Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет30/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53

Дəріс № 5.


Тақырыбы:ШКМ педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Мақсаты: Шағын жинақты мектептегі педагогикалық үрдісте білімді қалыптастырудың ерекшеліктерін түсіндіру.
Тірек ұғымдар: оқыту құралдары, оқу-тəрбие үрдісі, модельдер, көрнекі құралдар т.б.

Дəрістің мазмұны:


1.ШЖБМ-ге арналған оқу-əдістері мен ерекшеліктері 2.ШЖМ оқу үрдісін қйымдастыру
Аса қарқынды өзгерістерге толы қазіргі əлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінің алдында мектептік дамуды қайта қарастыру мəселелері тұр.Мектепті дамыту бағдарламалары ең алдымен мазмұнды білім беру технологиясын, оқыту модельдерін өзгертуге , тұлғаның дара ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке алуға бағытталған.

  1. жылдардың басынан бастап білім беруге жаңа көзқарастар п.б. оның құрылымы, мақсаттары, мазмұны мен технологияларда жағымды өзгерістер байқалды.Бұл келесі фак- тілермен дəлелденді.

    • Оқытудың əр алуан түрлері мен əдістері көбейеді.

    • Педагогикалық инновациялық қызметі белсенділікпен дамуда, оқу орында- рында қолданылатын дамытушы технология спектрі айтарлықтай артуда. Мектептік экономикалық білім берудің қазіргі білімдік технологиясы да өзіне тұтастай əдістер жиындығын біріктіреді. Оларға мыналар жатқызуға болады.

    • Топтық жұмыс дағдыларын дамытатын əдістер (іскерлік айындары);

    • əрекеттерге үйрету (проктілік əдісі)

    • нақты ситуацияларды талдау (кейсстади);

    • имитациялық ойындар;

    • экономикалық субьектілер жəне басқаларын зерттеу əдісі; Аталған əдістер мазмұнын қысқаша сипаттасақ :

  1. Нақты ситуацияларды талдау. CASE - əдісі (кейс-стади), яғни, нақты жағдайларды зерт- теу. Нақты жағдайды зерттеу əдісі өзінің бастауын Бостон қаласындағы Harvard Business School – дан (HBS) алады.Бұл жоғары оқу орнының оқытушылары заң қызметкерлерінің казуистикалық тəжрибесіне сүйеніп, дəстүрлі лекциялардан бас тартты.Олардың орнына оқыту негізіне экономикалық тəжрибеден алынған нақты ситуациялар бойынша пікіртала- стар алынуда.Сол уақыттан бастап HBS нақты ситуацияларды зерттеу бойынша аса бай материал жинақтады жəне бұл əдісті оқытудың жеке тұжырымдамасына дейін дамытты.

Нақты жағдайларды зерттеу əдісі əдебиетте Гарвард əдісі аталуы осыдан.Германияда бұл əдіс, əсіресе, менеджерлерді дайындауда сондай-ақ жоғары оқу орындарының эконо- микалық факультеттерінде таралған.
Мектептегі сабақтарды тəжрибедегі нақты жағдайларды зерттеуге жақындатуға ұмтылыс жалпы білім беретін мектептерде жекелей алғанда, еңбек, қоғамтану, тарих жəне география бойынша сабақтарда Гарвард əдісін қолданудың артуынан байқалады.
Əдістің негізгі құрылымы оқушының практикада жəне құрбы – құрдастарымен қарым- қатынаста алатын тəжрибесіне арқа сүйейді.Олар қандай да бір нақты жағдайды талқылайды, оны шешудің баламаларын іздестіреді. Шешімнің өзіндік нұсқасын ұсынады.Ол шешімді негіздейді, бұдан соң оны практикада қабылданған шешіммен са- лыстырады. Əдіс оқушылардың шешім қабылдауға қабілетін дамытуға жəрдемдеседі.

  1. Топтық жұмыс дағдыларын дамыту əдісі (іскерлік ойындар).

Кез-келген іскерлік ойынының негізгі ойынды өткізу уақытындағы нақты жағдайларды имитация жасау процесі болып табылады. Іскерлік ойын екі бөліктен тұрады.
1.Ойын модельдері; 2.Ойындар;
Модель шеңберді анықтап ойын үшін негіз жасайды. Ойынның өзі ойыншыларға модель- ге сəйкес шеңберде шешім қабылдауға мүмкіншілік береді.

  1. Имитациялық ойындар.

Əдіс ретінде имитациялық ойын өзіне ойын элементтерін енгізетін көптеген оқыту стратегияларында қолданылып келеді.
Бұған енетіндер:

Имитациялық ойындар ойындардың жарыс, кооперция, ереже секілді сипатты белгі- лерін үйлесімді ұштастырады.Экономикаға үйретуде рольдік жəне орындар аса зор маңызға ие.
Рольдік ойын оқыту əдісі ретінде оқыту процесін ойын əрекеті түрінде жəне қоғам өмірінен нақты ситуацияларды имитациялау түрінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Рольдік ойынға диалектикалық əдістемелік ерекше қызығушылық балалар мен үлкендер рөлдік ойындардың арасында тікелей байланыстың болуымен түсіндіріледі. Осылайша балалар үлкендер өміріндегі болашақ рөлдеріне дайындық жасайды. Рөлдік ойын оқушыларға нақтылыққа жақын мінез-құлықтың түрлі əлеуметтік формаларын ойын түрінде көріп-білуге жəрдемдеседі. Бұл жағдайда олар дұрыс емес мінез-қылық үшін жа- заланудан қауіптенбейді.
3. Проектілік əдіс ( əрекетке үйрету)
“Проект” сөзі латынның “prjicere” сөзініен шыққан жəне қазіргі тілде “жоспарлау”, жоба- лау, жасап шығару мағынасында қолдауды (“жоспарларды іске асыру” дегенді білдіреді).
“Проект” ұғымы педагогикалық саламен ғана шектелмейді, сондай-ақ экономикада, басқару аен зерттеулерде қолданылады.Сол не өзге шаруашылық сауда немесе кəсіпкерлік шараларды жүзеге асыру проектісі, зерттеу проектісі, білім беру бойынша проект жəне т.б.
Проектілік əдіс жалпы мақсатқа не оқытушы мен оқушылар проектілік топтық өз оқу жəне жұмыс қадамдарын бірге жоспарлау жүзеге асыру жəне талдауына көмектеседі.
Проектілік əдіске қойылатын мақсаттар:
1.Өнімге жəне əрекетке бағыттылық. 2.Оқушыларға бағыттылық.

  1. Білімнің жағдайға жəне қоғамға бейімделуі.

Проектілік жұмыс үшін проектілердің өту кезеңін жоспарлау аса маңызды болып табыла- ды:
а) мақсатты белгілеу (мақсатты); ə) жоспарлау (ресурстар);
б) орындау (əрекеттер);
в)бағалау жəне бақылау (нəтижелер);

  1. Оқушылар басынан-ақ проектілер мен мақсаттарды таңдауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы қажет, одан соң оларды сол ие өзге əдіс- тəсілмен жүзеге асырады.

Алайда, бұл мұғалімнің қатысуын жоққа шығармайды, алғашқы кезек секілді, проектіні жүзеге асыру сатысында да мұғалім араласып отырады.

  1. Экономикалық субьектілерді зерттеу əдісі (кəсіпорындағы зерттеу)

Кəсіпорындардағы зерттеуді кəсіпорынға барып келуден ажыратып алу ке- рек.Кəсіпорынға барғанда оқушылар ол жайлы жалпы түсінік алады.Əдетте ол оқыту тұжырымдамасының кіріктірілген бөлігі болып саналмайды, тек алдын ала дайындықсыз, нəтижелерін шығаруды қажет етпейтін бір реттік шара ретінде ғана өткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет