. Оқыту процесінің заңдылықтары: оқытудың мақсат-міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формаларының қоғам талабымен байланыстылығы; білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі, білім, іскерліктің қалыптасуының оқушының даму деңгейімен байланысы; индивидті үйретудің тек қана іс-әрекет арқылы мүмкін болуы. Принциптер мен ережелер туралы ұғым. Оқыту принциптері. Оқыту принциптерінің жүйесін дамытуға үлес қосқан педагогтар: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, Т.Сабыров т.б.
Негізгі ұғым: оқыту заңдылықтары, оқыту принциптері, оқыту ережелері, шарттары.
3.2.2 тақырып. Оқытудың ғылымилығы, түсініктілігі, жүйелілігі, теорияның практикамен байланысы принциптері
Оқытудың ғылымилығы. Ғылым таным. Ғылымилық принципінің талаптарының білім мазмұнына тікелей ықпалы. Ғылымилық принципінің шарттары, түсініктілік принципі. Баланың білімді меңгеру ерекшелңктері. Түсініктілік принципінің оқу материалдарын меңгертуде жүзеге асыру ерекшеліктері. Теория мен практиканың байланысы. Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Ғылыми білімдердің жүйелі және оқушылардың танымдық мұмкіндіктеріне сай берілу шарты. Оқыту процесі сабақтастығының оқушылардың білімді меңгеруіне ықпалы.
Негізгі ұғым: Оқытудың ғылымилығы. Түсініктілік принципі. Теория мен практиканың байланысы. Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі.
3.2.3 тақырып. Оқытудың саналылығы мен белсенділігі, көрнекілік принциптері, беріктігі, ынталандыру, интеграциялау проблемалық принциптер.
Саналылық және белсенділік принципі. Білімді саналы меңгеруге ықпал жасайтын жағдайлар. Көрнекілік принципі. Оның ғылыми негізі. Көрнекілік түрлері. Проблемалық принцип. Интеграциялау принципі. Оның жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда маңызы.
Негізгі ұғым: интеграция, саналылық және белсенділік, проблемалық принцип.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет