6-ОЖСӨЖ тақырыбы:Лингвистикадағы басқа ғылымдардың әдістері Есеп беру түрі: реферат
СӨЖ тапсырмалары: Ғылыми жұмыстың титулдық беті қандай ережелерге сәйкес толтырылады? Өз үлгіңізді жазыңыз.
Есеп беру түрі: практика жүзінде іске асыру
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972.
2. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1984.
3. Головин Б.Н. Осыновы культуры речи. М., 1980.
Жетінші апта №7- дәрістің тақырыбы: Прагмалингвистиканың әдістері мен тәсілдері Жоспар 1. Прагмалингвистика пәні2. Прагмалингвистиканың әдіс –тәсілдері
3. Мәтін талдаудың әдіс –тәсілдері4. Дискурсты талдаудың әдіс-тәсілдері
Дәрістің топтама – тәсімі (тірек конспектісі немесе тезистер)
Прагмалингвистиканың пәні (гр.pragma-қимыл, қатынас) нақты коммуникация үрдісінде тілдің субстанциялық және функционалдық қасиеттерін, яғни нақты бір ситуация кезіндегі нақты индивидтердің вербалды және вербалды емес қатынас құралдарын қолданып, пікір алмасуды зерттеу болып табылады. Яғни адам өз ойын оқырманға қалай жеткізеді, қатынасқұралдарынқалайқолданадыжәнетағысолсияқтымәселелердізерттейді. Прагмалингвистика өткен ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болған тіл білімінің жас, жаңа саласы. Алғаш Ч. Моррис еңбегінде сөз болған прагматика мәселелеріне Ю. С. Степанов, А ван Дейк, Г. Г. Матвеева, О. С. Москальская сынды ғалымдар еңбектерін арнап, прагматика теориясын дамытуға азды-көпті үлестерінқосты.Зерттеушілер прагматиканы коммуникатор прагматикасы және реципиент прагматикасы деп екіге бөледі. Мәтінді түзуші коммуниканттар өз мәтінімен бірге нақты жағдаятқа, белгілі бір тілдік контекстке тән алуан түрлі мәтіндерді интерпретациялаушы болып табылады. Коммуниканттар айтылымда өз хабарламасының екіжақты түсінілуі мүмкін екендігін біліп, ойын соған бейімдейді. Аудиторияның мәтінді барынша дұрыс түсінуі үшін адресант ақпаратты жеткізу барысында оқырманның қажеттілігін, білім деңгейін, әлеуметтік ұстанымдарын ескереді. Осыған байланысты мәтіннің прагматикалық сипаттамасын арнайы қарастыру қажеттігі туындайды. Өйткені мәтіннің прагматикалық компоненті тілдік құралдардың жұмсалуына қатысты заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Газет мәтінінде адресанттың белгілі бір прагматикалық ұстанымы көрініс табады. Зерттеушілероны3түргежіктейді: 1) Ақпараттық ұстаным (мәліметті іріктеп ұсыну);
2) фатикалық ұстаным (материалды оқырман назарын аударту үшін пайдалану);
3) манипулятивтік ұстаным (мәтінде баяндалатын оқиғаларға қатысты оқырман көзққарасын қалыптастырудымақсатету). керек.
Прагмалингвистикалықзерттеулердіңмақсаттары:1) Дискурсты, оның түрлерін қатынас мақсатына қарай және оның нақты бір коммуникация үрдісінде вербалды/вербалды емесқатынастарменжүзегеасырылуынзерттеу;2) Мәтінді, оның түрлерін және мәтін ішіндегібайланыстарынзерттеу.Прагмалингвистика – адамның коммуникативтік қызметін екі түрде: ауызша (дискурс) және жазбаша (мәтін) түрде зерттейді.
Олардың айырмашылықтарын танымдық ғылым негізінде үрдіс пен үрдістің нәтижесін салыстыра зерттеуден көруге болады. Бұл айырмашылықтар төмендегі сызбада берілген:
Дискурс
Мәтін
1. Дыбыстық формада сөйлеу немесе сөзді айту үрдісі.
2. Нақты бір ситуация кезінде вербалды және вербалды емес құралдарды қолдана айтылған дайындықсыз сөйлеу.
3. Коммуниканттар арасындағы тікелей қатынас.
4. Сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі бір уақытта өтеді.
5.Сөйлеудің рөлдері ауысып отыратын айтушысы мен тыңдаушысы бар. Оны екіжақты дискурс дейміз.
1. Графикалық формада берілген сөйлеу нәтижесі.
2. Өңделген сөйлеу.
3. Коммуниканттар арсында тікелей қатынастың болмауы.
4. Сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі әр түрлі уақытта, кезеңде өтеді.
5. Толық емес коммуникативтік жағдайдағы бір ғана автор.
Сызбадан төмендегідей қорытынды жасауға болады:
1) Дискурс – сөзді айту үрдісі және дайындықсыз сөйлеу;
2)Мәтін–өңделгенсөйлеу;3) Дискурстың кез келген түрінде (монолог немесе диалог) қатынасқа түсуші адамдар арасында тікелей қарым-қатынас болуы керек. Ал мәліметті мәтін арқылыбергендебұлсияқтытікелейқатынасболмайды; 4) Дискурс кезінде сөздің, сөйлеудің айтылу мезгілі мен қабылдау мезгілі бір уақытта өтеді. Ал мәтінді жазу мен оқу бір мезгілде жүзеге аспайды. Олардың арасы алшақ болады, мысалы біз бірнеше ғасыр бұрын жазылған мәтіндіоқиаламыз; 5) Екі жақты дискурс кезінде (әңгіме, пікірсайыс) екі автор кезек кезек сөйлеседі,алмәтіндеавторбіреуғанаболады. Сөздің, сөйлеудің осы екі түрінде әртүрлі тәжірибе жатыр: ауызша сөйлеу (дискурс) тәжірибесі негізінен диалог түрінде іске асса, жазбаша сөйлеу тәжірибесі монолог ретінде жүзеге асады.
Прагмалингвистиканыңәдіс-тәсілдері.Прагмалингвистика бірнеше үрдістен тұрады: жағдаят, коммуниканттардың стратегиясы, коммуникативтік ниетін жүзеге асыру үшін тілдік құралдарды талдау т.с.с. Осы жағдайлар негізінде прагматикалық талдау мәліметтері бір ғана операциямен жүзеге аспайды. Ол үшін бірізді операциялар жүйесі қажет. Ондай қатаң операциялар жүйесі қойылған міндеттерді шешуге әкеледі.
Прагмалингвистиканың негізгі әдіс-тәсілдеріне алгоритм жатады. Алгоритм дегеніміз белгілі бір қойылған міндеттерді шешуге әкелетін, қатаң түрдегі ережелерге сай жүргізілетін бірізді әрекеттер жиынтығы.
Мәтінталдаудыңәдіс-тәсілдері.Мәтінді зерттеуге қызығушылық өткен ғасырдан басталды. Мәтін талдау жазбаша дереккөздерден алынған сөйлемдерге талдау жасаудан басталды. Мәтін талдау теориясындағы коммуникацияның дискурсқа қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Мәтін үрдіс емес, ол жазбаша түрде сөйлеудің нәтижесі. Онда тек қана хабар бар да, адамдар арасындағы ақпарат алмасу жоқ. Мәтін авторы мәтінді қарым-қатынасқа түспей, оның мәтін мазмұныныа әсерін білмей-ақ орташа оқырманға бейімдейді.
Мәтінталдаудыңнегізгімақсаттары: 1) мәтін типін, түрін анықтау; 2) мәтіндердің құрылымын зерттеу; 3) мәтін ішіндегі байланыс ерекшеліктерін анықтау; 4) мәтіннің семантикалық-прагматикалықерекшеліктерінанықтау.Мәтінталдаудыңәдістері. Мәтін талдау кешенді сипатталған бағытта жүзеге асады.
№7-практикалық сабақтың тақырыбы: Прагмалингвистиканың әдістері мен тәсілдері 1. Прагмалингвистика пәні2. Прагмалингвистиканың әдіс –тәсілдері
3. Мәтін талдаудың әдіс –тәсілдері4. Дискурсты талдаудың әдіс-тәсілдері