Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және 3сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет2/23
Дата30.04.2023
өлшемі472,46 Kb.
#88523
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы, Дюсембина Г.Е.

Мақсаты:«Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы» пәнінің мақсаты – студенттердің кәсіптік біліктілігін арттыру, оларды лингвистикадағы әдіс-тәсілдермен, тіл туралы қазіргі ғылым әдістемелігімен, оның қалыптасуы мен дамуы сияқты мәселелермен таныстыру. 
Лингвистикалық зерттеулерде көп уақыт бойы сипаттау теориялары мен тұжырымдамалары (концепциялары) басым болып келді. Соңғы жылдары түсіндірмелі лингвистика теориясы дами бастады. Ол тіл білімінде лингва-елтану, этнолингвистика, танымдық лингвистика мен лингвистикалық мәдениеттану сияқты жаңа бағыттардың дамуына түрткі болды. Бұл бағыттарда тіл дамуының негізгі факторы ретінде адам қарастырылады, өйткені тіл - адамның жасаған өнімі мен туындысы. Қазіргі кезде тіл тек қана қатынас және таным құралы ретінде емес, сол сияқты ұлттың рухани мәдениеті ретінде де бірнеше бағыттарда қарқынды түрде зерттелуде. Кез келген тілдің қызметін зерттеу қазіргі тіл білімінде жаңа бағыттармен пайда болған соңғы әдіс-тәсілдерді қолдануға мүмкіндік туғызады. 
Ұсынылып отырған дәріс курсының мақсаты – жас ғалымдарды лингвистикадағы зерттеулердің кейбір жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру, олардың зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру. Сонымен қатар студенттерді лингвистиканың проблемаларындағы ерекшеліктерді көре біліп, оларға сын көзбен қарауға үйрету, оқып үйренген әдіс-тәсілдер жөніндегі білімдерін ғылыми зерттеу жобаларында, курстық, диссертация жұмыстарында өздігінен қолдануға үйрету.
Дәріс курсы тіл мамандарының біліктілігін әрі қарай дамыту мен тереңдетуге мүмкіндік беріп, шығармашылық зерттеу жұмыстарында оларды өзінің ғылыми көзқарасын тұжырымдай білуге үйретеді.
Курстың міндеті:
«Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы» пәнінің негізгі міндеттері:
- тілдің дамуы мен қазіргі жай-күйі туралы түсінік беру;
- қазіргі қоғамымыздағы қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі және тіл туралы заңдармен таныстыру;
- тілдің мәні мен қоғамдық қызметі, тілдің қатынас құралы ретіндегі рөлін анықтау; Халқымыздың кешегісін де, бүгінгісін де көрсете алатын ең байлығы, мол мұрасы, мәдени өмірінің тұтқасы ретіндегі маңыздылығын таныту;
- тіл мен сөйлеудің ара қатынасы анықтау;
- тілдегі норма, әдеби тіл және әдеби норма және оның түрлері туралы түсінік беру; дұрыс сөйлеудің негіздері туралы теориялық білім беру;
- қатысымдық сапалардың тілге қатысы және олардың тілдің әсерлілігі мен эстетикасына тигізетін әсері туралы теориялық білім беру;
- пән бойынша кәсіби іскерлік пен дағды қалыптастыру;
«Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы» пәнін оқыту нәтижесінде лингвистикалық зерттеу әдіснамасының өзге тіл туралы ғылымдармен байланысын, айырмашылағын таба білуі керек; пәннің зерттеу нысаны мен қарастыратын мәселелерін анықтай алуы тиіс;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет