Байланысты: Шағын комплектілі мектептегі оқыту әдістемесі 44 (1)
Дəріс № 2.
Тақырыбы: Шағын жинақты мектептердің даму тарихы.
Мақсаты: Шағын жинақты мектептердің даму тарихымен таныстыру.
Дəрістің мазмұны:
Алғашқы шағын жинақты мектептер тарихы.
Казахстандағы Кеңес жылдары мен тəуелсіз ҚР шағын мектептердің дамуы.
ШКМ дамуындағы ғылыми еңбектер.
Бүгінгі таңда Республикамызда жалпы білім беретін шағын жинақталағн мектептердің (ШЖМ) саны жыл санап асып келеді.ШЖМ деген қандай мектеп, ол қалай, қай кезде пайда болған десек, .Қазақстан Республикасының « Білім туралы » заңында (1-бап, 23 тармақ) шағын жинақты мектепке «сынып жинақтамалары аралас жəне оқу сабақтарынұйымдастырудыңөзіндікнышаныбар,оқушыларсанышағын,жалпыбілімберетінмекеме»деп көрсетіледі [1].Шағын жинақталған мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л.Толстой, К.Д.Ушинский еңбектерінен басталады.Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы.Алтынсаринның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты ХVIII ғасырдың 60-жылдаында дүниеге келді.Бірқатар ғалымдардың (Т.Тəжібаев, Ə.І. Сембаев, П.А. Жильцов, Г.Ф.Суворова, А.Ө.Мұханбетжанова) зерттеулеріне қарағанда, сол кездерде қазақстан топырағында өмірге келе бастаған орыс-қазақ мектептірінің басым көпшілігі бірнеше бөлімді (сыныпты) бір мезгілдебір мұғалім оқытатын шағын жинақталған бастауыш мектептер болған. Осы үлгідегі мектептердің пайда болуы, негізінен, К.Д.Ушинский, Н.А.Корф, Л.Н.Толстой, Н.Ф.Бунаков, Ы.Алтынсариндердің ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Бұл ұстаз-ғалымдардың, əсіресе, ауыл мектептеріндегі оқу-тəрбие ісін ұйымдастыруда, яғни ауыл балаларына лайықтап оқулықтар мен оқу құралдарын жазуда, оларға берілетін білім көлемі мен мазмұнын, оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін анықтауға сіңірген еңбектері аса зор болды.
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында «қазақтардың тұрмыс- тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн» − деп, дəлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) жəне жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім
алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны – 727, ондағы оқушы саны –22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда əр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда – ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық – оқу мерзімі – 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада – старшындық жəне бөлімшелік училищелер ашылды.
ХХғ. бас кезінде «Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы» (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы жəне Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды.
ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кəсіптік бөлімше жəне 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.
Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы «Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер» туралы ережелерде берілген. «Ережеде» оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, əдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар).
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тəрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дəрежесіне көтеру сияқты мəселелері бірқатар ғалымдарымыз бен əдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен əдіс- тəсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); «Қазақ тілі», «Ана тілі», «Математика», «Айналамен таныстыру» пəндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Əуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пəндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дəлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мəселелері (З.Əділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектеп мəселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі – Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы «Қазақстан мектебі журналында «Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?», 1965 жылы «Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы», 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған «Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы» мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 жəне 2, 2 жəне 4-сыныптарды қатар оқытудың əдістері мен тəсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады:
екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан əрі қарай əрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың жəне өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, əсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.
1870 жылғы 26 наурызда жарияланған «Россияда тұратын басқа ұлттарға білім беру шаралары туралы заң» мен «Басқа ұлттарға арналған бастауыш училищелер туралы»
ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде оқытуға рұқсат берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі бастауыш оқу қазақ тілінде жүргізілетін болды.Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын оқу мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша жəне жазбаша санауға, арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге тиіс болды. Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл бөлінді.
ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам əр түрлі оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді.